Тренинг «Жасөспірімдер арасында қақтығыстардың түрлері және оның алдын алу»

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тренинг «Жасөспірімдер арасында қақтығыстардың түрлері және оның алдын алу»

Материал туралы қысқаша түсінік
Катысушылардың көңіл-күйін жағымды арнаға түсіруге баулу, көтеріңкі көңіл-күйдің айналасындағыларға әсерін түсініп, сергітіп, өздеріне деген сенімділіктерін нығайтып, арттыра түсу, психологиялық қысымнан арылту.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тренинг «Жасөспірімдер арасында қақтығыстардың түрлері және оның алдын алу»


Мақсаты: Жасөспірімдер арасында қақтығыстардың түрлері және оның алдын алуда эмоциялык күйін байқау және шешу жолдарын көрсету.

Қатысушылыр: мектеп оқушылары

Қолданылатын көрнекі құралдыр: сызбалар, үлестірмелі қағаздар, бейнеролик.

Жоспары:

1.«Көтеріңкі көңіл - күй - жанға қуат береді»

2.Ой шақыру

3. Бейнеролик көсету. Талқылау

4. Жағдаяттардан шығу

5. «Автобус ойыны»

7. Өмір ағашы


1.Тақырыбы: «Көтеріңкі көңіл - күй - жанға қуат береді»

Мақсаты: қатысушылардың көңіл-күйін жағымды арнаға түсіруге баулу, көтеріңкі көңіл-күйдің айналасындағыларға әсерін түсініп, сергітіп, өздеріне деген сенімділіктерін нығайтып, арттыра түсу, психологиялық қысымнан арылту.

Көрнекіліктер: слайдтар, үнтаспалар.

Тренинг құрылымы: 
І. Ұйымдастыру кезеңі. 
ІІ. Тренингтің мақсат-міндеттерін хабарлау. 
ІІІ. Негізгі бөлім. 
а) Амандасу – жаттығуы. 
б) «Дене мүшелері биі» жаттығуы. 
в) «Позитивті көңіл-күй» жаттығуы

1. - Сәлеметсіздер ме құрметті оқушылар! Бүгінгі тренингімізге қош келдіңіздер!

- Сәлем сөздің анасы демекші, кез –келген жерге барғанда біз міндетті түрде, бір-бірімізбен сәлемдесіп, амандасып жатамыз. Қазір мен сіздерден ортаға шығып, шеңбер болып тұруларыңызды өтінемін.

Қатысушылар ортаға шығып, шеңбер болып тұрады.

2. Сіздердің психологиялық көңіл-күйлеріңізді көтеру мақсатында және қазір үш тілділік заман талабы болуына байланысты, біз де үш тілділікке байланыстырып отырмыз. Сіздермен үш тілде айтылатын әнге дене мүшелерін билетеміз.
(үнтаспадан әуен ойналып тұрады.)

3. Бойдағы барлық негативті шығару стресс, депрессияны шығару жолы бұл – ән айту. «Армандастар әнін бірге орындаймыз»

Қорытынды: Оқушылар енді барлығымыз көңіл-күйімізді түсірмей, әрқашанда жадырап, күліп жүрейік.

2.Жасөспірімдер арасындағы қақтығысты болдырмау жолдарының басты мәйегі – ол тәрбиені дұрыс берілуін қадағалау. Тәрбиенің әдістері- тәрбиелеу міндеттерін шешуге бағыттылған тәрбиешілер мен тәрбиенушілердің өзара байланысты іс- әрекетінің тәсілдері. Адамшершілікке тәрбиелеу ісі тек білім берумен ғана шектелмейді. Баланың сезіміне әсер ету арқылы да, оның ішкі жан дүниесін оятып, дүниетанымын қалыптастырады. Адамгершілік тәрбиені ғылыми тұрғыдан зерттеген ғалымдар ретінде В. Сухоминский, Ш. Амоннашвили, А. Байтурсынов, Т. Петракова, В. Белинский, Б. Лихачев, Ә. Әмірова және т.б. танимыз. Олардың ой- пікірлеріне жүгінсек, ортақ сипат адамгершілік тәрбиесінің негізіне жалпы адамзаттық құндылықтарды жатқызатынына, тән мен жан саулығының руханилықпен байланысты дейтінінен көз жеткіземіз. Мәселен, И. Ғазали « Адамда екі түрлі мақсат бар, оның бірі- тән мақсаты, бірі- жан мақсаты. Қара бастың қамын ойлап, өзімшілдік, мақтан көксейтін тән мақсаты. Адамның ар мен адал еңбек іздейтін жан мақсаты. Бастапқыны көксеген адам зұлымдық қиянатпен болса да, мал мансап, мақтан табуға құмар болады. Соңғыны көксеген адамның адал еңбек, ақ ниетпен басқа іздейтіні жоқ, ол адамды ала көруді, қиянат қылуды тіпті ұнатпайды» десе.


3. Жағдаяттардан шығу. / берілген тапсырманы 2-3 минут ішінде топ мүшелері рольдік ойынмен көрсетулері керек. оқушылар арасындағы кикілжің, шешілу жолын көрсет? Ата-ана мен бала арасындағы түсініспеушілік және одан шығудың қандай жолы бар? Мұғалім мен оқушы арасындағы келіспеушілік. Қандай оң шешім жасап, жол табуға болады?

Тренингте отырған оқушыларға ортақ сұрақ қою:

1. Қай топ кикілжіңнің шешілу жолын дұрыс көрсетті деп ойлайсыздар?

2. Өздеріңіз қалай шешер едіңіздер?

3. Кімдермен жиі кикілжіңге келеміз?

Y. Ситуациялық сұрақтар: смайлик өзіңе қалағанын таңдап ал және бейнелеп көрсете отырып, не себепті таңдағаныңды түсіндір.

а/ Ойланып тұрған адамнаң бет-әлпет кескіні.

ә/ Ренжіп тұрған адамның бет-әлпеті.

б/ Қайғылы адамның бет-жүзі.

в/ Ашулы адамның бет-әлпетін бейнеле.

г/ Таңданған кейіп көрсет.

д/ Өкініп тұрған адамның бет-әлпеті.

е/ Қуанып тұрған адамның бет-әлпеті

4. Автобус ойыны

Жүргізілуі: Балалар автобуста тұрғандай бір-біріне тығыз орналасады.

Ойнаушылар міндеті - осы қалың топты жарып өту.Өту жолы өтірік айту немесе айлакерлік көрсету емес, шынымен дене күшін сала отырып ойнау. «Халық автобуста» қолымен ұстауға немесе жабысуға болмайды, тығыз халықты итере-қыса отырып өту. Автобус жүргізушісі оны «ал, кеттік», «алға», «тағы да» деген сөздері пайдалана, ойынды қыздырып отырады.

Жаттығу соғында топ қатысушылары не көрді, қалай қабылдаулары болды , сол әсерлерімен бөліседі.


Қорытынды: Оқушыларымыз тренингке белсене қатысты. Жанжал, қақтығыстан қалай шығатын жолдарымен танысып, өмірде қолданатындарын айтты. Оқушылардың көңіл-күйлері жақсарып, сергіп, өздеріне деген сенімділіктері нығайып, психологиялық қысымнан арылып, енді барлығымыз көңіл-күйімізді түсірмей, әрқашанда жадырап, күліп жүрейік деп тренингімізді аяқтадық.











Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
18.05.2021
430
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі