Материалдар / Тренинг балабақша тәрбиешілерінің көмекшілеріне арналған

Тренинг балабақша тәрбиешілерінің көмекшілеріне арналған

Материал туралы қысқаша түсінік
Балабақша психологтарына қажет болады
ЖИ арқылы жасау
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

Picture 2

Шығыс Қазақстан облысы

Тарбағатай ауданы

Ақжар ауылы

КPicture 7 МҚК «Балауса-Балғын»

ясли-бақшасы





«Бала жанының бағбаны»

Тәрбиешінің көмекшілеріне арналған психологиялық тренинг











Педагог-психолог: Шомбинова С.Б









2020-2021 оқу жылы





Тәрбиешінің көмекшілеріне арналған психологиялық тренинг


Тақырыбы: «Бала жанының бағбаны»


Дәйек сөз: «Бала-басты байлығымыз.

Ал ең асылы оның тәрбиесі

Жүсіп Баласағұн.


Мақсаты:  Тәрбиешінің көмекшілерінің арасындағы ұжымдық қарым –қатынасты нығайту, өзін еркін сезінуге көмектесу, бала тәрбиесіндегі жауапкершілігін сезіндіру, топтық жүмыс жасауға дағдыландыру, эмоционалды көңіл күйлерін дамыту.


Қажетті құралдар: жіп, жүрекшелер, жаттығуға қажетті парақтар, кішкене шар, ақ парақ, күн суреті, майшам, проектор,

Психолог: 

Қайырлы күн құрметті тәрбиешінің көмекшілері! Бүгінгі «Бала жанының бағбаны» атты тренингімізге қош келдіңіздер! Бала -әрбір үйдің баға жетпес байлығы, бақыты, қуанышы екені сөзсіз. Сол байлығын сіздерге сеніп тапсырады. Сіз екінші анасы ретінде баланың тәрбиесі мен амандығына жауаптысыз. Бала -сізге аманат. Бала тәрбиесі үшін балабақшадағы тәрбиешінің көмекшісінің алар орны ерекше. Сондықтан ұжымдық қарым-қатынасты нығайту, бала тәрбиесіндегі жауапкершіліктеріңізді арттыру мақсатында тренинг өткізгелі отырмыз. Олай болса, тренинг бағдарламасымен таныстыруға рұқсат етіңіздер!


Тренинг бағдарламасы:

  1. «Өрмекші торы» Танысу жаттығуы

  2. Топқа бөлу (мейірім, жылулық, жақсылық) сөздері арқылы

  3. Ой жинақтау, постер қорғау

І-топ «Тазалық жұмыстары»,

ІІ топ «Залалсыздандыру жұмыстары»,

ІІІ топ- «Піскен тамақ мөлшері»

  1. «Құнды қасиеттерді жинау» жаттығуы. 

  2. Ситуациялық сұрақтар. (топтық жұмыс)

  3. «Ән қайырмасы» жаттығуы

  4. «Канал» ойыны

  5. «Күн шуағы» ойыны

  6. «Тілек шамы» жаттығуы

10.«Жүректен -жүрекке

Тренинг ережесі:

  1. Белсенді болу.

  2. Бірігіп жұмыс жасау.

  3. Өз ойымызды ашық айта білуге үйрену

  4. Өзіме пайдалы нәрсені алу

  5. Әріптестермен жақсы қарым-қатынаста болу.

  6. Өзімді еркін ұстауға үйрену


  1. «Өрмекші торы» Танысу жаттығуы


Мақсаты: Танысу және қарым – қатынастарын нығайту.


Шарты: Мына қолымыздағы жіпті бір саусағымызға орап тұрып, өзіңіз туралы айтуыңыз керек және айтып болған соң ұнаған адамыңызға лақтырасыз. Содан соң ол адам дәл солай етіп қайталап, келесі ұнаған адамына лақтырып, ойынды жалғастыру керек. Сонда ғана арамыздан «Өрмекші торы» пайда болады. Біз енді бір – бірімізбен тығыз байланыстымыз, бізді ажырату қиын, сондықтан біздің ауызбіршілігіміз, қарым – қатынасымыз тұрақты болатыны анық.


  1. Топқа бөлу

Шарты: Мейірім, Жылулық, Жақсылық сөздері жазылған жеребе таратылады.

  1. Ой жинақтау, постер қорғау

«Мейірім» тобы: «Тазалық жұмыстары»,

«Жылулық» тобы: «Залалсыздандыру жұмыстары»,

«Жақсылық» тобы: «Піскен тамақ мөлшері»

Топтарға тақырыптар беріледі. Бірігіп қорғайды.


  1. «Құнды қасиеттерді жинау» жаттығуы. 

Ең алдымен жүргізуші бастайды. Жүрекшені алып, «Мен сізге жүрекшені беремін, себебі сіз ... қайырымды адамсыз». Әр қатысушы жүрекшені алып, жалғастырады. Сөйтіп барлық қатысушы өз ойын айтып шығуы керек.

 

  1. Ситуациялық сұрақтар. (топтық жұмыс)

Әр топқа ситуациялық сұрақтар беріледі. Топ болып ситуациядан шығу жолдарын айту керек.

І топқа: Тәрбиеші аса шұғыл шаруамен сұранып кетіп, топта жалғыз қалдыңыз. Дәл сол уақытта тексеруге адамдар келіп қалды. Не істейсіз?

ІІ топқа: Кешке бала қайтатын уақытта тынымсыз балаңыз басын жарып алды. Ата-анасы өте қатал адамдар. Не істейсіз?

ІІІ топқа: Топта ертеңгілікке дайындалып жатырсыздар. Топтың іші астаң-кестең шығып шашылып жатыр. Дәл сол уақытта СЭС мамандары ескертпестен келіп қалып қалды. Сіздің әрекетіңіз?


  1. «Ән қайырмасы» жаттығуы

Шарты: Әр топ кез келген бір әннің қайырмасын айту керек. Қай топ басым түссе сол топ жеңімпаз болады. (балалар әні, замануи ән, халық әні)

Мақсаты: ән арқылы эмоция шығару, көңіл күйді көтеру.


  1. «Канал» жаттығуы

Шарты: Тренингке қатысушылар ақ парақтан канал жасап тұрады. Канал арқылы кішкене шарды жерге түсірмей соңына дейін жүргізу керек.
Мақсаты: Ұжымды ауызбіршілікке, бірлікке шақыру. Ұжымдық қарым-қатынасты нығайту.

  1. «Күн шуағы» жаттығуы. Кері байланыс

Күннің шуағына шын жүректен тренингтен алған әсерлерін жазып, күннің шуағын арнайы орынға жапсырады.


  1. «Тілек шамы» жаттығуы.

Қазір мен майшамды жағамын. Барлығымыз бір-бірімізбен бірігіп, жұмыс жасағанымыз үшін бір-бір жылы сөз айтып, майшамды беріп отырамыз.


  1. Қорытынды: «Жүректен-жүрекке»


«Балабақша - тәрбиенің алтын бесігі». «Бала естігенін айтады, көргенін істейді» - деп қазақ халқы бекер айтпаған. Бала еліктегіш болғандықтан, жақсыны да, жамандыда тез қабылдайды. Кішкентай сәбилеріміз ата - анасының, тәрбиешісінің және сіздердің мінездеріңізден, жүріс - тұрыс, сөйлеген сөзінен, істеген ісінен үлгі алады. Сондықтан балаға деген махабаттарыңыз сөнбесін, бала бойына күн нұрындай бар мейірім, жылулық, жақсылықтарды сіңіріп, үлгілі ұрпақ тәрбиелей беріңіздер деген ниетпен бүгінгі тренингтен естелік ретінде алғыс жүрекшелерді сіздерге сыйлаймын. Бүгінгі тренингімізді аяқтаймыз. Көп рахмет! Қош сау болыңыздар!

ЖИ арқылы жасау
10 Қараша 2020
1065
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі