Тренинг "Кел танысайық"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тренинг "Кел танысайық"

Материал туралы қысқаша түсінік
Тақырыбы: «Кел танысайық». Мақсаты: қазіргі кездегі баланың дамуына,жеке тұлға болып қалыптасуына ата-ана тәрбиесінің әдіс-тәсілдерін жетілдіре отырып,қарым-қатынас орнату. Әдіс-тәсілдер: Сұрақ-жауап, жаттығу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Кел танысайық».

Мақсаты: қазіргі кездегі баланың дамуына,жеке тұлға болып қалыптасуына ата-ана тәрбиесінің әдіс-тәсілдерін жетілдіре отырып,қарым-қатынас орнату.

Әдіс-тәсілдер: Сұрақ-жауап, жаттығу.

Тренинг барысы:

Баланы жастан бақпасаң,

Жамандықтан қақпасаң,

Қадірден жұрдай қасқа боп,

Кешкенің өмір босқа тек,- дегендей, баланың ыстық-суығына күймейтін,жақсылығына сүйінбейтін ата-ана жоқ шығар. Бүгінгі ұл-ертеңгі әке,ол қарап өседі. Бүгінгі қыз- ертеңгі ана,ол шешеге қарап өседі,бойын түзейді. Балаға білім,тәрбие беруде басты тұлға ұстаз болса,оны жалғастырушы ,демеуші-ата-ана.

«Танысу» жаттығуы.

Әрбір ата-ана өз есімін айтып,есімінің бірінші әрпіне өзінің бойындағы үш қасиетін айтады.Мысалы менің есімім Ақелік-ақылды,арманшыл,адамгершілігім мол.Шеңбер бойымен тренингке қатысушылар өздерін таныстырып өтеді.

Осы аталып кеткен бойларыңыздағы қасиеттеріңізді естеріңізден шығармауларыңызды сұраймын.

«Қызықты сұрақтар» жаттығуы.

Сіздерге допты беру арқылы сұрақтар қоямын. Соларға жауап берулеріңізді сұраймын.

-Балаңыздың туған күні?

-Тәрбиешінің толық аты- жөні?

-Балаңыз қандай өлшемді аяқ киім киеді?

-Балаңыздың сүйікті асы?

-Балаңыз қандай түсті жақсы көреді?

Балаңызды еркелетіп қандай сөз айтасыз?

-Балаңыз сізді ренжіткенде ,ең алдымен қандай сөз аузыңызға түседі?

«Жалпылау» жаттығуы.

Қимыл-қозғалыс арқылы жауап беру.

  • «иә» десеңіздер- қолдарыңызды шапалақтаңыз.

  • «жоқ» десеңіздер- аяқтарыңызды тарсылдатыңыздар.

1)Газет бетіндегі мақалалардан,телидидардағы бағдарламалардан тәрбиеге байланысты сұрақтарды тыңдап,қарап жүресіз бе?

2)Балаға тәрбие беру кезінде үйде ата-ана бірдей ықпал жасай ма?

- егер «жанұя» десеңіздер жимиыңыз.

-егер «қоршаған орта,қоғам» десеңіздер қолды алдымызға созамыз.

3)Бала тәрбиелеу жауапкершілігі кімде деп ойлайсыз?

- егер «әке» десеңіздер, қолды алдымызға созамыз.

-егер «шеше» десеңіздер, жимиыңыз.

- егер «екеуі» десеңіздер, қолдарыңызды шапалақтаңыз.

«Ормандағы нөсер» жаттығуы.

Канекей барлығымыз тығыз шеңбер бойына тұрамыз. Өздеріңізді орманда қалып қойдық деп елестетіңіздер. Ауа райы өте тамаша,күн шуағын шашып тұр,өте ыстық қапырық. Кенет жеңіл самал жел тұрды. Алдарыңызда тұрған адамның арқасына қолыңызды тигізіңіз де, жеңіл қимылдар жасаңыздар. Жел үдей түсті- арқаға түскен қысымды күшейтеміз. Дауыл басталды арқаға қолды шеңбер бойымен дөңгелете жүргіземіз. Сосын ұсақ жауын басталды-жеңіл соққылар. Кенеттен нөснр басталды-саусақтармен жоғары- төмен қозғалыстар жасау.Найзағай жарқылдады-барлық саусақпен қатты соққылар жасаймыз. Тағыда нөсер,дауыл,қатты жел. Нөсер біртіндеп басыла бастайды. Табиғат толық тынышталды. Қайтадан жарқырап күн шықты.

Ата- ана көз қуаныш,

Алдына алған еркесі.

Көңіліне көп жұбаныш,

Гүлденіп ой-өлкесі,-деп Абай атамыз ата-ананың қуанышы,гүлденген үміт –арманы тек перзент сүю,оны тәрбиелеу екендігін айтқысы келген екен.

Ендеше ,ата-аналар қолымыздағы алтынымызды жақсылап тәрбиелейік және біздер олардың ең басты үлгі болар бейнесі екенімізді ұмытпайық.













«Ақбота» балабақшасы

















Тренинг

Тақырыбы: «Кел танысайық»







Дайындаған: Психолог А.Тогаева















2016-2017 оқу жылы





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
23.02.2018
4053
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі