Материалдар / Триз технологиясы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Триз технологиясы

Материал туралы қысқаша түсінік
сабақ үдерісінде триз технологиясының әдіс тәсілдерін баланың танымдық әрекетін дамыту, түзету барысында пайдалану
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
27 Ақпан 2024
216
1 рет жүктелген
450 ₸
Бүгін алсаңыз
+23 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +23 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Триз технологиясы

Ұстаз жолы -қиын,қызық басқадан

Қиындыққа мойымаған,қашпаған

Қанша қажып, шаршаса да Ұлы істе

Қандай рахат өз бақытын тапса адам. –

Иә, осындай Ұлы жолды таңдап, өз еңбек жолын мұғалім болудан бастаған арнайы мамандар барлықтарыңызға сәттілік тілеймін. 

«Мұғалімдік мамандық – бұл адамтану, адамның күрделі және қызықты, шымшытырғы мол рухани жан дүниесіне үңіле білу. Педагогикалық шеберлік пен педагогикалық өнер – ол даналықты жүректен ұғу болып табылады», -деп атап көрсетеді В.А. Сухомлинский. Әсіресе ұстаздық шеберлік әрекеті қалыпты, дені сау баламен жұмыс кезінен гөрі, даму мүмкіндігі шектеулі балалармен қарым-қатынас кезінде көбірек қажет.

Өз ісінің білгері хәм шебер атану үшін жақсы жұмыс істеп өз ісін жетік білуге ұмтылу қажет. н. Әрбір адам әрбір маман тәуелсіз мемлекетіміздің болашағын қалап жатқан маман. Өйткені, ел болашағының кілті - бүгінгі жас ұрпақтың қолында. Жас ұрпақтың тағдыры олардың бойына білім мен ізгілік нұрын себуші - ұстаздардың қолында.

Исатай Әбдікәрімов атындағы біздің мектеп 1986 жылы іргесі қаланған қәзіргі таңда 600 ден астам оқушысы бар сапалы білім саналы тәрбие беретін орта мектеп. Мен бұл мектепте қызмет етіп келе жатқаныма 20 жылдан асыпты.

Абай атындағы Тараз гумманитарлық колледжінің Дефектология және логапедия бөлімінің сурдопедегог және мектеп логапеді мамандығын 2000 жылы үздік бітіріп шықтым. Алайда мамандық бойынша жұмыс болмаған соң аталмыш мектепке бастауыш пән мұғалімі болып қабылдандым. 2008 жылдан бастап Технология пәнінің мұғалімі болып жұмыс жасадым. 2019 – 2020 оқу жылында дефектолог штаты ашылып өз мамандығым бойынша жұмыс жалғастырып келемін.

Мамандығыма деген сүйіспеншілік балаларға деген мейірімділік қамқорлық еңбегімде абыройлы шәкірттеріме үлгілі ұстаз болуға бастама болып тұр.

Мектеп дефектологы ретінде ерекше білімді қажет ететін балаларды тәрбиелеу мен оқытуда білім беру бағдарламасының қыр сырын ашып ізденумен келемін.

Олардың бойындағы қандай да бір кемшіліктерін түзей еңбекке баули отырып қоғамда өз орнын табуға атсалысамын.Бұл мамандыққа келмей тұрып бастауыш, технология пән мұғалімі болып жұмыс жасауым жинаған іс тәжірибем осы мамандығыма бағдар болып тәжірибелеріммен ұштастырып келемін.

Қазіргі кезде мектептерде кемтар балаларды қамқорлыққа алып, олардың қалыптасуына және айығуына мүмкіндік жасап, өз бетімен өмір сүруіне бағдар беруге арнайы дайындық жүргізілуде. Ерекше білімді қажет ететін балалардың білім деңгейін көтеріп, өмірге қажетті білім-білік дағдысын, тәртібін, әлеуметтік ортаға бейімделуін қалыптастыруға байланысты түрлі шаралар жасалуда. Педагог-дефектологтың кәсіби әрекеті дәстүрлі ұстаздың әрекетінің белгіленген шеңберінен әлдеқайда кең болып келеді өйткені әлеуметтік-педагогикалық, оңалту, консультативтік-диагностикалық, психотерапиялық жеке коррекцияның көптеген түрлерімен бағытталған, яғни мүмкіндігі шектеулі тұлғаның әлеуметтік бейімделуіне және арнайы білім алуына ықпал ету.

Қазіргі уақытта арнайы педагогиканың түрлі мамандықтарын игеруге болады. Педагог-дефектологтың кәсіптік іс-әрекетінің шеңбері маман дайындау бағытына, олардың жұмысы мазмұнына тәуелді ерекшеленеді.

Қандай әрекет жасап қандай іс істер болсаңыз игілігін көріп мақсатына жеткен жөн.Бұл Шығыс ойшылы Әл –Фарабидің парасатты пайымы. Мен Абилхасимова Индира Алтынбекқызы Қожакент ауылы И. Әбдікәріміов атындағы № 168 орта мектебінің дефектологы осы ұстанымды ұстаймын.











Шебер сағат.

Жалпы арнайы педагог- бұл жан дүниесі өте кең ерекше рухани құндылықтарға ие, мейірімді, ақ көңілді, жан-жақты кәсіби құндылықтар жүйесін меңгерген, өзінің кәсіби әрекетін нәтижелі әрі сәтті болатынына сенімді тұлға. Оның кәсіби әрекеті соншалықты кең . Мен арнайы сайттардан ерекше балалармен жұмыс жасау технологиясын жан жақты ізденудемін. Себебі менің арнайы теориялық білімім 20 жыл бұрын қалыптасқанымен іс тәжірибем аз

Сол ақпараттарды іздеу барысында мен Триз технологиясына мән беріп қарадым.

Триз технологиясы

ТРИЗ – өнертапқыштық тапсырмаларды шешу теориясы. Негізін салушы – Генрих Альтшуллер. Технологияның басты идеясы – техникалық жүйелер белгілі бір заңмен туындап, дамиды: бұл заңдарды тануға және ӛнертапқыштық тапсырмаларды шешу үшін қолдануға болады. Қазіргі таңда Г.С. Альтшуллердің ТРИЗ технологиясы мектеп жасына дейінгі балалардың сӛйлеуін, тапқырлығын, шығармашылық елестетуін, диалектикалық ойлауын дамыту үшін балабақшаларда жиі қолданылады.

Міндеттері: Балалардың ауызша сӛйлеу тілі компоненттерін дамыту. Тілді естуді дамыту, сӛздік қорды байыту. Тілдесу дағдыларын (диологтік және монологтік) қалыптастыру. Сӛйлеу әдебінің нормаларына баулу. Тілге, оның байлығы мен кӛркемдігіне деген қызығушылықты арттыру. Ерекше білімді

қажет ететін балалармен жұмыс істеу кезінде ТРИЗ элементтерін қолдана

отырып, келесідей дидактикалық қағидаттарды ескеруі қажет:

Таңдау еркіндігі қағидаты – балаға кез келген оқыту немесе басқару әрекетіне таңдау құқығы; Ашықтылық қағидаты – балаға ашық (шешімнің бірнеше жолы бар) тапсырмалармен жұмыс істеу мүмкіндігін беру керек. Шығармашылық тапсырмалар, дидактикалық ойынның әртүрлі нұсқаларын жасауы керек;

Іс-әрекет қағидаты – кез келген дидактикалық ойындарды практикалық іс әрекетке қосу қажет;

Кері байланыс қағидаты – тәрбиеші балалардың ойлау операциясын меңгеру үдерісін тұрақты бақылай алады, ӛйткені жаңа шығармашылық тапсырмада алдыңғы тапсырма, дидактикалық ойынның элементтері болады;

Мінсіздік қағидаты – дидактикалық ойын ойнау барысында, бала жанжақты дамиды, бұл ӛз кезегінде баланың білімі мен қызығушылығын, мүмкіндігін барынша қолдануға мүмкіндік береді.

ТРИЗ элементтерін қолдана отырып, жас ерекшелігіне сай құзыретті, танымдық белсенді, шығармашыл, бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеуге түрткі болды. ТРИЗ технологиясы балаларды ӛнертапқыштыққа үйретіп, ойлау қабілетін дамытады.ТРИЗ технологиясы – бір нәрсені бірнеше бағытта қолдану.

. ТРИЗ – бір рет құрылып, өзгермейтін шығармашылық педагогикалық жұмыстар жүйесі емес, бұл үнемі дамитын технология.

ТРИЗ технологиясының әдіс-тәсілдері «Миға шабуыл» әдісі; «Қателік және сынау» әдісі; «Эмпатия» әдісі; «Тірі және ӛлі нысандарды салыстыру» әдісі; «Қарама-қайшылық» әдісі; «Фантастикалық ұқсастық» әдісі; «Тікелей ұқсастық» әдісі. Мақсаты: • Қызығушылықты белсендендіру; • Білімді жүйелеу; • Салыстырмалалық түсінігін қалыптастыру; • Табиғатпен қарым-қатынас т.б әдіс тәсілдері бар

Өз сабағымда Триз технологиясының Бағдаршамды түрлі әдістер арқылы жасауға болатынын таныстырдым. Яғни бала екі түрлі әдіс арқылы бірі умаждау екінші топ саусақпен бастыру әдісімен жұмыс жасады.

Алдымен умаждау жұмысы орындалған сәтте бала түсті тани отырып қол маторикасының дамуына да өз әсерін тигізеді.

Өзі жасағанды ашуға қызығушылығын тәрбиелейді. ТРИЗ қолдаушылары әрдайым ізденісте болады, осы технологияны өз сабақтарыңызда қолдануға болады.

Мен сияқты мамандар өз тәжірибесінде түрлі әдістерін ойлап табады, дайындайды. Білімің артып, сабағаңның нәтижелі болатынына сенімім мол





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!