Бекітемін:Күні:Тәрбие ісінің орынбасары: Жаманғараева СТақырыбы: Ата-ана баланың қорғаны.
Мақсаты: Отбасы тәрбиесіндегі ата – ананың балаға тәрбиелік ықпалын арттыру. Тәрбиенің ең тамаша жері отбасы екенін, олардың бала тәрбиесіндегі мүмкіндіктерінің жоғары екенін, баламен қарым – қатынасты жақсартуын, бала тәрбиесіне көп көңіл бөлудің маңыздылығын дәлелдеу. Көрнекілігі:слайд,суреттер,шарларКоррекциялық мақсаты: Оқушының тілін, ойын, шығармашылық қабілетін дамыту.Сәлеметсіздер ме, құрметті ата-аналар! Біз сіздерді көргенімізге қуаныштымыз. Бүгін сіздермен ата-аналарға арналған ашық күніне орай өткізілгелі тұрған ашық шарамыздың тақырыбы: «Ата-ана баланың қорғаны» деп аталады. Бүгінгі шарамыз екі бөлімнен тұрады бірінші бөлім оқушылар мен ата-аналарға арналған екінші бөлім тек ата-аналарға арналған.
- Балалар мен сендерге бір жұмбақ жасырайын.Онда әкем - анам тұрадыАта - әже бауырымБәрі бірге қосылыпБір ұғымды құрады (Отбасы)- Дұрыс балалар жұмбақтың шешуі (Отбасы)- Ендеше бүгінгі шарамыз отбасы жайлы болмақ.Оқушылар сіздер үшін өмірде не қымбат? (оқушылар пікірі тыңдалады) яғни,отбасы мүшелерінің бәрі қымбат.Хор: Отбасы - ол бақытОтбасы - ол ата-анаОтбасы-туыстарымыз,Отбасы -ол шаңырақ
Жарайды оқушылар ендеше осы қымбат жандарды сіздер әрқашан не істеп жүрулерін керек? (сыйлап,айтқан тілді алып,көмектесіп)
Ендеше оқушылар осы өмірдегі қымбат жандарға өлең жолдарын арнайық.
Балалар сендерге ата – аналарын отбасында жақсылықтарды айтып, жақсы қасиеттерді үйреніп жаман мінез, жат әдеттерден аулақ болуға тәрбилейді солайма? Ендеше оқушылар осы ата - аналарының тілегі сендердің адам болып өскендерің,ал адам болып өскендерін адал болып өскендерің балалар сендердің. Ал енді оқушылар отбасы,ата-ана,ата-әже туралы мақал-мәтел білемізбе? Мақал-мәтел білсек айтамыз ата-аналарымыз мағынасын ашу керек осы айтылған мақал-мәтелдердің.
Жарайды оқушылар көп мақал-мәтел біледі екенсіздер.(оқушыларды шгарп жиберу)
Анаң - күнің жүрегіңӘкең - өмір тірегіңӘжең - асыл ардағыңАтаң - дана қорғаныңАғаң - қамқор асқарыңІнің - мөлдір аспаның - демекші
Бала тәрбиесі отбасынан басталады, қалыптасады. «Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» демекші жақсы – жаман әдеттерді бала отбасында үйренеді. Отбасындағы кикілжің-ұрыстар баланың психикасына әсер етеді. Баланың мейірімді, еңбекқор, әдепті болып өсуі – отбасында жайлы, жақсы климаттың болуы. Баламыз өмірден өз орнын тауып, бақытты өмір сүрсін десек, бала тәрбиесіне көңіл бөлуді ешқашан естен шығармайық. Атақты ғалым А.С. Макаренко«Сіз ұлыңызды немесе қызыңызды тек қана өзіңіз үшін ғана дүниеге әкеліп,тәрбиелеп жатқан жоқсыз.
Сіздің отбасыңызда болашақ азамат,болашақ қайраткер, болашақ күрескер өсіп келеді-,деген екен,сондықтанда бала тәрбиесіне үлкен жауапкершілікпен қарау керек.
Құрметті ата-аналар енді қазір сіздер “Бала деген кім?” деген сұраққа ой қозғау жазасыздар Мысалға:Болашағымыз, Асыраушымыз, Көмекшіміз, Ақылшымыз, Өміріміздің жалғасы, Үмітіміз, Бауыр етіміз....(ата-аналардың жазған ойлары оқылады)
Жалпы бала, ата – анам – өмірдегі ең қымбат адамдарым. Олар мені жақсылыққа,әдептілікке, адамгершілікке тәрбиелейді. Сабақта да, үйде де ұқыпты, тәртіпті, саналы бала болса екен деп тілейді деген ой әр бір баланың санасында қалыптасуы керек. Мен осы шараны өткізір алдында оқушылармен аранайы сөйлесіп ата-анаға хат жазғызғам болатын,оның ішінде бір оқушымыз мамасының тындамайтынын,назары ұялы телефонда болатындығын айтқан болатын. Ендеше осындай баланың көңіліне кірбін салатын,баланың ойына жаман ой қалыптастырмау үшін, баланың дамуына,жүйкесіне зиян әкелмеу мақсатында назарларыңызға «Баланың ,теледидар болу арманы» туралы бейне рөлигін ұсынамын.
Рахмет,ендеше құрметті ата-аналар сіздерге арналған шағын сұрағым бар соған белсене қатысып,жауап берсеңіздер.
Балдан тәтті не? (бала)Шаңырақ иесі кім? (кенже ұл)Балаға кім сыншы? (ата-ана)Әкеден балаға беріледі (мұра)Үйде кім, елде кім қадірлі (үйде қонақ, қарт, бала қадірлі; елде әкім, ұстазқадірлі.)Үйдегі алтын қазық кім? (ана)«Ұл атадан көрмейінше сапар шекпес» кімнің нақыл сөзі? (Қорқыт ата)Қаз да емес, үйрек те емес,Дастарханда болмайдыБірақ барлық адам дәм татқан (ана сүті)
Жарайды ата-аналар көп-көп рахмет. Ендігі кезекте
«Жанұя шашуы» ойыны.Мұнда әр түрлі шарлар бар,солардың ішінен біреуін таңдап,шарды жарып, сұраққа жауап берулеріңіз керек. Келесі кезекте «Жан жүрек сыры» деп аталады. Құрметті ата-аналар мына үлкен ақ жүрекке назар аударыңыздар! Ол тірі емес, дүрсілдемейді. Біз оған қазір жан береміз. Cіздерге қазір қағаздан жасалған мына жүрекшелерді берем, осыған балаларыңызға арнап жылы сөздер жазасыздар. (айналайын, ботам, жұлдызым, т.б.) сол жазылған тілекті осы жүрекке жабыстырасыздар.
Қалай ойлайсыздар? Жүрек сәндендіме ? Ең бастысы сүйе білу керек, жылылық, мейірімділік керек. Әр уақытта балаңыздың пікірін, не қажет ететінін тыңдай біліңіз. Құрметті ата- аналар осы қолымыздағы балаларымызды жақсылап тәрбиелейік, біз оларға үлгі болар бейне екенімізді ұмытпайық! Әр ошақтың жылулығы түсінуден, денсаулықтан, махаббаттан , сыйластықтан құралады. Ендеше бүгінгі шарамызды аяқтамастан бұрын бәріміз балаларымызбен бірге ән орындайық.