400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 12 материал табылды

Тотығу дәрежесі тақырыбында ғылыми жұмыс

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал химия пәнінің мұғалімдеріне арналған. ЖОО студенттеріне де қажет
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тотығу дәрежесі

            Қосылыстағы элементтің тотығу дәрежесі деп молекула құрамындағы атомдарды шартты түрде электртерістігіне сай оң және теріс ионға айналады деп есептегендегі атомның зарядын айтады.

            Элементтің қосылыстағы тотығу дәрежесін анықтау үшін мынадай жағдайларды есепке алу керек:

жай заттағы элементтің тотығу дәрежесі нөлге тең болады;

молекула құрамына кіретін барлық атомдардың тотығу дәрежелерінің алгебралық қосындысы нөлге тең;

қосылыстағы сілтілік металдардың тотығу дәрежелері (+1), негізгі топшадағы ІІ топтың металдары: мырыш пен кадмийдің тотығу дәрежелері (+2);

сутегінің бейметалдармен қосылыстарындағы тотығу дәрежесі (+1), металдармен қосылыстарында, яғни гидридтерінде (NаН, СаН2 және т.б.) (-1)  тең;

оттегінің көпшілік қосылыстарындағы тотығу дәрежесі (-2), пероксидтерде (мысалы Nа2О2-) (-1) және оттегі фторидіндегі ОҒ2 тотығу дәрежесі (+2) тең.

Жоғарыда айтылғаннан, мысалы үшін мына қосылыстардағы: NН3,  N2Н4,  NН2ОН, N2О, NО, НNО2, NО2 және НNО3 азоттың тотығу дәрежесі, соған сәйкес –3, -2, -1, +1, +2, +3, +4, +5 екенін анықтау оңай.

            Атомдардың немесе иондардың тотығу дәрежелері өзгеру арқылы жүретін реакцияларды тотығу-тотықсыздану реакциялары деп атайды.

      Электрондарды беріп жіберу нәтижесінде атомның немесе ионның тотығу дәрежесін арттыру процесі – тотығу, ал электрондар қосып алу нәтижесінде атомның немесе ионның тотығу дәрежесінің төмендеу процесі  - тотықсыдану деп аталады.

      Атомдары немесе  иондары электрондар беретін заттарды тотықсыздандырғыштар деп, ал атомдары немесе иондары электрондар қосып алатын заттарды тотықтырғыштар деп атайды. Мына реакцияда

                         2АІ + 3О= 2АІ2О3

алюминий тотығу дәрежесін 0-ден +3-ке дейін жоғарылатып, тотықсыздандырғыш қызметін атқарады. Бұл реакциядағы оттегі тотығу дәрежесін 0-ден -2-ге дейін төмендетіп тотықтырғыш қызметін атқарады. Қарастрылған реакцияда екі зат әрекеттеседі; оның біреуі – тотықтырғыш (оттегі), ал екіншісі – тотықсыздандарғыш (алюминий) қызметін атқарады. Бұл реакция молекулааралық тотығу-тотықсыздану реакцияларына жатады.

                             3РО= 3Н3РО4 + РН3

реакциясы диспропорциялық тотығу-тотықсыздану реакциялары мысалына жатады. Бұнда тотығу дәрежелері бірдей бір элементтің атомдары әрі тотықсыздандырғыш, әрі тотықтырғыш рөлін атқарады. Соңғы реакциядағы фосфорлы қышқыл Н3РО3 (фосфордфң тотығу дәрежесі +3) тотықтырғыштың да рөлін, -3 тотығу дәрежесіне дейін тотықсызданып (РН3), тотықсыздандырғыштың да рөлін атқарады. Сонымен қатар фосфор +5 (Н3РО4) тотығу дәрежесіне шейін тотығады. Диспропорциялық тотығу-тотықсыздану реакциялары бір элементтің тотығу дәрежесі әрі жоғарылау, әрі төмендеу арқылы жүреді.

                                (NН4)2Сr2О7 = N+ Сr2О3 + 4Н2О

реакциясында хром тотығу дәрежесін +6-дан +3 шейін төмендетіп, тотықсызданады, ал азот тотығу дәрежесін –3-тен 0 шейін жоғарылатып тотығады.

Бұл екі элемент те бастапқы қосылыстың құрамына кіреді. Мұндай реакция типін молекулаішілік тотығу-тотықсыздану реакциялары деп атайды. Бұл реакцияларға көбінесе, бір қосылыстағы тотығу дәрежелері әр түрлі бір элементтің атомдарының арасында электрон беру-алу арқылы жүретін реакциялар жатады.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
04.01.2021
434
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі