Материалдар / Трапецияның ауданы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Трапецияның ауданы

Материал туралы қысқаша түсінік
Қысқа мерзімді жоспар
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
06 Ақпан 2023
279
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Дарынды балаларға арналан Абай атындағы №10 лицей мектебі




Бекітемін : Абилова Х.Ж. Тексерілді: Канапьянова К.Қ.

Мектеп директоры Ғылыми әдістемелік жұмыс меңгерушісі.









Математикалық логика”

(факультатив бағдарламасы)







Құрастырған: математика пәні мұғалімі

Шахаева Динара Толеуовна



















Павлодар қаласы



Түсініктеме хат

Аптасына 2 сағаттан, барлығы 68 сағат.


Математика – негізгі ғылымдардың бірі. Оның дұрыс зерттелуі тек қана санауға үйретпей логикалық ойлауға да үйретеді.

5-6 сыныпта оқыту, оқушылардың бейімделу кезеңіне байланысты қиындатылады. Оқушы жаңа мұғалімдерге, жаңа сабақтарға және де жаңа талаптарға бейімделеді. Әсіресе оқушыларда математика пәнінне көп қиындықтар туады. 5 сынып оқушыларының оқу жетістіктері таңдалған әдіске, тәсілдерге қолданылған мативация түріне тәуелді. Басқа негізгі проблема оқытуды дифференциалды тәсілмен қамтамасыз ету, қабілетті балаларды дамытуға жағдай жасау. Бірақ аталған проблемаларды шешуге жалғыз сабақ жеткіліксіз, сондықтан 5-6 сынып оқушыларына факультативті сабақтарға бағдарлама жасау қажеттілігі пайда болды.


Математикалық логика” факультативті курсының бағдарламасы дарынды балаларды дамытуға, оқушылардың білімін тереңдетуге және танымдылық қызығушылығын артыруға бағытталған.

Бағдарламманың мазмұны 5 сынып математикасының мазмұнына сәйкес келеді. Бірақ сабақтардың нәтижесінде оқушылар күрделі есептерді және олимпиадалық деңгейдегі есептерді шығару дағдыларың қалыптастыруы керек.

Бағдарламмаға еңгізілген сұрақтар оқушыларды олимпиадаға және әр түрлі математикалық сайыстарға дайындауға мүмкіндік береді(Фарков А.В. “Математические олимпиады в школе” деген оқу әдістемелік құралдан алынған).

“Математикалық логика” факультативінде тор көзді қағазда қию есептерін шығаруға үлкен орын берілген (М.А. Екимова, Г.И. Кукин. “Задачи на разрезание”). Логикалық ойлау схемасын айқындайтындай, есептерді сұрақтармен немесе түсінік беру арифметикалық тәсілімен шешуге ұсынылған(Фарков А.В. “Математические кружки в школе”). Сондықтан “Математикалық логика” факультативінде оқушылардың логикалық ойлау қабілеттері қалыптасатындай, логикалық заңдарды қолданып шығарылатын есептер қарастырылған.


Оқушылардың психофизиологиялық дамуына және сабақта оқушылардың шаршамауы үшін әр түрлі дене шынықтыру минуттары қарастырылған.

Дене шынықтыру жаттығуларын орындау кезінде барлық бұлшық еттер тобы жұмыс істейтіндей құрастырылған. Мұндай жаттығулар оқушылардың сабақта шаршамай, ақыл-ой қабілеттерінің сапасын көтеруге бағытталған.






Мақсаты: Оқушылардың математика пәніне қызығушылығын дамытуға және логикалық дамуына жағдай жасау.


Міндеттер:

  • математиканың өмірмен байланысын ашып көрсету;

  • оқу материалымен байланыстыра отырып оқушының білімділіктерін арттыру;

  • оқушының дәстүрлі емес есептерді жүйелеп шығара білу;

  • есеп шығарудағы ойлау қабілеттерін дамыту;

  • күрделі есептерді шығару жолдарын көрсете отырып, өз беттерімен есепті жүйелі шығаруға баулу.


Күтілетін нәтиже:

  • Есептердің себебі мен салдарын айқындай білу, дәстүрлі емес есептердің шығару жолын жүйелей білу;

  • Есептерді құрастыру, өзін-өзі тексеру, өзін-өзі бағалау, логикалық есептерді жылдам есептеу және есепті шығару жолының ретін сақтау;

  • Матаматиканы өмірмен байланысын анықтау, есептерін шығару жолындағы маңызды орнын түсінуі керек.

  • Берілген есепті класификациялау, қарапайым есептерді құрастыру.


Осы мақсаттың орындалуы үшін келесі негізгі оқулықтар қолданылды:

  • Фарков А.В. Математические олимпиады в школе. 5-11 классы / М.: Айрис-пресс, 2008. –176с.:

  • Фарков А.В. Математические кружки в школе. 5-8 классы / М.: Айрис-пресс, 2008. –144с.:


Қосымша әдебиеттер:


  • Қ. Қантарбаев. Қызықты математика. Жалпы білім беретін мектептің оқушыларына арналған көмекші құрал. –Алматы: “Мектеп” баспасы, 2007. –48 бет.

  • Журнал: “Математика в школе”. 2008 ж, №7

  • Журнал: “Математика в школе”. 2009 ж, №9

  • Журнал: “Математика в школе”. 2010 ж, №2

  • Журнал: “Математика в школе”. 2011 ж, №10

  • М.А. Екимова, Г.И. Кукин. Задачи на разрезание – М.: МЦНМО, 2002. –120 с.

  • Генкин, С.А. Интенберг, И.В. Фомин, Д.В. Ленинградские математические кружки. Киров, изд.”АСА”, 1994.-272 с.

  1. Нагибин, Ф.Ф., Канин, Е.С. Математическая шкатулка [Текст]: Пос. для уч-ся.- [Изд. 4-е, перераб. и доп.] .- М.: Просвещение, 1984.- 158с.: ил.

  2. Онучкова, Л.В. Введение в логику. Некоторые методы решения логических задач [Текст]: Учеб. пос. для 5 класса.- Киров: ВГГУ, 2004.- 66с.: ил.


Тақырыптық жоспар

Тақырыптар

Сағат саны

өткіз мерзімі

Ескер

ту

I Қию есепері 6 сағат

1-4

Тор көзді қағазда қию есептері

4



5-6

Пентамимо, Домино, тримино, тетрамино фигуралары

2



II Логикалық есептер 18 сағат

7-14

Пікір айту. Ақиқат және жалған пікір айту.

8



15-18

Соңынан шығарылатын есептер

4



19-22

Күнтізбе есептері


4



23-24

Математикалық шайқас (ойын сабағы)


2



III Мәселе есептер 6 сағат



25-26

Өзен ағысына байланысты мәселе есептер

2



27-28

Жылдамдыққа байланысты мәселе есептер

2



29-30

Жұмысқа байланысты мәселе есептер


2



IV Математикалық ребустар 6 сағат

31-36

Сандық ребустар

6



V Комбинаторика 2 сағат

37-38

Комбинаторлық есептер


2



39 -40

Жүйелілік және тізбектер

2



VII Алгаритм теориясы 2 сағат

41-44

Алгаритм құру арқылы шығарылатын есептер

2



VII Қиын жағдайлардағы бөлу 6 сағат

45-46

Ауыстырып құю есептері

2



47-48

Өлшеу есептері


2



49-50

Математикалық саяхат (Ашық сабақ, Интеллектуалдық ойын)

2



VIII Бөлшекке араналған қызықты есептер 4 сағат

51-52

Бөлшекке араналған ескілікті есептер

2



53-54

Бірлесіп талқылау есептері

2



IX Олимпиадалық есептер 16 сағат

55-58

Геометриялық есептер

4



59-60

Дирихле принципі

2



61-66

Арифметикалық есептер

6



67-68

Қорытынды сабақ (тест)

2




Факультатив бағдарламмасының мазмұны (68 сағат)

Әдістемелік ұсыныстар

Әр сабақта:

  • Сол тақырып бойынша әмгіме;

  • Қызықты, логикалық есептер шығару;

  • Денені шынықтыру минуталары;

  • Үй тапсырмасы;

  • Қорытынды .

Есептер оқушының жұмыс дәптерінен алынады.


  1. Қию есептері (6 сағат)

Тақырып 1. Тор көзді қағазда қию есептері (4 сағат)


Негізгі мақсаты - оқушылардың комбинаторлық дағдысын дамыту(фигуралардың қию сызығының табу тәсілдерін қарастыру), симметрия туралы көріністі дамыту.

Тақырып бойынша әмгіме

Қию есептерін ежелден ғалымдар шығарып келе жатыр. Алғашқы шешулер ежелгі гректерден, қытайлықтардан табылды, бірақ ең бірінші сол тақырып бойынша жұмыс жазған Абул Вефа, X ғасырда Багдад қаласында тұрған парсы астрономы. Ал математиктер XX ғасырдан бастап қана фигураны бірнеше бөліктерге қию есептерін шығара бастады.


Есептер шығару № 1.1 – 1.9

1.1. Шаршы 16 торкөзден тұрады. Қию сызығы торкөздің қабырғаларының бойымен өтетіндей етіп, шаршыны екі тең бөлікке бөліңдер. Есептің барлығы неше шешімі бар?

Шешуі: 6 шешуі бар. суретте

Денені шынықтыру

Үй тапсырмасы: № 1.10 – 1.12

Қорытынды.

Тақырып 2. Пентамимо,домино, тримино фигуралар ( 2 сағат)


Негізгі мақсаты - оқушылардың комбинаторлық дағдысын дамыту(фигуралардың қию сызығының табу тәсілдерін қарастыру), симметрия туралы көріністі дамыту.

Тақырып бойынша әмгіме.

Домино, тримино, тетрамино, пентамимо фигуралары екі, үш, төрт және бес шаршыдан тұратын фигуралар. Жәнеде кез келген бір шаршы басқа шаршылармен бір қабырғасы болсын ортақ болуы керек.

Екі бірдей шаршыдан бір ғана фигура құрастыруға болады – домино.

Домино фигурасына қалай да болсын бір шаршы жалғастырсақ тримино фигурасы пайда болады.

Пентамимо,домино, тримино фигуралары( мұндай фигуралармен ойынды тетрис деп атайды).

Есептер шығару № 2.1 – 2.9

2.1. Барлық тетрамино фигураларын құрастыр(«тетра» грек тілінен – төрт). Барлығы неше фигура шығады?

Шешуі:

2.2.. Барлық пентамимо фигураларын құрастыр ( грек тілінен «пента» - бес). Неше фигура шығады?

Шешуі:

Денені шынықтыру

Үй тапсырмасы: № 2.10

Қорытынды.



  1. Логикалық есептер (18 сағат)


Тақырып 3. Логикалық есептер ( 8 сағат)


Негізгі мақсаты – логикалық ойлау қабілетін, есеп шығаруда кесте құру ептілігін арттыру. Логика заңдарымен таныстыру және есеп шығаруда қолдануға үйрету.

Тақырып бойынша әмгіме

Сөйлемді шындық немесе жалған екенін айтуға болатын пікір ұғымымен таныстыру. Кесте арқала шығару.Мысалы:

3.2. Айбек, Берік, Бектас және Ғалымбек – жолдастар. Олардың біреуі – дәрігер, екіншісі – журналист, үшіншісі – спортсмен, ал төртіншісі –құрылысшы. Журналист Айбек және Ғалымбек туралы мақала жазды. Спортсмен және журналист Берікпен бірге жорыққа шығады. Айбек және Берік дәрігердің қабылдауында болды. Кімде қандай мамандық?

Шешуі:


Айбек

Берік

Бектас

Ғалымбек

Дәрігер

-

-

-

+

Журналист

-

-

+

-

Спортсмен

+

-

-

-

Қурылысшы

-

+

-

-

Сонда Айбек-спортсмен, Берік-құрылысшы, Бектас-журналист, Ғалымбек-дәрігер.


Есептер шығару № 3.1 -.3.40

Денені шынықтыру

Үй тапсырмасы: № 3.41 – 3.49

Қорытынды.


Тақырып 4. Соңынан шығарылатын есептер. ( 4 сағат)

Негізгі мақсаты: логикалық ойлау қабілетін, есеп шығаруда кесте құру ептілігін арттыру.

Тақырып бойынша әмгіме

    1. Мысалы: Үш ұл балада бірнеше алмадан бар. Бірінші ұл қалған екі ұлда қанша алма болса, сонша алмадан оларға таратады. Сосын екінші ұл қалған екі ұлдың әрқайсында қанша алма болса, сонша алмадан таратады және үшінші ұл да әрқасында қанша алма болса сонша алмадан береді. Содан кейін ұлдардың әрқайсында 8 алмадан болып шықты. Алғашқыда ұлдардың әрқайсында қанша алмадан болды?

Шешуі: Кесте арқылы есепті соңынан шығарамыз.


1-ші ұл

2-ші ұл

3-ші ұл

Соңында алмалар саны

8

8

8

Үшінші ұлдың берер алдындағы алмалар саны

8:2=4

8:2=4

8+4+4=16

Екінші ұлдың берер алдындағы алмалар саны

4:2=2

4+2+8=14

16:2=8

Алғашқыдағы алмалар саны

2+4+7=13

14:2=7

8:2=4

Сонымен алғашқыда бірінші, екінші және үшінші ұлда сәйкесінше 13, 7 және 4 алмадан болды.


Есептер шығару № 4.1 – 4.10

Денені шынықтыру

Үй тапсырмасы: № 4.11 – 4.12

Қорытынды.


Тақырып 5. Күнтізбе есептері 4 сағат

Негізгі мақсаты: Оқушыларды күнтізбенің пайда болған тарихымен таныстыру

Тақырып бойынша әмгіме

Мысалы: 5.3 Жылдың қанша айында 5 жұма бар?

(5 ай, егер 1 қантар жұма болса.)


Есептер шығару № 5.1 – 5.12

Денені шынықтыру

Үй тапсырмасы: № 5.13-5.14

Қорытынды.



770 ₸ - Сатып алу

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!