Материалдар / Тəрбие сағаты "Мен елімнің патриоттымын" 7 класс
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Тəрбие сағаты "Мен елімнің патриоттымын" 7 класс

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларды өз елін құрметтей білетін азамат етіп тəрбиелеу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
17 Желтоқсан 2017
496
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Мен өз елімнің патриотымын!

Өз елінің патриоты болу үшін әр адамның бойында болу керек:

Отанға деген сүйіспеншілік;

Отанға деген адал сезім;

Отаның қорғауға дайын болу;

Мақсаты:

Оқушыларды Отанды сүюге, құрметтеп қастерлеуге, өз елін, тегін тарихын білуге тәрбиелеу.

Оқушыларға патриоттық, эстетикалық, адамгершілік тәрбие беру, өз ой-пікірін білдіре алатын оқушыларды тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Елбасы суреті, Қазақстан Республикасының картасы, рәміздер суреттер, нақыл сөздер, кескіндемелер

Барысы:

1.Ұйымдастыру.

Мұғалімнің кіріспе сөзі:

Құрметті ата - аналар,оқушылар жаңа оқу жылы құтты болсын: Бүгінгі өткізгелі отырған : «Мен өз елімнің патриотымын!»атты алғашқы тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер! Оқушылар , сіздер алдымен «патриот» деген кім, ол қандай адам деген сұраққа анықтама беріп кеткенім жөн болар. Патриот – ұлтын сүйетін, өз тарихын, туған тілін құрметтейтін, ұрпақтан ұрпаққа жалғасқан салт – дәстүрін дәріптейтін, ұлттық қадір – қасиетімізді арттыруға үлес қосатын саналы тұлға. Туған елі үшін үнемі тер төге қызмет етіп, халқымыздың мол рухани құндылықтарын бағалай білетін асыл тұлға.

Балалар Отан деген не, кім қалай түсінеді?

Жания

Отан дейміз кең-байтақ астананы,

Жасыл жайлау, жаңа жол, жас қаланы.

Отанның шеті де жоқ, шегі де жоқ,

Ол бірақ өз үйіңнен басталады.

2. - Біздің Отанымыз қалай аталады? Қазақстан Республикасы.

- Қазақстан Республикасы қандай мемлекет? Тәуелсіз мемлекет

- Қазақстан Республикасының президенті кім? Біздің еліміздің президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. . Қазақстан жер көлемі бойынша нешінші орында тұр? 9 орында тұр.

Қазақстанда үлкен қалалар көп.Қандай үлкен қалаларды білесіңдер? Олар: Алматы, Астана, Қарағанды, Шымкент, Көкшетау, Қостанай, Ақтау, Павлодар, Ақтөбе, Тараз, Қызылорда, Өскемен, Семей, Талдықорған..

Аталған қалаларда қандай ұлттар тұрады? қазақтар, орыстар, ұйғырлар, өзбектер, корейлер, украйндер және тағы басқа ұлттардың өкілдері тұрады.

Олар қалай өмір сүріп жатыр? тату-тәтті, бірлікте өмір сүріп жатыр.

Еліміздің бас қаласы қалай аталады? Астана

Астана - Отанымыздың бас қаласы, астанасы.

Ол қандай өзеннің бойында орналасқан? Есіл өзенінің жағасында орналасқан.

Астанада биіктігі 97 метрлік не бар? Бәйтерек. Бәйтеректі көргендерің, Астанаға барғандарың бар ма? (оқушылардың ойын тыңдау).

Биыл бас қаламыз астанада не болып жатыр? ЭКСПО оның мағынасы қандай?

Топпен жұмыс:

7-класс

- «Патриот» адам қандай болу керек деп ойлайсыздар? Ол қандай қасиеттерге ие болады?

6-класс
- Еліміздің одан әрі көркейуіне қандай үлес қосар едің?
(
Сұраққа жауапты постерге түсіру. Бөлінетін уақыт – 5 мин.) 
Отан патриот туралы қандай өлеңдер білесіңдер?

Хор: Атамекен

6- класс - - Еліміздің одан әрі көркейуіне қандай үлес қосар едің?
(Сұраққа жауапты постерге түсіру. Бөлінетін уақыт – 5 мин.) өлеңдері

Мұғалім: — Ия, балалар, елін, жерін сүйетін азамат болып шығу үшін қандай бала болуымыз керек?

Білімді, өнерлі, ақылды, еңбексүйгіш бала болуымыз керек.

