Материалдар / Тренинг Тақырыбы: «Менің қоғамдағы рөлім»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Тренинг Тақырыбы: «Менің қоғамдағы рөлім»

Материал туралы қысқаша түсінік
қатысушылардың өзара қарым-қатынастарын нығайту, жағымсыз көңіл-күйден арылу, күш-қуат жинау, өзін-өзі тану, құрметтеу, өзін еркін сезінуге көмектесу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
08 Сәуір 2022
827
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Тақырыбы: «Менің қоғамдағы рөлім»


Мақсаты: қатысушылардың өзара қарым-қатынастарын нығайту, жағымсыз көңіл-күйден арылу, күш-қуат жинау, өзін-өзі тану, құрметтеу, өзін еркін сезінуге көмектесу.


Тренингтің барысы:

1 Сәлемдесу.

2. «Түрлі-түсті доптар» жаттығуы.

3. «Мен қандай адаммын?» тест

4. «Мюнстерберг» әдістемесі.

5 .Тест. «Суреттен нені байқадыңыз?»

6. «Теңізге саяхат» релаксациялық жаттығу.

7. Қорытынды «Суретті тест» жаттығуы.

Қажетті құралдар: Доп, ақ параққа күннің, бұлттың, жаңбырдың, жасыл шөптер бейнеленген парақ қағазы, түсті және ақ қағаз, қайшы, турлі-түсті қаламдар т.б.


Ұйымдастыру.

Құрметті қатысушылар!

Бүгінгі мақсат-айналамыздағы адамдарымызбен қарым-қатынасымыз қандай, олар кімдер, біз кімбіз, өзімізді-өзіміз танимыз ба?- деген сұрақтарға жауап іздеп тұлғаның адами көзқарасын анықтау.

Ендеше сіздерге сәттілік тілей отырып, тренингімізді бастаймыз.


1. Сәлемдесу.

Қазір топтың әр мүшесі кезекпен ортаға шығып, топқа қарап бір-бірін қайталамай,топпен кез-келген тәсілмен сәлемдеседі. Ал біз әрбір сәлемдесуді қайталаймыз.


Жаттығудан кейін талқылау.

Сәлемдесудің қайсысы сіздің есіңізде қалды және неліктен?


2. «Түрлі-түсті доптар» жаттығуы.


Мақсаты: есту арқылы есте сақтау деңгейлерін дамыту.

Психолог: қазір сіздер алдарыңыздағы бланкіге бірнеше доп саласыздар, ол үшінмені мұқият тыңдап алыңыздар.

Мынадай нұсқау беріледі:

Қағаз бетіне екі кішкентай қызыл және жасыл доп салыңыз, қызыл доп пен жасыл доптың ортасына үлкен сары доп салыңыз, ал жасыл доптың жанына кішкентай көк доп салыңыз.


Жаттығудан кейін талқылау.


3. «Мен қандай адаммын?» тест


Мақсаты: қоғамда өзіңізді қалай ұстайтыныңызды анықтау.


Айналамызды бақылап, өзгелерге сын айту барлығымыздың қолымыздан келеді. Ал сол сынды өзімізге айта аламыз ба? Бұл тесттің көмегімен қоғам ортасында өзіңізді қалай ұстайтындығыңызды анықтауға болады. Мінезіңізді өзгертуге әлі де кеш емес.


1. Біреумен ренжісіп қалған соң, татуласудың жолдарын іздейсіз бе?

А) әрдайым деп айта алмаймын

Ә) кейде

Б) ешқашан

2. Өзіңізді оқыс оқиғаларға тап болған жағдайда қалай ұстайсыз?

А) іштей ұяламын

Ә) өте сабырлымын

Б) өзімді басқара алмай қаламын

3. Сізді достарыңыз бен сыныптастарыңыз қандай деп ойлайды?

А) өзіне барынша сенімді, өзгелерге қызғанышпен қарайды

Ә) кіммен болса да жылдам дос болатын

Б) қарапайым әрі тәуелсіз

4. Сізге бір мекемеде басшылық қызметін ұсынса, қандай әрекет жасайсыз?

А) іштей қорықсам да, міндетті түрде қабылдаймын

Ә) қуана отырып келісемін

Б) өмірімнің тыныштығын қамтамасыз ету үшін бас тартамын

5. Достарыңыз сізден рұқсат сұрамастан дәптеріңіздегі үй тапсырмасын көшіріп алса не істейсіз?

А) ұрысамын

Ә) қайтаруын талап етемін

Б) басқа ештеңе керек емес пе деп сұраймын

6. Ата-анаңыз жұмыстан көп уақытқа кешігіп келсе қалай қарсы аласыз?

А) не себепті кешіктіңіздер?

Ә) бұл уақытқа дейін қайда жүрдіңіздер?

Б) мен уайымдай бастайған едім...

7. Көліктің рөлінде отырсаңыз қандай әрекет жасайсыз?

А) алдыма шыққан көліктермен жарысамын

Ә) маған менен жылдам жүріп жатса да бәрібір

Б) ешкім жетіп алмауы үшін барынша жылдам жүруге тырысамын

8. Өзіңіздің өмірге деген көзқарасыңыз қандай деп ойлайсыз?

А) белгілі бір дәрежеде тепе-теңдік бар

Ә) жеңілтекпін

Б) тым қатыгезбін

9. Қолыңыздан келмейтін іске тап болсаңыз төмендегі әрекеттердің қайсысын орындайсыз?

А) кінәні өзгелерге артамын

Ә) көнемін

Б) келесі жолы сақ боламын

10. «Қазіргі жастар бұзылып барады» тақырыбында жазылған мақалаларға көзқарасыңыз қандай?

А) толықтай келісемін, қазіргі жастарға тыйым салуымыз керек

Ә) жастарға мәдени ошақтарға бару үшін жағдай жасау керек

Б) оларға көңіл бөлудің қажеті жоқ

11. Сіз армандап жүрген зат басқа біреуге берілсе қандай сезімде боласыз?

А) бұған сонша жүйкемді тоздырып нем бар еді?

Ә) маған қарағанда бұл адамға көбірек қажет болған шығар

Б) мүмкін келесі бірде алармын

12. Қорқынышты фильм көріп отырғанда қандай сезімде боласыз?

А) қорқамын

Ә) маған қызық емес

Б) ләззат аламын

13. Маңызды кездесуге бара жатып көлік бұзылып қалса не істейсіз?

А) кездесу барысында кешіккенім үшін қобалжып, ыңғайсызданамын

Ә) жолда болған жағдайды түсіндіруге тырысамын

Б) өкінемін

14. Спорт жаттығуларына көзқарасыңыз қандай?

А) біреумен жарысқан жағдайда міндетті түрде жеңуге тырысамын

Ә) спорт пен салауатты өмір салтын қолдаймын

Б) жеңіліс тапқан жағдайда қатты қапаланамын

15. Сізге дәмхана даяшылары ойдағыдай қызмет көрсетпеген жағдайда не істейсіз?

А) сыпайылық танытып, көз жұма қараймын

Ә) дәмхана басшылығына ескерту жасаймын

Б) шағым кітапшасын пайдаланамын

16. Оқу орныңызда біреулер қарындасыңызды немесе бауырыңызды ренжіткен болса, не істейсіз?

А) топ жетекшісімен сөйлесемін

Ә) ренжіткен адамның ата-анасымен жанжалдасамын

Б) сыбағасын өзің бер деп кеңес айтамын

17. Сіз қандай адамсыз?

А) орташа мүмкіндіктері бар

Ә) өзіне сенімді

Б) жеңілтек

18. Есікте біреумен соқтығысып қалсаңыз?

А) кешір, бұл – менің кінәм

Ә) ештеңе етпейді

Б) көзіңе қарап жүрмейсің бе?


19. Ең сүйікті жануарыңыз қандай?

А) жолбарыс

Ә) үй мысығы

Б) қонжық


Жауабы:


Нұсқалардың ішінен дұрыс жауап таппаған жағдайда 0 ұпай деп есептеңіз.

34 ұпай және одан төмен

Өзіңізге, күшіңіз бен мүмкіндіктеріңізге сенімсіздеу болғандықтан, бәрімен тату болғанды жақсы көресіз. Алайда бұны жағымпазданумен шатастырудың қажеті жоқ. Алайда шешім қабылдап үйренгеніңіз жөн. Қарапайым адамдардың сынына төзсеңіз де, жоғары жақтағылардың сынына төзе бермейсіз.

35-44 ұпай аралығы

Жеткен жетістіктеріңіздің көптігіне қарамастан, шамадан тыс ашуланшақсыз. Көп жағдайда себеппен айтылған сындарға ғана мән бересіз.

45 ұпай және одан жоғары

Ашуланшақсыз әрі айналаңызға қатыгезсіз. Алдыңызға мақсат қойсаңыз, өз күшіңізге ғана сенесіз. Өз жолыңызда өзгелерді құрбан қылуға дайынсыз.


4. «Мюнстерберг» әдістемесі.

Мақсаты: зейін қаблетін дамыту

Уақыты: 5 мин.

Психолог: Көптеген әріптердің арасында тұтас сөздер бар. Сіздің міндетіңіз, тез оқып отырып, сол сөздердің астын сызуыңыз керек.

Аашпгопартаивнртерезевнаапташыопккарталыг

ксағатлыгсабақоыгборпыаукесікрвнбасбалдақин

акпотақтагыеоқушыоанмұғалімрыгадиректорвпыкуқызметкерапецуранлвгкдә

птершлпевоалд................ Вншағашшедышыршанемоедарынжаотанымдплпоқуогшнәтижелдплджылоллдмектеплдол

ғылымолплдәлеуметлдлоқушыолаплкөрушгдзейінждыжэхзппбалашещзбілімгещскезеңолвщк

міндетлдыжоблыспнущдамытузелжойындвщшәрекетопгпедагогжвщшуақытжхухбасш

Зерттелуші тапсырманы орындап болғаннан кейін нәтижесі есептелінеді.








5. Тест: "Суреттен нені байқадыңыз?"


Мақсаты:суреттегі өзіне ұнаған ағашты таңдау арқылы мінезін анықтау.

Суреттен өзіңізге ұнаған ағашты таңдаңыз, артынша ағашыңыздың нөміріне сәйкес келетін жауаптарды оқыңыз:


1. Кемелділікке ұмтылатын, өте сезімтал әрі мейірімді адам. Аздаған менмендігі бар. Адамдармен бірден сөйлесіп кете алмайды. Еңбекқор. Өзін ренжітпейінше, барлығына жақын адамындай қарайды. Достарын қандай жағдай болмасын қадірлей біледі. Біреу ренжітсе, көпке дейін ұмытпайды.


2. Жауапкершілігі мол, шыншыл әрі айналадағыларға өте қызықты адам. Пысық, өзінен сөз асырмайды. Әңгімелесуші адамның сеніміне бірден ие болады.


3. Ақылды әрі терең ойлайтын адам. Өзі секілді адамдармен ғана жақсы сөйлеседі. Қоғам үшін маңызды әрі көп адам басын қатыра бермейтін істермен айналысады.


4. Зерек адам. Бұл адамның қылықтарын айналадағы адамдар түсінбей, жүрегіне тиетін сын айтулары мүмкін. Аздаған философиялық ойлары бар, махаббат пен мейірімділікті талап ететін, эмоцияға берілгіш жан.


5. Өзіне сенімді әрі мықты адам. Өте белсенді, басқаруды ұнатады. Өмірде табысқа қол жеткізетін жан деуге болады. Шындыққа тура қарай біледі, өмір қиындықтарынан еш қорықпайды. Бұндай адамдар қорқақ, өтірікші адамдармен бірге болуды ұнатпайды.


6. Мейірімді әрі барлығымен тіл табыса білетін адам. Жүрген ортасының «гүлі» болуды ұнатады. Бұл адаммен сөйлескен өте қызық. Ол айналасындағыларға үнемі жақсылық жасап жүреді.


7. Бақытты да мейірімді жан. Өзгелерді сөйлесіп отырғанда жүрегімен тыңдай біледі, дос болып, сүйе де біледі. Күйзеліске оңай төтеп беретін оптимист. Алдына қойған мақсатына жетпей тынбайды.


8. Энергияға толы әрі қызықты адам. Қызық оқиғаларға тап болғанды ұнатады. Саяхаттағанды жақсы көреді. Қайда жүрсе де көңілді жүреді. Өзінің хоббиін жиі ауыстырады.


9. Оптимист әрі көңілді жүретін адам. Бұл адамдар өмірдің әрбір тағатын бағалай біледі. Қолында барын өзгелерден аямайды. Әрдайым қуануға асығады.Ситуация.


6. «Теңізге саяхат» релаксациялық жаттығуы


Бұл медитативтілік техника денедегі қысымды түсіруге бағытталған, музыкамен орындалады.


Жүргізуші. Жайланып отырыңыз, көзіңізді жұмыңыз. Терең демалыңыз, денеңізді бос ұстаңыз, денеңізді ауырлап бара жатқандай және оны теңіз толқынының лебі ұрып жатқандай сезініңіз. Өзіңізді жартастың үстінде тұрмын деп есептеңіз және алысқа көз жіберіңіз. Сіздің алдыңызда көгілдір теңіз, ашық аспан және күн. Теңіз барқалыпты дем алып, асау толқындары жағаға соғылып, қайтадан кейін қайтуда.

Теңіз толқындарының шуын естіп, толқындарға қызыға қарап, жағалаудағы теңіздің тұзды ауасын жұтып тұрсыз. Өз бойыңыздағы асқан ауыртпалықтан бір сәтке болса да арылғандайсыз. Сіздің рухыңыз жайлылық сезіміне толы. Сіз төменге түсіп, аяғыңызды шештіңіз, жалаң аяқ құмның қызуы мен жұмсақтығын сезіне отырып жүрудесіз. Міне сіз судың жанына келдіңіз, толқындар сіздің аяғыңызды жуып жатыр, су жып-жылы әрі жұп-жұмсақ. Сіз қолдарыңызды бос тастап, басыңызды шалқайттыңыз. Күн сәулесі мен жеңіл самал жел сіздің бетіңізді өбуде, теңіз толқындарының тамшылары сіздің денеңізді баурап алғандай. Ерніңізде теңіздің тұзды суының кермек дәмі және бақыт күлкісі. Сіз өзіңізді кішкентай бала сияқты сезініп, жүгіргіңіз, секіргіңіз, су шашып ойнағыңыз, күлгіңіз келеді. Өзіңізге осы бірнеше минут ішінде не істегіңіз келсе, соны істеуге рұқсат етіңіз.

Сіздің қайтатын уақытыңыз болды. Міне сіз тағы да жардың басында тұрсыз. Сіздің демалыс пен бақыт сыйлаған ғажайып әлемге алғысыңызды айтыңыз. Көздеріңізді асықпай ашыңыз!

Қандай сезімде болдыңыз? Не сезіндіңіз?








7. Қорытынды «Суретті тест» жаттығуы.


Психолог: Құрметті қатысушылар бүгінгі тренингіміз қалай өтті? Барлығымыз қандай әсер алдық? Қорыта келе тренингтен алған әсерлерімізді осы «Суретті тест» жаттығуы арқылы білетін боламыз.

Қатысушыларға күннің, бұлттың, жаңбырдың, жасыл шөптер

бейнеленген парақ таратылады. Тренингтен алған әсерін, бір-біріне тілектерін сол берілген суреттердің біреуіне жазады.

Талдау.

Күннің суреті-тренингке қатысушының толық қанағаттанғаны, көңілденгені.

Бұлттың суреті- алған әсері төмен.

Жаңбырдың суреті- ешқандай әсер алмаған.

Жасыл шөптер- көңілді, жақсы әсер алғаны.


Қатысқандарыңызға көп рахмет!






























«Қазтұтынуодағы агробизнес және экономика колледж» мекемесі



Бекітемін

Басшының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

____________ Кабдолланова А.Е

20___ж. "____" ___________





Shape1

Тренинг



Тақырыбы:Менің қоғамдағы рөлім


Picture 3


Педагог-психолог:Өмірханова А.Ө









Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!