Баяндама
«ТРИЗ» технологиясын қолданудың әдіс-тәсілдері
Байманова Жанат Беккуловна
Жылыой ауданы,Құлсары қаласы
ҚМҚК «Айналайын» ясли бақшасы,балабақша тәрбиешісі

1946 жылы Г.С Альтшуллер шығармашылық әдісі бойынша жұмысын бастады. ТРИЗ атауы кейінірек 70жылы пайда болады. Шығармашылық тапсырмаларды орындау теориясы адамның шығармашылық мүмкіндіктерін дамытудың жаңа әдістемесі үшін негіз болып табылады. Шығармашылық мүмкіндіктердің көріне бастауының себебі - балалық кездегі елестету деңгейінің жоғарлығымен, балалардың ойлауын танымдық бағытының дамуымен түсіндіріледі.
Шығармашылық- бұл адамның өмір шындығында өзін-өзі тануға ұмтылуы, ізденуі. Өмірде дұрыс жол табу үшін адам дұрыс ой түйіп, өздігінен сапалы, дәлелді шешімдер қабылдай білуге үйренуі қажет. Адам бойындағы қабілеттерін дамытып, олардың өшуіне жол бермеу, оның рухани күшін нығайтып, өмірден өз орнын табуға көмектеседі.
Көшбасшымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты халықтан қызу қолдау тапқан кешегі тұғырнамасын ширек ғасырды артқа тастаған Тәуелсіз Қазақстанның жаһандану дәуіріндегі рухани кеңістігіміздің жаңа бастауы деп бағалауымыз керек. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бұл мақаласы ел дамуының жарқын үлгісі мен нақты қадамдарын көрсететін келелі ой, салиқалы пікір, батыл шешімдерге құрылған маңызды құжат. Бұл – тәуелсіз еліміздің бақытты болашағы мен алаңсыз келешегі үшін жасалып жатқан жұмыс.Триз технологиясының әдіс-тәсілдерін пайдалана отырып,балалардың ойлау қабілеттерін арттырып ,батыл шешім қабылдауға үйретуге болады.
Мақсаты :1.ТРИЗ технологиясы-балаларды өнертапқыштыққа үйретіп, ойлау қабілетін дамытады
2. ТРИЗ технологиясы бір нәрсені бірнеше бағытта қолдану
3. Ойындар мен тапсырмаларды пайдалана отырып,ұжымдық әрекет қарым-қатынас жасай білуге үйрету,топтық әрекеттерді қалыптастыру, дағдыландыру
Міндеттері:
- Бала мүмкіндігін ескеріп, заман талабына сай білім беру;
-Триз элементтерін пайдаланып, шығармашылық қаблетінің ашылуына мүмкіндік туғызу;
-Балалардың көркемдік шығармашылығын дамыта отыра әр баланың психологиялық ерекшіліктерін танып білу.
Тризшылардың ұраны«Барлығын айтуға болады»
Әдістері:
-Сөйлемнен әңгіме құрастыру;
-Үйренген сөзден сөйлем құрау;
-Сызба бойынша еркін әңгімелеу;
-Ойлау қабілеттерін арттыру;
-Ойын толық айтып жеткізе білу;
-Балалардың шығармашылық қиялын дамыту;
-Сұрақ жауап;
-Көрнекілік.
ТРИЗ технологиясын қолдану дәстүрлі іс-әрекеті
Ұйымдастырылған іс-әрекетін мақсаты:
А) тәрбиеші үшін: жаңа материалды беру;
Ә) бала үшін: жаңа материалдымеңгеру
Ұйымдастырылған әдіс –әрекет түрлері:
А) тәрбиешіүшін: жаңа материалдытүсіндіру,
Ә) бала үшін: жаңа материалды тыңдау, естесақтау.
Ұйымдастырылғанәдіс –әрекетіжоспарбойыншаөткізу.
ТРИЗ технологиясын қолдану шығармашылық іс-әрекеті
Ұйымдастырылған іс-әрекетін мақсаты:
А) тәрбиеші үшін: балаларға жаңа нәтежеге бағытталған іс-әрекетін ұйымдастыру;
Ә) бала үшін: шығармашылық «өнім» ойлап табу.
Ұйымдастырылған әдіс –әрекетін түрлері:
А) тәрбиеші үшін: балалардың шығармашылық іс-әрекетің ұйымдастыру;
Ә) бала үшін: жана нысанды зерттеу, құбылысты талдау.
Ұйымдастырылған әдіс –әрекетінің құрлымы жағдайға байланысты жоспардың өзгеруі мүмкін.
Балалардың шығармашылық қиялын дамыту Ойын толық айтып жеткізе білу ТРИЗ технологиясы үйренген сөзден сөйлем құрастыру. Сөйлемнен әңгіме құрастыру. Ойлау қаблеттерін арттыру. Сызба бойынша еркін әңгімелеу
Тақырыптың өзектілігіМектепке дейінгі білім дамудың жаңа кезеңінде тұр.Оның алдында көптеген ауыр мәселелер бар: қазіргі заман талабына сай, сапалы мектепке дейінгі біліммен қамтамасыз ету, әр баланың толыққанды дамуы мен эмоционалдық амандығына жауапкершілікті көтеру.ҚРМЖМБС талабына сай педагогтар алдындағы негізгі мақсат – әр баланың жас және жеке ерекшелігі мен бейімділігіне қарай қолайлы әлеуметтік жағдай жарату, танымдық және шығармашылық қабілетін қалыптастыру, тілін дамыту .
ТРИЗ технологиясының басты мақсаты шығармашыл тұлғаны қалыптастырудағы қазіргі тұжырымдамасымен тығыз шырмалады, ал білім мен білік оқытудың соңғы мақсаты, ал әр адам өзін-өзі тануы, шығармашылық әрекетті үшін құралы, тәсілі, алаңы болып табылады. Осының барлығы балабақшамыздың оқыту және тәрбиелеу үрдісінде ТРИЗ элементтерін қолдана отырып, жас ерекшелігіне сай құзыретті, танымдық белсенді, шығармашыл, бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеуге түрткі болды.
ТРИЗ технологиясы-балаларды өнертапқыштыққа үйретіп, ойлау қабілетін дамытады.ТРИЗ технологиясы-бір нәрсені бірнеше бағытта қолдану.Мектепке дейінгі жасқа дайындалған ТТШТ технологиясы «Барлығына шығармашылық!» ұранымен баланы оқыту мен тәрбиелеуге мүмкіндік береді.Балалық зерде шексіз. Ол балаға тікелей және болжап болмайтын, зерттеп, үлкендер байқамағанды байқауға жағдай жасайды.
ТТШТ технологиясы келесі тапсырмаларды шешуде өте пайдалы
- Балаға барлық салада дұрыс әрекетету мүмкіндігін дамытады; қоғамда, отбасында, адамдармен, табиғатпен қарым-қатынас
- Өзі жасағанды ашуға қызығушылығын тәрбиелейді;
-Баланы қоршаған әлеммен және адамдармен таныстыруда жүйелі ықпалды жүзеге асырып, жүйелі ойлауды қалыптастырады;
- Қиялын, шығармашылығын, білуге құмарлығын, фантазиясын дамытады;
- Баланың сан алуан және өнімді қызметке ынтасын тәрбиелейді;
- сенімділік сезімін, санасында негізделген өзіндегі және қоршаған ортадағы кемшіліктері мен құндылықтарын түсінудегі өзіндік бағалауын тәрбиелейді.ТТШТ мектеп жасынадейінгі балаға:
- бұл біріккен ойын жүйесі, оқу әрекеті,
негізг і
базалық бағдарламаны өзгерте алмайды, бірақ нәтижесін молайтады.
- ТТШТ элементтерін қолдану арқылы баланың шығармашылық және ойлау белсенділігі жанданады, өйткені ТТШТ кең ойлануға, болып жатқан процесті түбегейлі түсініп және оның мәселесін нақты шешугеү йретеді.
ТТШТ қолдану мектеп жасына дейінгі балаларды нағыз арманшыл етіп өсіруге, кейіннен жаңа идеялардың генераторы яғни
зерттеуші мүмкіндікбереді.[Г.С.Альтшуллер программа «Триз» 1997ж]
Балалардың ой-өрісін дамытумен қатар жүріп жатқан үдерісті түсіндіре отырып,жүйелі ойлануға үйрету.Тәрбиешілердің қолына балалардың қоршаған ортаның қайшылықтары мен біртұтастығын ұғынуға қабілетті шығармашылық қасиеттерін нақты практикалық тәрбиелеу құралын беру.Үдерісте ТРИЗ бейімделген әдістерін қолдануда артықшылықтары бары сөзсіз.Мектеп жасына дейінгі балалар үшін «ТРИЗ» технологиялары –бұл тәрбиешілер үшін толық әдістемелік ұсыныстары бар ұжымдық ойындар мен сабақтар жүйесі.ТРИЗ негізгі бағдарламасын ауыстыруға емес,оның тиімділігін барынша арттыруға арналған.Тәрбиеші жұмыс істейтін кез келген бағдарлама негізінде практикада тексерілген ТРИЗ әдістері мен тәсілдерін қолдануға болады.ТРИЗ ұстанушыларының ұстанымы:әрбір бала тумысынан дарынды және кемеңгер,алайда оны барынша төмен шығын жағдайында жоғары нәтижеге қол жеткізу үшін қазіргі заманға бағдарлануына үйрету керек.Барлық сабақтар мен ойындар баланың тақырпты ,материалдар мен іс-әрекет түрін дербес таңдауды білдіреді.Олар балаларды заттар, құбылыстардың қайшы ерекшеліктерін анықтауға және осы қайшылықтарды шешуге үйретеді.Қайшылықтарды шешу-шығармашылық ойлауға деген кілт.
Балалар жұмыс жасаудың негізгі құралы педагогикалық ізденіс болып табылады.Педагог балаларға дайын білім бермеуі керек,олардың алдында ақиқатты ашпауы тиіс,ол ақиқатты өзі табуы қажет.Егер балалар сұрақ қоятын болса ,сол уақытта дереу жауап бермеуі керек.Керісінше ,ол өзі не ойлайтындығын сұрауы қажет.Оны талқылауға шақыру қажет.Жетелеуші сұрақтармен баланың жауапты өзі тапты деуге алып келуі керек.Егер бала сұрақ қоймаған жағдайда,педагог қайшылықтарды атап көрсетуі тиіс.Баланы жауапты табу жағдайына,яғни құбылыс немесе заттың тануы және қайта түрленуінің тарихи жолын қайталауы керек жағдайға қояды.Мәселен,тәрбиеші балаларға ағаштың қаситеттері туралы білім бере отырып, «Егер жерде ағаш болмаса не болар еді?» Деген сұрақтан бастауы мүмкін.Балалар өздерінің ой-пікірлерінің нұсқаларын айта бастайды.Одан кейін:«Ағаш несімен пайдалы?» деп сұрақ қояды.Жауаптардың түрлі нұсқалары айтылады,кейбір жауаптар қайталанғанымен ,ағаштың жаңа қасиеттері мен ерекшеліктері ашылады.Сұрақтар тізбегі жалғасады.
Компоненттік, құрылымдық, функционалды және генетикалық жақындаудың элементтер негізінде қоршаған ортаның жүйелік көріністерінің бастауларын қалыптастыру. Бір-бірімен тығыз байланыста болатын бөлімдерден құралған жүйені біртұтас ретінде түсінік беру, объектінің осы шақтағы, өткен шақтағы және келер шақтағы жағдайын бөліп ала отырып, уақыт және кеңістік туралы ұғым беру.Балаларды кез-келген таңдалған сөздің белгілерді екінші бір кез-келген басқа кітаптан алған сөзге ауыстыруға үйрету.
Қарама-қайшылықты шешу әдісі – ұсынылған заттар мен құбылыстарды әр қырынан қарау;Салыстыру әдісі – заттар мен объектілердің ұқсастық, ерекшеліктерін анықтау.Осы әдістерді жүзеге асыру үшін келесі ойындарды қолдануға болады. Мысалы: Мұрны таяқ. Қандай сан?(1) Қай цифры жүйрік? ( 3) Қай санкөтергіш кранға ұқсайды?(7) Оқу жылында балалар заттар қасиетін: түсін, пішінін, өлшемін ажыратуды үйренеді. Ол үшін ұқсас және өзгеше қасиеттерін анықтауға жаттығулардың мәні зор: «Фигуралар несімен ұқсас және қандай айырмашылықтары бар?» «Не өзгергенін анықта?» «Фигураларды аяқта» «Артық затты тап» «Нүктелер жаттығуы»
Бала тілін дамытуда ТТШТ технологиясын қолдану арқылы балалардың түсінігін кеңейтіп, сөздік қорын молайтып, ұғымын байыту мен қатар ойлау белсенділігін арттыру, тілдерін ширатып, өз бетімен жұмыс жүргізуін дамыту менсөз таптарын меңгертуі мен өз ойын еркін жеткізеді. Сондай-ақ, балалардың шығармашылық қабілеттерін дамытуда ТТШТ технологиясын технологиясын қолдану арқылы байланыстыра сөйлеуге, сөздік қорын молайтуды дамыту.
Мектепке дейінгі шақ адамзат өміріндегі ең шешуші кезең болып келеді. Өйткені осы кезеңде баланың бойындағы табиғи бар дарындылықты жан – жақты дами бастайды. Сондықтан да осы шақтағы баламен анағұрлым жан- жақты дамытушылық әрекеттер жүйелі жүргізілсе, соншалықты жұмыс нәтижелі болады. Міне осыған сәйкес жеке тұлғаны дамытуда «Тапқырлық тапсырмаларды шешу теориясы» технологиясын қолданудың маңыздылығы зор.
ТТШТ авторы Г.С.Альтшуллер. Ол адам техникалық проблемаларды шешу әдісін жасап шығарған. ТТШТ-ны ұзақ қолданса, өнертапқыш баланың ойлау қабілетін жетілдіреді. Кейбір психологтар шығармашылықты былай деп бағалайды: ол яғни,алғырлық, білімпаздық, жүйелілік, тұп нұсқалық. Ал тапқырлық тапсырмаларды шешу теориясының мақсаты – ойлау стилін жетілдіру, ереже қылу.
Яғни адамның өмірге деген көзқарасынан шығармашылық туындайды, ол өмірдегі өзгерістерді, дамуды қабылдауына байланысты болады. Баланың шығармашылық потенциалының тұлға ретінде даму мәселелері білім мақсатының біріне жатады.
Балалардың шығармашылық қабілеттерінің дамуы түрлі бағыттағы қызметті болжайды. Бұл жұмыс баламен педагогтың бірлескен шығармашылық саласын және құрдастарымен араласуды қамтамасыз етеді.
Сонымен қатар ТТШТ – ақылдылардың, құрастырушылардың, ізденушілердің символы, яғни балалардың қаншалықты абстрактылы ойлауын, қиялдауымен бақылағыштығын, зейіндерін ертерек дамытудың жолы. Ал, бүгінгі күні мен осы Тапқырлық тапсырмаларды шешу теориясы арқылы мектепке дейінгі балалардың тілдік құзіреттіліктерін дамыту арттыру жолын қарастыруды жөн көріп отырмын. Бұл теорияның тілдік қабілеттілерді дамытудағы өте бір маңызды орынды алатыны айқынды.
Балабақшада балалардың тілін
ТРИЗ технологиясының әдісін қолдана отырып дамыту. ТРИЗ әдісін
қолданудың тиімді жолдарын тауып, әрбір іс-әрекетті тиімді
ұйымдастыруда балалардың қиялын, логикалық ойлау, сөзге сурет ойлап
табу, ойлау қабілеті ұшталады.
Тәжірибемде ертегілер мен танымдық шығармашылық, ойын арқылы балаға
үйрету барысында «ТРИЗ» технологиясының әдіс-тәсілдерін
қолданамын.
Осы технологияның жұмысын үш әдіс арқылы айтып кетейін.
1. Ертегілер мектепке дейінгі
балалардың танымдық қызығушылығын қалыптастыру механизмі. Бұл
механизм психологтар белгілеген теория негізінде бірізділікте
құрылған және сатылап жүзеге асады:
Жағымды эмоциялық көзқарас (ертегіге әуестік) → мазмұнды эмоциялық
көзқарас (ертегімен әуестенуі) → тұрақты танымдық қызығушылық
(ертегіге деген)
2. Ертегілердің педагогикалық жіктемесі. Бұл біріншіден, мектепке
дейінгі балалардың танымдық қызығушылығын қалыптастырудағы
мүмкіндіктерін анықтауға ықпал етеді; екіншіден, ертегілерді нақты
өлшемдер бойынша сұрыптауға көмектеседі; үшіншіден, ертегілер
құндылық көзқарасын бағдарлайды.
3. Мектепке дейінгі балалардың ертегіге деген қызығушылығын
қалыптастыру моделі және оны жүзеге асыруда ықпал ететін
педагогикалық шарттар. Модель құрылымы эмоционалдық,
интеллектуалдық, еріктік компоненттер бірлігінде байқалады және
нақты көрсеткіштер мен өлшемдер арқылы сипатталады. Ен
маңыздысы-балалардын қиялдау, биімделу, қозғалу, жүйелеу,
диалектикалық ойлау қабілеттері дамып, екінші жағынан іздену
белсенділіктері, жаңалыққа талпынуы, сөйлеуі, қиялдау қабілеттері
жетіледі. [Г.С.Альтшуллер Найти идею. Новосибирск
Наука, 1986г]
Мақсатқа жету жолдары:
1. Ойын түрлерін жүйелеу
2. Бағдарламаны құрастырып, тудыру
Педагогтың міндеті:
- Баланың ойлауын, шығармашылығын жүзеге асыру
- Жеке тұлға дамуында заманауи инновациялық әдістерін қолдану
- Балаларды адамгершілікке, байқағыштыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу
Дарындылық – ол балалық шақтан бастап шығармашылық қабілеті артылған және мәселелерді шешу, қоршаған ортаға ерекше көзқараспен қарайтын тұлға.
Шығармашылық – ол бала өз бетінше жаңа бір бейне құрумен сипатталады, яғни іс – әрекеттің қандай түрінде болсын жаңалық ашу арқылы, өзіндік және даралық дамудың бір көрінісін байқатқан жағдаймен түсіндіріледі.
Ең маңыздысы – балалардың қиялдау, бейімделу, қозғалу, жүйелеу, диалектикалық ойлау қабілеттері дамып, екінші жағынан іздену белсенділіктері, жаңалыққа талпынуы, сөйлеуі, қиялдау қабілеттері жетіледі.
Триз балаларға не береді?
Балалар көп талқылайды,жаңа идеяларды ортаға салады,талқыланатын тақырыптың өрісі кеңейеді,өздеріне сенімді болады.Көп қиялдап,ойлап тауып,шығармашыл болады.Білімін «фокус» тәжірбиесі арқылы өндіреді.Триз ұялшақтықтан ,тұйықтылықтан,жасқаншықтықтан арылтады.Кішкентай адам өз көзқарасын сақтап қалу үшін қиын жағдаяттан түпкі шешімін дербес тауып шығуға үйренеді.Триз бала үшін зерде мен қиялдың жаттығуы.Оқу әрекетін ұйымдастыруда балалар мен үлкеннің біріккен әрекетінде ,баланың дербес әрекетінде,күн тәртібі барысында жүзеге асыруға болады.Балалық шақ- қарқынды сөйлеу қызметінің кезеңі сол себепті Триз бен оқу әрекеті ұжымдық ойын шын мәнінде,шығармашылық жұмыс демек,өмірдің қуанышын қарқынды сезіну.Баланың қуанышы ауадай қажет,ол күш қуатты арттырып,шығармашылық қабілеттің толық ашылуына мүмкіндік береді.
ТРИЗ құрылу ережесі
Аталған жұмысты кезеңмен жүргізуге болады:
1- кезеңнің міндеттері . Құбылыстар мен заттар арасындағы қайшылықтарды табуға және шешуге, жүйелі ойлауды дамыту, яғни айналасындағы барлық компоненттердің өзара байланысын көре білуге үйрету.
2- кезеңнің міндеттері. Балаларға заттардың жаңа қасиеттері мен сапасын зерттеуге үйрету: жаңа ойыншық, ерекше көйлек, сыйлық және т.б.
3- кезеңнің міндеттері. Ертегі тапсырмаларды шешіп және жаңа ертегілер ойлап шығару.
4- кезеңнің міндеттері. Балаларды әртүрлі қиын жағдайдан шығуға үйрету. Берілген тапсырмалар сіз үшін дайындалған жадынамалардан табылатын ойын барысында, ойын жаттығуларда шешіледі.[ Программа развития, обучения, и воспитания детей дошкольного возраста на
основе ТРИЗ иРТВ. Г. Обнинск 1997]
ТРИЗ технологиясының әдіс-тәсілдері
“ Миға шабуыл” әдісі
“ Қателік және сынау” әдісі
“ Эмпатия ” әдісі
“Тірі және өлі нысандарды салыстыру әдісі
“ Қарама-қайшылық” әдісі
“Фантастикалық ұқсастық” әдісі
Тікелей ұқсастық” әдісі
Мақсаты:
• Қызығушылықты белсендендіру,
• Білімді жүйелеу,
• Салыстырмалалық түсінігін қалыптастыру.
( Жаңбыр: неге жақсы , неге жаман?)
-
Ертегі мазмұнын өзгерту
«Эмпатия»әдісі
Мақсаты:өзін басқа адамның немесе заттың орнына қойып суреттеу қабілетін дамыту
( Түлкі бауырсақты жегісі келгенде, қандай сезімде болды.
Өзіңізді шоқ бұта деп ойлаңыз. Жаңбыр жауып тұр. Қандай сезімде болдыңыз?)
Әдісі «Тірі және өлі нысандарды салыстыру»
Мақсаты: жалпылама және айырмашылығын көру; ойлау, есте сақтау, қиялын дамыту.
(Қоян суреттелген және тірі. Қоян және үстел т.с.с.)[«Солнышко» С.В. Железнова, Н.Р.Богомолова]
Триз технологиясының әдіс-тәсілдеріне сүйене отырып,ұйымдастырылған оқу қызметінде дидактикалық ойын түрлерін пайдаландым.
Ойын түрлері
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

шағым қалдыра аласыз