Тəрбие сағаты. Елін сүйген елбасы. 3-сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тəрбие сағаты. Елін сүйген елбасы. 3-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Елін сүйген елбасы тақырыбында сынып сағаты өтті. Елбасымыздың сындаолы саясаты мен көрегегділігін үлгі ету.
Материалдың қысқаша нұсқасы

ЕЛІН СҮЙГЕН, ЕЛІ СҮЙГЕН - ЕЛБАСЫ

Мақсаты: Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті туралы толық мәлімет беру, оқушылардың өз Отанын, туған жерін сүюге қорғауға, сақтауға құрметтеуге тәрбиелеу.


1 – жүргізуші: Армысыздар ұстаздар мен оқушылар! 1 – желтоқсан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күніне арналған «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы» атты дөңгелек үстелімізді бастауға рұқсат етіңіздер!

(Қ. Р Гиміні) шырқалады
2 – жүргізуші: «Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев халықтың өз ішінен шықты» дегенде, мұны поэтикалық - асқақ мәнде де, тура мағынасында да түсінген абзал. Нұрсұлтан Назарбаев қарапайым ауыл отбасында туып - өсті. Оның балалық шағы ауыртпалығы мол соғыс және соғыстан соңғы жылдармен тұстас келді.

1 – жүргізуші: Жас Назарбаев соның бәрін басынан өткеріп, бәрін жеңе білді, өте жақсы білім алып, «от - жалынды» мамандықты игеріп, азамат қатарына қосылды. Елмен жұмыс жүргізетін басшылық қызметтерге сатылап жоғарылады. Тәуелсіз Қазақстанның Тұңғыш Президенті болды.
2 – жүргізуші: Сондықтан Нұрсұлтан Назарбаевты тек «халық арасынан шықты» деп айту аз. Ол халықтың өз қанынан жаралған бір бөлшегі болатын және солай болып қала береді, сонымен қатар ол бұрын - соңды қазақ жерінде туған ең дара ұлдарының бірі екені сөзсіз.
Халықпен осынау тұрақты, айнымас рухани және тікелей байланыс көп жағдайда оның бүкіл ғұмырының бағыты мен мұрат - мақсатын айқындап берді.
1 – жүргізуші: Оның халық қамын ойлауы жалпыхалықтық құрмет пен сүйіспеншілік ретінде өзіне қайтты деуге болады. Тәуелсіздік жылдарында еліміздің азаматтары Мемлекетіміздің басшысына терең құрметі мен берік сенімін көрсетті. Сөйтіп, 2011 жылғы Қазақстан Президентінің сайлауында Нұрсұлтан Назарбаев сайлаушылар даусының 95%- дан астамына ие болып, айқын жеңіске жетті.
2 – жүргізуші: Халықтың осындай қуатты қолдауы мен сенімі арқасында Президент Қазақстанды дамыған экономикасы, әлеуметтік кепілдіктері және қоғамдағы тұрақтылығы бар озық көшбасшы мемлекеттер қатарына шығара отырып, өз идеялары мен бастамаларын табысты жүзеге асырып келеді. Осындай кемеңгер, ұлағатты елбасшысы Нұрсұлтан туралы көптеген жазбалар, кино – фильмдер, арнаулар шыққан болатын. Ал біз сол ұлт көшбасшысының атында мұражай барын білеміз, естідік бірақ көз жүгіртіп назар салып араламаған едік. Ендеше ел басымызға арналған ғажайып мұражайды тамашалауға кезек берейік.
1 – жүргізуші: 1991 жыл 1 желтоқсан. Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті болып Н. Ә. Назарбаев сайланды. Міне сол жылдан бері Қазақстанның Президенті болып, елімізді көркейтіп, бүкіл дүние жүзіне қазақстан елін таныты десе де болады.

2 – жүргізуші:

Елі үшін көтеріп нар жүгін де,

Сенімі нық сезілетін үнінде.

Аты озған дүниедегі дүбірде,

Нұрсұлтанмен кім мақтанбас, бүгінде? Нұрсұлтанды әлем мойындайды, құрмет тұтып сый қылады. Ол әр жыл сайын өз жолдауын жолдайды, халық оны қашанда қолдайды. Нұрлы жол – болашаққа бастар жол. Есім ханның ескі жолы, Қасым ханның қасқа жолы, Нұрсұлтанның нұрлы жолы деген ұғым да бүгінгі біздің назарымызда. Бұл жолдау турасында тарих пәнінің мұғалімі Бақытжан Бауыржанұлына сөз кезегін береміз. Жолдау туралы қысқаша айтып өтсеңіз. Сонымен қатар елбасының Ұлытаудағы сұхбатына да тоқтала кетсеңіз.

1– жүргізуші: Болашағымызға айқын бағыт – бағдар беретін де, ұлтымызды ұжымшылдыққа ұйымдастыратын да, межелі ұлы мақсаттарға жетелейтін де осы – Мәңгілік Ел идеясы болатын. Халық арманы, ұл тағдыры Мәңгілік Ел баршаның арманына қанат бітіреді. Ендеше экранға назар аударайық. Арманымыз Мәңгілік болсын!

Нұрсұлтан Назарбаевтың «Біз тәуелсіздікке аңсап, зарығып, жеттік. Енді сол тәуелсіздіктің қасиетті белгілерін де, ерекше қадірлеуіміз, қастерлеуіміз керек» - деген сөзін әрбір азамат жүрегінің терең түкпіріне сақтап, қашанда жадында ұстау керек. Бұл баршамыздың туған ел алдындағы перзенттік борышымыз.
2 – жүргізуші:

Тәуелсіздігіміз тұғырлы, еліміз еңселі болғай?
Ту тігілді халқымның бүгін бағына,
Жас өрендер, желбіретіп, нық ұста!
Ғасырларға жалғастырып елдікті,
Дақ түсірме ата – баба рухына.
Үлгі бізге аталардың ерлігі,
Ұлағаты, өнегесі, еңбегі.
Тәуелсіздік туын ұстап жоғары,
Бүгінгі ұрпақ – болар елдің ертең
і
Тұңғыш Президент күні баршаңызға құтты болсын! Тәуелсіздік туы әрдайым биікте желбірей бергей! Осымен дөңгелек үстеліміз аяқталды. Сау болыңыздар.









Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
11.01.2018
852
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі