400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Түкпірде қалған ауқымды мәселе

Материал туралы қысқаша түсінік
Тіл - әрбір елдің мақтанарлық байлығы болса, әдебиет сол байлығымыздың, асыл, жауһар тастары десек де болады. Менің бұл жердегі айтқым келгені, бірі, екінші біреуінсіз, біріккен "ел" атты қамалды құрай алмайды.
Материалдың қысқаша нұсқасы

2 – тапсырма

Түкпірде қалған ауқымды

мәселе

Тіл - әрбір елдің мақтанарлық байлығы болса, әдебиет сол байлығымыздың, асыл, жауһар тастары десек де болады. Менің бұл жердегі айтқым келгені, бірі, екінші біреуінсіз, біріккен "ел" атты қамалды құрай алмайды. Екеуінің де алар орны, берер пайдасы өте көп болғанымен, мақсаты еліміздің кешегі, өткен қалпын, бүгінгі күнмен ұштастырып, келешекке апарар мүддесін көрсету, бейнелеу. Ал біздің мақсат олардың мәртебесін сақтап, қадір-қасиетін түсініп, әрі қарай дамыту, гүлдендіру. Ал біз сол мақсатымызды толықтай орындап, парызымызды орындауға тырысып жатырмыз ба?

Мен бұл сұраққа дүп беріп жауап бере алмаймын. Өйткені, ойымдағы қалаған нәрсе мен көз алдымда болып жатқан дүние мүлдем бөлек. Статистикаға сүйенсек Қазақстанда қазақ тілінде сөйлейтіндердің 30 %-ы - қарапайым, 61-62 %-ы – орта, ал 8-9 %-ы – элитарлық тілдік тұлғалар. Бұл статистикаға қарап тіл мәселесінің ауқымдылығын көруге болады... Сөздің ашығына келсек ана тілі мәселесі былайша, жәй сөзбен айтылғанымен, іс-әрекет жағынан еш орындалар емес.

Қазіргі заманның ақиқаты бұл таза қазақша сөйлеп, өз тілін құрметтеген адамды кекетіп, дамыған заманнан қалып қойғандай көрсету, санау. Керісінше "Міне нағыз қазақ!" деп қолдап, жақсы нәрсені насихаттап жатқанын айтудың орнына, кейбір надандардың айтары осы. Ия, шындық қашан да ащы болады, оны мойындау қажет. Бұл менің өз көзіммен көріп, құлағыммен естіп жүрген дүниелер. Кейде өзім де таңданып, бұл шындыққа сенер, сенбесімді де білмеймін. Таза қазақша сөйлеген адамға таңданыспен қарайтын күйге, қашан жетіп қалдық?

Бұл тек мұнарамыздың жартысы ғана, ал қалған жартысына, ұрпаққа қалған мұра, асыл да құнды сөздеріміздің жинағы, әдебиетімізді айта кететін болсақ, әңгімеміздің бағыты басқа жаққа бұрылады. Әдебиет, халқымыздың қадірлі әдебиеті, ұлы тұлғалардың келешек ұрпаққа, өскелең жастарға қалдырған ұлағатты, қанатты сөздеріне толы. Оны біз, сүзіп алар сүттің қаймағы десек те болады. Осы бір құнды сөздердің қадірін білер болсақ, әдебиетімізге көңіл бөліп, құлақ асар болсақ, жаңағы айтқан жағдайлар болмас еді.

Көріп тұрғанымыздай, екі түрлі дүние бір мұнараны құрап тұр. Біреуі екіншісінсіз біріге де, қалпына келе де алмайды. Тек екеуінің ұштасуымен ғана бір халық, бір ел пайда болады. Еліміздің, ұлтымыздың кешегісі мен бүгінгісі, сонымен қатар болашағы да осы болмақ. Бұған, А.Байтұрсынұлының "Өз алдына ел болуға өзінің тілі, әдебиеті бар ел ғана жарай алады" деген сөзі дәлел болмақ. Қорытынды сөз ретінде мен, еліміздің, барша қазақтың жаны, бағалы қазынымызды - тіліміз бен әдебиетімізді құрметтеп, бағалап, қолдап, аяласақ деймін! Өйткені, бұл халқымызды бір тұтас етіп, біріктіретін, былайша айтқанда елімізді - ел ететін жалғыз әрі сенімді құрал!

Гарипуллаева Жанерке

Арыстанбекқызы

zgaripullaeva@gmail.com

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
13 ақпан
257
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі