Материалдар / Тренинг "Ананың алақаны балаға айдынды қоныс"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Тренинг "Ананың алақаны балаға айдынды қоныс"

Материал туралы қысқаша түсінік
Тақырыбы: «Ананың алақаны балаға айдынды қоныс» Мақсаты:Бала тәрбиесіне қатысты бірнеше мәселелерді бірлескен түрде шешу. Ата-ана мен балалардың бірлесіп жұмыс жасауына дағдыландыру,шығармашылық қабілеттерін ,логикалық ойлау қабілеттерін дамыту. Әдіс-тәсілдер: жаттығулар Көрнекіліктер: ақ парақ,түрлі-түсті карандаш,сазды әуен,газет
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
23 Ақпан 2018
709
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: «Ананың алақаны балаға айдынды қоныс»

Мақсаты:Бала тәрбиесіне қатысты бірнеше мәселелерді бірлескен түрде шешу. Ата-ана мен балалардың бірлесіп жұмыс жасауына дағдыландыру,шығармашылық қабілеттерін ,логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.

Әдіс-тәсілдер: жаттығулар

Көрнекіліктер: ақ парақ,түрлі-түсті карандаш,сазды әуен,газет

Тренинг барысы: Сәлеметсіздерме құрметті ата-аналар.Бүгін біз сіздермен«Ананың алақаны балаға айдынды қоныс»атты тренинг өткізгелі отырмыз. Тренинг қызықты болады деген ойдамын. Тренингке қатысып отырған балабақшадағы қызметкерлер,балалары осы «Ақбота» балабақшасында тәрбиленіп жүрген, ата-аналар десекте болады.

  1. «Шаттық шеңбері» жаттығуы

Ата-аналар балаларымыздың қолдарынан ұстап,шаттық шеңберге тұрайық. Мен сіздермен кездескеніме өте қуаныштымын. Қане,бәріміз бір-біріміздің қолымыздан ұстап шеңбер құрайық. Осы дөңгелек шеңберді неге шаттық ,жылулық шеңбері деп атаймыз? Қалай ойлайсыздар? Шеңберге тұрудың үлкен бір қасиеті бар.Шеңберіміз көктегі жылу беретін күн сияқты дөңгелек. Шеңберге тұрып,бір-бірімізді жақсы көре аламыз,жақсылықпен жылулығымызды сыйлай білуге үйренеміз. Міне,сондықтан бұл шеңберді жылулық,шаттық шеңбері деп атаймыз. Енді бәріміз жақсылық тілеп,шаттана қуанып,күлкімізді сыйлайық.

Сіздер өздеріңіздің балаларыңызды,бар ынта жігеріңізбен,шын жүректен қатты-қатты құшақтап,балаңызға тілек айтыңыз.Кезек-кезек.

  1. «Логикалық ойын» жаттығуы

Сіздерге бірнеше сұрақ қойылады. Сіздер соларға тез-тез жауап берулеріңіз керек.

1. Екі сиырдың мүйізі қанша? (4)

2. Үш мысықтың аяғы қанша(12)

3. Бес қойдың басы нешеу?(5)

4. Үш адамның қолы нешеу?(6)

5. Үш қоянның құйрығы қанша?(3)

6.Екі жолбарыстың ауызы қанша?(2)

7.Үш тышқанның басы нешеу?(3)

8.Бір бұғының мүйізі қанша? (2).



3. «Аралда» жаттығуы.

Қатты теңіз толқуынан кейін кеме суға кетіп ,кеменің ішіндегі жолаушылар аралдарға бөлініп топталды. Енді осы аралдарда әрбір отбасы өмір сүріп жатыр. Аралдарды бірте-бірте су басуда,енді әр отбасы осы аралдан өздерін аман алып шығулары керек.

Сіздерге тапсырма берілген газеттеріңізді белгі бергеннен кейін бірте-бірте бүктей береміз. Үлкен арал шетте тұр. Соған аяқтрыңызды сулап алмай ,балаларыңызбен бірге жетулеріңіз керек.

4.«Суретін тауып ал»

Тренингке қатысушыларға бірнеше суреттер көрсетіледі. Сол суреттердің ішінен өз балаларыңыздың салған суреттерін тауып алыңыздар

5. «Өз балаңды танып ал» жаттығуы.

Ата- аналардың көздерін байлап ортаға шығарамыз. Ата-аналар өздерінің балаларын тауып алулары тиіс. Іске сәт.

6. «Біз бақытты жанұя»

Сіздер «Біз бақытты жанұя» тақырыбында өз жанұяларыңыздың суретін саласыздар. Балаларыңызбен бірігіп. Ойларыңызға не келеді соны сала берулеріңізге болады. Салып болған соң қорғап шығасыздар.

7. «Тілек гүлі»

Құрметті ата-аналар,балалар. Біз сіздермен жанұядағы ата-ана мен балалар арасындағы қарым-қатынастың түрлі жақтарын тануға, жан-жақты талқылауға тырыстық. Отбасы-ұшқан ұя- жылылықтың,жылулықтың мекені. «Отбасы» атауының мәні терең үңілер болсақ,оттың да үлкен маңызы бар екенін сезінеміз. Сондықтан оттың басы,ошағымыздың түтіні түзу болсын.

Алдарыңызда түрған гүлдің жапырақшалары. Соларға бүгінгі кездесуден алған әсерлерімізбен бөлісіп,тренинг барысында айтылмай қалған ойларыңыз болса,ұсыныс –пікірлерің болса,балаларымызға деген тілектеріміз болса гүлдің жапырақшаларына жазып,балаларымыз құрастырулары керек.

Бүгінгі тренингіміз аяқталды. Қатысқандарыңызға рахмет.













«Ақбота» балабақшасы

















Тренинг

« Ананың алақаны- балаға айдынды қоныс »





Өткізген: А.Тогаева



















2016-2017 оқу жылы



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!