«З.Серікқалиұлы атындағы мектеп интернаты» КММ 2 сынып тәрбиешісі Қабдрахманова Нұргүл Нурлыханқызының тәрбие сағаты
Тақырыбы: «Менің бақытты отбасым»
Мақсаты: а)Отбасы және отбасы мүшелері жайлы түсініктерін қалыптастыру.
ә)Отбасы мүшелері және отбасындағы сыйастық туралы әңгімелесу арқылы есте сақтау қабілеттерін дамыту.
б)Сөзерді дұрыс, анық айтуға жаттықтыру.
в)Үлкенге ізеттілік көрсетуге, кішіге қамқор болуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: отбасы мүшелерінің суреттері,кітаптар,шарлар
Сөздік жұмыс: ата, әже, әке, ана,аға ,іні, әпке, сіңілі, қарындас.
Әдіс – тәсілдері: әңгімелеу, түсіндіру, көрсету,ойын.
Тәрбие жұмысының барысы.
Ұйымдастыру кезеңі.
-
Балалар, көңіл – күйіміз қалай? Тәрбие сағатымызды бастамас бұрын барлығымыз шаттық шеңберін құрайық.
-
Балалар, күн анамыз бізге күн нұрын шашып тұр қане,бәріміз күн сәулесінен қуат алып, бір - бірімізге жылы лебіздерімізді білдірейік. Бүгінгі тәрбие сағатымыз сәтті өту үшін жақсы тілектер айтайық.
«Жүректен - жүрекке» балалардың бір-біріне деген тілектері.
Аспанымыз ашық болсын!
Ата – анамыз аман болсын!
Бақытты болайық!
Балалар кеудемізге сыймай тұрған жылуымыздан қонақтарымызға сыйлайық
(бұрылып қолдарын үрлейді)
-Біз неге шеңберге тұрып тәрбие сағатын бастадық?
Шеңбер - бұл әлемдегі мейірімділік, жақсылық.Шеңбер арқылы – бір бірімізге күлімдеп қарап, бақыт, қуаныш, жылылық тілейміз.
I.Кіріспе бөлім.
Әңгімелесу. «Ертегіні еске түсірейік»(тақтаға «Шалқан» ертегісінің суреті ілінеді.)
-
Ертегідегі кейікерлерді атайықшы? - Ата, әже, қыз,ит, мысық,тышқан.
-
Олар қайда тұрады? - Үйде.
-
Шалқанды кім отырғызды? Ол қандай боп өседі? Ертегі қалай аталады?
-
Үлкен шалқанды қалай жұлды?Кім кімге көмектесті?
Ата ,әже және немерені бір сөзбен қалай атайды? (Отбасы)
Бір – бірін жақсы көріп, сыйлап, өзара көмектесетін адамдардың отбасын тату отбасы деп атайды.
II.Негізгі бөлім.
-
Балалар, бүгін біз «Менің бақытты отбасым» тақырыбында әңгімелесіп, танысатын боламыз.
« Ойлан, тап» тапсырмасын орындау
(Тақтаға отбасы мүшелерінің жеке суреттері ілінеді, сұрақтар қоя отырып, балалар жауаптарына қарай суреттерді ажыратып, ретімен тақтаға іліп шығады.)
Балалар, менің айтқандарымды мұқият тыңдап, кім туралы айтып тұрғанымды ойланып табыңдар.
-
Қатал көрігенмен өте мейірімді.Ол көзілдірік киеді, көп кітаптар оқиды, көптеген қызықты тарихи оқиғаларды біледі.Ол әжеге көмектеседі, дүкенге және базарға барады, зейнетақы алады, немерелеріне қарайласады.
-
Бұл кім ? (ата)
-
Ал сендердің аталарың қандай? (Балалардың жауаптары)
-
Ол өте мейірімді, ақ шашты, көзінің айналасында ұсақ әжімдері бар, дәмді тағамдар,тәтті нандар пісіреді, сендерге жылы қолғап тоқиды, ұйықтар алдында ән немесе ертегі айтып береді
-
Бұл кім? (әже)
-
Оны қалай білдіңдер?
-
Ал сендердің әжелерің не істей алады.(балалардың жауаптары, тәрбиеші толық жауап беруін талап етеді.)
-
Ол салмақты да, байсалды,барлық бос уақытын сендермен өткізеді,сендерді циркке апарады,демалыс кезінде отбасын табиғатқа алып шығады.
-
Бұ кім? (әке)
-
Дұрыс.Ал әке не істей алады? (ағаш жарады, фудбол ойнайды, т.б.)
-
Ал сендердің әкелерің қандай? Толықтыру: (күшті, батыл, мықты...........)
-
Оны жер бетіндегі ең бірінші, ең әдемі сөзбен атайды.Ол сен үшін ең қымбат адам?
-
Бұл жұмбақ кім туралы? (ана туралы )
-
Сендер өздеріңнің аналарыңды қандай сөзбен атайсыңдар? (Анашым, анатайым)
-
Аналарың сендерді қалай еркелетеді? (балалардың жауаптары)
-
Сенің өзіңнен үлкен, сабағыңды орындауға көмек беретін, сені серуенге бірге алып шығатын ер бала немесе қыз баланы кім деп атаймыз? ( аға ,әпке)
-
Сенің аға – әпкең барма?(балалардың жауабы)
-
Саған әпкешім, ұлдарға ағатайым деп еркелейтін, балабақшаға баратын өзіңнен кішкентай ұл бала немесе қыз баланы кім деп атаймыз? (іні , қарындас)
-
Сендер оларға қандай қамқор көрсетесіңдер?(балалардың жауабы)
-
Балалар, бұл суреттердегі адамдарды ірі сөзбен қалай атаймыз? (отбасы)
Әр адамның өз отбасы болады. Отбасы бірнеше адамнан тұрады:ата, әже, әке, ана, аға, әпке, іні, қарындас т.б.
Олар кез – келген істі бірігіп атқарады. Бір – біріне көмектеседі.Отбасында біз үлкендерді сыйлауға, кішілерге көмек көрсетуге, қамқор болуға үйренеміз.
Бейнеролик тамашалау: «Бақытты отбасы» үлгісі
Дидактикалық ойын: «Менің отбасым »
Балалар шеңберге тұрып, допты бір – біріне лақтырып, отбасы жайлы жақсы сөздер айтады.
-
Менің отбасым бар тату, әдемі,бақытты.
-
Менің отбасым үлкен, әдепті, қамқор.
-
Менің отбасым ыстық, ақкөңіл, сүйкімді.
Жұмбақ отбасы туралы
1.Маған да,саған да,
Жақын туыс бес адам.
Үш әріптен тұратын,
Оңға оқы, солға оқы.
Өзгермейді еш одан.
Бәрі де өз жұртың
Айтады , қане кім атын? (ана,әке,әпке,аға,іні)
2.Балдан тәтті не? (бала)
3.Балаға кім сыншы? (ата)
4.Үйдегі алтын адам кім? (ана)
5.Ұлдардың кішісі? (іні)
Сергіту сәті: Ән айту «Топ-топ балақан»
«Мынау кімнің отбасы?» ойыны
(балалар өз отбасыларының фото суреттерін тауып таныстырады.)
III.Қорытынды.
Шаттық шеңбері: «Шаңырақ»
Ал балалар тұрайық,
Үлкен шеңбер құрайық.
Шаңырақты көтеріп,
Керегені құрайық.
Уық болып иіліп,
Бір отбасы болайық
Балалар бүгін біздер кімдермен таныстық?
-
Отбасы мүшелерімен.
Отбасы мүшелеріне кімдер жатады екен ?
-
Ата,әже,әке,ана,аға, апа,іні, қарындас жатады.
Біз қандай отбасымыз?
-
Біз бақытты отбасымыз.
Біз қай елде тұрамыз?
-
Тәуелсіз Қазақстан елінде.
Өте жақсы ,балалар отбасы туралы танысып, білдік.Отбасы кіші Отаның.Сол Отанда тату-тәтті өмір сүру үшін туысқандардың,әсіресе, бауырларыңмен бір – бірің мен тату болыңдар.
IV.Бағалау.
Тәрбие сағатына белсенділік танытқан балаларды мақтап, мадақтау.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Тəрбие сағаты "Менің бақытты отбасым"

шағым қалдыра аласыз