Тақырыбы: « Мейірімділік ошағы
»
Мақсаты: Балалардың балабақшаға тез
бейімделуіне, ата-анамен бала арасындағы қарым-қатынасты
нығайту,балалардың тентектігіне жол
бермеу.
Әдіс-тәсілдер: жаттығулар
Көрнекіліктер: Қонжық, шырпы,жаңғақ,ақ парақ,
доп.
Тренинг
барысы: Құрметті ата-аналар бүгінгі
тренингке қош келдіңіздер. Бүгінгі тренинигіміздің тақырыбы
«Мейірімділік ошағы» деп аталады.
1.Танысу.
Шеңберге шақырамын. Шеңбер
бойымен жұмсақ ойыншықты бір-бірлеріңе беріп. Есімдеріңізді
атап,өзіңізді таныстырып,тілек айтуларыңыз
керек.
Менің есімім Ақелік. Мен
«Ақбота» балабақшасының психологымын. Сізге барлық жақсылықты
тілеймін.
2.«Құбырлар»
жаттығуы
Сіздер алдымен екі топқа
бөлініңіздер. Келесі жаттығумыз жарыс түрінде өтеді. Сіздерге
бес-бестен шарлар мен А3 форматтағы қағаздар беріледі. Әр топ
қатысушылары қағаздан құбырлар жасап,сол құбырлар арқылы допты
өткізіп,допты қорапқа салу керек. Қай топ көп шар салса сол топ
жеңіске жетеді.
3.«Алманы жұлып ал»
жаттығуы.
Тренинг жүргізуші
қатысушылардан бір-бірінен алшақтау тұруын сұрайды да: «Қазір біз
бақшадан алма жинаймыз,олар өте биікте өсіп тұр,оң қолымызды
барынша көтеріп бір-біріміздің артымызға тұрамыз да,ішке терең
тыныс алып алмаларды жұламыз. Енді тынысымызды жәйлап
шығарып,алмаларды себетке саламыз.
Сол жақта тағы да өте үлкен
алма тұр. Сол алманы тағы да жұлып аламыз. Терең тыныс алып,екінші
алманы сол қолымызбен жұламыз да тынысты сыртқа шығарып,алманы
себетке саламыз.
4. «Шырпы»
ойыны
Бір-біріңнің қасына иығымен
тізбектеліп тұрады,ата-аналардың араларына бір шырпыдан
салынады.Ата-аналар шырпыны құлатпай кедергілерден өтіп мәреге жету
керек. Егерде кім шырпыны құлатып алса,ойыннан
шығады.
4. «Жаңғақ»
жаттығуы
Міне мен жаңғақтарды
шаштым,сізге бір минут уақыт беріледі. Сіздер бір жаңғақтан таңдап
оны зерттеп болғаннан кейін,қайтып орнына саласыз. Мен сиқырлы
қобдишаға барлығын салып араластырамын,қайтып шашқан кезде өз
жаңғағыңызды қайтып тауып алыңыз.
Бірден қарағанда барлығы
бірдей сияқты,бірақ әр түрлі. Дәл осылай біздің
балалар,әртүрлі,ақылды,көңілді,тентек,ерке. Бәріміздің алдымызда
бір мақсат- осы балаларды дұрыс түсіне және сезіне білуіміз
қажет.
Әр адам баласын өзбетінше
тәрбиелейді. Міне жаңа сіз мысалы: «Лидер» стратегиясын
қолдандыңыз. Кім бірінші ,қорықпай өз жаңғағын іздей бастады- олар
өздерінің балаларына бар күшін ,ақылын,уақытын бөліп
тәрбилейді.
Ал, «күтіп қалғандар», ол өз
жұмысына,өмірінде де асықпайтын,өз балаларының тәрбиесіне де
осындай көзқараспен қарайтын адамдар.
Ғалымдар дәлелдеген
екен,біздің балалар бізді,біздің өмірлік стилімізді қайталайды.
Егерде сіз лидер болсаңыз онда сіздің балаңыз да өмірде сіз сияқты
болады.
Егерде бәріміз жаңа айтқандай
,барлық қағидаларды сақтай отырып,өз баламыздың айтқанына «құлақ
асып» өзіміздің отбасымызда мейірімділікті жан-жағына шашып
жүріп,мына кішкентай бүлдіршіндерге дұрыс тәрбие бере
аламыз.
Кішкентай бөбектерімізді сіз
болып,біз болып барлық шын жүрегімізбен тәрбие беріп,оларды
аялайық. Назарларыңызға рахмет. Тренинігіміз
аяқталды.
«Ақбота»
балабақшасы
Тренинг
Тақырыбы: «Мейірімділік ошағы
»
Өткізген: А.Тогаева
2017-2018 оқу
жылы