Материалдар / Тренинг “Бала көңілін таба біліңіз”
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Тренинг “Бала көңілін таба біліңіз”

Материал туралы қысқаша түсінік
бала тәрбиесі дамуындағы басты роль атқарушы – отбасы. Сондықтан ата-ананың бала көңілін таба білуіне ой қозғау, тәрбиелеуге осы бастан бағыт беру.Психологиялық ойын: “Мен сенімен сұхбаттасқаныма қуаныштымын” атты жаттығу (Барлығы бір-бірінің қолын ұстап шеңбер құрады). Сіз өзіңізді таныстырып, өзіңіз жайлы бір-екі сөз айтқаннан кейін оң жақтағы көршіңізді де солай етуін өтініңіз, сізден кейін де солай жалғаса береді. Қатысушылар түгел танысып болған соң көңілі қалағандарға топтағылардың атын түгел айтып шығуларын өтініңіз.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
16 Ақпан 2018
527
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Бала көңілін таба біліңіз

Мақсаты: бала тәрбиесі дамуындағы басты роль атқарушы – отбасы. Сондықтан ата-ананың бала көңілін таба білуіне ой қозғау, тәрбиелеуге осы бастан бағыт беру.

Қолданылатын әдіс-тәсілде: сөздік, түсіндіру, сұрақ-жауап, практикалық тестілеу, бейнеролик.

Көрнекілігі: тақырыпқа байланысты нақыл сөздер жазылған плакаттар, маркер, бейнеролик, тесттер.

Өтілу барысы.

І. Ұйымдастыру кезеңі:

Тренингтің мақсаты мен тапсырмаларын жариялау. Топ жетекшісімен таныстыру.

ІІ. Тренингке қатысушыларды бір-бірімен таныстыру.

Психологиялық ойын:

Мен сенімен сұхбаттасқаныма қуаныштымын” атты жаттығу (Барлығы бір-бірінің қолын ұстап шеңбер құрады).

Сіз өзіңізді таныстырып, өзіңіз жайлы бір-екі сөз айтқаннан кейін оң жақтағы көршіңізді де солай етуін өтініңіз, сізден кейін де солай жалғаса береді. Қатысушылар түгел танысып болған соң көңілі қалағандарға топтағылардың атын түгел айтып шығуларын өтініңіз.

2. Топтастыру. Алма, өрік, алмұрт болып 3 топқа бөлу. Әркім аталған жеміске байланысты барып отырады.

ІІІ. Ата-аналарға “Сіз қандай ата-анасыз?” атты сауалнама тарату.

Жақсы тәрбиеші, үлгілі ата-ана бола аламыз ба?” деген сауал төңірегінде ойланып көрдік пе? Сұрақтарға “иә”, “жоқ”, “кейде” деп жауап беру арқылы өздеріңізді тексеруге болады.

  1. Балалар туралы газет-журнал беттерінде жарияланған материалдарды немесе телехабарларды жүйелі оқып, тыңдап отырасыз ба?

  2. Балаңыз бір оғаш әрекет істеп қойса, онда сіздің тәрбиеңіздің нәтижесі бар ау деп ойлайсыз ба?

  3. Егер балаңыз сізге жәрдем берсе, осы кезде оның өз жұмысы бұдан кедергіге ұшырап, немесе мүлдем тоқтап қалуы мүмкін екендігіне қарамастан қабылдар ма едіңіз?

  4. Бұйыру немесе тиым салу сияқты шараларды сіз тек қажет кезіңде ғана қолданасыз ба?

  5. Балаға оның айналасындағылардың үлкен әсер ететіндігін сезінесіз бе?

  6. Спорттың баланың жан-жақты дамуында маңызы зор екендігін ескересіз бе?

  7. Сіз балаңыздың бір нәрсені орындау жөнініде талап тұрғысынан емес, өтініп сұрап көрдіңіз бе?

  8. Балаңыздың әртүрлі сылтаулармен “құтылуға тырысуы” сізге ыңғайсыздық туғызбайды ма?

(“Жауап парағы” алынады)

Психологтың қорытындысы: Әрбір “иә” жауапқа – 2 ұпай, “кейде” деген жауапқа – 1 ұпай, ал “қарсы” жауабыңызға – 0 ұпайдан қойыңыз.

6ұпайдан төмен – бала тәрбиесі туралы түсінігіңіз көмескі екенін көрсетеді.

7-10 ұпай – сіз бала тәрбиесінде қателік жіберіп аласыз, олқы тұстарыңыз баршылық.

15 ұпайдан жоғары – ата-аналық парызыңызды жақсы атқарып жүрсіз.

Интернет дороже сына” атты бейнебаян көрсетіледі, ата-аналардың пікірлері тыңдалады.

ІV. Жағдаяттарды талдау.

1. Бала өте қатал отбасында тәрбиеленді. Оған ата-анасы ешқандай ойыншық алып бермеді, еркелетпеді, концерт, кино, циркке де барып көрмеді. Ата-анасының айтқанымен жүрді, дегеніне көнді, тек бұйрықты жүзеге асырушы, орындаушы қалыпта ғана өсті. Бала ата-анасының барлық айтқандарын екі етпей, бұлжытпай орындаса да, бірақ олардан бір ауыз жылы сөз естімеді.

Мұндай отбасы тұралы не айтар едіңіз? Сіз балаңыздың осындай болып өскендігін қалайсыз ба?

2. 10 жасар баласының бөлмесін жинап жүрген шешесі баласының қажетсіз деген заттарының бір қатарын қоқысқа лақтырып тастады. Баласы сабақтан келген соң, бұл жағдайды көріп анасына қатты ренжіді. Анасының ойынша баласының бұндай реніш білдіруге қақысы жоқ. Себебі, осы үйді реттестіретін, қалыпқа келтіретін жалғыз адам анасы болғандықтан қалай жинайды, солай болу керек.

Анасының іс-әрекеті дұрыс деп құптайсы ба?

Баланың қандай құқығы бұзылды деп ойлайсыз?

3. Сіздерді, ата-аналар, мектепте балаңыздың тәртіп бұзушылығына байланысты шақырып жатыр. Екеуіңіз де жұмыстасыздар.

Мектепке кім барады? Жағдайды білмей жатып, ең бірінші әрекетіңіз:

директорға барасыз немесе сынып жетекшіге жолығасыз, немесе балаңызды шақырып жеке сөйлесесіз.

Сен менің жүрегімнің бөлігісің жаттығуы

Әр ата-ана өз баласына деген тілегін жазып махаббатын көрсетеді. Тілектерін жүрекшеге жазып оны оқып береді және Сен менің жүрегімнің бөлігісің атты А3 қағазына жасалған үлкен жүрекке іледі.


V.«Гүлдің оянуы»
Терең демалайық! Құдіретті жарық түсіп тұрғанын елестетіп көріңіздер. Бұл қайырымдылық, бақыт, бейбітшілік және қуаныш жарығы. Қандай тамаша! Қане, сұлулықты тамашалап көрейік! Бұл таңғажайып жарық жүрегімізге тыныштық, қайырымдылық, сүйіспеншілік әкелсін. Ішкі дүниеміз тап- таза, жап-жарық болып кетті. Міне, керемет! Жүрегімізде әдемі гүл ашылып келеді. Қандай әдемі! Түрлі- түсті жапырақтар құлпырып тұр. Бұл сіздің отбасыңыз. Ал гүлдің ортасындағы дөңгелек бұл сіздің балаңыз. Бұл жәй гүл емес, сүйіспеншілік гүлі. Көзіңіңізді жұмып осы гүлді елестетіңіздер. Ол әлі кішкентай. Күн оны жылытып, өсуіне көмектеседі.Гүлдің исін иіскейміз. Міне, бізде қандай ғажап гүл пайда болды.
Ал, енді осы сәтті қағаз бетіне түсірейік.

Қорытынды бөлім.

Психолог: Жақсы адам да күн сияқты айналасына жылу береді. Күн табиғатқа, жер бетіне жылуын таратады. Мына кішкентай гүлді бір-бірлеріңізге бере отырып, жақсы тілектеріңізді айтып шығыңыздар. Ата-аналар шеңбер бойына тұрып, бір-біріне тілектерін айтады.

Ата-анаға кеңес:

- Баланы үнемі сынай берсе, ол жек көруді үйренеді.

- Егер бала өшпенділікте өссе, ол қатыгездікті үйренеді.

- Егер баланы қолдап тұрса, онда ол өзіне сенуді үйренеді.

- Егер баланы мақтаса, онда ол игілікті үйренеді

- Егер балашындықта өссе, онда ол әділетті болып өседі.




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!