Тренерлік курс сабақтары

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тренерлік курс сабақтары

Материал туралы қысқаша түсінік
Қалай оқу керектігі жайлы түсініктемелер беру
Материалдың қысқаша нұсқасы

8 күн


Күні:21.10.2016ж


Тренер: Абызбек Г

Тақырыбы:

1-2-сабақтар: Қалай оқу керектігін үйренудің мәні. Мұғалімнің оқушылардың қалай оқу керектігін үйрену қабілеттерін дамыту жөніндегі әрекеттері.

Мақсаты:

Мұғалімдер балалар өз оқуы туралы білетін және өзінің эмоцияларын, ынтасы мен әлеуметтік қарым-қатынасын басқару үшін көбірек мүмкіндік алатын, өзін-өзі реттейтін оқушы ретінде дамуына ықпал ететін шарттар мен факторларды зерделейді.

Оқу нәтижесі:

Мұғалімдер өзін-өзі реттейтін оқудың мәні мен маңызы туралы қорытынды жасайды. Оқушылардың өзін-өзі реттейтін оқуын көрсететін мінезқұлықты бақылайды және бағалайды. Сонымен қатар өзін-өзі реттейтін оқуға ықпалын тигізетін кәсіби тәжірибе түрлеріне талдау жасайды.

Түйінді идеялар:

Тіпті кішкентай балалардың өздері, тиісті жағдай жасалса, өздерінің оқуы үшін үлкен жауапкершілік алуға қабілетті. Балалар ерте жастан бастап оқу үдерісін түйсіне бастайды, оқу тапсырмаларын орындағанда өз тәсілдерін қолдана біледі, сондай-ақ өздерін жақсы оқушы ретінде ұсына алады. Өзін-өзі реттеу мен метатанымдық қабілеттерді дамыту баланың алғыр оқушы болу ықтималдығының негізгі көрсеткіші болып табылатынын көрсетті. Мұғалімдер жоғары сапалы педагогикалық тәжірибенің көмегімен осы салаға барынша мол үлес қоса алады.


Сабақ барысы:

Сабақтың кезеңдері/ Уақыт

Тренердің іс-әрекеті

Тыңдаушылардың іс-әрекеті

Ресурстар

Ұйымдастыру:

5мин



  1. Сәлемдесу

  2. «Ертегіні аяқта»- топқа бөлу.





















«Шар үрлеу», «Шар жару» жаттығулары

Ертегіні аяқтау арқылы топтарға бөлу. Топқа бөлу үшін «Батырдың жол таңдауы» ертегісін пайдалану: Ертегіден мынандай үзінді айтылады: «Баяғыда бір батыр өзіне өмірлік жар табу үшін сапарға шығыпты. Ол түрлі қалалар мен патшалықтарды аралып, ай жүріпті, алайда өзіне ұнаған қыз таппапты. Жыл жүреді, бірақ жар боларлықтай қызды кезіктірмепті. Үш жыл болғанда, батыр арып-ашып, үш жолдың торабына келіп жетіпті. Жолдардың тоғысқан жерінде тасқа мынандай сөздер жазылыпты: «Солға жүрсең – атыңды жоғалтасың! Оңға жүрсең - өзіңді жоғалтасың! Тура жолмен жүрсең – не болары белгісіз, ештеңе жоғалтпағанмен, ештеңе де таппауың мүмкін!»

Әріптестерге сұрақ: «Сіздер батырдың орнында болсаңыз, қай жолды таңдар едіңіз?»


Топтық ереже қабылданады: Тренинг барысында барлық қатысушылар жұмыс жасайды. Шеттеп қалуға болмайды. Берілген жаттығуларды және тапсырмаларды ешкім қалыс қалып қоймай орындау қажет. Айтқысы келген ойларының барлығын тек өз атынан айтады, мысалы, «Мен ойлаймын», «Мен солай деймін». Барлық қатысушылардың көзқарасын сыйлау қажет. Бір-бірінің сөздерін бөлмей тыңдау. Топ дөңгелене отырып жұмыс жасайды.

Серіктестік орта құру.

Ұстаздар өз жауаптарын дәптерлеріне жазып болған соң, бірнешеуі жауаптарын оқиды. Жауаптар арқылы «прагматиктер», «тәуекелшілдер», «турашылдар» топтары жасақталады.

Осыдан кейін оларға кімнің қандай екендігі туралы мәлімет оқылады: «Сол жақтағы атын жоғалтатын жолды таңдағандар – прагматиктер, олар өмірде өз мақсаттарына аз шығын жұмсап жеткенді қалайды, әрбір қадамын аңдап басатын сақ адамдар, алайда олар жанкештілік пен құрбандылыққа жол бере алмайды, ерлік жасай алмайды. Оң жаққа бұрылып, өзін жоғалтудан қорықпағандар –тәуекелшілдер-жаңалықты, жаңғыруды көксегендер, олар белгісіздіктен тайсалмайтын, именбейтін нағыз батырлар. Ал тура жүргендер – турашылдар -өмірде нақты ұстанымдары мен позициялары бар адамдар, олар өз мақсаттарына тура жолмен жетуді қалайды».




Серіктестік, ынтымақтастық орта құру мақсатымен «Шар үрлеу», «Шар жару» жаттығуларын жасайды.


І. Зейінді күшейту


Миға шабуыл Тәжірибедегі құндылықтар, ұстаным және стратегиялық іс-әрекет

15мин



1.Сұрақ-жауап: Өзіңіз үйренген бір нәрсе жөнінде мұқият ойланыңыз бұл: білім, білік, тәжірибелік дағды немесе қағидат болуы мүмкін.(Модерация, социометрия, тепе-теңдік шеңбері)

1-топ.Сіз бұны қалай білдіңіз(қалай үйрендіңіз)

-Сіз не істедіңіз? Немесе:қандай жағдай орын алды?

2-топ Бұған тағы кімдер және қалай үлес қосты?

-Оның Сіз үшін мәні қандай болды?

3-топ Сіз үшін алынған білім нәтижесі қандай болды?

Сұрақтарға жауап береді











ІІ.Ақпарат


Қалай оқу керектігін үйрену

30мин

1Таныстырылым көрсету «Қалай оқу керектігін үйрену» (лекциялық түсіндірілім)

2Мұғалімге арналған нұсқаулықтан 33 -35 беттерінен мәтінді топтарға бөліп беру:

а) Қалай оқу керектігін үйрену

ә)Метатану дегеніміз не?

б)Метатану аспектілерін санаттау

3.Екі жұлдыз бір тілек айту арқылы топтар бірін- бірі бағалайды

4. «Микрофон» әдісі арқылы тыңдаушыларды өз сабақтары туралы сөйлету Жабық ашық сұрақтар қою арқылы.

Көреді ,тыңдайды.

Оқиды, постер,сызба немесе кесте түрінде түсіндіреді






Микрофон алған тыңдаушы жауап береді

АКТ

Плакаттар, маркерлер, желім,қайшы,стикерлер т.б




«микрофон»

Сергіту сәті Дыбыстық жаттығу

5мин

Дауысты дыбыстардың ерекшелігі, ағзаға пайдасы түсіндіріледі

Орындайды


ІІІ. Тәжірибе


Ерте жастағы оқушылардың метатануға қабілеттігі

25мин

Топтарға жалпы тапсырма беру: 1)Ерте жастағы оқушылардың өздігінен білім алуын тексеру парағы бойынша сараптау жұмыстарын жүргізеді.


Модерация әдісі бойынша ортақ шешімге келеді.



Таратпа материалдар




Қорытынды 5мин

Сабақтың соңында «Аралдар» рефлексиясы


Рефлексия сызбасы. стикер

Мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынас

35мин

1-топқа,Сұрақ: Өзін –өзі реттеу дегенді қалай түсінесіз?

2-топқаСұрақ: Сіз қандай мінез – құлықты өзін-өзі реттеуге оқытудың дәлелі деп санайсыз?

3-топқа мынандай сұрақ қою: Сіз өз сыныбыңызды өзін-өзі реттеуді оқытуға ықпал ететін қандай жағдай жасайсыз, немесе жасағыңыз келеді.

4- топ Үш топтың жұмысына сараптама жүргізеді?


Әр топ сұрақтарға жауап береді.






АКТ

Плакаттар,

маркерлер,стикерлер,түрлі түсті қағаздар, желім,қай-шы т.б.

Өз бетінше оқуды дамыту моделі 15мин

Өз бетінше оқуды дамыту моделінің үлгісін жасау. Топтарға аспектілер бөлініп беріледі:

1 топ эмоциялық,

2 топ танымдық,

3 топ Әлеуметтік

4 топ Ынталандырушылық



«Айналмалы бекет» әдісі бойынша жүргізіледі, модель үлгісі қабылданады.

АКТ Плакаттар,маркерлер,стикерлер,түрлі-түсті қағаздар, желім,қайшы т.б.

Кері байланыс

5 мин

« Кейс, еттартқыш, қоқыс шелегі»

-Мен бүгін өзіммен бірге... аламын, себебі....

-...туралы ойлану қажет, себебі...

-... лақтырып жіберемін, себебі...

Өз ойларын айтып шығады

Рефлексия парақтарын жинау



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
17.12.2017
1132
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі