Материалдар / Т.Сұлтанбеков. «Көшпелі алтын» ғылыми фантастикалық әңгімеcі. 10-сынып
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Т.Сұлтанбеков. «Көшпелі алтын» ғылыми фантастикалық әңгімеcі. 10-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларға, ұстаздарға
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
02 Қаңтар 2021
29542
17 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сабақтың тақырыбы: Т.Сұлтанбеков. «Көшпелі алтын» ғылыми фантастикалық әңгіме


ІІІ. Жаңа сабақ

1.Талап Сұлтанбековтің өмірі мен шығармашылығы


Талап Сұлтанбеков қай өңірде, қандай отбасында туып өсті?


Талап Сұлтанбеков 1930 жылы 1 қыркүйекте Алматы облысының Ақсу ауданында мұғалімдер отбасында дүниеге келген. Талап Сұлтанбеков ақын Ілияс Жансүгіровтің немере інісі, яғни Ілиястің атасы Берсүгірдің екінші баласы – Сүлейменнің немересі. Анасы Дәмеш Берсүгірова – қазақтың елгілі ақындарының бірі. Дәмештің атасы Нияз – батыр, болыс болған кісі.

Сұлтанбеков қандай қызметтер атқарды?

Т.Сұлтанбеков Қазақ мемлекеттік университетін бітіріп, бұрынғы Семей облысы Абыралы ауданы Қайнар ауылындағы мектепке мұғалім болып орна-ласады. 1955–1959 жылдары облыстық «Жетісу» газетінде, 1962–1970 жылдары «Білім және еңбек» журналында жұмыс істеген. 1970–1985 жылда-ры «Қазақфильм» киностудиясында еңбек жолын жалғастырған, 500-ден астам көркем фильмдердің қосалқы туындыгері болды. 1985–1991 жылдары Бүкілодақтық «Киноорталық» бірлестігінің қазақ бөлімінің директоры қызметін атқарады. Шахмат, дойбы, тоғызқұмалақ ойындарын насихаттаушы және республикалық дәрежедегі төреші, Қазақстан Республикасының бірнеше дүркін чемпионы бола-ды. Т.Сұлтанбеков – журналист-жазушы, Қазақстан Киноматографистер одағының мүшесі.

Жазушы қазақ әдебиетінің қандай саласына үлес қосты?

Жазушының алғашқы шығармалары спорт тақырыбына арналды. Мысалы, «Дойбы

деген не?», «Дойбы, шахмат, тоғызқұмалақ» атты аталмыш ойын түрлерін насихаттайтын кітаптарды жазады. Ол «Химия болашаққа шақырады» деген кітабы мен химияның ғажайып сырына үңілткісі келеді. Талап Сұлтанбеков, сондай-ақ қазақ әдебиетінде фантастика жанрының негізін салушылардың бірі болды. Осы жанрдағы жазушының кітаптары: «Көшпелі алтын», «Жүрек тулайд », «Жұлдыз ат», «Лұқпан Хакім», «Тізгін», «Темір еліне саяхат» деп аталады.

1-тапсырма. Талап Сұлтанбеков туралы білгеніңді жинақтап, түйінде.

2-тапсырма. Әңгіменің қысқаша мазмұнымен танысыңдар.

Көшпелі алтын» ғылыми-фантастикалық әңгімесі

Талап Сұлтанбековтың «Көшпелі алтын» атты шығармасы ғылыми фан-тастика жанрында жазылған. Бұл туынды үш бөлімнен тұрады – «Тудағы от», «Шайтантауға сапар», «Үңгірдегі сыр». Әр бөлім атауына сәйкес әңгіме сюжеті де бағытын өзгертіп отырады. Негізгі кейіпкер қарапайым мектеп оқушысы – Сәмен.

Әңгімедегі оқиға желісі Сәменнің тау бөктерінен «көшпелі алтын» атты ғажайыпты жолықтырғанынан бастау алады. Қоскөл ауылының тұрғында-рына ертеден таныс алтын туралы аңыз басты кейіпкердің ойына оралғанымен, қапелімде не істерін білмей, аңтарылып қалады. «Сәмен Шыңбұлақ сайынан желе жортып өте бергенде кенет астындағы торы осқырынып жалт берді. Аяқ астынан үріккен аттың жалын құшып қалған ол әнтек құламай қалды. Тізгінді күшпен тартып, торыны әзер тоқтатып, артына бұрылғанда тұла бойы түршігіп, шошып кетті. Қараса, сайды құлдилай жалт-жұлт етіп бір от келе жатыр екен. Үлкендігі аттың басындай. Балқыған қызғылт-сары. Жер бетінен бір метрдей биікте ешбір сүйеусіз, ешкімнің көтеруінсіз қалықтап жүріп келеді. Жол-жөнекей ұшқын ұшып түсіп жатыр. Бұл не деген керемет! Сәмен аузын ашып аңқиып тұр. Қозғалуға дәрмен жоқ. Сәменнің ойына бір кезде атасынан естіген ескі аңыз түсті. Көшпелі алтын! Бұл көшпелі алтын ғой! Ол ой түкпірін қазбалап, есіне аңызды түсіре берді. ...Бір кедей жігіт болған екен. Ол түнде ұйықтап жатса, үйіне көшпелі алтын кіріпті. Ол жалма-жан орнынан тұрып, алтынды қумақ болады. Сөйтсе, алтын «аяғын» сытыр-сытыр «басып», кірген есігінен қайта шығып кетіпті. Жігіт артынан қуа шығады. Алтын жайлап жүріп отырып, үй артына кетеді. Жігіт жан қалтасынан кездігін алады да, шынашығын тіліп жіберіп, кетіп бара жатқан алтынның үстіне бір тамшы қан тамызады. Сөйтсе, алтын сатыр-сатұр етіп жарылыпты да, жерге сіңіп кетіпті. Жігіт үйден күрек әкеліп, жалма-жан жаңағы жерді қаза бастайды. Белуардан қазғаннан кейін бір қоңыр тасқа паналаған ат басындай алтынды көріпті. Соншама мол қазынаға кенелген жігіт содан кейін байып кеткен екен» дейді аңызда.


Оқиғаның қызықты өрбуіне арқау болған осы бір сюжет желісі әрі қарай жас оқушының қиялын жетелеп, құпия сырды ашуға ынтықтырады. «Не істеу керек? Аңыздағы сияқты қуайын ба, әлде қайда барар екен, бақылайын ба?». Осы екі сұрақ Сәменді әрі-бері жібермей, арпалыстырып тұр. Бірақ ғажап көрініс оны күтпеді. Алтын сайды құлдилап келді де, суға еңкейе құлап тұрған жақпар тасты айнала беріп, ғайып болды. Сәмен көп аялдамады, алтын қонған жерді белгіледі де, қызыл арайланып келе жатқан таңды бетке алып, ауылына тарта жөнелді».

Психологиялық паралеллизим арқылы жазушы табиғ т көрінісінің әдемі суретін адам жа нының сол кез дегі құбылысына, кейіпкер ойының шылуына қарай көркемдеп отырады. Мәселен, «Шайтантау қойнауы елсіз, күнсіз, иен шатқал. Етегі қып-қызыл қорым тас. Ал оның шырқау шыңына бұл уақытқа дейін тірі пенде аяқ басып көрмегенге ұқсайды...». Осы үзіндіде берілгендей ерекше жер-су аттары да оқырманды ерекше қызықтырады.

Сәмен қандай шешім қабылдайды?

Ертеден келе жатқан, туған мекені жайындағы аңыз оқушы Сәменді де баурап алады. Дегенмен ғылыми-танымдық әдебиеттерді көп оқитын Сәмен бәрін өзі тексеріп көруді ұйғарады. Досы Қажытаймен бірге «алтын сапарына» аттанады.

Жазушы Шайтантауды сипаттау арқылы оқырмандарын алда болар оқиғаға ынтықтырып қояды: «Шайтантау қойнауы елсіз, күнсіз, иен шатқал, малшылар да қонып көрген емес. Етегі қып-қызыл қорым тас. Ал оның шырқау шыңына бұл уақытқа дейін тірі пенде аяқ басып көрмегенге ұқсайды. Жұрттың айтуынша тек қана байларды конфискациялау тұсында қашқан-пысқан ұры-қарылар тығылып жүретін үлкен-үлкен үңгірлер бар дейді тау бабында. Елді мекеннен әрі қашық, әрі кісі қызығарлық дәнеңесі жоқ болғанымен, бұл таудың ғажап құпия сыры ел аузында талай аңыздар тудырған. Шайтантау деген ат бұған тегін берілмепті. Мал қарап шыққан талай жылқышылар бұл таудың басынан, етегінен жарқылдаған оттар көрген. Екінші бір ғажабы, тау оншалықты биік болмаса да, бауырына бұлттар шөгіп жатады екен». Осылайша деміңді ішіңе тартып, бір ғажайып оқиғаға дайындаласың.

Соңғы «Үңгірдегі сыр» деп аталатын бөлімде балалар ауалдарында ғылыми түрде нақты жауап алады. Мұнда жұмыс істеп жатқан ғалымдардың бірі Сералы Әйтиев жұмбақтың сырын ашады. «Сендердің тауда көргендерің, әрине, көшпелі алтын емес. Оның сырын осы тауға келгеннен кейін- ақ түсінген боларсыңдар, – деді Әйтиев. – Ол – кәдімгі найзағайдың бір түрі. Оны орысша «шаровая молния» дейді. Біз мына өзіміз отырған биіктаулық лаборторияда жұмбақ сыры көпке дейін белгісіз болып келген осы көшпелі найзағайдың сырын ашу жолындамыз. Алдымен лаборатория ішінде, кейінірек кәдімгі табиғи түрде жасауды игердік. Соның өзінде осындай найзағайдың бірнешелеген түрі бар екен.


Электр туралы, оның оң және сол зарядтарының бар екендігін және олардың бірін-бірі тарту, тебу қасиеттері жөнінде өздерің білесіңдер. Найзағай табиғаты атмосфералық электрде жатыр. Өзіміз күнде аяғымызбен басып жүрген жер мен оны қоршаған атмосферада электрдің адам игілігіне жаратылмаған орасан зор қазынасы бар. Мұның өзінде жердің үстіңгі қабатының көпшілік бөлігі сол зарядпен зарядталған. Өздеріңе мәлім, найзағай қарама-қарсы зарядтардың арасында ғана болады. Ол үшін жерден биік оң зарядталған дене болуы қажет қой. Оның рөлін кәдімгі жауын бұлты атқарады. Ауа үйкелісінің әсерінен бойына оң заряд жинаған бұлт онысы шекті мөлшерден асып кетсе, жердегі қарама-қарсы заряды бар бір затқа (қарсы зарядтардың бірін-бірі тарту заңдылығы бойынша) өз бойындағы жиған-тергенін таратып береді екен. Ал ауа өзі тұрған жағдайында электр тогын өткізбейді емес пе? Міне, осы кезде атыс басталады. Бұлт өзінің зарядын шоқтап, алыстан ұшқын атқызып жеткізеді. Мұны бұлттың разрядталуы дейді. Разрядталу кезінде найзағайдың оты көрінеді. Шар найзағай міне, осы разрядталу кезінде электрленген ауада кейбір жағдайларда ғана пайда болады».

Дегенмен Әйтиев тауда алтынның болу мүмкіндігін жоққа шығармайды: «Бірақ аңызда негіз бар. Мәселен, бізден бұрын да басында найзағай ойнап келген Шайтантау, осы бір жақпар тастар темір рудалы кварциттен тұрады екен. Ал алтын кварцитті кендерде болады ғой. Біз зерттеп қарап едік, таудың астынан көп алтын таптық. Бұл алтынды бізге нұсқаған – найзағай. Сонымен бірге аңыздағы жігіттің де алтын табуы мүмкін. Бәлкім ол ішкі магмадан теуіп үстіңгі қабатқа дейін ағып келген магнетитті өзекшеге тап болған шығар. Кейде ондай өзектерде де алтын кездеседі. Магнит өрісінің әсерінен көшпелі найзағай мүмкін сол жерде разрядталған шығар. Жігіт қазып жіберіп, бұрыннан жатқан алтынға тап болған ғой...».

Әңгіме балалардың физика саласында терең мағлұмат алуларымен аяқталады. Ола

әлбетте өздері ойлаған көшпелі алтынды кезіктірмейді.Алайда оқушылар алтыннан да

қымбат білім алып қайтады. Әңгімеде айтылған табиғат қорын пайдалану жай қиялдың

жемісі емес: «Ғылымға беретін бірінші пайдамыз, әрине, адам еркінен тыс табиғатта

пайда болып жататын орасан мол электр қуатын кәдеге жарату, екінші – найзағайлы

бұлттарға құрық алып, оны адамның дегеніне жүргізу. Үшінші – көшпелі найзағайдың

қуатын пайдалану».


3-тапсырма. Ойталқы

1. «Көшпелі алтын» атты әңгіменің басты кейіпкері кім?


2. Өздерің физикадан білетін шар найзағай мен автордың берген анықтамасы сәйкес келе ме?

3. Ғылыми-фантастикалық жанрда шығарма жазу үшін автордың міндетті түрде жаратылыстану ғылымдарынан белгілі бір деңгейде теориялық білімі болу керек пе?


4-тапсырма. Себебін анықта

  1. Неліктен қазіргі таңда фантастикалық фильмдер мен шығармалар кең етек алды деп ойлайсың?

  2. Не себепті балалар көшпелі алтынды таппайды?

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!