400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тредте ұлттық тағамдардың заманауи үлгісі

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбие сағаты қмжсы
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бекітемін.

Тәрбие ісінің меңгерушісі:

Педагогтің Т.А.Ә. (болған жағдайда)



Күні: .


Сынып:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Тәрбие тақырыбы

Трендте ұлттық тағамдардың заманауи үлгісі

Құндылық


Мақсаттары

Қазақтың ұлттық тағамдарының ерекшелігі мен құндылығын, қазақ халқының қонақжай дәстүрін құрметтеу, тағамдардың жасалу жолдарына түсініктер беру.


Сабақтың барысы:


Сабақтың кезені/ уақыт

Педагогтың әрекеті

Оқушының әрекеті

Ресурстар

Сабақтың басы

Зерттеу және талдау

2. «Мағынаны тану» кезеңі.

а)Тақырыпқа кіріспе, мұғалім сөзі.

(Слайдтағы суреттерге назар аударып, не бейнеленгенін, ол заттың маңызын сипаттау ұсынылады. Оқушы пікірі тыңдалады.)

- Балалар, бүгінгі жаңа сабағымыздың тақырыбы: Қазақтың ұлттық тағамдары.

Қай халықтың болмасын дастарханы, сол халықтың тұрмыс салтына, әдет - ғұрпына, тіршілік тынысына орай қалыптасары белгілі. Мемлекет басшысы: «...Ұлттық код, ұлттық мәдениет сақталмаса, ешқандай жаң¬ғыру болмайды» дейді өз мақаласында.. Ғасырлар бойы көшпелі тұрмыс кешкендіктен болар қазақ халқының тағамдары өзге жұрттан өзгешелеу. Оның негізгісі: ет, сүт, қымыз, сары май, құрт, ірімшік секілді өңкей малдан алынатын өнім түрлері.

Қазақ халқы қонақжай, бар тәуірін қонаққа деп сақтаған. Екі - үш қонақ көрпесі, екі - үш қойы тұрмаған шаңырақты қазақ тақыр кедей санаған. Ал бар бола тұра қонаққа қадір құрмет көрсетпеген кісіні «шық бермес шығайбай» атандырған.

Иә қонақжайлылық, мейманды қабылдау, қонақасының жай - жапсарын жетік білу ата - бабамыздан қалған аса қастерлі салтымыз, дәстүріміз.


3. «Қызығушылықты ояту» кезеңі

а) Тақырып бойынша бес жолды өлең құру «Санквейн» «Ұлттық тағамдар»

Не?

Қандай?

Не істеді?

Түйін

Синоним

б). Өз ойларымен бөлісу.

«Қазақтың ұлттық тағамдары» видеоролик тамашалау.



«Менің жобам» ұсыныс-пікір кезеңі.

Оқушыларға проблемалық сұрақ ортаға тасталады. «Қазақ ұлттық тағамдарын заманауи қоғамдағы беделі: мәселе, ұсыныс,шешім». Сынып оқушылары алдын ала ізденіс жұмыстарын жүргізіп, ұлттық тағамдардың беделін көтеудің түрлі жолдарын ұсынады:

  1. Ұлттық тағам орталығы.

  2. Ұлттық тағамдарды күнделікті қолжетімділігі.

  3. Жарнама, менеджмент.

  4. Ұлттық тағамдардың ағзаға пайдасын зерттеу.

Оқушылар пікірі, ұсыныстары тыңдалады. Ортақ шешім қабылданады.


Сабақтың ортасы

«Ойталқы» кезеңі

а) Бұл қандай тағам? Диалог құру

1. Қаймағы алынған немесе алынбай пісірілген сүтке азырақ су қосып ұйытылады. Ол - жеңіл және сусындық тағам. /Айран./

2. Кез келген малдың етінен жасала береді, өкпе - бауыр қосып жасайды. Түрлері көп: соғым, өкпе - бауыр, қарын/ Қуырдақ./

3. Шай дастарханының басты асы. Ең жоғары сапалы ұннан май, ашытқы қосып жасалады. Әр түрлі пішінде, үш - төрт бұрышты, сопақша, домалақ болады. Түрлері көп. Мысалы: бармақ, жол, ақ, той т. б. /Бауырсақ./

4. Сүттен жасалған ұлттық тағам. Мағынасы да құрғатылған, кептірілген сүт деген мағынаны береді. Пісіліп майы алынған айранды қайнатып кенеп


дорбада сүзіп алып тұздап өреде кептіріп сақтайтын тағам түрі. /Құрт/

5. Аса кәделі дастарқан дәмі. Ол қыста қатпайтын, жазда бұзылмайтын өте дәмді тағам.. Оған құмшекер, ұнтақталған ірімшік, мүйіз салып араластырады. /Жент/

6. Жылқы етiнiң деликатесi. Онша семiз емес салқындатылған жылқы етiнен не салқындатылған немесе мұздатылған майдан әзiрлейдi.

/қазы/




Сабақтың соңы

«Ұлттық тағамдар – салауатты өмір бастауы» таныстырылым жасау.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
9 ұстаз жүктеп алған
28.11.2023
453
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі