тəрбие сағаты "жана жыл" 6-сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

тəрбие сағаты "жана жыл" 6-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
жана жылдық кеш
Материалдың қысқаша нұсқасы



27.12.2017

Жаңа жылға сценарий

Жаңа жыл мерекесі
зал мерекеге сай безендірілген. Музыка фонында ортаға екі жүргізуші шығады.
1-жүргізуші:
-Армысыздар ардақты ағайын, Ұлағатты ұстаздар!
2- жүргізуші:
Бармысыздар, замандас, бауырлар, шабытты шәкірттер. 
1-жүргізуші:
Бүгін сізге жырдан алқа тағайын,
Шат күлкіге толы болсын маңайың.
Көргендер де көрмегенде арманда.
Жаңа жылың құтты болсын ағайын.
2-жүргізуші:
Зеңгір көкте жұлдыз болып жанайын,
Ай жүзіндей айшықтанып, арайың.
Жанға шуақ, бойға қуат әкелген.
Жаңа жылың құтты болсын ағайын.
1-жүргізуші:
Бәрекелді, бәрекелді! Құрметі халайық! Бүгінгі жаңа жыл кешін барлығымыз көтеріңкі көңіл күймен, әсем ән, сәнді бимен өткізуге ат салысамыз деген үмітіміз бар.
2- жүргізуші;
Олай болса, көңіліміздің керегесін кеңейтіп, баршамызға береке сыйлар мерекелі кешіміздің шымылдығын ашуға рұқсат етіңіздер! 

1-жүргізуші:
Құрметті жамағат “Жақсы сөз- жарым ырыс!” – деп дана қазақ айтқандай, жүрекке жылылық ұялатар алғашқы Жаңа жылдық құттықтау сөзді ақыл ойы жетілген саналы ұрпақты сезімі сергек, арманшыл дана ұрпақты тәрбиелеп жатқан білім ұясының білікті басшысы, №58 жалпы орта мектебінің директоры Алтаев Бейсен ағайға береміз.

2- жүргізуші:
-Құрметті халайық! Бүгінгі Жаңа жыл кешіне сәйгүліктерін желдіріп, алтындатқан шанасымен Аяз ата мен сүйкімді Ақша қар келе жатыр деген хабар алып тұрмыз.
1-жүргізуші:
* Қуаныңдар, ағайын, тамсаныңдар.
* Сүйінішпен маңайға жар салыңдар.
* Аяз ата келеді Ақшақармен,
* Қол соғып қошеметпен қарсы алыңдар!
/осы кезде музыкамен асыға күткен Аяз ата мен Ақшақар келеді./
Аяз ата:
Ассалаумағалейкум, Жыр кешкен ел,
Нарына нарық заман мінгескен ел.
Дәуірдің дүрмегіне үндескен ел,
Тәңірдің тылсымымен бірлескен ел.
1-жүргізуші:
Ассалаумағалейкум, Ата!
Аяз ата:
Уағалейкумассалаум, балам!
2-жүргізуші:
Армысыз Ата! Армысың Ақша қар.
Аяз ата:
Бар бол, балам! Біз қай жерге келдік қарағым? 
1-жүргізуші:
- Қайтпас 1 елді мекеніндегі 58 жалпы орта мектебіне келдіңіз.
Аяз ата:
- Бәрекелді, балам! Бұл мектеп әнмен жырдың мекені деп естуші едім. Өнерге жақын өрендерің мұнда да бар шығар?
2-жүргізуші:
- Әрине, ата! Шығыстың шырайын кіргізер мыңбұралған бишілеріміз дайын тұр. Сіз рұқсат берсеңіз болды.
Аяз ата:
-Рұқсат шырақтарым, рұқсат.

1-жүргізуші:
-Құрметті халайық, Құрметті Аяз ата Ақша қар! Бүгінгі Жаңа жылдық мерекемізбен құттықтап, кең байтақ Қазақстанымыздың түпкір –түпкірінен өнердің өрінде жүрген не бір саңлақтар келіп қалыпты. Ортаға шақырсақ қалай қарайсыздар?
2-жүргізуші:
Олай болса, ортада 5а сыныбының өнерін тамашалаймыз
1-жүргізуші:
- Келесі алдарыңызда 5ə сыныбының өнер саңлақтары. Қарсы алыңыздар!
2-жүргізуші:
-Қадірлі көрермендер! Алдарыңызда келесі кезекте 5б сыныбының өнер қырандарын шақырамыз.
1-жүргізуші:
- Құрметті халайық ортаға 5в сыныбының өнер қырандарын шақырамыз
2-жүргізуші: Келесі кезекте ортаға 5г сыныбының өнер қырандарын шақырамыз
1-жүргізуші: Келесі кезекте ортаға 5д сыныбының өнер қырандарын шақырамыз 2-жүргізуші: Келесі кезекте ортаға 5е сыныбының өнер қырандарын шақырамыз

1-жүргізуші: Келесі кезекте ортаға 5ж сыныбының өнер қырандарын шақырамыз
2-жүргізуші: Келесі кезекте ортаға 5з сыныбының өнер қырандарын шақырамыз

2-жүргізуші: Ал, Аяз ата , Ақша қар! Бағанадан бері алдарыңызда әдемі әзіл мен әдемілік сыйлаған әр жерден келген өнерпаздардың арасында табаны жерге тимей, шыр айнала билейтін шеберлер де бар көрінеді. Олай болса, осы азаматтардың арасынан бір-бір өнерпаз шығып, бидің құдіретін танытса дейміз.
/ортаға әр сыныптан бір биші шығып, “Лезгинка” және “Жорға” билерін билеп береді./
1-жүргізуші:
-Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! Өткен жылға ешкімнің өкпесі жоқ шығар, “Ескі жыл есіркесін, жаңа жыл - жарылқасын” демей ме?! Ескі жылымыз тауық жылын есімізге түсіріп, еңсемізді котеріп жана жылымыз ит жылын

қарсы алсақ, қалай қарайсыздар?
Аяз ата:
- Бәрекелді қарақтарым! Келсін,
/ит жылы шығады./
1-жүргізуші:
-Иә, ата мына халқыңызға бата берер кезде келді ғой деймін.
Аяз ата:
Болар, болар... 
Уа!!!
Мен батамды берейін,
Үстем болсын мерейің
Әрқашанда бұл елге,
Қуанышқа келейін.
Жақсылық елден кетпесін,
Жамандық, келіп жетпесін.
Қызыр болсын жолдасың.
Әруақтар қолдасын!
Қара ниет дұшпаның,
Бұл жалғанда оңбасын.
Аман болсын, мал басың,
Адал болсын жолдасың.
Бейбітшілік заман болсын.
Ел іргесі аман болсын.
Осы айтқаным қабыл болып,
Батам менің тәммам болсын!
Әумин!
Жаңа жылдарың құтты болсын!!!
Барлығы бірге:
Жаңа жыл құтты болсын!
Жаңа жыл әні орындалады.
Кеш соңы бимен ұласады



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
11.01.2018
831
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі