Материалдар / ТҰЛҒА ДАМУЫНДАҒЫ ВЕРБАЛДЫ ЕМЕС ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

ТҰЛҒА ДАМУЫНДАҒЫ ВЕРБАЛДЫ ЕМЕС ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Материал туралы қысқаша түсінік
ТҰЛҒА ДАМУЫНДАҒЫ ВЕРБАЛДЫ ЕМЕС ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕР
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
04 Қараша 2020
591
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ӘОЖ 159.961 А 14


ТҰЛҒА ДАМУЫНДАҒЫ ВЕРБАЛДЫ ЕМЕС ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Оралымбетова Г.У.

М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті


Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан – 2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына жолдауында: Жоғары және орта білім беру жүйесін дамыту үшін мемлекеттік жеке меншік әріптестігі желісін құру. Бүкіл ел бойынша ғылыми зерттеушілік және қолданбалы білім берудің өңірлік мамандықтарды ескеретін мамандандырылған оқу орындары жүйесін құру ерекшеліктері айтылған [1].

Жеке тұлға өзі үшін топтың маңыздылығы мен құндылығын әртүрлі қабылдайды, түйсінеді. Тұлға «өзімдікі» деп тек уақытының негізгі бөлігін өткізіп, қызметі бойынша байланысты ұжымын ғана есептеп қоймайды, сондай-ақ, ол басқа өзінің құндылықтары мен қызығушылықтары тартымды болып көрінетін топтарды өзіне жақын тартады.

Жеке адамдар мен топтар күнделікті өмірде басқа да әр түрлі топтар мен, адамдармен істес болып, өзара тығыз қарым-қатынас жасайды. Бұл адамның қызмет немесе оқу орнындағы, сондай-ақ өмір сүретін ортасындағы адамдардың топтары болуы да мүмкін.

Топтар басшысыз не жетекшісіз болмайды. Кез-келген топтың сайлап алған, не белгілеп алған басшысы болады. Әдетте топ алға қойылған мақсат-мүдделерін жүзеге асыру үшін ынтымақты болып, сайланған басшының жетекшілігімен әралуан істерді атқарады. Тәжірибелі ұстаз, тәлімгер мен тәрбиеші сынып ішіндегі топтарды қозғаушы күш етіп тәрбиелеп, оларды пайдалы істерді орындауға бағдарлап отырады.

Адамдардың ұйымдасқан тобы, ұжымның түпкі мақсаты, адамдардың игілікті мұрат-мүдделеріне сәйкес істерді атқарып, қоғамның дамуына өз үлесін қосу. Ғылыми тұрғыдан алғанда, әрбір адамның өз қауымдастығында ерікті болғанда ғана пайдалы істермен шұғылдана алады. Сөйтіп, қоғамға өз пайдасын тигізеді.

Психологиялық тұрғыдан алып қарасақ, тұлғааралық қарым-қатынас – индивидтердің интеллектуалды және эмоционалдық алмасу процесіндегі өзара бағытталған психофизикалық реакциялары ретінде қарастырылады. Тұлғааралық қарым-қатынастың пайда болу процесі ең алдымен байланыс орнатудан басталады, ол іскерлік те, жекелік те сипатта бола алады. Іскерлік қарым-қатынас жекелікпен бірігіп, бір-біріне айтарлықтай ықпал ете алады. Тұлғалық ерекшелігіне оның қарым-қатынас аймағының маңыздылығы сәйкес келмеуі бұл – вербалды емес қарым-қатынастың пайда болуын айқындайтын және тұлғаның іс-әрекетінің бұзылуына әкелетін негізгі фактордың бірі. Осы орайда ғалым Шерлок Холмос 1892 жылғы еңбегінде адамның тырнағы, күртешесінің жеңі, оның киімі, қолдарындағы сүйелі, түймелері, қимыл – қозғалысы, бет-бейнесі – адам туралы көп нәрсені айтады. Зейінді бақылаушы байқалған белгілерді біріктіре отырып, қатесіз тұжырым жасай алуына болады деген пікірін ұсынды.

Қарым-қатынас пен таным процестері өзара байланысты кұбылыстар. Эмоциялық күй – вербалды емес қарым-қатынас – адамның мінез-құлкынан, бет әлпетінен және тағы басқа қимылдарынан біршама анық көрінеді. Алайда сыртқы мінез-кұлық, барлық кезде бірден ішкі көзқарасқа үйлесе бермейді.

Қарым-қатынас процесінде индивид мотивке, мақсатқа, бағдарламаға, қабылданған шешімге, ерекше қозғалыстарды орындауға және оларды бақылауға, жалпы өзінің серіктесінің іс-әрекетіне ықпал жасай алады.

Қарым-қатынасты адамдардың бірі-біріне қатынасын реттеу мақсатындағы түрлі ақпараттар ауысу және біріккен нәтижеге жетудегі күш деп анықтаған М.И. Лисина болатын, осының негізінде балалардың үлкендермен қарым-қатынасының төмендегі белгілерін ашып берді. Олар: үлкендерге зейін аудару және қызығушылық, үлкендердің әсерін қабылдаудағы эмоционалды рең, үлкенге бағытталған баланың ынталы акты, олардың қимыл-қозғалысында үлкендердің көрінуінде балалардың қатынасының сезімталдығы [2].

Бұл көрсеткіштердің бір тұтастығы баланың іс-әрекетінде, өзінің бейнесін құруға және басқа адаммен қарым-қатынаста қажеттілігін қамтамасыз етуге бағытталған. Сонымен іс-әрекеттің жалпы құрылымдық компоненттері (зат, қажеттілік, мотив) қарым-қатынастың анайылылығы және нақты коммуникативті мазмұнымен толтырылған. Тек қана басқалармен қарым-қатынас арқылы адам «басқа көзбен» өзін өзі таниды және бағалайды.

Қарым-қатынас – бұл адамның басқа адамдармен өзіндік өзара әсерлесуі және біріккен іс-әрекетте өзара қатынасының дамуы. Қарым-қатынас адамзат қатынасының күрделі түрі. А.Б. Добрович пікірінше, қарым-қатынас бірліктегі қызметті реттейді, сананың алғашқы қалыптасуының және дамуының құралы болып табылады. Ол жеке тұлғаның ойы мен іс-әрекетін анықтайды деген [3].

Кез-келген қарым-қатынас, адамдар арасындағы жай байланыс емес, біріккен іс-әрекет процесінде адамдар бір-бірін қабылдайды, ақпарат алмасады. Сондықтан қарым-қатынас процесінде үш түрлі өзара байланыс анықталды:

  • перцептивті (қарым-қатынаста өзара қабылдау, өзара бағалау),

  • интерактивті (әңгімелесушінің өзара әсерлесуін реттеу),

  • коммуникативті (ақпарат алмасу).

Қарым-қатынас құралы – ақпарат алмасу кезіндегі операция. Адамдар арасындағы қатынас екі негізгі қарым-қатынас каналымен жүзеге асырылады:

  • вербалды,

  • вербалды емес.

Вербалды қарым-қатынас тіл, сөйлеу арқылы жүзеге асады. Тіл – сөз жүйесі, сөздерді дұрыс құрастыру, ойды сөзбен толық жеткізу, дыбыстың, интонацияның, сөздің нақтылығы. Тілдік дыбыстық құбылыс – сөз темпі, дауыс ырғағы, ритм, тембор, дикция.

Вербалды емес қарым-қатынас - «дене тілі», «ым-ишара тілі» деген ұғымдармен байланысты. Бұл қарым-қатынас құралына – поза, ым-ишара, мимика, визуалды қатынас, тұлға аралық дистанция. Альберт Мерабян қарым-қатынаста 7% ақпарат вербальды (сөз арқылы), 38% дыбыс құралдары (дауыс темры, интонация, дыбыс күші), ал 55% ақпарат алмасудың вербальды емес құралы арқылы берілетінін дәлелдеді. Осыдан Публиций: «Біз дауыс арқылы сөйлейміз, ал денемен әңгімелесеміз» деген.

Қарым-қатынас процесінің маңызды бөлігі-тыңдау шеберлігі. Зейін қойып, тыңдап отырған адамда көзі ым-шиара, көзі қозғалуы, сөйлеушіге тугелдей бөлгендігі айқын байқалады. Осы арқылы қарым-қатынас жасаудың белгілі таңбалары пайда болады. Қатынас жасаушы көңіл күйін, ойын толық жеткізуге максималды ашуға мүмкіндік жасайды. Керісінше мен-мендік, салғырттық қарама-қарсы нәтиже береді. Тыңдау мен естуде үлкен айырмашылық бар. Көбіне адамдар сөзді айта алады, бірақ естімейді (түсіну, қабылдау), көбіне адамдар ести алмайды. Бұдан адамдар тыңдай отырып өзінің басқа ойына тез ауысады. Адам сөйлегеннен төрт рет жылдам ойланады. Айтылғандағы және оның мағынасын қабылдауға 1сек уақыт кетеді. Егер сіз білмейтін сөз болса 3-5 сек. уақыт кетеді, ал уақытты толық түсіну үшін 14-15 сек уақыт қажет. Адам 1минутта 60-70 сөздің мағынасын ұғынады.

Қарым-қатынас мәнін анықтау үшін, соңғы он жылдарда дамытылған, оның функционалдық және деңгейлік ұйымдасуы жайлы ұсынулар маңызды болып шықты (Б.Д. Парыгин, Г.М. Андреева, А.А. Бодалев, А.А. Брудный, Б.Ф. Ломов) [4]. Қарым-қатынасты «мазмұны бірлескен іс-әрекет үшін қолайлы түрлі қатынастар көмегімен ақпарат алмасу мен өзара түсіну болып келетін адамдардың өзара әрекеттесуі» ретінде анықтай отырып В.Н. Панферов қарым-қатынастың төрт сәтін бөлген: байланыс, өзара әрекет, таным, өзара қатынас және осыған сәйкес қарым-қатынасты зерттеуде төрт келісті ұйғарды: коммуникативтік, ақпараттық, гностикалық және реттеуші.

Қарым-қатынас жүйесінде отбасы мүшелерінің өз жағдайларын жақсы анықтауға көмектесу үшін, «мен-позициясын» қолдану. Бұл ұстаным үшбұрыштарды қолданумен байланысты. Психолог оның мүшелерімен қатынасқа түсе отырып, өз позициясын нақты белгілеуге міндетті. Эмоционалды стресс күйінде, отбасы мүшелері психотерапевті қандай да бір жаққа қарай бейімдеуге ұмтылады. Егер да ол олармен келісіп, яғни бір жақты қабылдайтын болса, ол үшбұрыштың бір бөлігі болып және отбасы мүшелеріне тиімді ықпал ету мүмкіндігін жоғалтады. Оның міндеті мынада, ешқандай да альянстарға қосылмау, сонымен қатар «дұрыс» немесе «қате» деген шешімдер қабылдамау.

Күш түсінігін қолдану. Бұл түсінікті пайдалану отбасы жүйесінің қызметін зерттеумен байланысты. Отбасы мүшелерінің «күшін» анықтай отырып, психолог көптеген міндеттерді табысты шешеді. Отбасының функционалды мүшелерін қолдау: Көп жағдайда психолог функционалдылығы төмен отбасы мүшелеріне ерекше көңіл бөледі. Егер де ол дәл соларға бағдарлана отырып, өз жұмысының стратегиясын анықтайтын болса, онда ол осылайша отбасының жалпы қызметтік деңгейін төмендетеді. Егер де маман отбасының ең функционалды мүшелеріне ерекше көңіл бөлетін болса, онда керісінше отбасында қызметтік деңгейі жоғарылайды.

Сонымен, қарым-қатынас - қажеттіліктері әр түрлі адамдардың пікір алмасуы, бірлесіп шешім қабылдауы, басқаны түсіну және қабылдау және де басқа әрекеттестіктерді жасауға көмектесетін күрделі әлеуметтік үрдіс.

Иық қағу қимылы адамның түсінбеуін немесе мүлде бейхабарлығын білдіреді. Бұл қимылды комплексті деуге болады. Өйткені, ол үш қимылдан тұрады: ашылған алақан, көтерілген иық және көтерілген қас көрсетілген.

Сондай-ақ кейбір қимылдарды бір ұлт өкілдері мағыналы қолданса, кей ұлттар ол қимылды мүлде білмеуі мүмкін немесе мән бермеуі мүмкін.

Адамның қолданатын сигналдарының пайда болуы мен ұрпақ арқылы берілу мүмкіндіктеріне тоқталайық. Сол үшін соқыр, мылқау, саңырау адамдарға тәжірибе жүргізілді, тағы да әр ұлт өкілдеріне, маймылдарға да тәжірибе жүргізілді. Бұл тәжірибелердің нәтижесі бойынша, қимылдарды әр топтарға бөлуге болады. Көптеген маймылдардың балалары туғанынан емуге бейім болады. Бұл қимыл ұрпақтан-ұрпаққа берілетіні сөзсіз.

Неміс ғалымы Айбль-Айбесфельдтің ойынша, әр түрлі қимылдар адамның туылғанынан болады екен, мысалы: соқыр немесе мылқау адамдардың күлуі. Сондай-ақ, әр түрлі мәдениет өкілдерінің әр жағдайда бірдей қимылдар жасаулары да сол қимылдардың туғаннан болатынын дәлелдейді. Сондай–ақ бұл қимылдар ұрпақтан – ұрпаққа беріледі. Кейбір қимылдар генетикалық болып және оларды өзгерту мүмкін болмайды. Ал кейбір қимылдарды, мысалы: көптеген ер адамдардың киімді сол қолдан киюі туылғаннан деп айтуға болмайды, өйткені мұндай қимылдарды адамдар жағдайларға байланысты өмір барысында қабылдайды [5].

Адамдар үстелдің үстінде бір біріне қарама-қарсы отырып қалса, кейде бәсекелестік, керісінше қарым-қатынас және қарсыластық атмосферасы тууы мүмкін. Демек, бұл неге әкеліп соғады. Өйткені әрбір адам өз ойын ұстанады, және дегенін істемейінше тынбайды. Адамдар бұл үстелге қашан отырады? Сонда қашан олардың арасында келіспеушілік туады? Біреуі екіншісіне сөгіс айтқан кезде. Сөгіс айтылады, сол кезде қашан адам бір жұмысын дұрыс істемесе. Знаков В.В. мынадай эксперимент жасады, егер де адамның алдында үстел тұрса, ол қысылады, өзін-өзі еркін ұстай алмайды. Еркін ұстай алмағандар 10% - ақ екен, үстелді алып тастаса, бұл адамдардың саны 55%- ға дейін көтеріліпті. Егер В әсер А-ға тигізетін болса, онда оларда жарқын әңгіме жүргізуге мүмкіндіктері болмайды. Кейде бұл әдейі жоспарланып алғандай болады. Мысалы: А-бастық В-бағынушысына қатал сөгіс айтқандай, сонда ол оған қарама – қарсы болып тұрады. Басқа жағынан В оның биіктігін сезіндіргісі келсе, онда ол әдейі А- ға қарама-қарсы отыруы мүмкін. Сіз қай жұмыспен айналыссаңыз да, әсіресе бір-біріңізбен келісушіліктегі байланыста болсаңыз, сіз міндетті түрде оған деген тиетін әр түрлі әсерлерді білуіңіз керек. Сіздің мақсатыңыз келісушілік атмосфераны орнату, келісімді жұмыс жүргізу және сол жерге керек маңызды екендігіңізді сендіріп білдіруіңіз керек. Үлкен келісушілік сонда ғана өз дегеніне жетеді, қашан сіз оған жағумен боласыз [6].

Егер адам сұқ саусағын самайына тіреп, қалған саусақтарын жұмып отырса, ол адамның қызығушылығын білдіреді. Егер қызықпаса, бірақ сыйлағаннан қызығып отырғандай болса, онда басы алақанында тіреулі тұрады. Нағыз қызығушылық қолын бетіне қойып, басын тіремегенде ғана білінеді. Олардың қызығушылығын жеңудің жеңіл тәсілі бар.

Степанов С. еңбектерінде егер, сұқ саусақ самайға тігінен тұрса, басбармақ иегін тіреп тұрса, бұл тыңдаушының лекторға немесе мәліметке ешқандай негізсіз немесе сынайы қарауының белгісі негізсіз ойлар көбейген сайын сұқ саусақпен қабағын тарта бастайды. Адамның бұл қимылдары жиіліген сайын, оның сынайы қараушылығы арта түседі. Бұл қимыл сөйлеушінің тез арада алдын - алу қимыл жасау үшін сойлеушінің өз мәлімдемесінің мазмұнына назар аударуын, немесе сөзін аяқтау керектігін білдіреді. Сынайы бағалау қимылын жиі қызығушылық белгісімен шатастырады, бірақ сынай бағалауда иекті бас бармақ міндетті түрде тиіп тұрады [7].

Иекті сипау қимылы, адамның бір шешім қабылдағысы келгендігін білдіреді. Тыңдаушылардың өз ойын айтуларын сұрағанда бағалау қимылы, «Шешім» қабылдау қимылына ауысады.

Шешім қабылдаумен байланысты қимылдардың нұсқалары. Егер көзілдірік киген адам, бағалау қимылынан соң, шешім қабылдау үшін, көзілдірігін шешіп, иегін сипаудың орнына көзілдіріктің имегін аузына салады. Темекі шегетін адам трубкасын аузына салады. Егер өз шешімін айтатын кезде адам қаламын не саусағын аузына салса, ол өзіне-өзі сенімсіз екендігін, яғни оған көмек керектігін білдіреді. Өйткені ауыздағы қалам немесе саусақ оны сөйлетпейді.

«Қолдың бетке қарай» қимылдарының әр түрлі қалыптасуы. Кейде зерігуді білдіретін, сынайы қарау және шешім қабылдау қимылдары бір мезгілде қолданылуы мүмкін [8].

Дәл осылайша, вербалды тілдер бір – бірінен қалай ажыратылса, вербалды емес тіл де әр түрлі мәдениетке сәйкес, әр түрлі мағынаға ие болуы мүмкін. Онда белгілі бір ым – ишара қалайша, белгілі бір мемлекетте бірдей мағынаға ие болады, басқа мемлекетте оның мағынасы мүлдем қарама – қарсы мағынаға ие болуы мүмкін. Адам денесі ақпарат көзі болып табылады. Адамның бағытын және сезімдерін оның тұрысы, отырысы, жүрісі, яғни, жесттер мен қимылдары арқылы анықтауға болады. Адамның күйіне оның жестілері мен тұрысы, позасы арқылы анықтама берумен кинесика ғылымы айналысады. Адамның қолы және денесі белгілі бір адам жайлы көп ақпарат бере алады. Адам дене тілін түсіну арқылы өмірін жеңілдетеді. Дене тілін зерттеп білу, қарым-қатынасты қызықты әрі тартымдылықта қарастырады.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

  1. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. 14.12.2012 – Б. 2-3.

  2. Лисина М.И. Общение со взрослыми и психологическая подготовка детей к школе. МОДЭК, МПСИ., 2001

  3. Добрович А.Б. Воспитателью о психологии и психогигиене общения. – М.: 1997

  4. Ломов Б.Ф. Методологические и теоретические проблемы психологии - М.: Наука, 1998 – Б. 67-68с.

  5. Айбль-Айбесфельд. «Этология человека». М.: Харвест, 2000 – Б. 639c.

  6. Знаков В.В. Психология понимания правды. СПб. – М.: 1999

  7. Степанов С. Язык внешности. – М.: 2001- Б. 2002

8 Головин С.Ю. Словарь психолога-практика. – Минск: Харвест, А.: АСТ, 2001 – Б. 974.


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!