Материалдар / Тотығу-тотықсыздану реакциялары
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Тотығу-тотықсыздану реакциялары

Материал туралы қысқаша түсінік
Тотығу – тотықсыздану реакцияларын жазу дағдысын қалыптастыру
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
03 Қаңтар 2018
1329
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сынып: 10

Күні:

Сабақтың тақырыбы:  Тотығу-тотықсыздану реакциялары.

Сабақтың мақсаты: Тотығу – тотықсыздану реакцияларын жазу дағдысын қалыптастыру.

Сабақтың барысы: Зат құрылысы жайлы сұрақтар қойылады.

1.      Кристалдық торлар түрін атап беріңдер.

2.      Қандай кристалдық торлар ең мықты? Неге?

3.      Тор түйіндері деген не? Иондық кристалл торлы заттардың қасиеті қандай болады?

Жаңа сабақ: Әуелі бинарлы қосылыстардағы AI2+3O3-2 тотығу дәрежесін анықтауды одан соң күрделі заттағы H2+1C+4O3-2  элементтің тотығу дәрежелерін анықтауға жаттығу жасайды. Оқушыларға мына заттардың формулаларындағы элементтердің тотығу дәрежесін анықтайды:H2SO4, MnCI2, MgSO4,SiO2, CuO,HMnO4,K2Cr2O7.

Жаттығулар орындау. 1. Мына қосылыстардағы хлордың:HCI,CI2,HCIO, HCIO2, HCIO4   тотығу дәрежелерін анықтаңдар.

 2. Мына қосылыстардағы фосфордың:PH3,HPO3,H3PO4,H3PO3   тотығу дәрежелерін анықтаңдар.

3. Мына қосылыстардағы күкірттің: H2S,ZnS,SO2, H2SO3, H2SO4  тотығу дәрежелерін анықтаңдар.

Екінші сабақ алдына мынадай сұрақтар қойылады:

1.      Қандай жағдайда химиялық элементтер оң, теріс, нөл тотығу дәрежесін көрсетеді?

2.      H2,HCI,H2O,F2,PCI5 қосылысындағы элементтердің тотығу дәрежесін анықтаңдар.

3.        Иондық,атомдық және молекулалық кристалл торлы заттардың физикалық қасиеттері қандай? Оксидтер тақырыбындағы тотығу деген сөздің мағнасын еске түсіру. Реакциялардың бәрі ТТР-на жатпайды, тек теңдеуде тотығу дәрежелері өзгеретін элемент атомдары болса, ондай теңдеулер ТТР – на жатады.   Енді оны заттың құрылысы тұрғысынан қарастыру қажет. Магнийдің күкіртпен әрекеттесуін қарастырамыз:                                          Mg0  + S0  = Mg+2S-2

     ЭБТ құру арқылы теңдеуді теңестіру:                    Mg0 – 2е = Mg+2 тотығады

                                                                                            S+ 2е = S-2 тотықсызданады

 Mg-тотықсыздандырғыш,  S –тотықтырғыш, Магний сульфидіндегі +2,-2 тотығу дәрежесінің мәні айтылады.         

   Солдан оңға қарай ТД өсетін болса,элемент атомдары тотықсыздандырғыш (ТСШ) қасиет көрсетеді:                                               -4,  -3,  -2, -1 ,0, +1, +2, +3, +4, +5,+6

   Оңнан солға қарай ТД кемитін болса, элемент атомдары тотықтырғыш (ТТШ) қасиет көрсетеді:

     Оқушыларға тотықтырғыш,тотықсыздандырғыш ұғымдарының анықтама сын,тотығу-тотықсыздану реакциясының мәнін түсіндіру. Тотығу-тотықсыздану реакциясының теңдеуін құру алгоритмі берілген кесте ілініп, оқушылар жаттығу жұмысын орындайды.       Алгоритмі:

  1. Химиялық теңдеуді құру.

  2. Теңдеудің оң және сол бөлігіндегі барлық элементтердің тотығу дәрежесін анықтап, оны жазу.

  3. Тотығу дәрежесі өзгерген элементті табу.

  4. Электрондық баланс теңдеуін құру.

  5. Химиялық теңдеуге коэффициенттерін қою.

  6. Теңдеудің оң және сол бөлігіндегі оттегінің саны бойынша коэффициенттің дұрыс қойылғандығын тексеру.

  7. Тотықтырғышты, тотықсыздандырғышты, тотығу – тотықсыздандыру процесін анықтау.

Сабақты пысықтау мақсатында жаттығулар орындау.

1.      Тотығу – тотықсыздану реакцияларының теңдеулерін құру:

AI + S =           H2S + O2 =         PbO + H2 =           AI  +  Br2 =

2.  ТТР теңдеулерінің коэффициенттерін қойыңдар.H2S + CI2 = HCI + S ;        HNO3 + Cu = Cu(NO3)2 + NO2 + H2O;

         Үйге тапсырма беру:


Сынып: 8

Күні:

Сабақ тақырыбы:   Химиялық элементтердің жіктелуі

Оқыту мақсаты:    Оқушыларға химиялық элементтерді жіктеудің қажеттілігін көрсету,элементтерді металдар және бейметалл деп үлкен екі топқа бөлген жіктеудегі алғашқы қадамдармен таныстырып,оның жасанды екенін,екідайлы және ауыспалы қасиет көрсететін элементтер туралы түсінік беру. Оларды элементтердегі табиғитекке біріктіру мақсатымен таныстыру.

Реактивтер мен құралдар: Жаңа дайындалған мырыш, натрий гидроксидінің және тұз қышқылының ерітінділері, сынауықтар, сынауық, тұрғы.

Көрнекі тәжірибелер:   Екідайлылықты дәлелдеу.

Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі.

Жаңа сабақ: Сабақ тақырыптың маңызын айтудан басталады,одан соң әрбір ғылымның дамуына байланысты көптеген мәліметтер жинақталып, оны жіктеу,белгілі заңдылықтардың байланысын ашу қажеттілігі айтылады.

           Химияда элементтер және олардың қосылыстары туралы білімнің жинақталуы ХІХ ғасырдың ортасында оларды ұқсас қасиеттеріне қарай топтастыруды қажет етті.Оқушыларға химиялық элементтерді жіктеудің негізгі белгілерін атап көсету.Элементтерді жіктеу негізінде физикалық және химиялық қасиеттерін нақтылауға мүмкіндік туа бастады. Нағыз металдарға негіздік оксидтер,оған негіздер сәйкес келеді.Ал нағыз бейметалдар ұшқыш сутекті қосылыстар түзеді,металдар ондай қосылыстар түзбейді.Содан кейін төмендегі эксперимент есептерді талдау:

1.Егер берілген зат суда ерімейтін болса,оның қышқыл екенін қалай дәлелдейміз? H2SiO3 –ұсыну.

2. Егер берілген зат суда ерімейтін болса,оның негіз екенін қалай дәлелдейміз?   Сu(ОН)2-ұсыну.

         Оқушылар төмендегідей қорытындыға келеді: а)нағыз металдың гидроксиді қыш- қылдармен әрекеттеседі,ал сілтімен әрекеттеспейді; ә)ал нағыз бейметалдан түзілген қышқыл сілтілермен әрекеттеседі,бірақ қышқылдармен әрекеттеспейді.        

         Кейбір элементтердің металға да,бейметалға да тән қасиет көрсетуіне қарай екідайлы қасиет көрсететіні белгілі болды.Оқушылардың алдында жаңа проблемалық сұрақ туады:   ,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,а)мырыш гидроксиді қышқыл болама,әлде негіз бола ма?

,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,ә) Мырыш нағыз металға жата ма, немесе нағыз бейметалға жата ма?

Оқушыларға көрнекі тәжірибе көрсетіледі. Мырыш гидроксидінің қышқылда да,сілтіде де еріп тұз түзетіні түсіндіріледі. Оқушылар мырыш ауыспалы қасиет көрсететін элемент деген қорытындыға келеді.Бұл қасиет металдан бейметалға ауысатын өтпелі элементке тән. Оқушылар мырыш гидроксидінің қышқылмен,негізбен әрекеттесуінің реакция теңдеулерін жазады.

      Бұдан кейін оқушыларға қышқылдық та, негіздік те қасиет көрсететін гидроксидтер болатынын айта отырып,олардың негіздер мен қышқылдар туралы білімдерін қорытындылау мақсатында төмендегі кестені толтыруды ұсынамыз:


Қосылыстар

негіздер

Екідайлы гидроксидтер

қышқылдар

1.Қышқылмен әрекеттесуі.

2.Негізбен әрекеттесуі.

+

-

+

+

-

+

Оқушыларға оксидтер немесе гидроксидтері екідайлы болатын элементтердің өте көп екендігін айтамыз. Мысалы: Be,Zn,AI,Cr(III),As,т.б.Осыдан кейін химиялық элементтерді жіктеу үшін жасалған басқа да әрекеттермен таныстырамын. Валенттігі бойынша бөлу:

                         а) жоғары оксидтегі валенттігі бойынша;

                         ә) ұшқыш сутекті қосылысындағы валенттігі бойынша;

 Одан кейін төмендегі тапсырмалар беріледі:

1.BeO-нің екідайлы қасиетін көрсететін реакция теңдеуін құрастырыңдар.

2.Be(OH)2-нің екідайлы қасиетін көрсететін реакция теңдеуін құрастырыңдар.

3.Төмендегі айналымдардың теңдеулерін жазыңдар:                       Na2ZnO2

                                                                                                                       ↑                                      

                                                                                  ZnCI2→Zn→ZnO→Zn(OH)2→Zn(NO3)2 

                                                                    

Үйге тапсырма:       §50 (1-6). Жұмыс дәптері.

Сынып: 7

Күні:

Сабақтың тақырыбы:  Атомдар және молекулалар

Сабақтың мақсаты: Білімділік: Химиялық элемент,жай және күрделі зат ұғымдары  негізінде атом туралы  түсінікті қалыптастыру.  Дамытушылық: осы  ұғымдардың  қолданылуын үйрете отырып дамыту. Тәрбиелік: Өз еркімен жұмыс жасауға, ойын жеткізе білуге тәрбиелеу.

Құрал – жабдықтар: H2 , O2 және су  молекулаларының үлгілері,  жай және күрделі заттар- дың үлгілері, суды  электролиздеуге арналған  құрал , металдар  және бейметалдар.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап арқылы

Тірек білім мен біліктер: таза зат, атом, қоспаларды бөлу әдістерін білу.

Тірек білім мен біліктерді тексеру: Бірінші  оқушыға  тапсырма:химиялық және физикалық құбылыстарға анықтама бер, екі мысал келтір.

Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі.

Екінші оқушыға тапсырма; а) стакандағы бор  түйіршігіне (немесе  әктасына) сірке қышқылының ерітіндісін құй; ә) стакандағы бор түйіршігіне  су  құй. Қай ыдыста химиялық реакция жүрді? Реакция жүргендігін қандай  белгілеріне  қарап білуге болады?

Сыныптағы басқа оқушыларға төмендегі тапсырма  беріледі: Мына құбылыстардың  қайсысы  физикалық және химиялық  құбылыстарға жатады: қалайының балқуы, ағаштың жануы, судың қатуы,  судың мұзға айналуы? Одан соң  оқушылар мына  сұрақтарға  жауап беру керек :

1. Химиялық  реакциялардың жүруіне қандай жағдайлар керек?

2. Заттардың  еруі  химиялық реакциялардың жүру жағдайларын  неліктен жақсартады?

Жаңа материалды оқыту: Оқушыларға  сұрақ қоя отырып,  физика  курсынан  атом және малекула  туралы алған  білімін  жаңғыртамыз.

1. Температура өзгерген кезде  дененің көлемі неліктен ұлғайяды немесе кішірейеді?

2.Заттарды құрайтын  бөлшектер  қалай аталады ?

Оқушылар осы  сұрақтарға жауап бере отырып,  заттардың белгілі  бір ара қашықтықта болатын бөлшектерден тұратындығын,сол ара қашықтықтың өзгеруіне байланысты дене  көлемінің өзгеретінін еске алады. Бөлшектердің ара қашықтығы өскен сайын  дененің көлемі  ұлғаяды, бөлшек- тердің ара қашықтығы  жақындаған  сайын дененің көлемі кішірейеді.

Екінші сұраққа жауап бере  отырып,  оқушылар заттарды құрайтын бөлшектердің молекула екенін және  молекулалар  атомдарға ыдырайтындығын анықтайды.

Оқушыларға оқулықтан  атомның анықтамасын  табуды және   сөздікке жазуды ұсынамыз. Мұғалім атомдардың белгілі  бір саны бар  екендігін  түсіндіреді. Айналамыздағы  өлі және тірі табиғат   атомның азғана санды  түрлерінен  тұратындығын  түсіндіреді. Атомдар бір-бірімен әр түрлі болып қосыласады.. Алфавиттегі әріптердің жүз мындаған сөздерді құрайтындығы сияқты  атомдардан әр түрлі малекулалар немесе күрделі заттардыңкристалдары құралады. Химиялық реакция атомдардың нақты бар екенінің дәлелдемесі болады. Онда бастапқы заттар құрамына  кіретін  атомдардан жаңа заттарды дәл сондай  атомдары түзіледі. Мұғалім  атомдардың бір ғана түрінен жайал әр түрлі атомдардан күрделі заттар түзілетіндігін  түсіндіреді (H2, O2,  және су молекулаларының  үлгілері мысалында) және суды  электр тоғымен айыру тәжірибесін көрсетеді. Содан соң  оқушыларға тапсырма беріледі. Оқулықтағы тексті  пайдалана отырып, жай және күрделі заттың  анықтамасын табу және қайталап оқу.

Оқулықтың 10 суретінде  темір сульфидінің   түзілу  сызбанұсқасына мұқият қараңдар. Күкірт пен  темірдің қосылу  реакциясына  атом және молекулалардың өзгеруін  ескере отырып, түсініктеме беріңдер. Күкірт пен темір  қоспасын  темір сульфидінен  қалай ажыратуға болады? Күкірттің  темірмен қосылуын көрнекі көрсеткен соң, мұғалім  күрделі зат пен  қоспаның өзіне тән  белгілерін айтып, оқушылармен бірге оны  төмендегі кестеге түсіреді.

Өзіне тән белгілері

Күрделі зат немесе қоспа

1.Физикалық әдістермен айыруға болады.

2.Физикалық әдістермен айыруға болмайды

3.Бастапқы заттардың қасиеттері сақтал майды

4. Сандық құрамы барлық уақытта тұрақты.

5. Сандық құрам өзгермелі болуы да мүмкін.



Жаңа материалды бекіту: Оқушылардың жай және күрделі  заттардың құрамына қарай  ажырата білуін  нығайту мақсатымен тапысырма береміз. (Бір топқа екі оқушыдан). Тапсырманы кодоскоп арқылы  көрсетуге немесе  алдын ала тақтаға жазып қоюға болады. Төмендегі көрсетілген  заттардан бірінші  оқушы жай заттардың, екінші оқушы күрделі заттарың  аттарын жазады: алюминий, мыс оксиді, су , көмір қышқыл газы,  оттегі, темір, темір сульфиді, азот, темір оксиді, күміс. Бір-бірінің  жұмыстарын тексереді, жіберілген қателерін  бір біріне түсіндіреді.

 Үйге тапсырма беру: § 5, №2,3 тапсырма, 42 бет

 


Сынып: 8

Күні:

Сабақ тақырыбы:         Атом құрамы және құрылысы

Оқыту мақсаты:    Атом құрылысы туралы білімді нақтылау. Химиялық элементтердің периодтық жүйедегі рет нөмірінің физикалық мәнін түсіндіру. Атом құрылысының күрделілігіне байланысты периодтық заңның қазіргі кездегі тұжырымдамасын айту.

Құрал – жабдықтары:  Д.И.Менделеевтің периодтық жүйесі.

Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылардың периодтық заң туралы білімін тексеру мақсатында тапсырмалар беру:

 Кейбір элементтердің сутегі мен және оттегімен қосылыстарының жалпы формулалары қандай:RH3,R2O,RO2,RH,RH4. Осылардың қайсысы көміртегі мен мышьяктың сутекпен қосылысы мен жоғары оксидінің формуласына сәйкес келеді?

  1. Мына қосылыстардың формуласы дұрыс болу үшін қажетті индекстерді қойыңдар: РН, Н, СН, NH .

  2. Жоғары оксидтерінің формуласы дұрыс болу үшін қажетті индекстерді қойыңдар: CIO, SbO,  PbO, SiO.

 Оқушыларға төмендегі сұрақтар қойылады:

 Салыстырмалы атомдық массаларының өсуіне қарай орналасқан элементтердің химиялық қасиеттері не себепті периодты өзгереді?

  1. Период дегеніміз не?

  2. Периодтық заңның тұжырымдамасы қандай?

  3. Неге кей жағдайларда (Ar–K, Co–Ni, Te–I) элементтер атомдық массаларының өсуіне байланысты орналаспаған?

5.      Заңды өзгерістер болатын элементтердің және олардың атомдарының қандай қасиеттерін білесіңдер?

           Осындай проблемалық сұрақтар кезінде Менделеевті де ойландырды.  Өмірінің соңғы жылдарында мұның сыры атомдардың күрделі құрылысында болар деген болжам жасады. Оқушылар бұл сұраққа жауап беру үшін физикадан өткен атом құрылысы туралы білімдерін қолданады.

 Атом құрылысы туралы не білесіңдер?

  1. Атомдар қандай негізгі екі бөлшектен құралған?

       Тағы басқа сұрақтар бере отырып, атомның күрделі құрылысы туралы  әңгімелеу.

Оқушылардың жауабы 1911 жылы ағылшын физигі  Резерфордтың атом ортасында оң зарядты ядро, ал оның айналасында электрон бұлтын түзе қозғалатын  электрон бар деген теориямен толықтыру.Американ физигі Милликен электрон теріс заряд көрсете- тінін тәжірибе жүзінде дәлелдеп,оны бірге тең деп қабылдады.  Атом жалпы электр- бейтарап болғандықтан, электрондар зарядының жалпы саны ядро зарядына тең.

     Ал 1913 жылы Резерфордтың шәкірті Г.Мозли атом ядросындағы зарядтардың шамасы элементтің периодтық жүйедегі рет нөміріне тең болатындығын анықтады.

Мозлидің ашқан жаңалығынан кейін Менделеевтің жасаған периодтық жүйесіндегі 

Ar–K,Co–Ni,Te–I элементтердің орындарының алмасуы заңды екені анықталды.Осыған  байланысты,элементтердің реттік нөмірі атом ядросындағы оң зарядтың санын,сол сияқты ядро айналасында қозғалатын электрондар санын көрсетеді.

Реттік нөмірдің физикалық мәні осында.Элементтердің реттік нөмірі – оның атом ядросының заряды. Атомның ядро заряды химиялық элементтердің қасиеттерін сипаттайтын маңызды шама. Атом құрылысын одан әрі зерттеу кезінде құрамына протондар мен нейтрондар деп аталатын бөлшектер кіретіні анықталды.

Атомның элементар бөлшектері:

Бөлшектер

Белгісі

Салыстырмалы заряды

Салыстырмалы массасы

Протон

р

+

1

Нейтрон

п

0

1

Электрон

е

0

   1. Элемент атомының массасы протон мен нейтрон массасының қосындысына тең.

   2. Ядродағы протон саны элементтің реттік нөміріне тең. 

 

                       А = Z + N; A – атомдық масса;  Z – протон;  N – нейтрон;

 

1.      Атом ядросы қандай бөлшектерден тұрады?

2.      Атом ядросының заряды немен анықталады?

3.      Нейтрон мен протонның қандай ұқсастықтары мен айырмашылықтары бар?

4.      Протон мен электронның қандай ұқсастықтары мен айырмашылықтары бар?

5.      Элемент атомының массасы немен анықталады?

6.      Протон, нейтрон және электронның массасы мен зарядтар қандай? 

Оқытудың жоспарланған нәтижесі:  Оқушы қазіргі периодтық заңның ережесін,әр атомның ядро зарядын, нейтрон және электрон санын таба білуі қажет. 

Үйге тапсырма:  


Сынып: 11

Күні:

Сабақтың тақырыбы: Арендер және олардың туындылары
Сабақтың мақсаты:
• Ароматты көмірсутектер туралы мағлұмат алу, оқушылардың танымдық тапсырмалар арқылы инновациялық ой - өрісін дамыту, ұшқырлыққа дағдыландыру;
• өз бетінше жұмыс істеуге, ізденушілік қабілетін дамытуға баулу;
• пәнге деген қызығушылығын арттыру, жауапкершілікті сезінуге үйрету, сыйластыққа, әдептілікке, шынайылыққа, адалдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың типі: жаңа ұғымды меңгерту
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың әдісі: түсіндіру, СКТ, тренинг, жұмбақтар, сұрақтар
Көрнекілігі: интерактивті тақта, презентация - слайдтар
Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру бөлімі
ІІ. Шаттық шеңберін құру
- Балалар, бәріміз шаттық шеңберіне жиналайық. Енді бір - бірімізге бүгінгі күніміздің тамаша өтуіне арнап жақсы тілектер айтайық. (Оқушылар «Досыммен бірге» ойыны арқылы бір - біріне бүгінгі күннің көңілді өтуіне арнаған тілектерін айтады.)
І бөлім «Ой қозғау кезеңі» Сызықтық диктант. Иә+ жоқ -
1. С2H2 - ацетилен
2. Этан - ацетиленді көмірсутектер
3. Екі изомері бар
4, Түссіз, иіссіз газ
5. Көп күйе бөлмейді
6. Металды кесуге пайдаланады
7. Кальций карбидінен алады
8. Қос байланысы бар
9. Сумен әрекеттеседі
10. Ацетилен алкиндер тобына жатады.
Сабақ «Білім еске сақтау арқылы емес, өз ойының күш салуымен алынғанда ғана білім»деген Л.Толстойдың нақыл сөзімен басталады.
ІІ. Мағынаны тану
ІІ. бөлім Жаңа сабақ. Сабақтың тақырыбы: Ароматты көмірсутектер. Бензол
Жалпы формуласы. Cn H2n - 6 Оларды арендер деп атайды. Ароматты сөзінен ар -, молекуласындағы қос байланыста болғандықтан - ен жұрнағы жалғанады. Бұл қатардың алғаш табылған өкілдері хош иісті болғандықтан, гомологтық қатар осылай аталған. Ароматтылықтың белгісі – молекула құрамында бензол ядросының немесе бензол сақинасының болуы.
Сатылай кешенді талдау жоспары
1. Алынуы. Ацетиленнен 3 С2Н2 - С6Н6
2. Жалпы формуласы бензол
3. Физикалық қасиеті
Улы сұйықтық
өзіне тән иісі бар
түссіз тез оталатын
Бензол, С6Н6 — ароматты көмірсутек; түссіз, буланғыш сұйық зат, балқу т 5, 5°С, қайнау т 80, 1°С, буы ауамен араласып, қопарылғыш қоспа түзеді.
Бензолдың молекулалық формуласы С6Н6.
Бұл формуладан бензолдың өте қанықпаған қосылыс екенін көреміз: қаныққан көмірсутектердің формуласына сәйкес келу үшін, бензол молекуласына 8 атом сутегі жетіспейді. Осыған қарамай, егер бензолды бромды суға немесе калий пеманганаты ерітіндісіне қосып, шайқап араластырса; қанықпаған қосылыстарға тән реакцияларды көре алмаймыз. Сірә, бұған түсінікті заттың химиялық құрылысынан іздеу керек болар.

Рефлексия.
Оқытушы: енді жұмыстарымызды қорытындылайық.
- Бүгін сабақта не үйрендік? Әр топ араторлары 1 минуттан соң 1 сөйлеммен айтып шығады.
Оқушылар: ароматты қосылыстарға ароматтылық қасиетін беретін алтыэлектронды π - байланыс; екіэлектрондыға қарағанда алтыэлектронды пи - байланыс мықтырақ; бензолға тән негізгі реакция – орынбасу; бензолды таскөмір смоласынан және ацетиленді тримерлей мен циклогександы дегидрлеп алады;
Бензол улы және канцерогенді; бензолды органикалық синтезде және еріткіштерді дайындауда кең қолданады.

8. Үй тапсырмасы.
Тірек конспект (шығармашылық жұмыс)

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!