Материалдар / Тракторлардың жалпы құрылысы және жіктелуі

Тракторлардың жалпы құрылысы және жіктелуі

Материал туралы қысқаша түсінік
Тракторлардың жалпы құрылысы және жіктелуі
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

Сабақтың тақырыбы: Тракторлардың жалпы құрылысы және жіктелуі

Мақсаты:

Білімділік: Оқушыларды ауыл шаруашылығында қолданылатын тракторлардың

құрылысымен таныстыру, салыстыру.

Тәрбиелік: Білімділікке, адамгершілікке, сүйспеншілікке тәрбие.

Дамытушылық: Оқыту кезінде оқушыларға түрлі тапсырмалар мен жұмыстар бере

отырып, оқушылардың ойлау қабілеттерін қиялдарын, жадысын,

шығармашылық қабілеттерін арттыру. Оқушы нені білуі керек:

1.Ауыл шаруашылығында пайдалынылатын тракторлардың жалпы

құрылысын білуі керек.

2.Тракторлардың ауыл шаруашылығында қандай жұмыстар атқару

керектігін білуі керек.

Кіріспе бөлім. 1 сабақ.

Лекция тезис.

ТРАКТОР (жаңа лат traktor, лат trahj - тасымалдаймын, тартамын, сүйретемін) - тіркемелі, аспалы не өздігінен қозғалмайтын (стационар) құралдармен бір агрегатқа біріктіріліп, ауыл шаруашылығы, жол құрлысы, жер қазу, көліктік т.б. жұмыстарды атқаруға арналған өздігінен қозғалатын машина.

Ауыл шаруашылығында жалпы мақсаттағы тракторлардан   басқа жер жыртатын бау-бақшалық, батпақта, тауда жүруге арналған, т.б. мамандандырылған тракторлар қолданылады. Өндірістік тракторлар ауыл шаруашылығы тракторларын қажетті жұмысшы жабдықтармен жарақтандыру жолымен модификациялау түрінде орындалады.

.

Қозғалтқышының түріне қарай трактор «дөңгелекті» және «шынжыр табанды» болады. Шынжыр табанды тракторлардың негізгі артықшылықтары – жоғарғы тарту күші, жер қыртысымен жақсы ұстасуыжәне кез келген жермен жүруі, кемшіліктері – ауыр салмағы мен бастапқы құны, шынжыр табанды төменгі шыдамдылығы. .

Батпақта жүруге арналған трактор - кәсіпорындарға арналған табанды өте жалпақ шынжыры бар трактор, ылғалды топырақ жерлерде, торф мелиорациялау жұмыстар кезінде істейді.

Тауға арналған трактор – ауыл шаруашылығына арналған дөңгелекті трактор көлденең жағдайда қаңқа орнатуға бейімді жұмыстар атқарады. Шынжыр табанды трактор – шынжыр тәрізді қозғағышы бар трактор: жерге түсіретін қысымы аз, өткіштігі жақсы болады. Дөңгелекті трактор- дөңгелек тәрізді козғағышы бар трактор..

Өнеркәсіптік трактор – жер құрғату, жер қазу, ағаш шаруашылығында, құрлыста және т.б. ауыр жұмыстарды атқаратын трактор: нақты тарту күші 100 ден 250 кН дейін.

Жалпы өнеркәсіптік трактор – кәсіптік трактор, әр түрлі ауыр жұмыс жасауға (негізінде жер қазу) аспалы бульдозермен топырақ қазып таситын жабдықпен жасақталған.

Жер өңдеуге арналған трактор – ауыл шаруашылық жер өңдеуге арналған трактор: жолдық саңылауы, үлкен із айнымалы және бұрылу радиусы аз болады.

.Баулық трактор – ауыл шаруашылығында арнайы қолданылатын трактор, аспалы машиналармен платформаны пайдаланып жұмыс атқаратын нақты тарту күші шағын трактор.

Жалпы ауыл шаруашылық жұмысты атқаратын трактор –ауыр ауыл шаруашылық жұмыстарды атуға арналған, нақты тарту күші 2 - ден 60 кН-ға дейінгі трактор.. Бу машинасы орнатылған алғашқы дөңгелекті трактор 1830 жылы Франция мен Ұлыбританияда жасалды. Қазақстандағы алғашқы тракторлар 1968 жылдан Павлодар трактор заводында шығарыла бастады.. Ауыл шаруашылық тракторы жер жырту, өңдеу, тұқым себу, егін жинау, т.б. жұмыстарды атқарады. Қуатты ауыл шаруашылық тракторлары тың және тыңайған жерлерді игеру үшін пайдаланады. Өнеркәсіптік тракторлар ауыл шаруашылық тракторларына қарағанда ірі әрі қуатты етіп жасалады. Ол әр түрлі аспалы (бульдозер күрегі, қар тазалағыш, экскаватор шөміші, т.б.) және тіркемелі (скрепер,грейдер, т.б.) машиналармен бір агрегатқа біріктіріліп, жер қазу, жол құрлысы, мелиоративтік, т.б. жұмыстарды орындайды. .

Трактордың механизмдері мен жабдықтарына: Күштік қондырғы, Күштік беріліс,

Жүрістік бөлік, қаңқасы, басқару механизмі, кабина, электр жабдықтары жатады. \

«Күштік қондырғы» трактор құрылғыларының жұмысын қамтамасыз ететін қозғалтқыш түрінде болады. Тракторға жылу қозғалтқышы «бу және іштен жанатын) мен электр қозғалтқышы пайдаланылады. «Күштік беріліске» ілінісу тетігі, жалғастырғыш муфта, беріліс қорабы, басты және ақырғы беріліс жатады. Дөңгелекті трактордың «жүрістік бөлігі» аспадан, осьтен және пневматик, шиналы дөңгелектен, ал шынжыр табанды трактордың жүрістік бөлігі аспа, шынжыр тізбегі, жетекші дөңгелек, т,.б. тұрады. Трактор «қаңқасы» әдетте әр түрлі құрылымды рама түрінде жасалады. Трактордың «басқару механизмі» рулдік басқару құрылғысы мен тежеуіштен (таспалы не дискілі) құралады. Трактор «кабинасы»рактордың «электрлік жабдықтары» тоқ көзінен «аккумулятор батареясы мен генератор), қозғалтқышты оталдыру, жолды жарықтандыру кабинаны желдету, дыбыс және жарық сигналының аспаптарынан құралады. Трактордың пайдалану кезіндегі негігі сипаттамаларына оның техника экономикалық, техникалық және агротехникалық көрсеткіштері жатады..

Үйге тапсырма: Тракторлардың жалпы құрылысы және жіктелуі

16 Қараша 2020
1280
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі