Ашық сабақ, ҚМЖ, көрнекілік, презентация жариялап
2 млн. ₸ табыс табыңыз!
0 / 1
Материалға шағымдану
Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Шағым жылдам қаралу үшін барынша толық ақпарат жіберіңіз
Сіздің сұранысыңыз сәтті жіберілді!
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
1 бонус = 1 теңге
Бонусты сайттағы қызметтерге жұмсай аласыз. Мысалы келесі материалды жеңілдікпен алуға болады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Түсінікті
2024-2025 оқу жылына арналған
қысқа мерзімді сабақ жоспарларын
Жүктеп алғыңыз келеді ме?
Тренинг. Жаркын болашак иеси бугинги жас маман
Материал туралы қысқаша түсінік
ингеакуцкйяукчнсемнигртоьлбд
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады.
Толығырақ
11 Маусым 2018
676
0 рет жүктелген
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
«Сасан би атындағы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Тренинг
Тақырыбы: Жарқын болашақ иесі-бүгінгі жас маман
Педагог-психолог: Аскергалиева Ж.Қ
Құмкөл ауылы2017-2018 оқу жылы
Жарқын болашақ иесі-бүгінгі жас маман(Психологиялық тренинг)
Мақсаты: Жас маманның кәсіби құлшынысын арттыру, жігерлендіріп көңіл – күйін көтеру. Жас мамандардың ашылуына, өз әріптестеріне өздерін көрсете білуіне көмектесу. Жас мамандар өздерін педагогикалық ұжымның бір бөлшегі ретінде сезінуіне, бейімделуіне ықпал жасау.Қатысушылар : жас мамандарӨту түрі:I.Сәлемдесу «Бір-бірімізбен амандасайық»II.Сіз қандай жұмысшысыз?III.«Әр қашан күн сөнбесін!» жаттығуыIV.Релаксация «Теңізге саяхат»V.Мюнстенберг әдістемесіVI. Құлаққап ойыныVII.Ха-жаттығуыVII. Қорытынды «Кездескенше» жаттығуы
Тренинг ережесі:1. Тыңдай білу.2. Сөзді бөлмеу.3. Белсенділік.4. Шығармашылық.5. Төзімділік.6. Сыйластық.Психолог сөзі:-Сәлеметсіздер ме,құрметті ұстаздар! Ел болашағының кілті-бүгінгі жас ұрпақтың қолында. «Тек жоғары сауатты,дарынды,дана әрі отан сүйгіш мұғалім ғана лайықты ұрпақ тәрбиелеп шығара алады.»-деп Елбасы атап көрсеткен болатын.Ұстаз болуды жүрек қалауымен таңдап еңбек жолын жаңа ғана бастап жатқан жас мамандарға қадамдарың құтты,еңбек жолдарың сәтті болсын деген тілектерімді білдіре отырып,бүгінгі «Жарқын болашақ иесі-бүгінгі жас маман» атты психологиялық тренингіне қош келдіңіздер деймін!
І.Сәлемдесу.«Бір-бірімізбен амандасайық»Мақсаты: бір–біріне жақын болуға, бір-бірін түсіне білуге, тренингке қатысушылар арасында жағымды атмосфера қалыптастыру.Нұсқау:1.оң және сол жақ көршілеріңізбен құшақтасып амандасамыз.2.арқаларыңызды тигізу арқылы3.оң және сол жақ аяқтарыңызды тигізу арқылы4.басыңызды тигізу арқылы
ІІ. «Сіз» қандай жұмысшысыз? Суретте жылқының суреті бейнеленген. Сіздің міндетіңіз – осы картинаны аяқтау, оның сырт келбетін бейнелеу арқылы және оның жанына қажет фонды салу. Атқа жағымды жағдай жасаңыз. ( қорытындысын айту) Бұл тестте жылқы – бұл өзіңсіз. Өйткені көп жұмыс жасайтын адамдарды жылқылар деп те атайды. Сіздің жылқының сырт келбетін қалай бейнеленгеніңізден, сіздің қандай жұмысшы екеніңізді көруге болады. Егер сіз жылқының сырт келбетіне басты назар аударсаңыз ( тұяғын, жалын және құйрығын салсаңыз), онда сіз еңбектене білесіз, бірақ жұмысты бір арнада істемейсіз. Енді сіз жылқының бет әлпетіне басты назарды аударсаңыз ( көзін, тұмсығын, аузын, кекілін т.б салсаңыз) онда сіз жұмысқа деген қатынасыңыз басым, сізде иллюзиялар мен үміттер толы. Сіз бұрын еш жерде жұмыс істемеген өте жас маман болуыңыз да ықтимал. -Егер сіз жылқының әрбір қылын салсаңыз, ұсақ-түйек нәрсеге көп уақыт жұмсасаңыз, бұл сіздің тер төгуді қажет ететін еңбектерді атқаруды ұнататындығыңызды білдіреді. Барлық нәрсені дер кезінде орындайсыз. өзіңізге және басқаларға сын көзбен қарайсыз. Сізге кез келген жұмысты сеніп тапсыруға болады, сіз бастаған жұмысыңызды соңына дейін жеткізетін өте еңбекқор адамсыз. Бірақ та сізбен бірге жұмыс істеу қиын, өзіңіздің бірбеткейлігіңізбен адамды шаршатасыз! -Егер сіз жылқыны шөпке немесе алаңға қойсаңыз, бұл жақсы жағдай жасалынған жерде жұмыс істегіңіз келетіндігіңіздің белгісі, сіз тұйықтарды, шектеу қоятын жұмыстарды ұнатпайсыз. Тәуекел болғанды қалайсыз. -Егер жылқыға жүген салсаңыз немесе қамыт кигізсеңіз, онда сізге қысыммен жұмыс істеген ұнайды.
ІІІ.«Әр қашан күн сөнбесін!» жаттығуыНұсқау:Тақтаға бұлт басқан күннің суреті ілінеді. Әр бұлтта әр түрлі тапсырмалар берілген, қатысушылар сол тапсырмаларды орындау барысында күннің көзі ашылады.
ІV.Релакциялық жаттығу «Теңізге саяхат» (әуен орындалады) -Жайланып отырыңыз, көзіңізді жұмыңыз. Терең демалыңыз, денеңізді бос ұстаңыз, денеңізді ауырлап бара жатқандай және оны теңіз толқынының лебі ұрып жатқандай сезініңіз.Өзіңізді жартастың үстінде тұрмын деп есептеңіз және алысқа көз жеберіңіз. Сіздің алдыңызда көгілдір теңіз, ашық аспан және күн. Теңіз бірқалыпты дем алып, асау толқындары жағаға соғылып, қайтадан кейін қайтуда. Теңіз толқындарының шуын естіп, толқындарға қызыға қарап, жағалаудағы теңіздің тұзды ауасын жұтып сіз тұрсыз,өз бойыңызды басқан ауыртпалықтан бір сәтке болса да арылғандайсыз. Сіздің рухыңыз жайлылық сезіміне толы. Сіз төменге түсіп, аяғыңызды шештіңіз, жалаң аяқ құмның қызуы мен жұмсақтығын сезіне отырып жүгірудесіз. Міне, сіз судың жанына келдіңіз, толқындар сіздің аяғыңызды жуып жатыр, су жып-жылы әрі жұп-жұмсақ. Сіз қолдарыңызды бос тастап, басыңызды шалқайтыңыз. Күн сәулесі мен жеңіл самал жел сіздің бетіңізді өбуде, теңіз толқындарының тамшылары сіздің денеңізді баурап алғандай. Сіз өзіңізді кішкентай бала сияқты сезініп, жүгіріңіз, секіріңіз, су шашып ойнағыңыз, күлгіңіз келеді. өзіңізге осы бірнеше минут ішінде не істегіңіз келсе, соны істеуге рұқсат етіңіз. Сіздің қайтатын уақытыңыз болды. Сізге демалыс пен бақыт сыйлаған ғажайып әлемге алғысыңды айтыңыз. Асықпай көздеріңізді ашыңыз. Талдау.V.Мюнстенберг әдістемесі Бұл әдістеме тұлғаның зейінін анықтауға бағытталған. Нұсқау: Көптеген әріптердің арасында тұтас сөздер бар. Сіз тез оқи отырып, сол сөздердің астын сызуыңыз керек. Жұмыс уақыты – 2 минут. Вншағашшедышыршанемоедарынжаьтанымдплпоқуогшнәтижелдплджылоллдмектеплдолғылымолплдәлеуметлдлоқушыолаплкөрушгдзейінждыжэхзппбалашещзбілімгещскезеңолвщкміндетлдыжоблыспнущдамытузелжойындвщшәрекетопгпедагогжвщшуақытжхухбасшыолпагшуаақлдазжылущлдхтәжірибезхкндтдтұқымырщқұралдыушзпсезімдлаплпсыныпдмдвшввхат
Дұрыс жауаптар: Ағаш, шырша, дарын, таным, оқу, нәтиже, жыл, мектеп, ғылым, әлеумет, оқушы, көру, зейін, бала, білім, кезең, міндет,облыс,дамыту,ойын,әрекет,педагог,уақыт, басшы, жылу, тәжірибе, тұқым, құрал, сезім, сынып (барлығы-30 сөз)
Зейіннің шоғырлануы жоғары: 25-30Зейіннің шоғырлануы орташа: 15-25Зейіннің шоғырлануы төмен: 1-15
VI.«Құлаққап» ойыныНұсқау:Қатысушылардың арасынан екі адам ортаға шығады. Біреуі құлаққап киеді, ал екіншісі сөз жасырады, құлаққап киген адам сол сөзді табуы керек. Қатысушылар кезекпен ауысып отырады. (кітап, сағат, терезе, карта, компьютер, басбалдақ, қаламсап, тақта, мектеп, көзілдірік, сурет, қарандаш, балапан, мұғалім, пернетақта, сумка, телефон, музыка, интернет, болашақ, оқушы, директор, журнал, кілт, сағат, карта, ғылым, машина, есік, дәптер, дәріс, уақыт, ойын, тәжірибе, сезім, шырша)
VII.Сергіту сәті. Ха-жаттығуы Нұсқау: Демімізді ішке тартып қолымызды жоғары көтереміз, Ха деп демімізді шығарып, қолымызды төмен түсіреміз, қане бәріміз бірге бірнеше рет қайталайық.
VIII.Қорытынды.Жаттығу «Кездескенше»(Барлық қатысушылар шеңбер жасап түрегеп тұрады) - менің қолымда кішкентай ғана сиқырлы шар бар. Ол сіздерге жылу, қуаныш, табыс, бақыт, сүйіспеншілік сыйлайды. Сіздер оны бір-біріңізге бере отырып, тренинг туралы өз әсерлеріңізді, қалай болғандығы жайлы айтып, пікірлеріңізді білдіресіздер, әрине, осымен бірге әріптестеріңіздің атына өз тілектеріңізді жолдайсыздар.Тренингіміз аяқталды. Қатысқандарыңызға рахмет.
Материал ұнаса әріптестеріңізбен бөлісіңіз
Ашық сабақ, ҚМЖ, көрнекілік, презентация
жариялап табыс табыңыз!
Материалдарыңызды сатып, ақша табыңыз.
(kaspi Gold, Halyk bank)