Ашық сабақ, ҚМЖ, көрнекілік, презентация жариялап
2 млн. ₸ табыс табыңыз!
0 / 1
Материалға шағымдану
Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Шағым жылдам қаралу үшін барынша толық ақпарат жіберіңіз
Сіздің сұранысыңыз сәтті жіберілді!
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
1 бонус = 1 теңге
Бонусты сайттағы қызметтерге жұмсай аласыз. Мысалы келесі материалды жеңілдікпен алуға болады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Түсінікті
2024-2025 оқу жылына арналған
қысқа мерзімді сабақ жоспарларын
Жүктеп алғыңыз келеді ме?
Тұғыры биік – Тәуелсіз Қазақстан
Материал туралы қысқаша түсінік
керек деп ойлаймын
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады.
Толығырақ
16 Қырқүйек 2018
940
0 рет жүктелген
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Күні: 14.11.2017ж.Тұғыры биік – Тәуелсіз ҚазақстанӘнұраным – Жанұраны,Сөйлер сөзі, айтар әні,Мәңгі бақи шырқаладыРеспублика Әнұраны(Қазақстан Республикасының Гимні орындалады)ЖүргізушіКөк аспанда тулардыңЖелбіреген күні бұлЕлім деген ұлдардың Бағы ашылған күні бұлЖұпар шашқан гүлімніңЖаңа ашылған күні бұл.Менің ана тілімнің Бағы ашылған күні бұл. Армысыздар, құрметті ұстаздар, ата-аналар және оқушылар. Сіздерді еліміздің ең атаулы мерекесі – 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күнімен құттықтаймыз! Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық тілейміз! Қанша жыл, қанша ғасыр өтсе де ұмыттылмайтын оқиғалар болады. Ұмытылмайтыны – оның тағдырымен байланыстылығындаТәуелсіздік! Ата-бабаларымыз үш ғасырға жуық уақыт бойы армандаған тәуелсіздік! Тәуелсіздік жолында халқымыздың басынан нелер оқиғалар өтпеді! Халық қамы үшін қан кешіп, құрбан болған ерлеріміз қаншама!1986 жылғы Желтоқсан көтерілісі де ауыл-үйдің әңгімесі емес, дүмпуі алып құрлықты аралап кеткен ғалам тарихи оқиғалардың бірі. 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісі – ХХ ғасырдағы айтулы оқиға. Ол халық жүрегінде мәңгі сақталады. ЖүргізушіБұрқатып өткен бұл халық мұны,Бір дәуір сынды жыл болды ұлыЖелтоқсан таңы жадырап қайтаҒасырдың бүгін нұрланды күні. – дей келесі кезекті әнге берейік. «Жаса Қазақстан» орындайтын Жиенбай АқниетЖүргізуші Желтоқсан басталуы – ғасырлар қойнауынан жалғасып келе жатқан ұлы тарихтың бір елесі.16 желтоқсан! Бұл ерлік пен өрлік, қайғы мен қасірет мидай араласқан әрі жарқын, әрі қаралы, қасіретті күн еді.Желтоқсан таңы дірілдеп ызғарЖүректе жылы үміт пен ізгі арАқ құстай бейбіт орманы самғапАлаңға шықты жігіттер, қыздар. – дей отыра, , «Тәуелсіздік – Тәңір сыйы» атты мектепішілік ақындар мүшәйрасында бақ сынап ІІ орын иеленген сыныбымыздың ақын қызы Қайратқызы Сәулені өзінің Тәуелсіздікке арналған жыр-шумақтарымен ортаға шақырамыз. Қайратқызы Сәуле Жүргізуші: Дауылға желтоқсанның желі айналады,Ашу мінді Алатау кәрі, айбарлы,Күтпеген іс ақыры не болды, депКүллі әлем Алматыға қарай қалды. Кез емес жаугершілік «аттан» атты,Алаңның исеруі емес салтанатты,Қытымыр қыстық басы сол бір айдаЖелтоқсан әлемі әлемді жалт қаратты.Көрініс. Сот залы.Прокурор: - Орындарыңыздан тұрыңыздар! Сот келе жатыр.Прокурор: - Қылмыскер Қайрат Рысқұлбеков.Сен желтоқсанның 17 - 18 күні алаң ға бардың ба?Қайрат Рысқұлбеков - Иә, бардым . 17 желтоқсан күні.Прокурор: - Не мақсатпен ?Қайрат Рысқұлбеков Ол жерге барған себебім! Біріншіден:ел айтқан, естіген сөздерді өз көзіммен көру үшін бардым.Екіншіден, алаңда қазақтың уыздай жас қыздарын ұрып - соғып жатыр деген соң ол жерде қаракөз қарындастарыма қолымнан келгенше бар көмегімді бергенім рас. Ол үшін өкінбеймін, керісінше, мақтан тұтамын.Сот: Сен 9 машинаны өртепсің, соны мойындайсың ба ?Қайрат Рысқұлбеков. Жоқ, ондай жалғандықты мойындамаймын.Хатшы Сот кеңесуге кетеді. ( Сәл уақыттан соң) Сот келе жатыр. Тұрыңдар!Сот: Қазақ Кеңес Совет Республикасының жоғарғы соты үкім етеді. Қылмыскер Қайрат Рысқұлбеков Совицкийдің өліміне байланысты және 9 автомашинаны өртеп, 152 автомашинаны зақымдап, 326 милиционер мен 196 әскерді жаралап, ауруханаға түсуіне қатысты деп тауып, ату жазасына үкім шығарды. Қайрат Рысқұлбеков: Жоқ, бұл әділдік емесАпасы: Бұл үкім дұрыс емес.Менің балам ақ, ол қылмыскер емес.Хатшы: Тынышталыңдар. Орындарыңызға отырыңыздар.Сот: Қайрат Рысқұлов, ақтық сөзің бар ма ? Қайрат; Бар.Күнәдан таза басым барҚазақ деген атым бар21-де жасым барҚасқамдақтай қаным барБозторғайдай жаным барАлам десең алыңдарҚАЙРАТ деген атым барҚазақ деген затым барЕркек тоқты құрбандықАтам десең атыңдар!Анасы: Қайраттың Шырақтарым кешіріңдер! Ол әлі жас қой! Кешіріңдер, балаларым! анасы Сендердіңде балаларың бар шығар? Мен-анамын, ақ жаулығымды сыйлаңдаршы? Оның атынан кешірім сұраймын. Кешіріңдер!ҚАЙРАТКөтер ана, көтер ана басыңды. Өтті, кетті жауынды күн жасынды Қазақпыз ғой мың өліп, мың тірілген, Мына иттерге көрсетпе көз жасыңды! Кешір ана, жан едің ғой тамаша, Арым үшін түстім, рас араша Қалай ғана дәтім шыдап тура алам Ұл-қызыңды қанішерлер таласа, Арым үшін түстім, рас, араша Араша!Сот: Қылмыскер Қайрат Рысқұлбековты әкетіңдерАпасы: Жоқ, балам, әкетпеңдер. Балам.......«Желтоқсан Желі» әні орындалады.Қайрат:Жыр шашатын жүрегің де тілінді,Есімің де ел аузына ілінді.Тіршілікте елеусіз боп жүрдің де, Көз жұмған соң, кім екенің біліңді.Сәбира: Ерлігіне қуанам да сүйінем, Сәбира апам, рухына мен иілем.Бәйшешектің солғанына аһ ұрсам, Әділ жанның қазасына күйінемЕрбол:Ұзын да емес, қысқа да емес, ортамын, Жүрегі жоқ адамдардан қорқамын.Қанды қақпан қармағына іліккен, Ербол аға, торқа болсын топырағың!Аружан: Кеңес Совет Республикасы одан жоғары кеңесі Президизмінің шешімінен 1988 жылдың 28 сәуірдегі жарлығымен ҚАЙРАТ РЫСҚҰЛБЕКОВке кешірім жасалып,20 жыл бас бостандығынан айырумен ауыстырды. Алайда бұл хабар ҚАЙРАТтыҚуанта алған жоқ... мынау қайраттың анасына жазған соңғы хаты !(қайраттың хаты сахнасыртынан оқылады). «міне өздеріңіз естігендей ату жазасын 20 жылға ауыстырды. Бұл әрине біреуге қуаныш біреуге азап. Өз басым бұл үшін қуанғам жоқ, өйткені, асыл анашым, түсініңізші! Мен сорлы бұл тас зынданда жазықсыздан жазықсыз еш отырғым келмейді. 11 ай ішінде жүйке тамырым жұқарды. Әбден шаршадым. 1988 жылы 21-мамырда Семей қаласындағы түрменің 21- камерасында Қайрат 21 жасында «өз-өзін өлтірді» деген атпен құпия түрде қаза тапты. Араға жылдар салып тарих қойнауына кіріп бара жатқан желтоқсан оқиғасындағы халқымызға жағылған қара күйе «ұлтшыл», «нашақор»деген атақтар халқымыздың біртуар қалаулы ұлы Мұхтар Шахановтың басшылығымен қайта қаралып, 1991жылғы 12- желтоқсанда оқиғаға қатысқаны үшін жауапкершілікке тартылған азаматтарды ақтау туралы және 17желтоқсанда «ҚР-ның демократиялық жаңару күні деп жариялау туралы» Республика Призидентінің жарлығы шықты. Сол желтоқсан батырлары Ләззат Асанова, Сабира Мухаметжанова, Қайрат Рысқұлбеков, Елбол Сыпатаевтарды, тағы басқа қаза болған ержүрек ұл-қыздарымызды орындарыңыздан 1 минут үнсіз тұрып, еске алуды сұранамыз.Үнсіздік РақметӘн: «Қазақстаным алға» орындайтын Мамытова АружанЖүргізуші:Сол бір суығы ерте түскен қыс кездерінде, тоқырау тажалының ызғарында аяусыз тапталған ар - намыстың ышқынған дауысы құлағымызда әлі де шыңылдап тұрғандай.Басынан бұл қазақтың нелер өтті.Жамандық пен жақсылық бәрі кетті.Жиырмасыншы ғасыр шыңдаған соң,Аңсаған еркіндікке қолы жеттіБи: Қазақ биі Ән: «Аққу арман» орындайтын Ақниет Шынар, Еділқызы Гүлжанат
Жүргізуші:Тарих бізге Тәуелсіздікті тарту етті. Енді біздің парызымыз-ұлттық рәміздерді қастерлеуТәуелсіз мемлекетімізді өркениетті елдер қатарына қосу, мәдениеттің биік шыңына көтерілу.Ләззат Асанова ,Сабира Мухаметжанова , Қайрат Рысқұлбеков, Елбол Сыпатаев, Түгелбай Ташенов, Қайыргелді Күзембаев, Жамбыл Тайжумаев секілді Өрімдей жастар жалған жаланың құрбаны болды. Бірақ олардың есімі ел есінен өтпейді. Желтоқсан құрбандарына әр уақытта бас иіп тағзым етеміз. Жүргізуші: Тәуелсіздік биік болсын тұғырың,Тарылмасын терең алған тынысың.Ұзақ болсын, ұзақ болсын ғұмырың,Бодан болған күндеріміз құрысын.- дей келе сіздерді тәуелсіздігіміздің торқалы тойымен құттықтаймыз. Ән: «Бақытты Қазақстан» орындайтын Жеңіс Медет, Бақтілеу АйжанЖүргізуші:Бір- біріме тату- тәтті тұрады,Бәрінің де Қазақстан тұрағы.Туған жерге тебіренген сәттердеАғылады өлең – жырдың бұлағы – дей келе, құрметті ата-аналар мерекеге орай жылы лебіздеріңізді білдірсеңіздер!Жүргізуші:Дүбірлеткен өңірді Дүбірлесін дүлділіҚазақ деген елімнің Құтты болсын бұл күні – келесі сөз кезегін мектебіміздің тәрбие –ісі жөніндегі орынбасары Жолдасов Асқар ағайға береміз.Жүргізуші:Құрметті жиналған қауым! Сіздерді тағы да мерекемен құттықтаймыз. Мемлекетімізге жарқын болашақ, барлықтарыңызға мықты денсаулық тілейміз. Айымыз оңынан тусын деген ниетпен бүгінгі «Тұғыры биік – Тәуелсіз Қазақстан» атты ашық тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.«Атамекен» әні орындаладыКелесі кездескенше, сау болыңыздар!
Жүргізуші:Тарих бізге Тәуелсіздікті тарту етті. Енді біздің парызымыз-ұлттық рәміздерді қастерлеуТәуелсіз мемлекетімізді өркениетті елдер қатарына қосу, мәдениеттің биік шыңына көтерілу.Ләззат Асанова ,Сабира Мухаметжанова , Қайрат Рысқұлбеков, Елбол Сыпатаев, Түгелбай Ташенов, Қайыргелді Күзембаев, Жамбыл Тайжумаев секілді Өрімдей жастар жалған жаланың құрбаны болды. Бірақ олардың есімі ел есінен өтпейді. Желтоқсан құрбандарына әр уақытта бас иіп тағзым етеміз. Жүргізуші: Тәуелсіздік биік болсын тұғырың,Тарылмасын терең алған тынысың.Ұзақ болсын, ұзақ болсын ғұмырың,Бодан болған күндеріміз құрысын.- дей келе сіздерді тәуелсіздігіміздің торқалы тойымен құттықтаймыз. Ән: «Бақытты Қазақстан» орындайтын Жеңіс Медет, Бақтілеу АйжанЖүргізуші:Бір- біріме тату- тәтті тұрады,Бәрінің де Қазақстан тұрағы.Туған жерге тебіренген сәттердеАғылады өлең – жырдың бұлағы – дей келе, құрметті ата-аналар мерекеге орай жылы лебіздеріңізді білдірсеңіздер!Жүргізуші:Дүбірлеткен өңірді Дүбірлесін дүлділіҚазақ деген елімнің Құтты болсын бұл күні – келесі сөз кезегін мектебіміздің тәрбие –ісі жөніндегі орынбасары Жолдасов Асқар ағайға береміз.Жүргізуші:Құрметті жиналған қауым! Сіздерді тағы да мерекемен құттықтаймыз. Мемлекетімізге жарқын болашақ, барлықтарыңызға мықты денсаулық тілейміз. Айымыз оңынан тусын деген ниетпен бүгінгі «Тұғыры биік – Тәуелсіз Қазақстан» атты ашық тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.«Атамекен» әні орындаладыКелесі кездескенше, сау болыңыздар!
Материал ұнаса әріптестеріңізбен бөлісіңіз
Ашық сабақ, ҚМЖ, көрнекілік, презентация
жариялап табыс табыңыз!
Материалдарыңызды сатып, ақша табыңыз.
(kaspi Gold, Halyk bank)