Тұлғаны дамыту мақсатындағы сынып жетекшісінің тәрбиелік
іс-әрекетінің өзектілігі
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Құмарбекова Назерке Құмарбекқызы
Іле ауданы
«№ 40 орта мектебі» МКМ
Бала отбасының көз қуанышы. Өйткені қазақта сөз бар: «Балалы үй базар, баласыз үй қу мазар» деген. Сондықтан да, халқымыз баланы ерекше қадірлеген. Біреу бақытты байлықтан тапқысы келсе, екінші біреуі даңқ пен атақтан, қызмет пен мансаптан іздестіреді. Мұның бәрі түсінген адамға қолдың кірі. Адамға нағыз бақытты тәрбиелі ұрпағы ғана сыйлай алады. Олай болса адам өмірінің мәні-өз ұрпағы: «Адам ұрпағымен мың жасайды». Ал, тәрбиеге келетін болсақ, қазақ халқы баланы жастан, жастан емес-ау бесіктен, тіпті ана құрсағынан бастап тәрбиелеу керек деп өсиет қалдырған. Баланың түп казығы, алтын ұясы-отбасы. Адам баласы шыр етіп дүниеге келгеннен бастап, сол ортаның ыстық суығына бейімделіп, ықпалына көніп, осында ер жетеді. Әке-шаңырақ иесі. Отбасы мүшелерінің жауапкершілігі толығымен ер-азаматқа жүктеледі. Әйел-отбасының ұйтқысы. Баланы өсіріп тәрбиелеу –ата-ана міндеті. Бала әкеден ақыл, анадан мейірім алады. Тәртіпті де тәрбиелі ұрпақ тәрбиелеу-отбасы мен мектептен алған үлгі- өнеге жиынтығының жемісі. Баланы өсіру, оны азамат етіп тәрбиелеу кезек күттірмейтін мәселелердің бірі. Бала отбасында әкеге қарап, ал, қыз анаға қарап өседі. Сондықтан да әр ата- ана балаларының алдында өздерін дұрыс ұстап, ғибраты мол әңгіме айтып, жүріс –тұрысымен, киім –киісімен, іс –әрекетімен үлгі бола білуі керек.Өтенге көз жүгіртер болсақ, халқымыз тамаша салт дәстүрлерді ұстанған. Сонау құрсақ тойынан бастап, отау тігіп, шаңырақ көтергенге дейін сан алуан ғұрыппен атасқан.Қазір баланың сана сезімін улайтын айғақтар телеарнадағы түрлі бағдарламалар. Бұлардың бала психологиясына кері әсерін тигізбей қоймайды. Сондықтан да, қазіргі таңда балаларға кітап оқытып, кітаптың берер тәрбиелік мәні өте зор екенін ұғындыру керек. Бала бойына ұлттық құндылықтарды сіңіріп өсіру қажет. Жат қылықтан аулақ болуға, тәртіпті адам барлық жерде, үйде, мектепте, қоғамдық орындарда, өзін –өзі дұрыс ұстауын санасына құйып отыру қажет.
Мектептегі тәрбие жұмысының
нәтижелігінің бір ұшы ата-аналармен, мектептің бірлескен әрекетінде
екені еш уақытта күмән туғызбайды. Мектеп пен отбасының
ынтымақтастығын жүзеге асыруда сынып жетекшісі негізгі рөл
атқарады. Мұғалім мен ата-аналардың өзара қатынасы міндеттерінің ең
негізгісі — психологиялық-педагогикалық білімдерін көтеру болып
табылады. Осы міндеттерді шешуде оқу бағдарламасын меңгертуде түрлі
тиімді әдістер мен технологияларды пайдаланғаны сияқты,
ата-аналарға көмек ретінде «Өзін-өзі тану» пәнінің формаларын
пайдалана отырып ата-аналар жиналысының дәстүрлі емес түрін
өткізгенде интерактивті тақтаны, яғни ақпараттық технологияны
пайдалану ата-ана қызығушылығын арттырып қана қоймай, жеке
танып-білуге, байланысты нығайтуға қосар үлесі зор.Тәрбие – алдын
ала
жасалған арнаулы жоспар бойынша мақсаты бағыттала және
ұйымдастырыла жүргізіледі. Бала өмірінің басым бөлігі отбасында
өтеді. Отбасы адамзат
бесігін тербеткен ұя болса, баланың бас ұстазы – ата-ана.Ата-ананың
үйдегі
іс-әрекеті балалардың көз алдында өтеді. Сондықтан бала мектеп
табалдырығын аттағанға дейінгі оның алғашқы ұстазы – ата-анасы.
Отбасы
мектеппен бірлесіп оқу-тәрбие үрдісінің не табысты не табыссыз
болуын
анықтайтын тәрбиелеуші ортаның факторларының маңызды кешенін
туғызады.Отбасы- оқыту мен тәрбие жұмысындағы мектептің
одақтасы.
Мектеп пен отбасының ынтымақтастығын жүзеге асыруда сынып
жетекші
негізгі рөл атқарады. Жалпы білім беретін мектептегі сынып
жетекшісі –
сыныптан тыс тәрбие жұмысын ұйымдастыруымен, үйлестірумен және
өткізумен айналысатын педагог. Бұл сынып ұжымындағы әр алуан
тәрбиелеудің түрлері арқылы мектеп пен бала арасындағы
қарым-қатынасты
ұйымдастырып, әр оқушының жеке өзіндік ерекшеліктерін көрсете
білуіне
жағдай жасап, өз қызметін оқу тәрбие жұмысының бірыңғай
жүйесінде
жүзеге асыратын өз ісінің шебері. «Ұл тәрбиелей отырып, жер
иесін
тәрбиелейміз, қыз тәрбиелей отырып, ұлтты тәрбиелейміз».
Отбасындағы
тәрбие әрбір мүшенің өзін-өзін сақтау, ұрпақты жалғастыру, өзін-өзі
сыйлау
қажеттігінен туындайды. Отбасында адамның жеке басының қасиеті
қалыптасады. Отбасы бүкіл ғасырлар бойы адам баласы тәрбиесінің
құралы болып келеді.
Сондықтан ол адам үшін ең үлкен мәнге ие орта.
Ата-бабамыз отбасы тәрбиесінде еңбекке де көп мән беріп, ол туралы
да
өзіндік ойларды қалдырған. «Өзің үшін еңбек қылсаң, өзі үшін
оттаған
айуанның бірі боласың. Адамзаттың қамы үшін еңбек қылсаң,
алланың
сүйген құлы боласың» деп отбасында баланы жастайынан еңбекке
баулудың
маңыздылығын жоғары қоя білген. «Ата – ана балаға сыншы».
Ата-ананың тәрбиесі бала мінезінің ірге тасы. «Тәрбие –
табалдырықтан
басталады» нақылы өмірден алынған шындық. Бала тәрбиесі – нәзік
те
күрделі, әрі қоғамдық жауапкершілікке жатады. Бала – өмірдің гүлі,
сол
әлеуметтің болашағы. Баланы тәрбиелі де, саналы азамат етіп
өсіргіміз келсе,
ең алдымен өзіміз кіршіксіз таза, тәрбиелі адам болуымыз керек.
Отбасы – салыстырмалы түрде тәрбиенің тұйық институты, ата-
аналардың тәрбиелік күш құаты мен мүмкіндігінің әр түрлі
деңгейде
болатынын ескеру қажет. Сондықтан ата-аналармен жұмыста мектеп
түрлі
амалдар мен әдістерді саралап қолдану
керек.
Сынып жетекшісі – оқушылардың жан-жақты дамуына ықпал ететін маңызды тұлға. Оның тәрбиелік іс-әрекеті оқушылардың рухани-адамгершілік, зияткерлік, шығармашылық, әлеуметтік және физикалық дамуын қамтамасыз етеді. Сынып жетекшісі - тәрбие жұмысын ұйымдастыру саласында тиісті теориялық және практикалық білімді және оқыту дағдыларын меңгеріп, жоғары өнегелілік қасиеттерге ие бола, білім алушыларды жігерлендіріп, оларға қолдау көрсетіп және биік адами мұраттарға бағыттайтын тұлға. Тұлғаны дамыту мақсатындағы сынып жетекшісінің тәрбиелік іс-әрекетінің өзектілігі. Сынып жетекшісі – оқушылардың жан-жақты дамуына ықпал ететін маңызды тұлға. Оның тәрбиелік іс-әрекеті оқушылардың рухани-адамгершілік, зияткерлік, шығармашылық, әлеуметтік және физикалық дамуын қамтамасыз етеді.Әр оқушының өзіндік қабілеті, қызығушылығы, даму деңгейі әртүрлі. Сондықтан тәрбиелік жұмыс сараланған тәсілмен жүзеге асуы тиіс.Сынып жетекшісінің тәрбиелік іс-әрекеті тек мектеп қабырғасында ғана емес, оқушының өмір жолына үлкен әсер етеді. Сондықтан тәрбие жұмысы жүйелі, мақсатты және заманауи талаптарға сай болуы қажет.
Қолданылған әдебиеттер тізімі:
1.Ш.Елеукенов, Замандас парасаты. Әдеби сын. Алматы: Санат, 1977 ж.
2. А. Қ. Құсайынов Педагогикалық Ғылымдар Академиясы Қазақстан Республикасы, Алматы қ.
3.Отанға деген сүйіспеншілікті тәрбиелеу мәселелері //Қарағанды мемлекеттік университетінің хабаршысы. Педагогика сериясы. - 2004.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Тұлғаны дамыту мақсатындағы сынып жетекшісінің тәрбиелік іс-әрекетінің өзектілігі

шағым қалдыра аласыз