Материалдар / Тренинг "Оқушыларға ҰБТ-ға психологиялық қолдау көрсетуге арналған жаттығулар" 11-сынып

Тренинг "Оқушыларға ҰБТ-ға психологиялық қолдау көрсетуге арналған жаттығулар" 11-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларға ҰБТ-ға психологиялық қолдау көрсетуге арналған жаттығулар
ЖИ арқылы жасау
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

Оқушыларға ҰБТ-ға психологиялық қолдау көрсетуге арналған жаттығулар

  1. Эксперимент

  2. Суретті аяқта және жалғастыр

  3. Қар

  4. Ойлау (анаграммаларды шешу)

  5. Мен оның бейнесінде

  6. Көбею

  7. Ес (кестедегі тапсырма)

  8. Кедергілер (жарқанат, адам)

  9. Сілкін ойыны

  10. Мақсатқа жету (қағазды үрлеу)

  11. Релаксация

  12. Жылдамдық

  13. Ассоцация

  14. Түйсік (матамен)

  15. Арманға жету (қағазды жырту)

  16. Ортақ белгілер

  1. Эксперимент

Мақсаты: стрестік жағдайда өзін ұстауға үйрету.

Уақыт: 10 минут

Нұсқау: әр қатысушыға бір қарағанда тәртіпсіз орналасқан әріптерден тұратын мәтіндер жазылған қағаз таратылады және мәтін оқу тапсырмасы тапсырылады. 30 секунд ішінде үзінділерді оқу керексіз.

АДАМеңБІРіншіӨзІНөзіТәрБИЕлеуІКЕрЕк

МаМАнДЫқТаҢдАушЫндЫқПеНАрмАНбЕлГіСІ

НекеГЕТҰРЫпүйбОЛУҮЛКенадамгЕРШІЛІКПензорруХАНИҚұндЫЛЫҚТАРдыңбірі

ҚАЗақхалҚЫҰЛБАланыОНҮшіндЕОТауиеСІДЕген

МенІҢҚоЛЫМнанБәріКЕЛедіДЕсемҚАТелесПЕГенБОЛарЕДіМ

МЕнадамДАРДыңКІШІпейілДІЛІгінжоҒАрыБАҒАлаймЫн

СеЗДірМей жҮРгеНТеКөЗімбіЛГенБІрсЕНімбАрЖОҒалМасмүЛДем

СолсЕНІмбАрДаАСЫғамаЛҒаАқтІЛегІмбиІКкесаМҒа

сЕНбееШКіМгетҰРсадАқАНшамаҚТапҚОрқЫЛаДықУЛыҒыніШКесаҚТап

ӨзіңесенөзІҢдіаЛЫпшЫҒарАҚылыңмЕнеңБЕгіңеКіжаҚТаП. 

Талдау:

  1. Сіз тапсырманы ешқандай қиындықсыз орындадыңыз ба?

  2. Оны орындау үшін сізге не қажет болды?

  3. Тез орындаудың, оқудың құпиясы неде?

  4. Өзін-өзі басқаруды қалай дамытуға болады?

2 тапсырма.       «Суретті аяқтау»

     Нұсқау: бір-бір ақ бет алыңыз және ең жағымды түсті карындаш алыңыз. Мен қол соққаннан кейін, тілегіңізге қарай сурет салуға кірісіңіз. Тағы қол соқсам суретіңізді сол жақ көршіңізге бересіз, ол суретті толықтырып салады. Содан соң тағы қол соғамын, сурет ары қарай шеңбер бойынша келесі қатысушыға беріледі, жаттығу сурет ең бірінші иесіне жеткенше жалғасады. Мүмкін өз суретін толықтырғысы келетіндер бар болса, өзгерткісі келсе мүмкіндік беріледі.

Талдау:

  1. Туынды сізге ұнады ма?

  2. Сезіміңіз көңіл-күйіңізбен бөлісіңіз?

  3. Басқа адамның суретін, ойын жалғастыру қиын болды ма?

3-тапсырма. «Қар»

Мақсаты: оқушылардың бойындағы ашу-ыза, қорқынышты сейілту.

Нұсқау: оқушылар ақ қағаз алады да оны доп сияқты қылып жасайды. Оқушыларды 2 топқа бөліп, бір-біріне жасаған қарларын лақтырады. Берілетін уақыт 3 минут. Кімде қар аз болса сол адам жеңімпаз атанады.

4. тапсырма. Ойлау

Тапсырма: Анаграммаларды шешу.

МТЕКІЕТҮНСІ (22 слайд) Жауабы: түсініктеме

НАҚТАҒА (23 слайд) Жауабы: қанағат

КЕЛУРИСАПБ (24 слайд) Жауабы: республика

ІРКЕКӨК (25 слайд) Жауабы: көкірек

АҰТЖМЫМАРДЫ (26 слайд) Жауабы: тұжырымдама

ЛҰЫҚСЫР (27 слайд) Жауабы: құрылыс

5-тапсырма «Мен оның бейнесінде»

Мақсаты: есте сақтауларын дамыту, жандандыру.

Нұсқау: оқушылар 2-2 ден жұптарын тауып алады. Бір-бірі туралы толық мәлімет беру керек. Берілетін уақыт 5 минут. Ортаға жұптарды шақырып екеуі бірін-бірі таныстырады. Оқушылар сұрақ қоюға болады.

6-тапсырма «Көбею»

Мақсаты: зейіндерін дамыту

Нұсқау: оқушыларды 2 топқа бөлеміз. Әр топ өздеріне ат қояды. 1 топ 2 топтан бір адамға бір затты айтады, сол адам өзінің тобына сол затты мимикамен көрсету керек. Мүмкіндік 3 рет кана беріледі. Таба алмаса жеңген топта қала береді. Қай топ коп ұпай жинаса сол топ жеңімпаз атанады.

7 тапсырма. Ес

Тапсырма: Оқушылар кестеде берілген сандарды 1 минут қарап, есте сақтайды. Кейін қайта жаңғыртады.


8- тапсырма «Кедергілер» (жарқанат, адам)

Нұсқау: оқушылар сапқа тұрады бір-бірінің белдерінен мықтап ұстап, кедергілерден өту керек. 1 адам жарқанат болады, 1 адам кедергілерден өтеді. Қалған адамдар кедергі болады жүруіне, өтуіне. Бірақ жарқанат келген кезде адамды құтқарып ұстап жібермей қалуларыңыз керек. Аяқтарын сыртқа шығармай адамдардың аяқтарының ортасынан өту керек. Аяғы шығып кеткен жағдайда ойын қайтадан басталады.

9-тапсырма. «Сілкін ойыны»

Мақсаты: жағымсыз артық, кедергі келтіруші сезімдерден арылу.

Уақыт: 10 минут

Нұсқау: мен сіздерге өздеріңізді ретке келтіру және жағымсыз сезімдерден оңай арылу жолдарын көрсеткім келеді. Біз өзімізді ірі, не ұсақ ауырлықтарды ұстаймыз, оларға біздің көп күшіміз кетеді, жұмсалады. Мысалы, біреумізге мынадай ой келді делік: «Менде тағы сәтті шыққан жоқ. Мен емтиханға дұрыс әзірлене алмаймын.» біреулер өздерін мен емтихан тапсыра алмаймын, қате көп жіберемін және міндетті түрде екі аламын деп ойлайды. Ал біреулер басқалар сияқты қабілетті емеспін, несіне тырысамын дейді.

Әрқайсыңыз өз айналаңызда жеткілікті орын қалдырып, шеңберге тұрайық. Алақан, шынтақ, иығыңызды сілкінуді бастаңыз. Сонымен қатар, бар жағымсыз сезімдер, уайымдар, өзіңіз туралы теріс ойлар, қаздың үстіндегі судай сізден ұшып жатқандай сезініңіз. Содан кейін аяқ басынан бөксеңізге дейін сілкіңіз. Басыңызды да сілкіңіз.

Егерде бұл әрекетіңізді қайсыбір дыбыс қостайтын болса, әсері күшейеді. Енді бетіңізді сілкіңіз, таңдыңыз, ауызды қозғағанда сіздің даусыңызда өзгереді. Сізден жағымсыз күш түскендей және сергек, көңілді, қайтадан дүниеге келгендей ойлаңыз.

Талдау: осы жаттығудан кейінгі сезіміңіз қандай?

10. Мақсатқа жету.

Мақсаты: оқушылардың сенімділіктерін арттыру, нығайту.

Жүрісі: оқушылар жеке-жеке биіктікке яғни орындыққа шығып, өздерінің 3 мақсатын айтады. Қалған отырған оқушылар сол мақсатқа жетесін деп күш беріп қолпаштайды.

  1. тапсырма «Релаксация»

Нұсқау: жай ғана әуен қойылады, оқушылар өздері көздерін жұмып көз алдарына жағымды жақсы нәрселерді елестетеді.

12-тапсырма «Жылдамдық»

Нұсқау: әр оқушыға 7 қағаздан беріледі. Оған өздерінің есімдерін жазып, ортаға партаға тастайды. Кезекпен келіп әр оқушы 7 қағаздан алады, қағазды ашпай ұстап отырады. Мұғалім белгі бергенше. Мұғалім белгі бергенде әр оқушы өздерінің есімдері бар 7 қағазды тауып алып өздерінің қолдарындағы қағазды өз иелеріне беру керек. Кім бірінші болса сол адам лидер атанады. Қандай да қиыншылықтардан еш ойланбастан өтетін адамды айтады.

13-тапсырма «Ассоциация» ойыны.

Қазір ойынды бастап жүретін адамды таңдап алайық. Жүргізуші болам деген бала ортаға шығады. Сонан соң, ойынға қатысушылардың әр қайсысы осы ойыншының неге ұқсайтынын (өсімдікке, затқа, жануарға, құсқа) (тек жағымды жағынан теңеу) қандай ой туғызатынын айтулары керек. Мысалы: Гүлнұр балапандарына жем тасыған қарлығашқа ұқсайды, себебі қашан да өзгелерге көмек көрсетеді. Жансараны бәйшешек гүліне ұқсатамын, себебі ол өте әдемі, нәзік. т.б.

Психолог: ойын үстінде қандай сезімде болдыңдар? Қандай теңеулер сендерді таңқалдырды? Неге?

14 тапсырма. Түйсік

Тапсырма: Қатысушы оқушылардың көздері матамен байланады. Олар қорапшадағы заттардың не екендігін және неден жасалғандығын тауып айту қажет.

15 . ҰБТ ға байланысты сенімділік қағазды жыртып билейді. Би біткен соң жыртылған қағаздан ҰБТ-дан не күтеді соны жасайды.

16 «Ортақ белгілер»

Нұсқау: оқушылар дөңгеленіп отырады, ортада бір жүргізуші болады. Оқушыларға қатысты ортақ белгі айту керек. Орындарын ауыстырып жатырғанда, жүргізуші біреудің орнына отырып алады. Орынсыз қалған адам ары қарай ойынды жалғастырып кетеді.




ЖИ арқылы жасау
18 Желтоқсан 2017
7131
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі