Материалдар / «ТРИЗ» технологиясын қолданудың әдіс-тәсілдері
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«ТРИЗ» технологиясын қолданудың әдіс-тәсілдері

Материал туралы қысқаша түсінік
1946 жылы Г.С Альтшуллер шығармашылық әдісі бойынша жұмысын бастады. ТРИЗ атауы кейінірек 70 жылы пайда болады. Шығармашылық тапсырмаларды орындау теориясы адамның шығармашылық мүмкіндіктерін дамытудың жаңа әдістемесі үшін негіз болып табылады. Шығармашылық- бұл адамның өмір шындығында өзін-өзі тануға ұмтылуы, ізденуі. Өмірде дұрыс жол табу үшін адам дұрыс ой түйіп, өздігінен сапалы, дәлелді шешімдер қабылдай білуге үйренуі қажет. Адам бойындағы қабілеттерін дамытып, олардың өшуіне жол бермеу, оның рухани күшін нығайтып, өмірден өз орнын табуға көмектеседі.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
24 Қараша 2022
670
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Баяндама



Тақырыбы:

«ТРИЗ» технологиясын қолданудың әдіс-тәсілдері













Дайындаған қосымша білім беру педагогы:

Айтмуханова Альмира Муратовна













Павлодар 2022 жыл



«ТРИЗ» технологиясын қолданудың әдіс-тәсілдері

1946 жылы Г.С Альтшуллер шығармашылық әдісі бойынша жұмысын бастады. ТРИЗ атауы кейінірек 70 жылы пайда болады. Шығармашылық тапсырмаларды орындау теориясы адамның шығармашылық мүмкіндіктерін дамытудың жаңа әдістемесі үшін негіз болып табылады. Шығармашылық- бұл адамның өмір шындығында өзін-өзі тануға ұмтылуы, ізденуі. Өмірде дұрыс жол табу үшін адам дұрыс ой түйіп, өздігінен сапалы, дәлелді шешімдер қабылдай білуге үйренуі қажет. Адам бойындағы қабілеттерін дамытып, олардың өшуіне жол бермеу, оның рухани күшін нығайтып, өмірден өз орнын табуға көмектеседі.


Триз технологиясының әдіс-тәсілдерін пайдалана отырып, балалардың ойлау қабілеттерін арттырып, батыл шешім қабылдауға үйретуге болады.

Мақсаты:

1.ТРИЗ технологиясы-балаларды өнертапқыштыққа үйретіп, ойлау қабілетін дамытады

2. ТРИЗ технологиясы бір нәрсені бірнеше бағытта қолдану

3. Ойындар мен тапсырмаларды пайдалана отырып,ұжымдық әрекет қарым-қатынас жасай білуге үйрету,топтық әрекеттерді қалыптастыру, дағдыландыру

Міндеттері:

- Бала мүмкіндігін ескеріп, заман талабына сай білім беру;

-Триз элементтерін пайдаланып, шығармашылық қаблетінің ашылуына мүмкіндік туғызу;

-Балалардың көркемдік шығармашылығын дамыта отыра әр баланың психологиялық ерекшіліктерін танып білу.

Тризшылардың ұраны«Барлығын айтуға болады»

Әдістері:

-Сөйлемнен әңгіме құрастыру;

-Үйренген сөзден сөйлем құрау;

-Сызба бойынша еркін әңгімелеу;

-Ойлау қабілеттерін арттыру;

-Ойын толық айтып жеткізе білу;

-Балалардың шығармашылық қиялын дамыту;

-Сұрақ жауап;

-Көрнекілік.

Тақырыптың өзектілігі

Мектепке дейінгі білім дамудың жаңа кезеңінде тұр. Оның алдында көптеген ауыр мәселелер бар: қазіргі заман талабына сай, сапалы мектепке дейінгі біліммен қамтамасыз ету, әр баланың толыққанды дамуы мен эмоционалдық амандығына жауапкершілікті көтеру.

ТРИЗ технологиясының басты мақсаты шығармашыл тұлғаны қалыптастырудағы қазіргі тұжырымдамасымен тығыз шырмалады, ал білім мен білік оқытудың соңғы мақсаты, ал әр адам өзін-өзі тануы, шығармашылық әрекетті үшін құралы, тәсілі, алаңы болып табылады. Осының барлығы балабақшамыздың оқыту және тәрбиелеу үрдісінде ТРИЗ технологиясы-балаларды өнертапқыштыққа үйретіп, ойлау қабілетін дамытады.

Үдерісте ТРИЗ бейімделген әдістерін қолдануда артықшылықтары бары сөзсіз. Мектеп жасына дейінгі балалар үшін «ТРИЗ» технологиялары –бұл тәрбиешілер үшін толық әдістемелік ұсыныстары бар ұжымдық ойындар мен сабақтар жүйесі. ТРИЗ негізгі бағдарламасын ауыстыруға емес, оның тиімділігін барынша арттыруға арналған.Тәрбиеші жұмыс істейтін кез келген бағдарлама негізінде практикада тексерілген ТРИЗ әдістері мен тәсілдерін қолдануға болады. ТРИЗ ұстанушыларының ұстанымы: әрбір бала тумысынан дарынды және кемеңгер, алайда оны барынша төмен шығын жағдайында жоғары нәтижеге қол жеткізу үшін қазіргі заманға бағдарлануына үйрету керек. Барлық сабақтар мен ойындар баланың тақырыпты, материалдар мен іс-әрекет түрін дербес таңдауды білдіреді. Олар балаларды заттар, құбылыстардың қайшы ерекшеліктерін анықтауға және осы қайшылықтарды шешуге үйретеді. Қайшылықтарды шешу-шығармашылық ойлауға деген кілт.

Балалар жұмыс жасаудың негізгі құралы педагогикалық ізденіс болып табылады. Педагог балаларға дайын білім бермеуі керек, олардың алдында ақиқатты ашпауы тиіс, ол ақиқатты өзі табуы қажет. Егер балалар сұрақ қоятын болса, сол уақытта дереу жауап бермеуі керек. Керісінше, ол өзі не ойлайтындығын сұрауы қажет. Оны талқылауға шақыру қажет. Жетелеуші сұрақтармен баланың жауапты өзі тапты деуге алып келуі керек. Егер бала сұрақ қоймаған жағдайда, педагог қайшылықтарды атап көрсетуі тиіс. Баланы жауапты табу жағдайына, яғни құбылыс немесе заттың тануы және қайта түрленуінің тарихи жолын қайталауы керек жағдайға қояды. Қарама-қайшылықты шешу әдісі – ұсынылған заттар мен құбылыстарды әр қырынан қарау;

Салыстыру әдісі – заттар мен объектілердің ұқсастық, ерекшеліктерін анықтау.Осы әдістерді жүзеге асыру үшін келесі ойындарды қолдануға болады. Мысалы: Мұрны таяқ. Қандай сан?(1)  Қай цифры жүйрік? ( 3) Қай сан көтергіш кранға ұқсайды?(7)

Оқу жылында балалар заттар қасиетін: түсін, пішінін, өлшемін ажыратуды үйренеді. Ол үшін ұқсас және өзгеше қасиеттерін анықтауға жаттығулардың мәні зор: «Фигуралар несімен ұқсас және қандай айырмашылықтары бар?» «Не өзгергенін анықта?» «Фигураларды аяқта» «Артық затты тап» «Нүктелер жаттығуы»

Бала тілін дамытуда ТТШТ технологиясын қолдану арқылы балалардың түсінігін кеңейтіп, сөздік қорын молайтып, ұғымын байыту мен қатар ойлау белсенділігін арттыру, тілдерін ширатып, өз бетімен жұмыс жүргізуін дамыту мен сөз таптарын меңгертуі мен өз ойын еркін жеткізеді. Сондай-ақ, балалардың шығармашылық қабілеттерін дамытуда ТТШТ технологиясын қолдану арқылы байланыстыра сөйлеуге, сөздік қорын молайтуды дамыту.

Мектепке дейінгі шақ адамзат өміріндегі ең шешуші кезең болып келеді. Өйткені осы кезеңде баланың бойындағы табиғи бар дарындылықты жан – жақты дами бастайды. Сондықтан да осы шақтағы баламен анағұрлым жан- жақты дамытушылық әрекеттер жүйелі жүргізілсе, соншалықты жұмыс нәтижелі болады. Міне осыған сәйкес жеке тұлғаны дамытуда «Тапқырлық тапсырмаларды шешу теориясы» технологиясын қолданудың маңыздылығы зор.

ТТШТ авторы Г.С.Альтшуллер. Ол адам техникалық проблемаларды шешу әдісін жасап шығарған. ТТШТ-ны ұзақ қолданса, өнертапқыш баланың ойлау қабілетін жетілдіреді. Кейбір психологтар шығармашылықты былай деп бағалайды: ол яғни,алғырлық, білімпаздық, жүйелілік, тұп нұсқалық. Ал тапқырлық тапсырмаларды шешу теориясының мақсаты – ойлау стилін жетілдіру, ереже қылу.

Яғни адамның өмірге деген көзқарасынан шығармашылық туындайды, ол өмірдегі өзгерістерді, дамуды қабылдауына байланысты болады. Баланың шығармашылық потенциалының тұлға ретінде даму мәселелері білім мақсатының біріне жатады.

Балалардың шығармашылық қабілеттерінің дамуы түрлі бағыттағы қызметті болжайды. Бұл жұмыс баламен педагогтың бірлескен шығармашылық саласын және құрдастарымен араласуды қамтамасыз етеді.

1. Ертегілер мектепке дейінгі балалардың танымдық қызығушылығын қалыптастыру механизмі. Бұл механизм психологтар белгілеген теория негізінде бірізділікте құрылған және сатылап жүзеге асады: 
Жағымды эмоциялық көзқарас (ертегіге әуестік) → мазмұнды эмоциялық көзқарас (ертегімен әуестенуі) → тұрақты танымдық қызығушылық (ертегіге деген)
2. Ертегілердің педагогикалық жіктемесі. Бұл біріншіден, мектепке дейінгі балалардың танымдық қызығушылығын қалыптастырудағы мүмкіндіктерін анықтауға ықпал етеді; екіншіден, ертегілерді нақты өлшемдер бойынша сұрыптауға көмектеседі; үшіншіден, ертегілер құндылық көзқарасын бағдарлайды. 
3. Мектепке дейінгі балалардың ертегіге деген қызығушылығын қалыптастыру моделі және оны жүзеге асыруда ықпал ететін педагогикалық шарттар. Модель құрылымы эмоционалдық, интеллектуалдық, еріктік компоненттер бірлігінде байқалады және нақты көрсеткіштер мен өлшемдер арқылы сипатталады.  Ең маңыздысы - балалардың қиялдау, бейімделу, қозғалу, жүйелеу, диалектикалық ойлау қабілеттері дамып, екінші жағынан іздену белсенділіктері, жаңалыққа талпынуы, сөйлеуі, қиялдау қабілеттері жетіледі.

Мақсатқа жету жолдары:

1. Ойын түрлерін жүйелеу

2. Бағдарламаны құрастырып, тудыру

Педагогтың міндеті:

- Баланың ойлауын, шығармашылығын жүзеге асыру

- Жеке тұлға дамуында заманауи инновациялық әдістерін қолдану

- Балаларды адамгершілікке, байқағыштыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу

Дарындылық – ол балалық шақтан бастап шығармашылық қабілеті артылған және мәселелерді шешу, қоршаған ортаға ерекше көзқараспен қарайтын тұлға.

Шығармашылық – ол бала өз бетінше жаңа бір бейне құрумен сипатталады, яғни іс – әрекеттің қандай түрінде болсын жаңалық ашу арқылы, өзіндік және даралық дамудың бір көрінісін байқатқан жағдаймен түсіндіріледі.

Ең маңыздысы – балалардың қиялдау, бейімделу, қозғалу, жүйелеу, диалектикалық ойлау қабілеттері дамып, екінші жағынан іздену белсенділіктері, жаңалыққа талпынуы, сөйлеуі, қиялдау қабілеттері жетіледі.

Триз балаларға не береді?

Балалар көп талқылайды, жаңа идеяларды ортаға салады, талқыланатын тақырыптың өрісі кеңейеді, өздеріне сенімді болады. Көп қиялдап, ойлап тауып, шығармашыл болады. Білімін «фокус» тәжірбиесі арқылы өндіреді. Триз ұялшақтықтан, тұйықтылықтан, жасқаншықтықтан арылтады. Кішкентай адам өз көзқарасын сақтап қалу үшін қиын жағдаяттан түпкі шешімін дербес тауып шығуға үйренеді. Триз бала үшін зерде мен қиялдың жаттығуы. Оқу әрекетін ұйымдастыруда балалар мен үлкеннің біріккен әрекетінде, баланың дербес әрекетінде, күн тәртібі барысында жүзеге асыруға болады. Балалық шақ- қарқынды сөйлеу қызметінің кезеңі. Сол себепті ТРИЗ бен оқу әрекеті ұжымдық ойын шын мәнінде, шығармашылық жұмыс демек, өмірдің қуанышын қарқынды сезіну. Баланың қуанышы ауадай қажет, ол күш қуатты арттырып, шығармашылық қабілеттің толық ашылуына мүмкіндік береді.

ТРИЗ құрылу ережесі

Аталған жұмысты кезеңмен жүргізуге болады:

1-кезеңнің міндеттері.

Құбылыстар мен заттар арасындағы қайшылықтарды табуға және шешуге, жүйелі ойлауды дамыту, яғни айналасындағы барлық компоненттердің өзара байланысын көре білуге үйрету.

2-кезеңнің міндеттері. 

Балаларға заттардың жаңа қасиеттері мен сапасын зерттеуге үйрету: жаңа ойыншық, ерекше көйлек, сыйлық және т.б.

3-кезеңнің міндеттері. 

Ертегі тапсырмаларды шешіп және жаңа ертегілер ойлап шығару.

4-кезеңнің міндеттері. 

Балаларды әртүрлі қиын жағдайдан шығуға үйрету. Берілген тапсырмалар сіз үшін дайындалған жадынамалардан табылатын ойын барысында, ойын жаттығуларда шешіледі.

ТРИЗ технологиясының әдіс-тәсілдері

“ Миға шабуыл” әдісі

“ Қателік және сынау” әдісі

“ Эмпатия” әдісі

Тірі және өлі нысандарды салыстыру” әдісі

“ Қарама-қайшылық” әдісі

Фантастикалық ұқсастық” әдісі

Тікелей ұқсастық” әдісі

Мақсаты:

• Қызығушылықты белсендендіру

• Білімді жүйелеу

• Салыстырмалық түсінігін қалыптастыру.

( Жаңбыр: неге жақсы, неге жаман?)

Ертегі мазмұнын өзгерту

Ойын түрлері

«Неге ұқсайды?» ойын

Ойын ережесі: жүргізуші нысанды атайды, балалар оған ұқсайтын заттарды атайды.

Ескерту:   Нысандардың ұқсастығы келесі белгілеріне қарай болуы мүмкін: белгісіне, міндетіне, ішкі және сыртқы жүйесіне, өткен және келер шаққа, дыбысына, иісіне, түсіне, көлеміне, пішініне, материалына.

Педагог:  Кірпінің тікенектері неге ұқсайды?

Балалар:  Инеге, түйреуішке, шегеге. Қаламның білігіне және т.б.

Ойын «Әшекей тізбек»

Мақсаты:  сұрақтар көмегімен мәнін байланыстыра отырып, сөз тізбегін құруға үйрету.

Барысы: Жүргізуші сөрелік сөз ұсынады.

Мысалы, көбелек. Осы заттың қасиеті мен әрекеті туралы сұрақтар қояды.

- Көбелек не істеп жүр?

Баланың жауабы: - ұшып жүр.

Осы сөзге байланысты тағы сұрақ қойылады. Мысалы:

- Тағы не ұшады?

Баланың жауабы: - құс.

- Құстың несі бар?

- Қауырсыны……т.с.с.

Жануарларды орналастыр» дидактикалық ойыны

Мақсаты: Балаларды тақтада және қағаз бетінде бағытты таба білуге үйрету. 5 бала кезекпен тақтадағы тапсырманы, ал қалғандары үстелдің үстіндегі парақ қағазда фишкамен орындайды.

- Оң жақтағы жоғарғы үйшікке ақ тиінді орналастыр.

- Сол жақтағы төменгі үйшікке мысықты орналастыр.

- Төменгі оң жақтағы үйшікке аюды орналастыр.

- Жоғарғы сол жақтағы үйшікке қасқырды орналастыр.

«Киімді сипаттау» ойыны

Мақсаты: қиялын, ойлауын дамыту, өзі салған бейне желісін тауып сипаттауға үйрету.

  «Пойыз» ойыны

Мақсаты: Заттардың атқаратын міндеті әр-түрлі болса да бір-бірімен байланысты екенін ұғындыру.

Бұл ойынға түрлі тақырыпқа суреттер керек. Әр сурет бір-бір вагон олар бір-бірімен байланысты болу керек. Мысалы: тәрелке, қасық, күрек, жер, ағаш, алма. Осы ойында балалар тарелкаға не құйылатынын, оның ішіндегі сортпаны немен ішетінін, қасық неге ұқсайтынын, күрекпен не қазуға болатынын, жерге не егетініміздің бәрін балалар ойлау қабілеттерін дамыту арқылы бәрін айтады. Ойынның қорытындысы заттардың бір-бірімен байланысын табады.

«Заттарды түсі бойынша топтастыр» ойыны

Мақсаты: Балаларды түстерді ажыратуға үйрету

«Ғажайып баспалдақ» ойыны

Мақсаты: Балалардың интелектуалдық ойлау қабілетін арттыру. Түстерді ажырата білуге үйрету. Балалар тустерді ажыратады.

«Матрёшканы әшекейлеу»

Мақсаты: Геометриялық фигураларды ажырату.

Түстері бойынша топтастыру.

Нәтижесінде:

ТРИЗ балалардың елестету және ойлау қабілеттерін жетілдіреді.

ТРИЗ балаларға білімді қызықты және тартымды түрде жеткізуге, мықты меңгеруге және жүйелендіруге көмектеседі.

ТРИЗ балалар мен педагогты ойлануға, шығармашылықты көрсетуге ынталандырады.

ТРИЗ педагогикалық қарым-қатынасы негізінде жасалып, бала мен педагогтың ынтымақтастығын жолға қояды. Балалардың жетістікке жетуіне жағдай туғызады. Өздерінің күштері мен мүмкіндіктерін пайдаланып, олардың қоршаған ортаға деген қызығушылығын қолдайды.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!