Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

«Тұғырлы тәуелсіздікке 30 жыл»

Материал туралы қысқаша түсінік
«Тұғырлы тәуелсіздікке 30 жыл»
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Тұғырлы тәуелсіздікке 30 жыл»

Тәуелсіздік түскен жоқ қой аспаннан,

Тарихы оның тым алыстан басталған

Бодандықтан құтқарам деп елімді,

Қанша боздақ қара жерді жастанған.

Қандай да бір елдің басты байлығы, бақыты ол – тәуелсіздік. Тәуелсіздік білектің күшімен, найзаның ұшымен келген ащы термен жеткен тәтті жеңіс. Тәуелсіздік – ұрпаққа берілген аманат.

1991 жылдың 16 желтоқсаны қазақ жадында мәңгілікке сақталатын күн. Осы жылы Ләззат, Сәбира, Тұрар сынды батыр ұлдарымыз бен қыздарымыз елі үшін өз жандарын пида етті. Болашақ ұрпақтың ертеңгі күні бұлыңғыр болмас үшін, аяқтарынан алған ызғарлы желтоқсанның суығын сезіне тұра ашық түрде майдан алаңына шықты.

Қазақстан дербес мемлекет болып тәуелсіздік бесігінде тербелгелі 30 жыл. Осы уақыт аралығында еліміз етек-жеңін жиып, шекарасын бекітіп, өз алдына дербес зайырлы ел болды. Ресей боданы болған Қазақстан 1991 жылы 16 желтоқсан күні өз егемендігіне ие болып, ата-баба арманын орындады. Өз президентін тағайындап, ұлты мен ұлысын түгендеп, ата-бабамыздан келе жатқан салт-дәстүрін қайтадан жаңғыртып, дінін қабылдады.

Қазақ елінің өз алдына республика болып жариялануын қалаған, дербестігімізді бірінші болып мойындаған ел – Түркия. Бұл тәуелсіздікті бір ел ғана емес, бүкіл ел болып қолдайды деген сөз. Себебі, тәуелсіздік – бақытқа апарар жолдың бастауы. Өз алдына дербес мемлекет қана өзінің ана тілін сақтап, өзінің халқының құқығын қорғап, салт-дәстүрін ұстанып, бірлікшіл елге айнала алады.

Ал іргесі қаланған жаңа республиканың әрі қарай дамып, белсенді өмір сүруі үшін бар халықтың бірлігі, ерен еңбегі керек. Ерен еңбектің нәтижесі елдің ішкі және сыртқы әлемі, экономикасы, валютасы деген сияқты көптеген құндылықтарға келіп тіреледі. Аталған құндылықтарды отыз жыл ішінде үлкен мақсатқа айналдырған еліміз өз астанасын да бекітті. Тіпті бүгінде Нұр-Сұлтан қаласы арман қалаға айналды. Апортына бүкіл ел сүйсінген Алматының өзін мәдениет пен әдебиеттің қаласына айналдырды. Өзінің ішкі туризмі, теңгесі, ұзын сонар қара жолдары тарамдалып жатыр.

21-ғасыр балалары нағыз бақытты балалар! Олар дүние есігін ашқан сәтте еліміз ашық аспан астында, бірлігі мен татулығы ұйыған, ешкімге мұқтаж емес жеке-дара мемлекетке айналған. Осы қолымыздағы бақты тайдырып алмай, оны бағалап, тәуелсіздіктің кепілі ретінде қызмет жасауымыз керек. Ата-баба аманатына қиянат жасамай, бұл тәуелсіздікті ертеңгі ұрпаққа табыстау – біздің қолымызда. Еліміз мәңгілік тәуелсіз ел болып дами берсін!





























Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
07.07.2021
410
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12