Түбір мен қосымшаның жазылуы. 3 сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Түбір мен қосымшаның жазылуы. 3 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Жаңартылған бағдарлама бойынша сабақ беретін және өзін-өзі тану пәнінен беретін мұғалімдерге көмегі тиеді деп ойлаймын.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пәні: Қазақ тілі

45

Сабақтың тақырыбы: Түбір мен қосымшаның жазылуы.

Күні:

СЫНЫП: 3

Сабақ

мақсаты

3.2.4.1 өз бетінше мəтіннің тақырыбын жəне мұғалімнің көмегімен негізгі ойдыанықтау;

3.3.5.1 жіберілген пунктуациялық, орфографиялық, грамматикалық жəнестилистикалық қателерді мұғалімнің көмегімен тауып, түзету;

3.1.3.1 түрлі жағдаяттағы (қоғамдық ортада) қатысымдық əрекеттерде өз сөзінжүйелі түрде жоспарлап, тілдік нормаларды сақтап сөйлеу.

Бағалау критерийлері

Барлық оқушылар:

  • түбір сөзге жұрнақтар жалғау арқылы туынды сөз жасайды;

  • үлгі негізінде өзіндік іс-әрекеті баяндалған өмірбаян жаза алады;

кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі үлгі негізінде жазады;

Оқушылардың көбі:

  • туынды сөздердің құрамына ажырата алады;

  • сөйлем құрылысын сақтап, іс-әрекеті баяндалған күнделік жаза алады;

кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі орта темппен жазады;

Оқушылардың кейбірі: туынды сөздердің жасалу жолын түсіндіре алады,

туынды сөз жасайтын жұрнақтарды атай алады;

- болған оқиғаны сипаттап өмірбаян жаза алады;

кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі шапшаң жазады;

Жоспарланған

уақыт

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ресурстар

Сабақтың басы

Басталуы 2 минут

(Ұ) Ұйымдастыру кезеңі.

Сабаққа дайындығын тексеру



Үй тапсырмасы 7 минут

Жұмыс дәптердегі шығармашылық тапсырма.

Оқушыларға «Кубизм» әдісі бойынша алдыңғы білім пысықталынады.

1. Сөз дегеніміз не? Мысалы:

2. Сөздің бөлінбейтін бөлігі? Мысалы:

3. Қосымшаның атқаратын қызметі? Мысалы:

4. Қосымша нешеге бөлінеді, қандай?

5. Жұрнақ пен жалғаудың айырмашылығы?

6. Берілген сөздерден түбірлес сөздер қатарын құра:

Өнерпаз, жұмыс, бала, өнер, жұмыскер, балалық, өнерлі, балақай, жұмысшы т.б.

Оқушылар бір-бірін тексереді және сұрақтарға жауап береді


Сабақтың ортасы

27 минут


Сабақ тақырыбы және оқу мақсаттары таныстырылады.

Негізгі бөлім

(МК; Ө; Ұ) 30-жаттығу. Тапсырма 1.

Ілулі тұрған кітап Барады күнде жұтап.

Бір бетін жыртты мамам, Бір бетін жыртты ағам.

Бір бетін жыртты інім... Себебі неде мұның?

Барады неге жұтап Ілулі тұрған кітап? Жауабы: (Күнпарақ)

Тапсырма 2. Мәтіннің тақырыбы мен мәтін мазмұны сұрақтар қою арқылы болжатылады.

Сұрақтар үлгісі:

-Күнпарақ дегеніміз не?

-Күнпарақта нелер болады?

-Күнпарақты не үшін пайдаланамыз?

-Күнпарақ түрлері?

-Жұмбақ күнпарақтың қай түріне арналған?

-Қабырға күнпарағының басқаларынан айырмашылығы?

-Мәтіннің не туралы болатынын болжа.

-Уақытты жоғалтуға болады ма? Қалай?

(Ө, Т, Қ) Оқылым. Оқулықта берілген «Жоғалтып алған күн» мәтінімен жұмыс жүргізу.

Тапсырма 3. Мәтінді оқу, мәтіннің тақырыбы мен негізгі ойын анықтау. Оқуышыларға мәтінді жеке оқу ұсынылады. Топта бірігіп мәтіннің тақырыбы мен негізгі ойын анықтайды.

1-топ. Мәтін неліктен «Жоғалтып алған күн» деп аталған? Өз ойларын дәлелдеу.

2-топ. «Егер бір күннің ішінде пайдалы жұмыс бітірмесең, онда бұл күніңді босқа өткіздім деп есептей бер» нақыл сөзінің мәнін талқылау.

3-топ. Мәтіндегі қарамен берілген сөздерді тауып, түбір сөздерге қосымшалардың жуан, жіңішке болып жалғану себебін анықтау.

Жұмыстарын топта жариялайды. Топтар өзара бағалау дескрипторы негізінде бағалайды.

(М, Ұ) Түбір мен қосымшаның жазылуы.

Тапсырма. Сызбада көрсетілген сөздердің қосымшаларын дұрыс орналастыр.

Қосымшалар: -қын, -діз, -лар, -шіл, -ға, -де, -на, -гей, -ла, -дер.

МК:

-Берілген сөздердің дыбысталуына назар аудар.

-Екі сөзді бір-бірімен салыстыр. Дыбысталуында қандай ерекшелік бар?

-Қосымшаларды не себепті сол сөздерге жалғадың? Дәлелдеуге тырыс.

-Қандай ой қорытындысын жасайсың?

(М, Ұ) Оқулықта берілген жаңа ақпаратты оқып, түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.

Түбір сөздің соңғы буыны жуан болса, оған жалғанатын қосымшалар да жуан болады: адам+дар+дың.

Түбір сөздің соңғы буыны жіңішке болса, оған жалғанатын қосымшалар да жіңішке болады: сурет+ші+лер.

Сергіту сәті! Әуен ырғағымен билеу.

(МК; Ө; Ж; Қ) Тиісті сөздерді қойып, сөйлем құрап жазу. Жіберілген қателерді мұғалімнің көмегімен тауып, түзету.

31-жаттығу.

(Т; Ж; Ұ; Қ) Сурет бойынша әңгіме құрау, диалогке қатысу, болжау жасау. Тілдік нормаларды сақтап сөйлеу. .

32-жаттығу. Диалог үлгісі:

Мұражай қызметкері:

-Мына жәдігер қандай тіршілік иесі?

Ұл бала:

-Бұл –динозавр.

Мұражай қызметкері:

-Динозавр туралы және оның тіршілігі туралы не білесің?

Қыз бала:

-Динозавр өте ертеде тіршілік еткен т.с.с.

-...(Егер сен ұл баланың орнында болсаң не деп жауап берер едің?)

Мұражай қызметкері:

-Динозавр қай кезеңде тіршілік еткен? Неше жыл бұрын?

-... (Егер сен қыз баланың орнында болсаң не дер едің?)

-...(Егер сен ұл баланың орнында болсаң не дер едің?)

Мұражай қызметкері:

-Бейнеленген жануардың бұрынғы тіршілігі мен бүгінгі күнін салыстыр. Айырмашылықтар байқадың ба? Қандай?

Ұл бала: -... Қыз бала: -...

Тірек сөздер: Динозавр, «қорқынышты кесіртке», жыртқыш, жұмыртқа, 160 миллионға жуық жылдар бойы, 225 миллион жыл бұрын пайда болған, пілдерден үлкен, 65 миллион жыл бұрын жойылған, қаңқасы, сүйектері т.б.

(Ө; Ж) Жұмыстарын топта жариялау.

(Ө; Ұ; Қ) Бір-бірінің жұмысын бағалау.

Мәтіндегі негізгі ой сұрақ-жауап әдісі арқылы анықтатылады.

Сабақта өтілетін мәтін тақырыбын анықтау мақсатында оқушыларға жасырылған жұмбақты шешеді






(Күнтізбе)

(Күн, апта, ай атаулары)

(Уақытты анықтау үшін)

(Қабырға күнпарағы, үстел күнпарағы, қалта күнпарағы)

(Қабырға күнпарағына арналған)

(Күнпарақта көрсетілген күн аяқталғанда, жыртылып тасталады, яғни өткен күнді, уақытты білдіреді)

(Мерзім, уақыт, өтіп кеткен уақыт)

(Болады. Берілген тапсырманы, жұмысты уақытында орындамау, сол себептен уақыттың жетпей қалуы т.с.с.)

Мәтінді оқып, мәтіннің тақырыбы мен негізгі ойын анықтайды. Оқуышылар мәтінді жеке оқиды. Топта бірігіп мәтіннің тақырыбы мен негізгі ойын анықтайды.


Сызбада көрсетілген сөздердің қосымшаларын дұрыс орналастырады.

Берілген сөздердің дыбысталуына назар аударады.

31-жаттығу.

Тиісті сөздерді қойып сөйлем құрап жазады. Оқушылардың бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап, оларды байланыстырып көлбеу және таза жазуы қадағаланып, бағыт беріледі.

Жұппен жұмыс жасайды. Мұғалімнің көмегімен бір-бірінің қатесін тауып, түзетіп, орындалған жұмысты өзара бағалайды.

Оқушылардың назары оқулықтағы немесе тақырыпқа сәйкес басқа да сюжетті суретке аударылады. Суретке қарап не айтуға болатынын топта талқылайды. Суретте не бейнеленгенін, қандай кейіпкерлер барын анықтаған соң, «Рөлдік ойын» әдісі арқылы, қажет жағдайда тірек сөздердің көмегімен мұражайдағы жағдаятты әңгімелейді. Кейіпкерлердің рөліне еніп, сахналайды

Әр топқа диалог құруға қажетті тірек сөздер ұсынылады. Топтық талқылауға уақыт беріледі.

Диалог құрайды. Құраған диалогтарын топта жариялайды және сахналайды.

Екі жақсы жағы мен бір кемшілігіне ұсыныс білдіру арқылы рефлексия жасау.

Кесте

Сабақтың соңы

4 минут

«Екі тілек, бір ұсыныс» стратегиясы

Рефлексия: Сабақты қорытындылау.

(Ө; Қ) Тиісті жауапты белгілеу.


Бағалау критерийі

Басқаларға түсіндіре аламын

Қолымнан келеді

Қиналамын, себебі

Мәтіннің тақырыбын және негізгі ойды анықтай аламын




Түбірге қосымшаның жалғану ерекшелігін білемін




Жүйелі түрде жоспарлап, тілдік нормаларды сақтап сөйлей аламын




Көркем жаза аламын




Үй тапсырмасы:

Өзінің күн тәртібін құрастырып, жазып келу. Өз күніңді пайдалы немесе босқа өткіздің бе?

Сабақтан игерген білімдеріне рефлексия жасату мақсатында жұмыс дәптеріндегі «Өз жұмысыңды бағала» тапсырмасы орындатылады.

«Екі тілек, бір ұсыныс» стратегиясы арқылы бір-бірінің жұмысын бағалайды. Орындаған жұмыстарының екі жақсы жағы мен бір кемшілігіне ұсыныс білдіру арқылы өз іс-әрекеттеріне кері байланыс жасайды.

Бірінші тұрған «Сауатты жазу», екінші тұрған «Көркем жазу», дөңгелектері тиісті каранашпен бояйды.

Бүгінгі сабақта өтілген тақырыпты меңгергеніне қаншалықты сенімді болғанын, тиісті сөзді белгілеу арқылы өз іс-әрекетіне рефлексия («+» немесе «–») жасайды.





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
28.11.2018
2448
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі