Тренинг: Ата-аналарға арналған тренинг

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тренинг: Ата-аналарға арналған тренинг

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазіргі кездегі баланың дамуына, жеке тұлға болып қалыптасуына ата-ана тәрбиесінің әдіс-тәсілдерін жетілдіре отырып, қарым-қатынас орнату
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мақсаты: Қазіргі кездегі баланың дамуына, жеке тұлға болып қалыптасуына ата-ана

тәрбиесінің әдіс-тәсілдерін жетілдіре отырып, қарым-қатынас орнату.

Тапсырма:

  1. Ата-аналармен ұстаздың кездесуі;

  2. Ойынға қатысушылар арасындағы қарым-қатынасты орнату;

  3. Жанұядағы тәрбие жайында пікір алмасу.

І бөлім.

1. «Кездесу» (жай әуенмен 2 шеңбер болып қарама-қарсы айналады, әуен тоқтаған кезде бір-біріне қарап баланың қасиетін айтады)

2. Ассосация «Жанұя» (доп беру арқылы ата-ана жауап береді)

3. Қызықты сұрақтар:

1. Балаңыздың туған күні?

2. Сынып жетекшісінің толық аты-жөні?

3. Балаңыз қандай өлшемді аяқ киім киеді?

4. Балаңыздың парталас көршісі кім?

5. Бүгін сабақтан қандай баға алды?

6. Балаңыздың сүйікті асы қандай?

7. Балаңыз қандай түсті жақсы көреді?

8. Балаңыз спорттың қандай түрін жақсы көреді?

9. Балаңыз 1-сыныпқа қай жылы барды?

10. Балаңызды еркелетіп қандай сөз айтасыз?

11. Балаңыз сізді ренжіткенде, ең алдымен, аузыңызға қандайсөз түседі?

Баланы жастан бақпасаң,

Жамандықтан қақпасаң,

Қадірден жұрдай қасқа боп,

Кешкенің өмір босқа тек, - дегендей, баланың ыстық-суығына күймейтін, жақсылығына сүйінбейтін ата-ана жоқ шығар. Бүгінгі ұл-ертеңгі әке, ол әкеге қарап өседі. Бүгінгі қыз-ертеңгі ана, ол шешеге қарап өседі, бойын түзейді. Балаға білім, тәрбие беруде басты тұлға ұстаз болса, оны жалғастырушы, демеуші – ата-ана.

ІІ бөлім. Жалпылау.

Қимыл-қозғалысарқылы жауап беру.

  • «иә» десеңіздер – қолдарыңызды шапалақтаңыздар;

  • «жоқ» десеңіздер – аяқтарыңызды тарсылдатыңыздар.

  1. Газет бетіндегі мақалалардан, теледидардағы бағдарламадан тәрбиегебайланысты сұрақты тыңдап, қарап жүресіз бе?

  2. Балаға тәрбие беру кезінде үйде ата-ана бірдей ықпал жасай ма?

  • егер «жанұя» десеңіздер жымиыңыздар;

  • егер «қоршаған орта, қоғам» десеңіздер, қолды алдымызға созамыз.

  1. Бала тәрбиелеу жауапкершілігі кімде деп ойлайсыз?

  • егер «әке» десеңіздер, қолды алдымызға созамыз;

  • егер «шеше» десеңіздер, жымиыңыз;

  • егер «екеуі» десеңіздер, қолдарыңызды шапалақтаңыз.

Ой жинақтау (плакат, фломастер, қалам).

  1. Баланың дамып жетілуіне қандай тәрбие әдістерін қолданасыз?

  2. Бала үшін мұғалім мен ата-ана арасында қандай қарым-қатынас болуы керек?

(Сурет-схема арқылы өз ойларын талдайды)

Ата-анаға көз қуаныш,

Алдына алған еркесі.

Көңіліне көп жұбаныш,

Гүлденіп ой-өлкесі, - деп Абай атамыз ата-ананың қуанышы, гүлденген үміт-арманы тек перзент сүю, оны тәрбиелеу екендігін айтқысы келген екен.

Ендеше, ата-аналар қолымыздағы алтынымызды жақсылап тәрбиелейік және біздер олардың ең басты үлгі болар бейнесі екендігімізді ұмытпайық. Сондықтан да, мына жайттарды ескерейік:

  1. Балаға жан және дене өзгерістерінің байланысын табуға көмектесу;

  2. Балаға маман тарапынан тағылған мін, ескертулерді шын пейілмен түсіну және түсіндіру;

  3. Баланы ағза қызметінің қалыптасуымен мұқият таныстыру;

  4. Маманмен кездесу.













































DrawObject1

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
21.12.2017
788
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі