«Бекітемін»
Т.Рысқұлов атындағы мектеп-лицей директоры Алимбаев Б.
Тренинг тақырыбы: «Көңілі көтеріңкі ұстаздың, еңбегі де жемісті»
Мақсаты: Мұғалімдердің көңіл-күйлерін көтеру, шығармашылық
қабілеттерін бағалай білу, өздеріне құрметпен қарау, дұрыс
қарым-қатынас орната білу.
Ұйымдастыру: 1. Амандасу. Сәлеметсіздер ме! Бүгінгі өткізілетін тренингке қош келіпсіздер! Бүгін сіздердің көңіл-күйлеріңізді көтеруге, өз бойларыңыздағы шығармашылық қабілеттеріңізді бағалай білуге, өз-өзіңізге құрметпен қарауға, бір-бірімізбен сыйластық қарым-қатынаста болуға арналған тренингке ұйымшылдықпен қатысуға шақырамын.
Топтағы қағида:
1. Белсенділікті арттыру
2. Бірігіп жұмыс істеу
3. Бір-біріне кедергі келтірмеу
4. Өз ойыңды ашық айта білуге үйрену
5. Өзіңе пайдалы нәрсені алу
6. Әріптестермен жақсы қарым-қатынаста болу
7. Өзін еркін ұстауға үйрену
Тренинг сабақ
құрылымы:
1. «Теңізге саяхат» релаксациялық жаттығу.
2. «Поезд» жаттығуы.
3. Әдістеме: «Менің
мінезім».
4. «Мен-үйде» және «Мен-жұмыста» жаттығуы.
5. «Ыстық картоп»
ойыны.
6. «Жаңбыр»жаттығуы.
1.
«Теңізге саяхат» релаксациялық жаттығу.
Бұл медитативтілік техника денедегі қысымды түсіруге бағытталған,
музыкамен орындалады.
Жүргізуші. Жайланып отырыңыз, көзіңізді жұмыңыз. Терең демалыңыз,
денеңізді бос ұстаңыз, денеңізді ауырлап бара жатқандай және оны
теңіз толқынының лебі ұрып жатқандай сезініңіз. Өзіңізді жартастың
үстінде тұрмын деп есептеңіз және алысқа көз жіберіңіз. Сіздің
алдыңызда көгілдір теңіз, ашық аспан және күн. Теңіз барқалыпты дем
алып, асау толқандары жағаға соғылып, қайтадан кейін қайтуда.
Теңіз толқындарының шуын естіп, толқындарға қызыға қарап,
жағалаудағы теңіздің тұзды ауасын жұтып тұрсыз. Өз бойыңыздағы
асқан ауыртпалықтан бір сәтке болса да арылғандайсыз. Сіздің
рухыңыз жайлылық сезіміне толы. Сіз төменге түсіп, аяғыңызды
шештіңіз, жалаң аяқ құмның қызуы мен жұмсақтығын сезіне отырып
жүгірудесіз. Міне сіз судың жанына келдіңіз, толқындар сіздің
аяғыңызды жуып жатыр, су жып-жылы әрі жұп-жұмсақ. Сіз қолдарыңызды
бос тастап, басыңызды шалқайттыңыз. Күн сәулесі мен жеңіл самал жел
сіздің бетіңізді өбуде, теңіз толқындарының тамшылары сіздің
денеңізді баурап алғандай. Ерніңізде теңіздің тұзды суының кермек
дәмі және бақыт күлкісі. Сіз өзіңізді кішкентай бала сияқты
сезініп, жүгіргіңіз, секіргіңіз, су шашып ойнағыңыз, күлгіңіз
келеді. Өзіңізге осы бірнеше минут ішінде не істегіңіз келсе, соны
істеуге рұқсат етіңіз.
Сіздің қайтатын уақытыңыз болды. Міне сіз тағы да жардың басында
тұрсыз. Сіздің демалыс пен бақыт сыйлаған ғажайып әлемге
алғысыңызды айтыңыз. Көздеріңізді асықпай ашыңыз!
Қандай сезімде болдыңыз? Не сезіндіңіз?
2.«Поезд» жаттығуы.
Ойын ортада жүргізіледі. Ең алдымен, 1 мен 2-ге саналып аламыз.
1-номердегілер қолдарын 1 рет соғып, аяқтарымен еденді 2 рет
тарсылдатады, ал 2-номердегілер 2 рет қолдарын соғып, 1 рет
аяқтарын еденге тарсылдатады.
3.
Әдістеме: «Менің мінезім»
Мақсаты: Өзіне
деген сенімділігін, өзін тануға деген қабілеттерін анықтау.
Әрбір қатысушы төмендегі жануар,аң, құс аттарынан біреуін
таңдайды.
Түйе, Жылқы, Сиыр, Қой, Ешкі, Ит, Мысық, Тауық, Қаз, Аққу,
Қарлығаш,
Үйрек, Бұлбұл, Арыстан, Қасқыр, Түлкі, Маймыл, Қоян, Тауешкі,
Тасбақа,
Жылан, Балық.
Соңында жануарлар, құстарды таңдау арқылы мінездемелермен
танысады.
Жауабы:
1. Түйе- шыдамды
2. Жылқы- тектілік
3. Сиыр- өкпелегіш
4. Қой- жайдарлылық
5. Ешкі- ұйымдастырушылық
6. Ит- адалдық
7. Мысық- биөрісі басым адамдар
8. Тауық- шығармашыл
9. Қаз- тазалық
10. Аққу- сезімтал
11. Қарлығаш- бауырмал
12. Үйрек- ұқыптылық
13. Бұлбұл- әнді жақсы көретін
14. Арыстан- қайратты
15. Қасқыр- жігерлі
16. Түлкі- бейімделгіш
17. Маймыл- әртістік қабілеті бар
18. Қоян- елгезек
19. Тауешкі- талғамы жоғары
20. Тасбақа- мейірімді
21. Жылан- салқынқанды
22. Балық- еркіндікті қалайды
Талдау: жаттығудан алған
әсеріңіз? Өзіңізді теңеу қиын болды ма?
4.
«Мен – үйде» және «Мен – жұмыста» жаттығуы (10
минут)
Қазір сіздер парақты екі бағанға бөліңіздер. Бірінші бағанаға «Мен
үйде» деп, ал екінші бағанаға «Мен жұмыста» деп жазыңыздар. Осы екі
бағананы сол жердегі мінез-құлықтарыңыз бен жүріс -тұрыстарыңызды
жазыңыздар.
Талқылау:
1. Осы жағдайлардағы мінез-құлықтарыңыз бен жүріс-тұрыстарыңыздың
ұқсастықтары мен
айырмашылықтары туралы қорытынды жасаңыз.
2. Қай бағананы толтырған оңайға соқты? Қай бағана көптеу
болды?
3. Не себепті айырмашылықтар болады?
4. Бұл бағанадағы жағдайлар сәйкес келу керек пе? Неге?
5.
«Ыстық картоп» ойыны
Мақсаты: Қатысушылардың көңіл-күйлерін көтеру.
Қатысушылар шеңбер құрып тұрады. Алдын-ала дайындалған сұрақтар
қағазға жазылып, дөңгелек пішінде умаждап, ыстық картоп
дайындаймыз. Қарқынды әуен қосылады да, қатысушылар ыстық картопты
жылдам бір-біріне береді. Әуен тоқтатылған кезде ыстық картоп
кімнің қолында болады сол адам тез қағазды ашып, жазылған сұраққа
жылдам жауап беруі тиіс.
Сұрақтар:
Бүгінгі көңіл-күйің?
Сенің сүйікті тағамың?
Сенің хоббиің?
Спорттың қай түрін ұнатасың?
Қандай киім үлгісін ұнатасың?
Жылдың қай мезгілін ұнатасың? Не үшін?
Қай түсті ұнатасың?
Жылдың ең қысқа айы?
Сүйікті әнің?
«А» дыбысынан басталатын бес затты ата?
Кері оқығанда тура мағынаны беретін адамның дене мүшесі?
Саған ұнайтын кино?
Сүйікті әншің?
6.«Жаңбыр»
Мақсаты:қатысушылардың
көңіл-күйін көтеру, жағымды эмоция
туғызу.
Нұсқаулық:Сол алақанымызға оң қолымыздың сұқ саусағымен соғамыз. Сосын оған екінші саусағымызды қосамыз, сосын үш саусағымызды. Төрт. Бес. Сосын алақанымызбен түгел соғамыз. Содан кейін керісінше бір саусақтан кемітіп, бір саусағымыз қалғанша қайталап шығамыз.
Кері байланыс. Рефлексия.
Сабақта
-
Мен білдім ...
-
Мен үйрендім ...
-
Маған ұнады ...
Тренер: Кадиева Айгүл Ибжанқызы.
Мен білдім ...
___________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Мен үйрендім ...
____________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Н.Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауы
Қазақстан халқына кезекті Жолдауын жолдаған мемлекет басшысы: «Бүгінде әлем Төртінші өнеркәсіптік революция дәуіріне, технологиялық, экономикалық және әлеуметтік салалардағы терең және қарқынды өзгерістер кезеңіне қадам басып келеді. Бұл Жолдау жаңа әлемге, яғни Төртінші өнеркәсіптік революция әлеміне бейімделу мен жетістікке жету жолын табу үшін не істеу қажеттігін айқындайды.
2017 жылы еліміз әлемдік дағдарыстың қолайсыз салдарын еңсеріп, сенімді өсу жолына қайта түсті. Жыл қорытындысы бойынша ішкі жалпы өнімнің өсуі 4 процент болып, ал өнеркәсіптік өнімнің өсуі 7 проценттен асты. Бұл орайда, өнеркәсіптің жалпы көлемінде өңдеуші сектордың үлесі 40 проценттен асып түсті. Қазақстанның қолайлы дамуы орта таптың қалыптасуына мүмкіндік берді. Кедейшілік 13 есе қысқарып, жұмыссыздық деңгейі 4,9 пайызға дейін төмендеді. Еліміздің әлеуметтік-экономикалық табыстарының негізі – біздің басты құндылықтарымыз ретінде қала беретін азаматтық бейбітшілік, ұлтаралық және конфессияаралық келісім. Қазақстанның жетістіктері сенімді тірек саналғанмен, бірақ, оның ертеңгі табыстарымыздың кепілі емес екенін жақсы сезінуіміз керек.
«Көл-көсір мұнайдың» дәуірі аяқталып келеді. Елімізге дамудың жаңа сапасы қажет. Ол, бірінші кезекте, Төртінші өнеркәсіптік революция элементтерін кеңінен енгізуге негізделуі тиіс. Мұның өзіндік сын-қатерлері де, мүмкіндіктері де бар. Бұл үшін мынадай міндеттерді шешуге жұмылуымыз керек, атап айтқанда:
1. Индустрияландыру жаңа технологияларды енгізудің көшбасшысына айналуы тиіс.
2. Ресурстық әлеуетті одан әрі дамыту.
3. «Ақылды технологиялар» – агроөнеркәсіп кешенін қарқынды дамыту мүмкіндігі.
4. Көлік-логистика инфрақұрылымының тиімділігін арттыру.
5. Құрылысқа және коммуналдық секторға заманауи технологияларды енгізу.
6. Қаржы секторын «қайта жаңғырту».
7.Адами капитал – жаңғыру негізі.
8. Тиімді мемлекеттік басқару.
9. Жемқорлықпен күрес және заңның үстемдігі.
10. «Ақылды қалалар» «ақылды ұлт» үшін. Міне, алдымызда тұрған 10 міндет — осылар. Біз жаңа заманға сай болу үшін Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы тарихи өрлеу бастауында тұрған біртұтас ұлт болуымыз керек»,— деді.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Тренинг сабақ: Көңілі көтеріңкі ұстаздың,еңбегі де жемісті

шағым қалдыра аласыз