Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Тозаңдану мен Ұрықтану
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
«Бірлік –Сүмбе орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Ашық сабақ
Тақырыбы « Тозаңдану мен ұрықтану»
Сыныбы 6 ә
Дайындаған К.Сагабаева
2017-2018 оқу жылы
Күні 26.11.2015ж
Пәні биология
Сабақ 22
Сыныбы 6а
Сабақтың тақырыбы: «Өсімдіктердің гүлденуі мен тозаңдануы»
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Өсімдіктердің жынысты тозаңдану мен ұрықтанудың құрылысын тереңірек түсіндіре отырып, білімдерін кеңейту.
Дамытушылық: оқушылардың шығармашылық белсенділігінің дамуын, суреттермен кестелермен жұмыс істеу біліктілігін дамыту,өз бетінше жұмыс жасауға дағдыландыру.
Тәрбиелік: Жинақылыққа,зейін қоя білуге өз бетінше ойлануға тәрбиелеу.
Сабақ түрі аралас
Сабақ типі дәстүрлі
Әдісі тәсілі түсіндіру
Көнекілігі слайд
Сабақ барысы I Ұйымдастыру
Оқушылармен амандасу
Түгендеу
Сабаққа назарларын аудару
IIҮй тапсырмасын сұрау
Гүлшоғыр дегеніміз не?
Гүлшоғырлар неше топқа бөлінеді?
Жай және күрделі гүлшоғырлардың айырмашылығын айт
Күрделі гүлшоғырларды ата?
Бидай,қарабидай,бидайық қандай гүлшоғырына жатады?
Шашақ гүлшоғырына қандай гүлшоғырлар жатады.
Гүл құрылысын ата?
Гүл формуласын жаз?
Аналықтың құрылысы неше бөліктен тұрады?
Аталықтың құрылысын ата
Дұрыс гүл мен бұрыс гүл дегеніміз не?
Жасырын сөзді тап!
Бір гүлде аталық пен ........... болса қос жынысты деп
аталады.
Аталық немесе ........ қана болса дара жынысты дейді.
Аталық гүлдер мен аналық гүлдер бір өсімдікте болса .................. деп аталады.
Аталық гүлдер бір өсімдікте,аналық гүлдер екінші бір
өсімдікте болса ............... деп аталады.
Белгілерді оқыңдар
аталық белгі
Аналық белгі
Қосжынысты
Дұрыс гүл бұрыс гүл
Құрылысын ата
5.Жаңа сабақ
Өсімдіктердің гүлдеуі дегеніміз өсімдік гүлдерінің ашылуынан бастап, олардың аталықтары,күлтелері мен тостағанша жапырақтарының құрғап кетуі аралықтарын айтамыз.
Мысалы көп жылдық шөптесін өсімдіктер қоршаған орта жағдайларының ерекшеліктеріне байланысты тіршілігінің екінші, үшінші ,төртінші жылында гүлдеуі мүмкін. Оңтүстік аймақтарда климаттың жылы вегетациялық кезеңінің ұзақ болуына байланысты гүлдеу өсімдік тіршілігінің бірінші жылында ақ басталады. Сүректі өсімдіктердің де алғашқы рет гүлдеу мерзімі әртүрлі.
Өсімдіктерде гүлдеу тіршілігінің ұзақтығы бірдей емес. Мысалы мақтаның гүлі ертеңгісін ашылса кешке қарай солып қалады,яғни гүлдеу мерзімі 1 күнге ғана созылады. Керісінше лалагүлділер қызғалдақ нарцисс, гиацинат 10-15 күнге дейін гүлдеп тұрады.
Кейбір өсімдіктердің темекі,түнсұлу ,шырмауық гүлдері күндіз жабық болады да, кешке қарай ашылып, түні бойы гүлдеп тұрады.Бұл өсімдік гүлдеріндегі құбылыс күндізгі ыстыққа шыдай алмауына байланысты болады.
Тозаңдану Аталық тозаңның аналық аузына түсуі
Бір гүлдің аталық тозаңының сол гүлдің аналығының ауызына түсуі. Бұл өздігінен тозаңдану. бидай, күріш, сұлы, арпа, асбұршақ, үрмебұршақ т.б.
Мәдени өсімдіктер гүлдері ашылмай тұрғанда тозаңданып үлгереді
Бір гүлдің аналығының ауызына екінші гүлдің аталық тозаңының түсуі бұл айқас тозаңдануға жатады. алма, өрік, шабдалы, жөке ағаштары, итмұрын т.б
Бунақденелілер арқылы айқас тозаңдану Ашық реңді
ә) Эфир майын көп бөлетіндіктен аңқыған хош иісті
б) Тозаңдары өте ірі ,сырты тегіс
болмай ілмешікті ,төмпешікті жабысқақ тәтті шірне бөледі
в) Майда гүлдері топтанып гүлшоғырына жиналған.
(Көбелектер,түкті аралар,жабайы ара-
лар,бал арасы,түн көбелектері,қоңыздар,
шыбындар шірнесі және тозаңымен қоректену үшін гүлге қонғанда денесіне жабысқан тозаңдар аналық аузына түсіп тозаңдануға себеп болады.
Жел арқылы айқас тозаңдану
а) Тозаңдары өте майда, жеңіл көп болады ә) Аталықтарының жіпшелері өте ұзын және төмен қарай иіліп тұрады.Соққан желге тербеліп,тозаңдарының таралуына бейімделген.Аналығының ауызы қауырсын тәрізді үлпілдеп,тозаңды тез қабылдауға лайықтанған. б) Гүлдері реңсіз в) аңқыған хош иісі болмайды . Гүлсеріктері өзгеріске ұшыраған, тозаңының сыртқы қабаты кедір-бұдырсыз тегіс болады.Ол желге жеңіл ұшуға қолайлы . 1 . Жынысты көбею дегеніміз - аталық және аналық жыныс жасушаларының қосылуы. Тозаңдану – аталық тозаңның аналықтың аузына түсуі.
\ Ұрықтану – аталық және аналық жыныс жасушаларының қосылуы. Жатында жұмыртқа жасушасы және тұқымбүршігінің ірі жасушасы болады.Тозаң түтікшесінің ұшында 2 жасуша болады.Оның біреуі жұмыртқа жасушамен екіншісі ең ірі жасушамен қосылады.Мұны қосарлы ұрықтану дейді.Бұл құбылысты ашқан ғалым Михайл Сергеевич Навашин.Ұрықтанғаннан кейін тұқымбүршігінен тұқым, жатыннан жеміс дамиды.
Термин сөзіне анықтама жаз
Тозаңдану дегеніміз -
Жынысты көбею-
Өздігінен тозаңдану-
Зертханалық жұмыс № 15
Мақсаты : Бунақденелілер және жел арқылы айқас тозаңданатын өсімдіктердің өздеріне тән ерекшелігін анықтау. Байқағыштықты дамыту.
Бунақденелілер арқылы айқас тозаңданатын гүлдердің құрылысы.
1.Гүлдің сыртқы белгілерін сипатта
2.Гүлдің тозаңы қандай болады?
3.Бунақденелілерді гүлдің қай бөлігі еліктіреді?
Жел арқылы айқас тозаңданатын гүлдердің құрылысы
Қайыңның ,теректің гүлдері еліктіре ала ма? Тозаң туралы не айтасың? Мұндай гүлдер хош иіс шығара ала ма?
Қорытынды:
6.Жаңа сабақты қорыту
Гүлдеу дегеніміз гүлдің ашылуынан бастап,гүлдің құрғап түсуіне дейінгі аралықты айтамыз
Тозаңдану дегеніміз аталық тозаңныңаналықтың аузына келіп түсуі
Тозаңдану айқас тозаңдану,өздігінен тозаңдану деп екіге бөлінеді.
Айқас тозаңдану бунақдене арқылы жел арқылы айқас тозаңдану
-
Тест жұмысы
-
Тозаңдану бұл
а) тозаңның аталықтан аналық аузына тұсуі
Ә) екі жыныс жасушасының бірігуі
Б) Тозаң түтігінің өсуі
2. Желмен тозаңданатын өсімдік
А) алма Ә)қарабидай Б) шие
3.Айқас тозаңдану бұл-
А) Бір гүлдің аузына түсуі
Ә) Бір өсімдік гүлінен тозаңның осы түрдің екінші өсімдік гүліне түсуі
Б) Бір түр өсімдік гүл тозаңның екінші өсімдік гүліне түсуі
4. Ұрықтану-бұл
А) тозаң түкшесінің пайда болуы
Ә) аталық пен аналық жасушаларының қосылуы
Б) жұмыртқа жасушасының қосылуы
Биологиялық диктант
1.Ұрықтану --------- және ------------ жыныс жасушаларының қосылуы.
2. Тозаңдану - аталық тозаңның --------- аузына түсуі.
3. Бунақденелілер арқылы айқас тозаңданатын өсімдіктер ----------,---------,--------------
4. Балара, шыбын, көбелек гүл---------------- қоректенеді
Тозаңдану нешеге бөлінеді?
Бунақденелілер арқылы тозаңданатын өсімдіктерді қалай білеміз?
Айқас тозаңдану нешеге бөлінеді?
Тозаңдануға өсімдіктің қай бөлігі қатысады
МАТЕМАТИКАЛЫҚ ЕСЕП
Жоңышқаның бір гүлшоғырында 8кг шірне болады. 1) Балара 500г шірне жинау үшін неше гүлшоғырға қонуы тиіс? 2) Балараның жемсаушасында 0,02г гүл шірне сиятыны белгілі болса, ол 500г шірне жинау үшін гүлге неше рет ұшып келуі тиіс?
ШЕШУІ:
1) 500 : 0,008 = 65000 гүлшоғырына қонуы тиіс.
2) 500 : 0,02 = 25000 рет ұшып келуі тиіс.
7.Үйге тапсырма №22 оқу
8.Бағалау
Бекіту
Биология п