Дұрыс-ақ, ендеше Отан, туған жер туралы қандай мақал-мәтелдер білетіндеріңізді сонымен қатар туған еліміз туралы қандай мәлімет білетіндеріңізді тексеріп көрейік?

7-класс қа сұрақтар

Отан – оттан  да ..............ыстық.

Отан отбасынан- ................басталады.

22 –қараша 2012 жыл Қазақстан халқы үшін қандай жақсы хабар мен ерекшеленді? (ЭКСПО-2017 Халықаралық көрмесі Қазақстанда.Оның жас елордасы Астанада өтетіндігі)

2. 30- тамыз қандай атаулы мереке? (Конституция күні)

3. Неге Бәйтерек монументінің геометриялық өлшемдеріне дейін ( 97м)символдық мәні бар дейді? (Елорда Алматыдан Астанаға көшіп келген жылдың соңғы екі цифріне сәйкес келеді.)

4. Алғаш рет Қазақстан Республикасының гиміні ретінде «Менің Қазақстаным» әні қай жылы қандай мерекеде орындалды? (2006 ж 10 қаңтарда Елбасын ұлықтау рәсімінде)

5. Елбасы Н. Ә. Назарбаев басына шығып Қазақстанның туын тіккен шың? (Талғар шыңы)

6. Астана қаласының символы (Бәйтерек)
7. Мемлекеттік рәміздер қашан бекітілді? (1992 жылы 4 маусымда)
8. Н. Назарбаев сөзіне жа
зылған, А.Қоразбаев әнін жазған «МузАРТ» тобы орындаған қай ән? (Үшқоңыр)

9. Еліміздің тәуелсіздігі қашан жарияланды? (1991жылы 16 желтоқсан)
10. Мемлекеттік тудың авторы кім? (Шәкен Ниязбеков)

6-класс
1. «Елім менің» Сөзі мен әнін жазған кім? (Сөзін жазған Н.Ә.Назарбаев, әнін жазған Б.Тілеуханов)

2. Мемлекетіміздің рәміздерін ата?

3. Қ. Р - ның ұшқыштарын атаңдар?(Т. Аубакиров, Т. Мусабаев.)

4. Астананың бұрынғы аттары қандай?(Целиноград, Ақмола.)
5. Қандай мемлекеттік мерекелерді білесіңдер?(1 мамыр, 4 маусым, 30 тамыз, 1 желтоқсан алғашқы президент күні, 16 маусым.)
6. Ата Заң деген не?(Мемлекеттің негізгі заңы.)
7. Неліктен 1 желтоқсан мереке күні болды?(өткені бұл күн президент сайлау күні болды.)
8. Қандай мемлекеттік рәміздерді білесіңдер?(әнұран, ту, елтаңба.)
9. Мемлекеттік туда не белгіленген?(күннің көзі, қыран, ою)
10. Қ. Р - ның туының түсі нені білдіреді?

Тапсырма: Қазақстан, Атамекен деген сөздерден сөз шығару.

Келесі тапсырма әр топтан бір оқушы шығады. Мұнда шыққан оқушы өз тобының көмегімен жасырылған сөзді табу керек.

7-класс Отан, қалам, елтаңба

6-класс ЭКСПО, Байтерек, Мектеп

Қорытынды:  Сабағымызды жақсы оқып, еліміздің адал, еңбекқор азаматы болайық. Ер жетіп еліміздің одан әрі көркеюіне, гүлденуіне өз үлесімізді қосайық.

Белгілі ақын атамыз Ж. Молдағалиев:

Өткеніңді еске алсаң,

Өскеніңнің белгісі.

Өткеніңді ұмытсаң,

Өшкеніңнің белгісі,

деген екен. Сондықтан, халқымыздың бүгінгі уақытқа дейінгі жеткен жетістіктері өздеріңе аманат. Сондай-ақ, еліміздің егемендігін танытатын ресми ерекшелік белгілері: Ана тіліміз, Елтаңбамыз, Туымыз, Ата заңымыз, Әнұранымызды бойындағы бойтұмарындай сақтап қана қоймай, қашанда еліміздің, жеріміздің еркіндігін сақтап мықты ұрпақ, мықты азамат болатындарыңа сенімім мол. Еліміздің жанашыр патриоты болайық.


























Кеңсахара орта мектебі


Тексерілді:

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: Килибаев Е. О















DrawObject1























Өткізген: Калжанова Л.Ж

Амангелді А.Қ






2017-2018 оқу жылы




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!