Тренинг: Жүз бақытты жүрек

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тренинг: Жүз бақытты жүрек

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылардың ішкі жан дүниесін ашуға және өзін еркін сезіне алуға үйретету
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Жүз бақытты жүрек» тренинг



Мақсаты: Оқушылардың ішкі жан дүниесін ашуға және өзін еркін сезіне алуға үйретету


Тренинг барысында қаралып шешілетін міндеттер:
- Тиімді қарым-қатынасқа машықтану эмпатиясын дамыту.
-Сенімсіздіктен, қобалжудан, қорқыныштан арылу.
-Өзгелердің қызығушылығымен санасу.
-Өзін-өзі құрметтеуді, өзін-өзі сенуді қалыптастыру.

«Танысу»:
Барлығымыз шеңбер жасап отырайық . Қазір шеңбер бойымен кезекпен жүргізушінің оң жағымдағы отырған қатысушыдан бастап топқа таныстыруды бастаймыз. Алдымен өз есімдеріңді айтыңдар. «1-2 сөйлем арқылы қай сыныпта оқитыным өзінің
атым, өзінің мінезі туралы айту керек. Осы сөздерден  кейін психолог өзін таныстырып әңгімелейді. Психологтан кейін әрбір адам айналым бойынша өзін-өзі таныстырады. Танысу біткен соң, таныстырудың қалай өткені туралы пікірталас жүргізіледі.
Психолог топқа мынадай сұрақтар береді.
Кімнің таныстыруы сіздің есінізде қалды және оның  
таныстыруы сізге несімен ұнады?
   
« Бүлінген телефон » 
Мақсаты: Есту қабілетін дамытуға арналған
Бір сөзді мұғалім бір баланың құлағына сыбырлап сол пікірді қайталайды, солай жалғаса беріп барлық балаларға жеткізеді. Ең соңғы оқушы пікір сөзді естіртіп дауыстап айтады. Мен әрқашан шындықты айтамын.
«Көңіл күйімізді жаттықтыру»
Мақсаты:Шынайы бейнелеп көрсете білу арқылы көңіл күйімізді жатықтыра алуға арналады.
Жүргізуші:Бүгін мен сендерге актер болуға үйретемін. Мен
сендерге нені көрсет десем, соны бет-әлпеттеріңмен бейнелейсіңдер.
1. Қабақтарыңды түйіп,ашулы адамның кейпін көрсетесіңдер 
2. Қатты қорқу қажет.Қасқырдан қорыққан қоян сияқты немесе ұядан түсіп қалған балапан сияқты,мысықтан қорыққан тышқан сияқты және иттен қорыққан баланы бет -әлпеттеріңмен көрсету қажет.
3. Жылап тұрған адамды көрсету.
4. Жәй күліп тұрған адамды және қатты күліп тұрған адамды көрсету
5. Өлең айтып тұрған адамдың сезімін көрсете білу
  Өлең айту « Біз тамшымыз » Сергіту сәті
Өздеріне ұнаған әуенге салып,қимылмен көрсетіп айту керек.Бәрі дөңгелене тұрады да Біз тамшымыз дегенде жаңбырдың тамшысын бір теңіздің толқыны
дегенде қолымен ирелектетіп толқынды көрсетеді
Біз тамшымыз мұхиттағы 
  Бір теңіздің толқыны.
  Бізге келіңіз ²
  Сен мен мен.
  Бәрімізде бір жанұя боламыз
Біз бұтақпыз бақшадағы
Бір бақшаның гүліміз
  қайырмасы



  "Шөлдеу" ойыны.
Мақсаты: Достыққа,бір-біріне көмектесіп қана нәтижеге жетуге болатына тәрбиелеу
  Балалардың қолдары шынтақтан қозғалмайды. Балалар өздерін ыстық шөл даладамыз деп елестетеді, қатты шөлдеп
жүреді. Бір кезде тостағандардағы суларға кездеседі. Енді
осы суды ішуге амал табулары керек ( бір-біріне көмекте-
сіп қана суды шашпай, шөлдерін қандыруға болатынына
көз жеткізеді).

 
"Алып" ойыны.
Мақсаты:Ұжымшылдыққа тәрбиелеу.
  Екі бала қатар тұрады, біреуінің сол аяғын екіншісінің оң аяғына байлайды, сөйтіп бір белгіленген жерге барады. Немесе: үш, төрт, т.б. балаларды бірге байлайды, сосын олар
бірге жүруге тырысады. ( бақаға ұқсап секіреді).

 
"Көпір" ойыны.
  Еденді бормен "көпір" (түзу) сызылады. Екі топ, бір-біріне қарсы шыққан балалар "көпірден" құлап қалмай өтуі керек. Балалар бір-біріне көмектесіп, орындарын ауыстырып, бір-бірін өткізіп жіберулері керек.
Рефлексия
Тренинг жаттығулары сіздерге ұнады ма?
Сендерде қандайда болсада өзгеріс пайда болды ма?
Күнделікті өмірде бұл ойындарды ойнау арқылы ішкі жан дүниелеріңді дамытуға бола ма?
Бүгінгі тренингіде біздер ойындар ойнау арқылы өзгелерді дұрыс қабылдап, өздеріңді еркін сезіне алуға тұлғаны дамытуға жұмыстандық.




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.12.2017
621
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі