жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Тұңғыш Президент
Тұңғыш Президент күні
1 желтоқсан – «Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті күні» болып ресми түрде жарияланды. Тәуелсіздік алғанымызға 20 жыл толды. Осы уақыт аралығында Елбасымыз Қазақстанды халықаралық аренада жаңа деңгейге көтерді.
Еліміздің жоғары заң шығарушы органы мұндай шешімді ең алдымен Қазақтан Республикасында 1991 жылғы 1 желтоқсанда өткен Тұңғыш Президент сайлауымен байланыстырады. Дәл осы 1 желтоқсанда, алғаш рет өткен жалпыхалықтық сайлауда егемен Қазақстанның негізін салушы - Нұрсұлтан Назарбаев Тұңғыш Президент болып сайланды. Тізгінді қолға лаған күні-ақ Елбасы қазақстандықтарға алдағы өмірдің жеңіл болмайтынын, бірақ жарқында жақсы күндерге бірлік пен татулық, іскерлік пен қабілеттілік арқылы жетуге болатынын уәде еткен. Расында, Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуынан бастап мемлекеттік дамудың даңғыл жолына түсу Нұрсұлтан Назарбаевтың берік ұстанған бағыты. Сондықтан да былтырғы жылы Парламент қабылдаған Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігінің 20 жылдығы декларациясында: «Ата-бабамыздың ғасырлар бойы асыл арманы болып келген егемен Қазақстанды құру жөнінідегі тарихи аманаты 1991 жылғы 1 желтоқсанда бірауыздан Мемлекет Басшысы болып сайланған Тұңғыш Президент – Елбасы Н.Ә. назарбаевтың басшылығымен іске асты. Республика Президентінің жетекшілігімен кең ауқымды экономикалық, саяси және әлеуметтік реформалар жүзеге асырылады. Қазақстан мемлекеттілігінің негізін қалаушы – елеміздің Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаев халықты жарқын істерге жұмылдыру, қоғамдағы татулық пен келісімді нығайту, бүкіл халықаралық қоғамдастықтың ризашылығы мен құрметіне ие болған жаһандық және өңірлік бейбіт бастамалардың авторы ретінде елдің сыртқы саяси бағытын дәл айқындау ісіне орасан зор үлес қосты. Мемлекет Басшысының жан-жақты сараланған ішкі және сыртқы саясатының арқасында еліміз саяси және әлеуметтік-экономикалық сілкіністерге ұшырамай, дербес дамудың өтпелі кезеңіндегі қиындықтар мен сынақтарды еңсеріп, ілгерілеу мен өркендеу жолына шықты» деп жазылды.
Рас, Қазақстан өз тәуелсіздігінің 20 жылы ішінде әлем мойындаған мемлекеттердің қатарына қосылды. Терезесі түгел елмен тең деңгейге жетті. Ғасырлар бойы бабалар армандаған Тәуелсіздіктің Туы көкте көтерілді. 150-ден астам елдермен дипломатиялық қарым-қатынас орнап, өзінің қазақстандық даму жолын таңдады.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Сарабдал саясатының арқасында тәуелсіз Қазақ елі қалыптасып, тарихымыз түгенделіп, тіліміз, дініміз және діліміз қайта оралып, мемлекетіміздің ұлттық рәміздері қабылданды. Қазақстанның шынайы егемендігін қамтамасыз еткен маңызды мемлекеттік актілерге қол қойылды. Мәселен, 1991 жылдың 29 тамызында Нұрсұлтан Назарбаевтың Семей ядролық полигонын жабу туралы Жарлығы шықты. Ядролық қарусыз әлемге қарай қадам басқан жаһандық қозғалыстардың бірден бір бастауы осындай Президент шешімінен туындаған еді. Осы жылдың 25 қазанында Президенттің Жарлықтарымен Қауіпсіздік кеңесі және мемлекеттік қорғаныс комитеті құрылды. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы 1991 жылғы 16 желтоқсан күні қабылданды.
Қазақстан азаттықтың арқасында Тұңғыш Президенттің бастамаларына қолдау жасай отырып, аз уақыттың ішінде биік белестерді бағындырды. ШЫҰ, ЕурАзЭҚ, АӨСІШК сияқты ұйымдардың белсінділігі артты. ЕҚЫҰ, ИЫҰ, ҰҚШҰ секілді іргелі ұйымдарға төрағалық етті. Дәстүрлі дін басшылары 3 жыл сайын Қазақстанды бас қосып, пікір алмасу алаңына айналдырды. Бұның өзі Елбасының ерлікке парапар істерінің нәтижесі болатын. «Алдымен – экономика, сонан соң саясат» қағидаты арқасында көпшілік қазақстандықтардың тұрмыс жағдайы жақсарды. Тәуелсіздік жылдары бар-жоғы 700 долларды құраған ішкі жалпы өнім бүгінде 11 мың долларға дейін жетті. Қазақстанда индустрияландыру саясаты қолға алынды. Онда инновациялық үрдіс қосылды. Мұның бәрі ел экономикасының мүлдем жаңа, мүлдем басқа арнаға бұрылғанын айғақтайды.
Ендеше Қазақстанның Тұңғыш Президенті күнін атап өту, оны халықтық мерекеге айналдыруда Астана қаласында көптеген шаралар өтті. Президенттің жаңа байрағы көтерілді, Ұлт Көшбасшысы жастармен кездесті, әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға атаулы көмек тағайындалды, мүгедек бала тәрбиелеп отырған жандарға баспана берілді, Ұлы Отан және ауған соғысының ардагерлеріне ақшалай көмек көрсетілді, елорданың барлық балалар үйлері мен интернаттарға қамқорлық көрсетілді, ел үшін еңбегімен танылған азаматтар арнайы мемлекеттік сыйлықтармен марапатталды, Елбасының қатысуымен елдігімізді көрсететін «Бір Отан, Бір тағдыр, Бір Елбасы!» атты мәдени шара ұйымдастырылды, сол күні туылған сәбилер мен аналарға ескерткіш сыйлықтар берілді. Жас ата-аналар дүние есігін ашқан бөбектерінің аттарын Нұрсұлтан, Нұргүл, Нұрсәуле деп қойыпты.
Дереккөзі: «Астана» кітап-альбомы (классикалық энциклопедия, 2012 ж)
Бүгін - Тұңғыш Президент күні

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні. Бұл күннің шығу төркініне шолу жасар болсақ, 2011 жылдың 10 желтоқсаны күні ҚР Парламенті Сенаты депутаттарының бастамасымен «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» ҚР Заңына толықтыру енгізу туралы» ҚР Заңы қабылданған болатын. Заң 1 желтоқсанда аталып өтілетін - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Күнін белгілеген еді.
ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттің бірлігін, конституциясын, адам мен адамзаттың құқықтарын және бостандықтарын қорғауды қамтамасыз еткен жаңа тәуелсіз мемлекеттің негізін қалаушы екендігі ешкімде де дау тудырмасы анық жайт. Осыған орай аталған Заңның қабылдануы арқылы Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Республикаға сіңірген ғаламат зор еңбегі танылған болатын.
Заң жобасын қабылдау барысында сол кездегі Сенат спикері Қайрат Мәмидің: «Тәуелсіздіктің қайнар көзі 1991 жылы 1 желтоқсанда еліміз алғаш рет бүкілхалықтық сайлау нәтижесінде өзінің тұңғыш Президентін сайлап алғаннан басталған болатын. Сондықтан да, бүгін Қазақстан Республикасы өзінің Тұңғыш Президентін сайлаған күн - Мемлекеттік мереке күні болып бекітілді. Бұл шешім арқылы, мен ойлаймын, біз Елбасы Н. Назарбаевтың ұлы тұлға екеніне, көреген кемеңгерлігіне ғана тиісті баға беріп отырған жоқпыз. Бұл шешім арқылы Тәуелсіз Қазақстанның даму жолындағы Президент институтының мәртебесіне және осыдан 20 жыл бұрынғы біздің халқымыздың Президент институтының керектігін өзінің салиқалылығымен таңдағанына тиісті баға беріп отырмыз деп ойлаймын. Сондықтан да, отандастырымыз осы шешімімізді, осы сыйды дұрыс қабылдайды деген сенімдемін», - деп атап өткені де есте.
Шындығында Қазақстан Тәуелсіздік алған тұста ұлт тарихындағы жаңа дәуір дәл осы 1 желтоқсан күнінен басталған еді. Өйткені, ата-бабамыздың ғасырлар бойы асыл арманы болып келген егемен Қазақстанды құру жөніндегі тарихи аманаты 1991 жылғы 1 желтоқсанда орындалып, дәл сол күні Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Тәуелсіз Қазақ елінің Тұңғыш Президенті болып сайланған болатын.
Тәуелсіздігін енді ғана алған Қазақстанда өткен сол алғашқы жалпыхалықтық сайлауда мемлекетіміздің негізін қалаушы Нұрсұлтан Назарбаев Тұңғыш Президент болып сайланды. Сайлауға қатысқан дауыс беруге құқығы бар ел азаматтарының 98,78 пайызы жақтап дауыс беріп, Мемлекет басшысы ретіндегі сенімін Елбасыға жүктеді. Міне, содан бергі 25 жылға жуық уақыттың ішінде Мемлекет басшысының еліміздегі кең ауқымды экономикалық, саяси және әлеуметтік реформаларды жүзеге асырудағы ерен еңбегі, Қазақ елінің әлемге танымал мемлекет болып танылуына сіңірген ұшан-теңіз үлесі шексіз. ҚР Президентінің қазақ елі алдындағы қызметі Қазақстан Республикасы мемлекеттік тәуелсіздігінің жиырма жылдығы Декларацияда тайға таңба басқандай анық жазылған болатын.
«Республикамыз жиырма жыл ішінде ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізді. Елді қорғауға қабілетті Қарулы Күштер құрылды, құқықтық тәртіпті сақтау және ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету органдары қалыптастырылды, Қазақстан өзінің мемлекеттік шекарасын заңдық тұрғыдан ресімдеу мен межелеу жөніндегі мәселелерді түпкілікті шешті, кең байтақ жерінің шекаралық шеңбері бойында тату көршілік белдеуін қалыптастырды. Шекарамыздың шегенделуі мемлекетіміздің дұрыс бағыттағы халықаралық саясатының және Қазақстанның Тұңғыш Президенті Н. Ә. Назарбаевтың тікелей жеке беделі мен күш-жігерінің арқасында мүмкін болды. Мұның өзі тәуелсіздік жылдарында қол жеткізілген ел тарихындағы баға жетпес жетістіктердің бірегейі болып табылады», - делінген еді декларацияда.
Жалпы, Тәуелсіз Қазақстанның дүниеге келуінің ұлы шежіресі бірқатар тарихи кезеңдерден тұрады. Олар: 1990 жылдың сәуірі - Н.Назарбаевты Республика Президенті лауазымына тағайындау, 1990 жылдың қазаны - Қазақстанның тәуелсіздігі туралы Декларация, 1991 жылдың тамызы - Семей ядролық сынақ полигонының жабылуы және Республикалық егемен алтын-валюта қорын құру, 1991 жылдың желтоқсаны - алғашқы бүкілхалықтық президенттік сайлау, біздің мемлекетміздің жаңа атауы туралы шешім қабылдау, 16 желтоқсан - «Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық Заңды қабылдау, 1993 жылдың 15 қарашасы - өзіміздің ұлттық валютаны және қаржы жүйесін енгізу. Бірақ, Елбасымыз Н.Назарбаев айрықша атап өтетін Тәуелсіздік жолындағы шежіреде Қазақстан халқы сол бір тағдыршешті кезеңде жүріп өткен үш шешуші тарихи белес бар. Оның біріншісі - біздің еліміздің алғашқы абсолютті егемен мемлекеттік актісі - Семей полигонын жабу туралы Жарлыққа қол қойылуы. Екінші белес - 1991 жылдың 1 желтоқсанында біздің халқымыздың бүкіл тарихында алғаш рет өткен жалпыға ортақ Қазақстан Президенті сайлауы. Үшінші белес - «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заңның қабылдануы.
Иә, бұл тәуелсіздіктің небәрі 24 жылдығы ішінде бағындырған белестеріміз. Алда алар асуларымыз одан да көп. Бүгінде еліміз дамудың даңғылына түсе отырып, әлемнің дамыған 30 елінің қатарынан ойып тұрып орын алуға ұмтылған еді. Бұл белестің де, одан да зор асулардың да бағындырылатындығы сөзсіз. Оған Елбасымыздың бастамасымен қабылданған «Қазақстан-2050» стратегиясы, «Нұрлы жол» бағдарламасы, «100 нақты қадам» ұлт жоспары өз септігін тигізері анық.
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген