Материалдар / Түлеп ұшқан бақшадан
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Түлеп ұшқан бақшадан

Материал туралы қысқаша түсінік
ертеңгілік
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2017
510
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Түлеп ұшқан бақшадан...»

Мақсаты: Балалардың балабақша да үйренген білімдерін қорытындылау. Отаншылдық рух қалыптастыру. Алтынұя балабақшаларына, тәрбиешілеріне деген құрмет сезімге, сахна мәдениетіне баулу. Мерекелік көңіл күй сыйлау.

Дауыс: Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар. Құрметті қонақтар, ата-аналар, «Ерасыл» балабақшасының бүлдіршіндері балалықшақпен қоштасқалы отыр. Ертеңгілік барысында қол телефондарыңызды өшіріп, дабыр сөзді қойып, қолдарыңыздан келгенше әр баламызды қошеметтеп, әр сөздерін мұқият тыңдап, өнерлеріне тамсанып, қуаныштарын бөлісулеріңізді сұраймыз.

1Тәрбиеші:

Есте қалар мәңгілік,

Бүгінгі күн ерекше.

Қуанышты балалар,

Қуанышты үлкен де.

Жасыралмай көз жасын,

Баса алмай жүрек лүпілін.

Мерекені бастайық,

Қоштасудың бұл кешін.


2 Жүргізуші:

Өтті қызық көп күндер,

Бес жасқа да жеттіңдер.

Барасыңдар мектепке,

Бір белестен өттіңдер.

Өсті ақыл-ойларың,

Өсті міне бойларың.

Қуанышқа ортақпыз,

Құтты болсын тойларың.


1Жүргізуші:

Қадірлі ата-аналар! Құрметті қонақтар! Бүгін біз мәпелеп, тәрбиелеген бүлдіршіндерімізді ұядан ұшырып, мектепке шығарып салғалы отырмыз. Ұяларын қимай қоштасқалы тұрған балапандарымызды ортаға шақырамыз.

Толқимыз, толқып тұрсыз баршаңызда,

Мұндай күй болған сірә қаншаңызда.

Қол соғып, қошеметтеп шақырайық,

Бүлдіршін түлектерді ортамызға.


(Залға балалар кіреді.)



2Жүргізуші:

Жаңа өмір басталсын,

Үміт сенім ақталсын.

Ұмытылмай бала бақша вальсі

Көңілде мәңгі сақталсын.


Би: Вальс «Бақытты балалық шақ».


Хор: «Біз мектепке барамыз».


Алтынай:

Құрметті қонақтар, армысыздар,

Бәріңізде есен-аман бармысыздар?

Таусылмайтын ағытып ой-арманның,

Ал, достарым ақ жол тілеп, сөз бастаған.


Сырым:

Ақ тілекті ағытып, бір тастайық,

Қоштасатын кешімізді біз бастайық.

Жүздерінен көркем шаттық арайлы,

Болсын солай әрбір күнің әр айың.


Барлық балалар қосылып:

Жақсылыққа құмармыз,

Жақсы адам болып шығамыз.

Таза сәби жүректен,

Қабылдаңыз мың алғыс!


Сырым: Сонда біз бүгіннен кейін балабақшаға келмейміз бе?


Айғаным: Балабақшадағы апкилерімізді, бір –бірімізді сағынамыз ғой!


1 Тәрбиеші:

Әрбіріңді бөле жармай сүюші едік,

Өздеріңді біз де сағынып жүрерміз.


2Тәрбиеші:

Амал нешік?! Өмір заңы солай ғой...

Біз сендерге сәтті сапар тілейміз.


Қажымұқан: мұнда талай қызықты күндер өткіздік, ойнадық, биледік, ән салдық.

Ерасыл: Иә, иә! Есепті, мүсіндеуді, сурет салуды, тағы да басқа өнерді үйрендік. Ең бастысы – бір үйдің балаларындай бауырласып кеттік!

Нұрайдар: Қоштасу қандай қиын!? Бір-бірімізді ұмытпау үшін не істесек екен?

1 Тәрбиеші: Мекен-жайларыңды жаттап алып, хат жазысып тұруға болады ғой!

Перизат: Бірақ біз әлі жаза алмамыз ғой, хат жазуды үйренгенше сағынысып қаламыз гой!

2 Тәрбиеші: Онда ұялы телефонмен хабарласып, сөйлесіп тұрыңдар.

Балауса: Ұялы телефорн жоғалып, немесе нөмірі өзгеріп кетуі мүмкін гой!

1 Тәрбиеші: Шынымды айтсам, тағы қандай ақыл қосарымды білмей тұрмын.

Мейіржан: Таптым! Интернет желісіде сайт ашайық!

Сырым: Ол қалай сонда?

Мейіржан: үлкендер «Одноклассники» яғни «сыныптастар» деген сайт бар ғой. Сол сияқты біз де «Бүлдіршін – нүкте – кz “ сайт ашып қойсақ бәрәміз бір уақытта интернет бойынша кездесіп тұрамыз.


2Тәрбиеші: Табылған ақыл! Сонымен Сайтымыздың алғашқы бетін «Балабақша бағында» деп атайық. Бұл бетте балабақшаға алғаш келгеннен бастап не үйренгеніміз, қызықты оқиғаларымыз, жалпы балалалық шақтың қайталанбас сәттерін топтастырайық!

Кімдер жақсы ән айтушы еді?

Қыздар: әрине біз. Ән: «Қасиетті домбыра» Балауса, Арай, Мерей.


Перзат:

Балабақша, балабақша,

Шаңырағы шаттықтың.

Балабақша қорғанышы,

Балғын сәби жастықтың.

Қуанамыз сыйлаймыз,

Қуаныштың мың гүлін.

Бақшамызды қимай біз,

Қоштасатын күн бүгін.


Бекнұр:

Ботақаным бөбегім деп,

Еркелеткен ұл-қызын.

Анамызды ерекше

Қуантатын күн бүгін.

Өсті міне бойымыз,

Қуанышқа ортақпыз.

Құтты болсын тойымыз!


Айғаным:

Бұл қуаныш себебін,

Бізге қарап ұғарсың.

Ер жетті деп бөбегің,

Туған Отан қуансын.

Оқимыз білім аламыз,

Болашақ жолын саламыз.

Бақшаменен қоштасып,

Біріншіге барамыз.


Нұрайдар:

Өзіңнен көп дос таптым,

Бауыр баса бастаппын.

Тәрбиешілер мейірбан,

Келмей тұр енді қоштасқым.

Тәрбие берген ұямыз,

Тәртіптіибала боламыз.

Қоштасып балабақшамен,

Біз мектепке барамыз.


Пермеш Жания:

Үлкендердей тап –таза,

Жазамыз бормен тақтаға.

Үлгілі бала боламыз,

Жүретіндей мақтана.


Мейіржан:

Сезімнен туған баламыз,

Оянды ақыл санамыз.

Адамдықтың бастауын,

Өзіңнен алып барамыз.

Балабақша базарлы үй,

Көшедегі ажарлы үй .

Шаттығы бар шуақы,

Өз үйіміз сияқты.


Ж.Амина:

Сыңғыр, сыңғыр қоңырау,

Тәтті әуені ән думан.

Мектепке кетіп барамыз,

Білім алған бақшадан.


Жәңгір:

Мектепке енді барыңдар,

Кілең бестік алыңдар.

Жақсы оқып сабақты,

Кілең бестікмалыңдар.

Қолыма гүл аламын,

Дайын дәптер қаламым.

Таңғалдырып достарымды,

Мен мектепке барамын.


Раяна:

Балабақшам қош енді,

Әркез аман бол деймін.

Әкем менен шешемді,

Ертіп енді келмеймін.


1Тәрбиеші: Келесі кезекте бүдіршіндеріміздің орындауында «Ара» биін қарсы алыңыздар!

Би соңында ертегілердегі еркетотай ханша келеді:


Ханша: Шуламаңдар, тынышталып, мені тыңдаңдар!

Менің тоға киетін 2 көйлегім, қонаққа барғанда киетін 2 көйлегім, көрші хандыққа қонаққа барғанда киетін 1 көйлегім бар. Сонда барлығы қанша көйлегім бар екенін тез есептеп айтыңдар!


Сырым: Сіз кімсіз? Неге айқайлайсыз?


Ханша: Мен ханшамын, әкемнің хан сарайында әбден ішім пысты. Бүгіннен бастап сендердің тәрбиешілерің боламын!


Сырым:Біздің тәрбиешіміз бұлай қатты айқайламайды.


Ханша:Балабақша тәрбиешісі болу қиын ба соншалық! Сұрақ қоя бересің, қоя бересің, болды емес пе?


Бәрі: Ж-о –оқ!Біз сіздің тәрбиеші болғаныңызды қаламаймыз!(Бәрі жерді тақылдатады).


Ханша: Жарайды, жарайды. Мен тәрбиешінің көмекшісі-ақ болайын. Сыпырғы мен шүберектер сендер сияқты шуламайды гой. Еден жуып, шаң сүртіп тамақ тасу қиын болып па? (Музыка фонында сыпырады, шаң сүртеді т.б бір кезде шаршап құлайды. Ғажайыптан пайда болған хан көрінеді: «Ай қызым- ай! Еңбектің үлкен-кішісі болмайтынын енді түсінген шығарсың. Әр мамандықтың өз қызығы мен қиындығы бар.

-уәзірлерім! Сыйқырлы желбегеймен ұшып ерке ханшаны қайтадан ертегілер еліне алып жүріңдер!

-Балалар, мен сендерді танимын. Ертегілермен дос екендеріңді де білемін. Мектепке бет түзеген қадамдарың оң болсын! 4 пен 5-ке оқыңдар. Жақсылыққа сене біліңдер!») Ханшаны уәзірлері келіп алып кетеді.


2 Тәрбиеші: Балалар! Интернет сайтымыздың бір бетін арнайы аяулы апайларға арнайық.


Бибінұр:

Гүлдендірген бақшаны,

Меңгеруші апай жақсы адам.

Сондықтанда біз үшін,

Артықсыз сіз басқадан.

Жеткіземіз біз ертең,

Болашаққа данқыңды.

Біздің Қарлығаш апайға,

Бар баланың алғысы.


Қабылхан Жания:

Гүлденсін деп бақшамыз,

Күн сайын тыным таппаған.

Әдіскер Мөлдір апайым,

Аямас жанын бақшадан,

Сізге рахмет айтамыз!


Арай:

Денсаулыққа болаттай,

Ауруларды жолатпай.

Күнде болған әбігер,

Қамқоршымыз дәрігер.

Шахар апайға мық рахмет!


Мерей:

Аспазшы Жанат, Гуля, Ғалия,

Тәтті тағам пісірген.

Айран сүтін ішкізген,

Аспазшы апайлар

Сіздерге мың алғыс!


Рамазан:

Қызық –қызық ертегі,

Бізге оқып оқып береді.

Жылауық та, тентек те,

Сол апайға көнеді.

Тәрбиешілер күлімдеп,

Үйретіп бізді келеді.


Қажымұқан:

Бөлмеде кеңес бересіз

Болашағымызға сенесіз.

Бізден кейін кетесіз,

Бізден бұрын келесіз.


Арсен:

Есеп-қисап жүргізетін,

Бақшаға кіріс кіргізетін.

Есепші шолпан апайым,

Сізге де мың алғыс!


Низам:

Бізді баптап қараған,

Күлімдеген жақсы адам.

Ақ төсекке жатқызған,

Басымыздан сипаған.

Айнұр апайымызға көп рахмет!


Али:

Шекер қосып бал берген,

Тәтті-тәтті дәм берген.

Апайымыз қоймашы,

Раушан апай сізге де,

Мың рахмет айтамыз!


1Тәрбиеші: Би: Жігіттердің орындауында қазіргі заманауй би «Біздің жігіттер» .

(Осы кезе бөлмеге «Ғалым, оқымысты»адам кіреді.)

Ғалым: Мен оқымысты ғалыммын. Мен білімімнің арқасында 200 жыл жасаған адаммын. Бірақ бір сиқырлы қаламның құпиясын аша алмай келемін. Мықты болсаңдар сол құпияны табуға көмектесіңдер, ғылымға қосқан үлестерің болады. (Сиқырлы музыка ойналып, алдын ала төбеге орнатылған сиқырлы қалам жерге түседі.)

Ғалым: Бұл қалам – тілектер қаламы, небір қиын тілектерді орындауға құдіреті жетеді. Бірақ кез-келген тілекті орындамайды. Біл белгілісі егер айтылған тілекті орындар болса, қаламның жарығы жанады, тілек жазылады.

2 Тәрбиеші: Қызық екен! Осы заманда да сиқырлы бұйымдар болады ма?


Ғалым: ғылымның құпиялары жетерлік, іске кірісіңдер.


2Тәрбиеші: Балалар! Қане, қанай тілек айтасыңдар!

Балалрдың тілегі: мен тезірек үлкен болып өсуді қалар едім. Ал мен ғарышкер болғым келеді! Мен бірнеше тіл біліп, әлемді аралағым келеді!


Ғалым: Қаламымыз жанған жоқ. Тілектерді тағы да айта түсіңдер!


2Тәрбиеші: Балалар, арман тілектерің әдемі-ақ, бірақ меніңше бұл қалам адамдардың жеке басына қатысты емес, халыққа, елімізге ортақ тілектерді орындайтын сияқты.


Балалардың тілектері: мен жер бетіндегі барлық балалардың бақытты болғанын қалаймын! Мен әлемде бибітшілік болсын деп тілеймін! Ал, мен білімді адамдар көп болса деймін.


2Тәрбиеші: Балалар, сендердің көп тілектеріңнің барлығын бір тілекке сыйдыруға болады. Келіңдер, сиқырлы қаламды бәріміз ұстап тұрып, қайталайық. «Біз болашаққа бастар нұрлы жолмен мәңгілік елге жеткіміз келеді!» (Қалам жанады)


Ғалым: Сұрақтар қояды.( 1-10ға дейін қазақша, орысша, ағылшынша атайды. Түстерді 3 тілде атайды. Жыл мезгілдерін және апта күндерін атайды. Сергіту сәті ағылшын тілінде “Менің отбасым».)

2 Тәрбиеші: Би: шығыс биі.

Психолог: Тренинг.

1Тәрбиеші: Ән «Мен әдепті баламын» Сәбет Нұрсәт ұлдарыңыздың орындауында қабыл алыңыздар.


2Тәрбиеші: «Кукарэлло» қыздардың орындауында қабыл алыңыздар.

Аружан:

Талай-талай баспалдақты аттармыз,

Ата-ананың үмітінде ақтармыз.

Тәрбиеші сізден алған ақылды,

Есімізде өмір бой сақтармыз.


Ерасыл:

Амал қанша бұл анық,

Қоштасатын кез келді.

Ойыншықтар мұңайып.

Іздейтін болдау біздерді.


Қанат Темірлан:

Ана тілін ардақтап,

Ата салтын біз көрдік.

Сурет салып, ән жаттап,

Оқып, жазып үйрендік.


Дана:

Күліп ойнап алаңсыз,

Қуандық біз баршамыз.

Ризамыз сүйікті,

«Ерасыл» балабақшамыз.


Бибарыс:

Жүзімізге қараңыз,

Бал күлкілі баламыз.

Бізге қымбат күн шуақ,

Көкке қанат қағамыз.


Гоша:

Қуанамыз сыйлаймыз,

Қуаныштың мың гүлін.

Бақшамызбен қимаймай біз,

Қоштасатын күн бүгін.


Ақнұр:

Балабақша базарлы үй,

Көшедегі ажарлы үй.

Шаттығы бар шуақты,

Өз үйіміз сияқты.


Амина:

Білім алған бақшадан,

Біз көңілді балдырған.

Шақырады мектепке,

Сыңғырлаған қоңырау.


Мөлдір:

Мәпелеген анамыз,

Бақша болды панамыз.

Мектепке енді барамыз,

Оқып білім аламыз.


Арыстанбек Темірлан:

Бұл екінші үйіміз,

Бір туғанбыз бәріміз.

Біз осы үйдің гүліміз,

Біз осы үйдің сәніміз.


Нұрсәт:

Нежной грюстью до свидания,

Скажем группе мы родной.

Мы с тобой не раставались,

Раз день только выходной.


Балауса:

С кажем сад досвидание,

Ждет наш школьная страна.

И домашные задания,

И веселые дела.


2Тәрбиеші:

Балалар, енді біз сайттың келесі парақшасын сендерді мәпелеп өсірген, сендерден де артық қобалжып отырған сендердің ата-аналарыңа арнайық.


Барлық бала: Біз сіздерді жақсы көреміз! Тентек болмауға, мектепте үздік оқуға уәде береміз! Бәрі-бәрі үшін көп-көп рахмет!


1. Тәрбиеші: «Ия, ия» «Жоқ, жоқ» ойынын ойнайық!

1. Мектепке біз барамыз ба? 
2. Кілең бестік аламыз ба? 
3. Айтқан тілді аламыз ба? 
4. Ақылды бала боламыз ба? 
5. Нан жеймін деп жылаймыз ба? 
6. Ертеңгісін тұрамыз ба? 
7. Сабақ та отырып ұйықтаймыз ба? 
8. Ойыншықтармен ойнаймыз ба? 
9. Екі алғанда жылаймыз ба? 
10. Оқушы біз боламыз ба? 
Олай болса ата – аналармен де «Ия, ия» «Жоқ, жоқ» ойынын ойнайық. 
1. Балаңызға әрқашан тірек сіз ба? 
2. Сабақ оқып, есепке сіз жүйрік сіз ба? 
3. Тамағын уақытылы бересіз бе? 
4. Төзімділікке сіз әр уақытта төзесіз ба? 
5. Сериал көріп жатасыз ба? 
6. Ұрып, нұқып үйретуге барасыз ба? 
7. Оқыту мұғалімнің жұмысы деген кері тартпа сөзді айтасыз ба? 
8. Сен оқыт, мен оқып шаршадым деп ұрысуға дайынсыз ба? 
9. Балаңыз үшін балаларды соғасыз ба? 
10. Бала үшін асулардан асасыз ба? 

1 Тәрбиеші: осы аяулы аналарымызға арналған «Әке- ана» әнін Қуандық Аружанның орындауында қабыл алыңыздар.


2 Тәрбиеші: Бибінұрдың орындауында «Аққу» биін қабыл алыңыздар!


1 Тәрбиеші: «Мама» Қамшыбек Мейіржанның орындауындауында қабыл алыңыздар!


Хор: «Қош бол, балабақша!»


Марапаттау рәсімі.

Сөз кезегі: Охашева Қарлығаш Мәделіқызына беріледі.

Ата-ана тілегі.

2Тәрбиеші:

Бізге сыйлап сыңғырлаған күлкіні,

Жүздеріңде әрдайым да нұр тұнды.

Бүгін міне көзді ашып жұмғанша,

Өздеріңмен қоштасатын күн туды.

Биік ұшып талмай қанат қағыңдар,

Жүректерден арман отын жағыңдар.

Жақсы оқып, алтын ұя мектепте,

Бұл өмірден бақыт жолын табыңдар!


1 Тәрбиеші:

Балалардың білімі құтты болсын,

Денсаулығы ауырмайтын мықты болсын.

Білімдерін әрі қарай дамытатын,

Ерінбейтін еңбекқор күшті болсын.-

деп «Түлеп ұшқан, бақшадан...» атты ертеңгілігімізді аяқтаймыз.


(Осы кезде қолына шар ұстаған сайқымазақ кіреді.)

Сайқымазақ: жоқ, жоқ әлі аяқтамаймыз. Ең қызық сәт енді басталды. Сендерді сыртта қызықты ғажайып сәтке шақырғым келіп тұр. Жүріңдер менімен, менің қолымдағы шарларды көрдіңдер ме? Олай болса қазір біз тілек тілеп шарларымызды ұшырайық.




Сырым: Сонда біз бүгіннен кейін балабақшаға келмейміз бе?


Айғаным: Балабақшадағы апкилерімізді, бір –бірімізді сағынамыз ғой!


1 Тәрбиеші:

Әрбіріңді бөле жармай сүюші едік,

Өздеріңді біз де сағынып жүрерміз.


2Тәрбиеші:

Амал нешік?! Өмір заңы солай ғой...

Біз сендерге сәтті сапар тілейміз.


Қажымұқан: мұнда талай қызықты күндер өткіздік, ойнадық, биледік, ән салдық.

Ерасыл: Иә, иә! Есепті, мүсіндеуді, сурет салуды, тағы да басқа өнерді үйрендік. Ең бастысы – бір үйдің балаларындай бауырласып кеттік!

Нұрайдар: Қоштасу қандай қиын!? Бір-бірімізді ұмытпау үшін не істесек екен?

1 Тәрбиеші: Мекен-жайларыңды жаттап алып, хат жазысып тұруға болады ғой!

Перизат: Бірақ біз әлі жаза алмамыз ғой, хат жазуды үйренгенше сағынысып қаламыз гой!

2 Тәрбиеші: Онда ұялы телефонмен хабарласып, сөйлесіп тұрыңдар.

Балауса: Ұялы телефорн жоғалып, немесе нөмірі өзгеріп кетуі мүмкін гой!

1 Тәрбиеші: Шынымды айтсам, тағы қандай ақыл қосарымды білмей тұрмын.

Мейіржан: Таптым! Интернет желісіде сайт ашайық!

Сырым: Ол қалай сонда?

Мейіржан: үлкендер «Одноклассники» яғни «сыныптастар» деген сайт бар ғой. Сол сияқты біз де «Бүлдіршін – нүкте – кz “ сайт ашып қойсақ бәрәміз бір уақытта интернет бойынша кездесіп тұрамыз.


2Тәрбиеші: Табылған ақыл! Сонымен Сайтымыздың алғашқы бетін «Балабақша бақында» деп атайық. Бұл бетте балабақшаға алғаш келгеннен бастап не үйренгеніміз, қызықты оқиғаларымыз, жалпы балалалық шақтың қайталанбас сәттерін топтастырайық!

Кімдер жақсы ән айтушы еді?


Би соңында ертегілердегі еркетотай ханша келеді:


Ханша: Шуламаңдар, тынышталып, мені тыңдаңдар!

Менің тоға киетін 2 көйлегім, қонаққа барғанда киетін 2 көйлегім, көрші хандыққа қонаққа барғанда киетін 1 көйлегім бар. Сонда барлығы қанша көйлегім бар екенін тез есептеп айтыңдар!


Сырым: Сіз кімсіз? Неге айқайлайсыз?


Ханша: Мен ханшамын, әкемнің хан сарайында әбден ішім пысты. Бүгіннен бастап сендердің тәрбиешілерің боламын!


Сырым:Біздің тәрбиешіміз бұлай қатты айқайламайды.


Ханша:Балабақша тәрбиешісі болу қиын ба соншалық! Сұрақ қоя бересің, қоя бересің, болды емес пе?


Бәрі: Ж-о –оқ!Біз сіздің тәрбиеші болғаныңызды қаламаймыз!(Бәрі жерді тақылдатады).


Ханша: Жарайды, жарайды. Мен тәрбиешінің көмекшісі-ақ болайын. Сыпырғы мен шүберектер сендер сияқты шуламайды гой. Еден жуып, шаң сүртіп тамақ тасу қиын болып па? (Музыка фонында сыпырады, шаң сүртеді т.б бір кезде шаршап құлайды. Ғажайыптан пайда болған хан көрінеді: «Ай қызым- ай! Еңбектің үлкен-кішісі болмайтынын енді түсінген шығарсың. Әр мамандықтың өз қызығы мен қиындығы бар.

-уәзірлерім! Сыйқырлы желбегеймен ұшып ерке ханшаны қайтадан ертегілер еліне алып жүріңдер!

-Балалар, мен сендерді танимын. Ертегілермен дос екендеріңді де білемін. Мектепке бет түзеген қадамдарың оң болсын! 4 пен 5-ке оқыңдар. Жақсылыққа сене біліңдер!») Ханшаны уәзірлері келіп алып кетеді.



1Тәрбиеші: Би: Жігіттердің орындауында қазіргі заманауй би «Біздің жігіттер» .

(Осы кезе бөлмеге «Ғалым, оқымысты»адам кіреді.)

Ғалым: Мен оқымысты ғалыммын. Мен білімімнің арқасында 200 жыл жасаған адаммын. Бірақ бір сиқырлы қаламның құпиясын аша алмай келемін. Мықты болсаңдар сол құпияны табуға көмектесіңдер, ғылымға қосқан үлестерің болады. (Сиқырлы музыка ойналып, алдын ала төбеге орнатылған сиқырлы қалам жерге түседі.)

Ғалым: Бұл қалам – тілектер қаламы, небір қиын тілектерді орындауға құдіреті жетеді. Бірақ кез-келген тілекті орындамайды. Біл белгілісі егер айтылған тілекті орындар болса, қаламның жарығы жанады, тілек жазылады.

2 Тәрбиеші: Қызық екен! Осы заманда да сиқырлы бұйымдар болады ма?

Ғалым: ғылымның құпиялары жетерлік, іске кірісіңдер.

2Тәрбиеші: Балалар! Қане, қанай тілек айтасыңдар!

Балалрдың тілегі: мен тезірек үлкен болып өсуді қалар едім. Ал мен ғарышкер болғым келеді! Мен бірнеше тіл біліп, әлемді аралағым келеді!

Ғалым: Қаламымыз жанған жоқ. Тілектерді тағы да айта түсіңдер!

2Тәрбиеші: Балалар, арман тілектерің әдемі-ақ, бірақ меніңше бұл қалам адамдардың жеке басына қатысты емес, халыққа, елімізге ортақ тілектерді орындайтын сияқты.

Балалардың тілектері: мен жер бетіндегі барлық балалардың бақытты болғанын қалаймын! Мен әлемде бибітшілік болсын деп тілеймін! Ал, мен білімді адамдар көп болса деймін.


2Тәрбиеші: Балалар, сендердің көп тілектеріңнің барлығын бір тілекке сыйдыруға болады. Келіңдер, сиқырлы қаламды бәріміз ұстап тұрып, қайталайық. «Біз болашаққа бастар нұрлы жолмен мәңгілік елге жеткіміз келеді!» (Қалам жанады)


Ғалым: Сұрақтар қояды.( 1-10ға дейін қазақша, орысша, ағылшынша атайды. Түстерді 3 тілде атайды. Жыл мезгілдерін және апта күндерін атайды. Сергіту сәті.)


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!