Ашық
сабақ
Тақырыбы:
Тригонометриялық
функциялардың
таңбалары
Пән
мұғалімі: Қабдолданова
А.Р.
2015-2016 оқу
жылы.
Сыныбы: 9.
Күні: 29.11.
Сабақтың
тақырыбы: Тригонометриялық функциялардың
таңбалары.
Сабақтың
мақсаты: Білімділік: Тірек ұғымдарды қолдана отырып
тригонометриялық функциялардың, яғни cosɑ, sinɑ, tgɑ, ctgɑ-ның әр
ширектегі таңбасын анықтау.Тақырыпқа берілген есепті шығара отырып
білу дағдысын қалыптастыру. Дамытушылық: Оқушыны ұқыпты тыңдауға,
сұрақтарға нақты жауап беруге, практикамен ұштастыруға, тез шешім
қабылдай білуге, өз білімін көрсете алу қасиеттерін ашуға
үйрету. Тәрбиелік: Оқушыларды өз бетімен есеп
шығаруға, ізденуге, шығармашылықпен еңбек етуге
баулу.
Сабақтың
типі: жаңа білімді
меңгерту.
Сабақтың
түрі: Аралас.
Сабақтың
көрнекілігі: Кестелер, тірек ұғымдар
жазылған плакат, тригонометриялық дөңгелек моделі, "математикалық
лото", бағалау парағы.
Сабақтың ұйымдастыру
тәсілі: Түсіндірмелі,сұрақ-жауап,есептер шығару,ойын
түрі.
Сабақтың
құрылымы:
1.Оқушылық деңгейі (ауызша
сұрақтар).
2.Алгоритмдік деңгей(жаңа
сабақ).
3.Эвристикалық
деңгей(математикалық лото).
4.Шығармашылық
деңгей(оқулықпен жұмыс).
Ә р сатыда берілетін
барлық тапсырмалар өз бетімен деңгейлеп оқытуға негізделген жүйеде
шешіледі.Оқушылар білімдеріне қарай деңгейлерін өздері
таңдайды.
-күрделі, - - орташа,
-жеңіл
Білімдерін өзін-өзі, бақылаушы
топ, мұғалімдер бағалайды.
Сабақтың
барысы:
1.Ұйымдастыру.
2.Үй тапсырмасын тексеру:
№207.
3.Негізгі
бөлім.
"Міндетті оқушылық саты"
Ауызша сұрақтар:
1.Координаталық жүйе қалай
құрылады?
2.Тригонометриялық
дөңгелек?
3.Радиус
вектор?
4.Радиус вектор
бағыты?
5.Бір радиан бұрыш дегеніміз
не?
6.Радиандық шаманы градустық
шамаға айналдыру формуласы?
7.Градустық шаманы радиандық
шамаға айналдыру формуласы?
8.Тригонометриялық
функциялардың анықтамасы, яғни cosɑ-? sinɑ-? tgɑ-?
ctgɑ-?
9.Тригонометриялық негізгі
тепе-теңдік?
"Алгоритмдік саты " жаңа
сабақ:
Тірек ұғымдар: Координаталық
жүйе, тригонометриялық шеңбер, бұрыштың радиандық және градустық
өлшемдері, бұрыштың оң және теріс бағыты, таңбалары әртүрлі екі
санның бөліндіс және көбейтіндісі, радиус вектор,тригонометриялық
функциялардың кез-келген бұрыштар үшін(мәндері)
анықтамасы.
Тригонометриялық функциялардың
таңбаларын тірек ұғымдарын және кестені қолдана отырып бақылаушы
топ түсіндіреді.
"Эвристикалық саты".
"математикалық лото"
Мұндағы тапсырмалар
дидактикалық материалдан және журналдан алынған. Мұнда оқушылар
деңгейлік есептерді шығарады.
"Шығармашылық
деңгей" . Оқулықпен жұмыс: №226, 220,
213,212
Үйге тапсырмасы: №213, 212
есептерді аяқтау.
Бекіту:
Оқушылардың білімін
бағалау.Бағалау парағы бойынша әр деңгейлік сатыныңбағалары
қойылып, қорытынды баға қойылады.
Қолданылған
әдебиеттер: 1)ғылыми-әдістемелік журнал
"Математика және физика". №5, 2009 ж. 2)Репетитор. №4 2008
ж.