Тренинг колледж "Кел танысайык"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тренинг колледж "Кел танысайык"

Материал туралы қысқаша түсінік
1-курс студенттеріне "Кел танысайык" атты тренинг
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Академик С.А.Джиенкулов атындағы Байқоңыр жоғары колледжі» білім беру мекемесі



«Бекітемін»

Директордың тәрбие

ісі жөніндегі орынбасары

________ С.Қ.Айбосынова

«_______» ________2024ж







Тренинг

Тақырыбы: «Кел, танысайық!» 1 курс.










Өткізілген күні:

Жауапты: Г.Н. Айткулова











Байқоңыр, 2024


Мақсаты :  Білім алушылардың  бір – бірімен жақын таныстығы мен өзара қарым – қатынасын қалыптастыру негізінде топтағы ұжымшылдықты нығайту.

ЕРЕЖЕ:

  1. Құпиялылық

  2. Бір-бірімізді тыңдаймыз және сөзді бөлмейміз

  3. Белсенді боламыз

  4. Бір-бірімізге ренжімейміз

  5. «қазір» және «осында» принціпі

  « Менің тренингтік есімім»

Шарты: Топ дөнгелек болып отырады, қатысушылар кезекпен сәлемдесіп, әр  білім алушы есімін айта отырып,бүгінгі тренингте оны қалай атау керектігін айтады.



«Жер сілкінісі» қыздыру жаттығуы

Мұнда топқа қатысушы адамдар 3-3-тен болып тұрады. Екеуі шатыр  және бір адам олардың астында тұрады. Жүргізуші шатыр деген команда бергенде, шатыр жасап тұрған қатысушылар ауысуы керек. Жүргізуші «адамдар» деген команда бергенде, шатыр астындағы адамдар орнын ауыстырады. Ал егер, «жер сілкінісі» деген команда болғанда, барлығы орын ауыстыруы керек.



«Ұқсастық  шегі» жаттығуы

Шарты :  Қатысушылар  жұптасып  отырады , А 4 қағаз  беті  және  қалам  қажет .  Жанындағы  жұбына  қарап  , ұқсастықты  тауып  ,  »  Біздің  ұқсастығымыз» деп  А 4 қағаз  бетіне   жазады . Ұқсастық  табу  үшін  4 мин  уақыт  беріледі . Жаттығуды  орындағаннан  кейін ,  жұп  бір – бірінің  жазған  ұқсастығын  оқып ,өз  ойларын  айтады .

«Пульс  ойыны»

Дөңгеленіп  отырамыз . Қатысушылар  бір – бірінің  қолынан  ұстайды  . Бір  ойыншы  ортаға  шығады . Жүргізуші    «басталды» деген  белгі  бергенде   ойыншылар кезекпен  қолдарын  қысады .  Ортадағы  ойыншы  пульстың  қайда  кетіп  бара  жатқанын  табу  қажет .  Жүргізуші  «тоқта  «деген  белгі  береді.



«Суретті аяқта» жаттығуы

Қатысушыларға алдын ала даярлаған плакатта немесе тақтада  бір  нүкте салынады. Оқушылар   кезек -кезек шығып,сол нүктеден бастап бір сызықтан салады, соңында шыққан суретті бағалап ,әркім өзі жүргізген сызық арқылы нені бейнелеуге тырысқанын және қандай сурет нәтижесінде шыққанын бағалайды.



«Менің құндылықтарым» жаттығуы

Адамдар қоғаммен араласу барысында әр түрлі жақсы қасиеттерді игерген, ал қазір жағымды қарым қатынас орнату үшін адамға қандай қасиеттер мен біліктілік қажет екенін айтыңдаршы!  Барлығының ойын тыңдап қортынды жасалады.»




«Бірақ сен ...» жаттығуы.
Мақсаты: тренингке бір қалыпты қарқын енгізу, әр қатысушы өзіне төмендегі тұжырымдардың 1 еуін таңдап қағазға жазып қояды. Шеңбер бойымен отырған барлық қатысушы сөйлемді «бірақ сен ..» деп жалғастырады. Шеңбер бойымен сөйлемдерді жалғастыру:
Мен кішкентай бойлымын, бірақ …
Мен кейде ұстамсызбын, бірақ …
Мен ұялшақпын, бірақ …
Мен жалқаумын, бірақ …
Мен сөзге жоқпын, бірақ …
Мен тым көнгішпін, бірақ …
Мен бақылау жұмысын екіге жаздым, бірақ …
Мен үнемі тым қиялдап кетемін, бірақ …
Мен әнді жақсы айта аламын, бірақ …
Мені тез күлдіруге болады, бірақ …
Мен қырсығып қаламын, бірақ …

Мен ашушаңмын, бірақ …

Мен көп сөйлеймін, бірақ …
Талдау: Осы тапсырманы сендерге орындау ұнады ма? Саған не қиындық келтірді? Қандай әсер алдыңдар?





Қортынды 

«Тілек шамы» Студенттер шеңбер жасап тұрып, тілек шамын жағып бір-біріне жақсы тілектерін айтады. Түрлі-түсті стикерлермен жақсы әсерлерімен бөлісіп жүрекше жасайды.





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
02.10.2024
274
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі