Түлкі мен Қасқыр

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Түлкі мен Қасқыр

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектеп алды даярлық тобы мұғалімдеріне қмж
Материалдың қысқаша нұсқасы

Оқу іс-әрекетінің түрі: Ертегілер әлемі

Сабақтың тақырыбы: Түлкі мен Қасқыр

Оқу іс-әрекетінің мақсаты: Ертегі мазмұнын түсіндіру. Балалардың сөздік қорларын, сөйлеу мәдениетін, ойлау қабілеттерін дамыту. Қоршаған ортаға мейірімді болуға тәрбиелеу.

Қажетті құралдармен материалдар: ертегіге сәйкес суреттер.

Әдіс-тәсілдері: түсіндіру, сұрақ-жауап, жұмбақтар.


Ұйымдастыру кезеңі: Балалар шаттық шеңберіне тұрады. Бәрі бірге

Үлкенге де сіз,

Кішіге де сіз,

Баршаңызды құрметтеп,

Бас иеміз біз.

Топқа бөліну: Ортадағы үстелде түлкі, қасқыр суреттері берілген.

Балалар сол суреттерден алып орындарына отырады.

Жаңа сабақ: Балалар тақтада нелерді көріп тұрмыз?

Жануарлардың аттарын және жабайы аңдар екенін атайды.


Балаларға өткен ертегілерден суреттер көрсетіп қандай ертегі екенін тапқызу.

Енді балалар тақтадағы суреттерге қараймыз. Берілген суреттер қандай дыбыстан басталады?

Бүгінгі өтетін ертегіміз «Түлкі мен Қасқыр» .

Дыбыстық талдау жасау.

Енді балалар мен сіздерге жұмбақ жасырамын. Әр жауап беріп отырған балаларға жұлдызша беріп отырылады. Қай топ көп жұлдыз алады сол топ жеңіске жетеді.


Жұмбақ шешу.

Кілемнің түрлеріндей жүндері бар, 
Айбаты жан шыдамас үндері бар. (Жолбарыс) 


Белестен шапқан бесті ат, 
Бүкір келген желісті ат. 
Бейғам елде іздейді, 
Малдан күдер үзбейді. (Қасқыр) 


Өзі ширақ, өзі қу, 
Жүрген жері айқай-шу. (Түлкі) 


Үстінен тоны түспеген, 
Сонда да араз қыспенен.
(Аю) 

Санай алмай шаршадым – 
Найзасы бар қанша мың. 
Батыр емес бірақ та, 
Қашып жүрер жыраққа. (Кірпі) 


Қалқиып ұзын құлағы,

Елеңдеп қорқып тұрады. (Қоян)


Жарайсыңдар балалар. Енді ертегімізді оқып, түсіндіріп беремін.

Жолбарыс не қылады?

Қайсы аң жолбарыстың көңілін сұрап келмей қалады?

Қасқыр жолбарысқа түлкіні не істейді?

Түлкі қалай құтылып кетеді?

Екі топқа түлкі мен қасқыр қандай салыстырау.

Түлкі қу, айлакер, сұмдығы басым жабайы аң.

Қасқыр сенгіш, аңқау аң.


Сергіту сәтін жасаймыз: Ноукбуктан сергіту қимылын қойып беремін. Балалар соған қарап қимыл жасайды.

Дидактикалық ойын.

Ойынның шарты: Әр топқа кезек –кезек жануарларға сипаттама беріп айтамын, сіздер сол жануарларды табасыңдар.


  • Ең айлакер аң… (түлкі)

  • Ең корқақ… (қоян)

  • Балды ең жақсы көретін… (аю)

  • Аң патшасы… (арыстан)

  • Мысыққа үқсайтын аң… (жолбарыс)

  • Ең үзын мойын… (керік)

  • Қораға шабатын аң… (қасқыр)

  • Ең ірі жануар… (піл)

  • Үстіндегі тікенегі бар… (кірпі)

  • Қалталы жануар... (кенгру)


Жарайсыңдар балалар дұрыс айтасыңдар.

Енді балалар әр топқа тапсырма беремін. Қасқыр тобы ертегіні сахналап бересіңдер. Түлкі тобы мозаика құрастырасыңдар.

Балалар жабайы жануарлар туралы кім тақпақтар біледі. Балалардың тақпақтарын сұрау.


Дидактикалық ойын: Дыбысынан ажырату.


Жануарларға байланысты мақал-мәтелдер білетіндерің бар ма? Кім айтады?

Балаларды мадақтап отыру.


Қорытынды: Балалардан ертегі туралы сұрақ-жауап арқылы білімдерін толықтыру.

Балаларға мадақтаулар айтып әр топтың жұлдызшаларын санау.









Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
17.04.2019
2067
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі