Тұлғаның қалыптасу негізі - балабақша мен ата-аналар арасындағы ынтымақтастығында.

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тұлғаның қалыптасу негізі - балабақша мен ата-аналар арасындағы ынтымақтастығында.

Материал туралы қысқаша түсінік
Баланың отбасынан кейінгі сүйікті мекені, екінші ұясы - балабақша. Ата- аналар баланы өздігінен әрекет ете бастаған кезден бастап балабақшаға бергені жөн. Отбасында балаға барлық жағдай жасалғанымен, өзі қатарлас балалармен қарым-қатынас жетіспейді. Бала өзінен басқа да балалардың бар екенін көріп, олармен тіл табысып, олардың қызығушылығымен санаса білуі қажет.
Материалдың қысқаша нұсқасы



Тұлғаның қалыптасу негізі - балабақша мен ата-аналар арасындағы ынтымақтастығында.

Мақсаты: Ата-аналарды балабақшадағы бала тәрбиесінің ерекшеліктерімен, біріккен әрекет түрлерімен таныстыру.

Жас ұрпақ тәрбиесі адамзаттың мәңгілік тақырыбы.Ұрпақ тәрбиесі қоғамнан тыс құбылыс емес, ол қоғамның заманның бағыт-бағдарымен,тыныс-тіршілігімен жүріп отырады.Ұлттық тәрбиенің негізі балаға ана тілімен ана сүтімен, бесік жырының әлдиімен беріледі.
Отбасы – баланың жасын, жеке ерекшелігін, психологиялық процестерін ескере отырып, жарасымды жетілген ұрпақты тәрбиелеу. Отбасы – барлығының басы, жан – жақты дамуының негізі болатын тәрбие институты. Отбасындағы ата – ана мен баланың қарым – қатынас нәтижесінде, адамгершілік, эстетикалық тәрбиенің алғашқы үлгілері қалыптасады.

Баланың отбасынан кейінгі сүйікті мекені, екінші ұясы - балабақша. Ата- аналар баланы өздігінен әрекет ете бастаған кезден бастап балабақшаға бергені жөн. Отбасында балаға барлық жағдай жасалғанымен, өзі қатарлас балалармен қарым-қатынас жетіспейді. Бала өзінен басқа да балалардың бар екенін көріп, олармен тіл табысып, олардың қызығушылығымен санаса білуі қажет.

Балабақшада балаға әр бүлдіршіннің тілге, ілім, білімге деген жеке дара бейімділігімен қызығушылығын дамыта отырып,ойлау қабілеттері мен танымдық қабілеттіліктеріне қалыптастырады. Балабақша мен ата-ана ынтымақтастығы бірін-бірі қос өзеннің сағасындай толықтырады десек те болады.
Жас бала дегеніңіз ол- бүршігін жаңа жарып жаңа көктеп келе жатқан жас шыбық,ал тәрбиеші болса көктеп келе жатқан нәзік шыбықты күтуші бағбан іспетті.Бала тәрбиесі отбасынан басталып, балабақшадан жалғасын табады.
Халықта «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады,ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың» деп бекер айтылмаған. Сондықтан бала бойынан жастайынан ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық,яғни адамгершілік құнды қасиеттеді сіңіріп, өз-өзіне сенімділікте тәрбиелеуде отбасы мен балабақша шешуші ролъ атқарады.

Ұлтымыздың бүгіні де, болашағы да тәрбиелі ұрпаққа байланысты екендігі шындық,

Қоғам үшін әр кезеңде, әр отбасында өсіп келе жатқан өрімдей ұл – қыздардың дені сау, рухани бай, еңбекке, білімге құштар болып өсуі – ең жоғарғы тілек, ең биік мақсат.
Балабақшада балаларды тәрбиелеу жүмысының негізі, баланың өмір шындығына деген эстетикалық қатынасын қалыптастыра отырып, әсемдік туралы ой-өрістерін дамыту, білім және қабілетін қалыптастыруға қажетті тәрбиелік жұмыстар қамтылады. Балабақшадағы әртүрлі оқу қызметтері мен жұмыстар балалардың іскерлік қабілетін дамытып, олардың қоршаған ортадағы заттардың ерекшеліктерін танып - білуіне бағытталған.

Бүгінгі таңда тәрбиешілер мен ата – аналардың бала тәрбиелеудегі жауапкершілігі арта түсуде. Балаларды оқыту мен тәрбиелеуде балабақша мен отбасы, жеке тұлғаның қалыптасуына ынтымақтастықпен бірлесе жұмыс жасап, көңіл бөлу қажет.






«Нұрбөбек» бөбекжай балабақшасы








Баяндама




Тұлғаның қалыптасу негізі - балабақша мен ата-аналар арасындағы ынтымақтастығында.

«Балдәурен» тобы

Тәрбиеші: Жакслихова С





















2022 жыл

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
22.01.2023
449
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі