Тұмау ауруы
Адам өз өмірінде кем дегенде 1
рет тұмау ауруына шалдығады.
Бұл таңқаларлық жағдай емес,
себебі тұмау-адамның жаппай ауруын тудыруға қабілетті тіпті жыл сайын эпидемияға дейін алып келетін кең тараған жұқпалы ауру Тұмау белгілері:
Тұмау кезіндегі инкубациялық кезең өте қысқа –
жұқтырудан бастап аурудың алғашқы пайда болуына дейін орта есеппен бірнеше сағаттан 2
тәулікке дейін,
кейде 4
тәулікке дейін.
Тұмау үнемі жіті басталуы мүмкін –
науқас тұмаудың белгілері басталатын уақытты нақты анықтай алады.
Тұмау ауырлығы бойынша жеңіл,
орта және ауыр ағымды болып келеді.
Барлық жағдайларда интоксикация және катаральды белгілері пайда болады.
Интоксикацияда келесі белгілері болады:
-
біріншіден жоғары қызба:
жеңіл ағымда дене қызуы 38°С-тан аспайды,
орта ағымда дене қызуы 39-40°С,
жоғары ағымда дене қызуы 40°С-тан асуы мүмкін.
-
қалтырау;
-
бас ауруы – әсіресе маңдай, көз айналысында; көз
алмасын қозғалтқандағы қатты ауруы;
-
бұлшық еттердің ауруы – әсіресе аяқта және белде,
буында;
-
әлсіздік;
-
дімкәстік;
-
тәбеттің бұзылуы;
-
жүрек айну мен құсу болуы
мүмкін.
Жедел жәрдемді шақыруға талап ететін тұмау
белгілері:
-
Дене қызуы 40°С және одан жоғары;
-
Дене қызуының 5күннен аса жоғары
болуы;
-
Қатты бас ауруы, ауырсынуды басатын дәрілерді
қабылдаған кезде де кетпейді, әсіресе локализациялау кезінде желке
тұсында;
-
Демікпе, жиі және дұрыс тыныс
алмауы;
-
Есінің бұзылуы – галлюцинация немесе сандырақтау,
есеңгіреу;
-
Селкілдек тырыспа;
-
Теріде гемморогиялық бөртпенің пайда
болуы.
Осы аталған белгілері сонымен қоса асқынбаған
тұмауға жатпайтын басқа да дабыл белгілері пайда болған жағдайда
тез арада медициналық көмекке жүгіну қажет.
Тұмауды емдеу
Тұмауды емдеу кешенді түрде жүргізіледі, алайда
толық сауығып кетуде адам иммунитеттік үлкен роль атқарады,
сондықтан оны көтеру үшін жағдай жасау қажет. Толық тынығу, көп су
ішу (дезинтоксикация мақсатында), алкоголь мен шылымнан бас тарту.
Алайда қазіргі таңда вирусқа қарсы тиімді дәрі-дәрмектерді қолдану
жоғарғы дене қызуы және белгілі токсинді көрсеткіштер мерзімін
айтарлықтай қысқартады. Дәрі-дәрмектерден: иммуностимуляторлар
қасиетке ие С дәрумені, вирустардың дамуының түрлі сатыларын әсер
етуші вирусқа қарсы белсенділікке ие дәрілер интерферон дәрілері,
симптоматикалық емге, (ыстықты түсіретін, қақырықты шығаратын және
т.б.) арналған дәрілер, антигистаминді дәрілер. Бактериалдық
инфекция қосылған кезде антибиотиктарды тағайындайды, себебі олар
вирусқа қарсы әсер етпейді.
Тұмаудың ем-шаралары
Біріншіден мұрынның, көздің немесе ауыздың
шырышты қабығына вирустың түсуіне жол бермеу керек. Бұл үшін
науқастанған адамдармен байланысты шектету керек. Бұдан басқа
вирустар жеке гигиеналық заттарда бірнеше уақыт қалып қалуы мүмкін,
сондай-ақ науқас болған бөлмедегі түрлі заттардың үстінде қалуының
мүмкін екенін сақтау қажет. Сондықтан вирустар қалатын заттармен
байланысқан соң, қолды сабынмен жуу маңызды. Сондай-ақ кір қолмен
мұрынға, көзге, ауызға тимеу керек.
Бұдан басқа, ЖРВЖ жұқтыру қауіпі тікелей
иммунитетке байланысты, яғни ағзаның жұқпамен
қарсыласуы.
Қалыпты иммунитетті қамтамасыз ету
үшін:
Дұрыс және толық тамақтану: тамақта ақуыздар,
майлар және көмірсулар, сондай-ақ дәрумендер жеткілікті мөлшерде
болуы тиіс. Күзде-көктемде көкөністер мен жеміс-жиектердің мөлшері
рационда азайған кезде, қосымша дәрумендерді қабылдауға
болады.
-
Күнделікті таза ауада жаттығулар жасаған дұрыс,
соның ішінде тез жүру.
-
Міндетті түрде демалу режимін орындау керек.
Қалыпты иммунитетті сақтау үшін өте маңызды аспектілер – адекватты
демалыс және толық ұйқы.
-
Стресс болдырмау керек.
-
Темекіні тастау. Темекі шегу – иммунитетті
төмендететін қуатты фактор, қалай жұқпалы аурулармен жалпы
қарсыласуға негативті әсер етсе, солай жергілікті қорғаныс
кедергіге әсер етеді – шырышты мұрынға, трахеяға,
бронхқа.
Тұмаудың вакцина шаралары
Тұмауға қарсы вакцина жыл сайын жаңартылады.
Вакцина жасау вирусқа қарсы шыққан келесі қысттың айналымында
вакцина жасалады, сондықтан вирустың қаншалықты жақын екені оның
тиімділігіне байлынысты. Бірақ қайта егу кезінде тиімділігі
арттыратыны белгілі. Бұрын екпе жасалған адамдарда бұл тезірек
болады – қорғаныс вирусқа қарсы ақуыздар антиденелер пайда
болатынымен бұл байланысады.
Медбике: А.А.Парман
Павлодар облысының білім
беру басқармасы, Екібастұз қаласы білім беру бөлімінің «№12 сәбилер
бақшасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық
кәсіпорны
« Тұмаудың алдын алу
»
Медбике:А.А.Парман
Қазан -2023
ж