400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тұғыры мықты, мәртебесі биік Қазақстан!

Материал туралы қысқаша түсінік
Білім алушыларға
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тұғыры мықты, мәртебесі биік Қазақстан!

Рахова Акмарал Катарбаевна

Қазақ Ұлттық Қыздар Педагогикалық Университеті

«Педагогика және психология жоғары мектебі»

«Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы


Қазақ халқы тәуелсіздікті алғанына 29-жыл толды. Тәуелсіз ел атану бізге оңайлықпен келген жоқ екені баршамызға белгілі.Бұл әрбір қазақтың жүрегіндегі арманның орындалауы.Еліміз ешқандай қиындыққа мойымай тәуелсіз ел атанды.Осылай 1991 жылы желтоқсанның 16-сында Қазақстан өз Тәуелсіздігін жариялады.Және әлем картасына Қазақстанның шекарасын сызып көрсетті.Бұл елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың жасаған ерен еңбегінің арқасында. Қадамын нық басу үшін Ата заңымыз қабылданды. Төл теңгеміз қолданысқа шықты.Алғаш тәуелсіздігімізді алған кезде халқымыз қиындықтардан өтті.Отанымыз Қазақстанымыз туралы айтарымыз да, мақтанарымызда көп!Осынау 29-жылда Қазақстанның жеткен жетістігі жетерлік.

Тәуелсіз Қазақстанымыздың спорттағы жетістіктері де аз емес. Еліміздің көк байрағын желбіретіп, ән ұранымызды өзге елде шырқатып еліміздің мерейін үстемдетуі тәуелсіз еліміздің жемісті жетістігі. Біздің елімізде көптеген ұлт өкілдері тату өмір сүруде.Оған дәлел 1995 жылғы 1 наурызда мемлекет басшысы жанындағы қоғамдық концультациялық-кеңесші орган — Қазақстан Халықтары Ассамблеясы құрылды. ҚХА – ның мақсаты қоғамдық тұрақтылық пен ұлтаралық татулықты нығайту еді. Қазақстан көп ұлтты ғана емес, көп дінді мемлекет. 2003 жылы Астана қаласында елбасымыз Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының Бірінші съезін өткізіп ел ішінде тыныштық болу үшін дінаралық татулық саясатын берік ұстанып, жер жаһандағы алуан түрлі дін өкілдерінің басын қосты. Бұл да біздің еліміз тәуелсіз Қазақстанның халықаралық дәрежедегі беделін арттырды.

Қазақстанды бүкіл әлем мойындады десек артық емес. Ұлттық мәдениетімізді қайта түлетіп «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламамыз жасалғаны және бұл бағдарлама бойынша қазақ жеріндегі барша тарихи, мәдени ескерткіштеріміз қалпына келтіріліп, халқымыздың аса бай ауыз әдебиетіміз, мәдени және музыкалық мұраларымыз жүздеген том болып жарық көрді. Әрине осынша дүниелердің іске асуы Елбасымыздың арқасында. Тарихқа көз жүгіртсек Абылай хан дүниеден озар алдында Бұқар жыраумен қоштасып жатып: «Қанша жыл өмір сүріп, жасағанымнан не пайда, қазақтың арқасын тамға, аузын нанға сүйегенім жоқ, бұл – бір. Ақбозаттың құнын ер құнына теңегенім жоқ,бұл- екі. Мылтығымның құнын екі ердің құны дегізгенім жоқ, мұным үш. Осы үш арман бойымда кетті» деген екен. Абылайдың осы үш арманының аржағында үлкен филосо­фия­лық ой, даналық тұжырым бар. Бұл оның қазақтың басын біріктірсем, яғни «Мәңгілік Ел» етсем дегенін, ел болашағын тереңінен ойлағанын пайымдатады. Ендеше, Абылай хан елді біріктірген ұлы тұлға және «мәңгілік ел» идеясын жалғастырушы екендігін мақтанышпен айтуға болады. Осы Абылай арманы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастауымен Қазақстан егемендік алғаннан бері соңғы 29жылдан астам аз уақыттың ішінде орындалып келе жатқанының куәсіміз.

Мәңгілік Ел — жалпы қазақстандық ортақ шаңырағымыздың ұлттық идеясы. Бабаларымыздың арманы. Кезінде түркі жұрты қағандары «түнде ұйықтамай, күндіз отырмай, қара терін төгіп, қызыл қанын ағызып» «Мәңгілік Елдің» іргесін қалап кетсе, дәл осыны жаңа дәуірде Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев ХХІ ғасырдағы «Мәңгілік Ел» идеясы тұрғысында, іс жүзінде тарихи сабақтастықта жалғастырып отыр. Оған Елбасының кешегі Жолдауындағы мен « Мәңгілік ел» ұғымын ұлтымыздың ұлы бағдары – «Қазақстан-2050» Стратегиясының түп қазығы етіп алдым», деген сөзі айшықты айғақ. Содықтан «Мәңгілік Ел» идеялық реформа барша қазақстандықтардың өміріне, болашағына қатысты құжат. Осы құжат негізінде біздің еліміз Қазақстан «Мәңгілік Ел: бір ел – бір тағдыр» деп үлкен мұрат қойды. Ол мұрат халықтың жағдайы, ол мұрат елдің бірлігі мен өрлеуі, ол мұрат Мәңгілік жарқын өмір. «Мәңгілік- ел» идеясы — елімізді өз мақсатына талай дәуір сынынан сүріндірмей жеткізетін тұғырлы идея. Осының барлығы дамыған 30 елдің қатарына кіруімізге жаңа серпін беретіні сөзсіз қуанам. Алдымызда «ЭКСПО-2017» атты халықаралық көрме елордамыз Астанада өткізілмекші. Бұл көрме Орталық Азияда және «Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына» кіретін мүше елдерде өтетін алғашқы көрме болмақ. Мұндай үлкен шараны біздің елде өткізу мемлекетіміздің жоғарғы деңгейін көрсетеді. Өтетін көрме, елдің өндірістік қуатына мықты серпін бере алады. Мұндай ауқымды және жауапкершілікті іс-шараны өткізуде біздің ел үшін пайдасы өте мол. Басқа елдермен достық қатынастар нығаюымен қатар, елімізге инвесторлар алып келеді, еліміздің мәртебесін жоғарлатадыБұл заманда әлем тек экономикалық жағынан мықты, ішкі тұтастығы берік, ауыз-бірлігі күшті мемлекеттермен ғана санасады. Қазақстан қазір әлем санасатын, әлем сыйлайтын елге айналғаны баршамызға мәлім.

Өз ойымды қорытындылай келе,Еліміз өлшеусіз табиғат байлығымен ғана емес,ең алдымен сан түрлі ұлттардан құралған халқымен ерекше екенін ұмытпаған абзал. Бүгінгі бейбіт те шуақты күндерді бағалай отырып, жаңа биіктерде ұмтылу – біздің буынның бағыты болуы тиіс. Қазір біз өркендеудің жаңа жолында, әлеуметтік дамудың жаңа кезеңіне бет алдық. Елбасы бекіткен жаңа экономкалық бағамда жаңа бағдарламалар, оның бағыттары және нәтижеге жету жолдары көрсетілген. Ендігі жеңіс те ерлік те біздің қолда. Дербес болуға бағыт алған егемен еліміз-Қазақстанды көркейтетін, шаңырағын биіктетіп байытатын, абыройын асырып, өз бақытының иесі болуына қол жеткізіп отыратын, білім мен білік жолын таңдаған кейінгі ұрпақтар, яғни, біз жұмыла еңбек етуіміз қажет. Тұғыры мықты, мәртебесі биік Қазақстаным!

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
21 желтоқсан
456
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі