Тұңғыш Президент күні мерекесіне арналған «Елбасы күні – елдікке құрмет» сценариі.

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тұңғыш Президент күні мерекесіне арналған «Елбасы күні – елдікке құрмет» сценариі.

Материал туралы қысқаша түсінік
Этот материал предназначен для классных руководителей для проведения праздника ко дню Первого Президента
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тұңғыш Президент күні мерекесіне арналған 

«Елбасы күні – елдікке құрмет» сценариі.


1 «А» сынып оқушыларының  орындауында би.



1- жүрг.

Бар әлемге шын танылдық міне, біз,
Елін сүйген Елбасы деп білеміз.
Тең аталып Қазақстан - Нұрсұлтан
Нұрсұлтан мен Қазақстан тұр егіз.

Күнге беттеп бара жатыр көш жүріп,
Елдің даңқы бар жаһанға естіліп.
Елбасыны құрметтейтін ерекше
Армысыздар, ақ пейілді көпшілік!

2 - жүрг.

Азаттық пен елге қонды тосқан бақ,
Қазақ елін мойындауда дос таңдап.
Елбасының еңбегімен нұрлана
Қазағымның мерейі тұр аспандап.

Елі үшін олжа салып қиырдан,
Ықпаған еш ауыртпалық, қиыннан.
Мерекеңіз құтты болсын көпшілік
Елбасының құрметіне жиылған!

1- жүрг. Ардақты ағайын, 1991 жылы 1 желтоқсанда алғаш рет Қазақ ССР Президентінің жалпыхалықтық сайлауы өтіп, ол сайлауда Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев ел Президенті болып сайланғаны баршамызға мәлім. Яғни, өз тағдырын өзі айқындауға алғашқы қадам жасаған Қазақстан үшін 1 желтоқсан – мемлекеттік тарихының мерейлі күні саналуға орны лайықты.

2 - жүрг. Жоғары Парламенттің бекітуімен 2012 жылы 1 желтоқсан Қазақстанда алғаш рет – Тұңғыш Президент күні мемлекеттік мереке ретінде аталып өтіп, бұл баршамыз үшін қуанышты оқиға болды. Елбасына деген ел құрметін айрықша айғақтауға арналған бұл мерекенің дәстүрлік іс - шараға айналуға орны бар екенін шынайы сезіммен айтып өтуге тура келеді. Биыл міне, тағы да осы мерекені тойлағалы отырмыз.

Елі үшін көтеріп нар жүгін де,
Сенімі нық сезілетін үнінде.
Аты озған дүниедегі дүбірде
Нұрсұлтанмен кім мақтанбас бүгінде?!

1 жүрг. Қазақстан Мемлекетінің Тұңғыш Президенті күніне арналған мерекелік салтанатты жиын ашық деп жариялаймыз. 

ҚР Гимні орындалады.

2- жүрг. Қазақстан Мемлекетінің Тұңғыш Президенті күні мерекесіне байланысты құттықтау сөз мектеп директоры беріледі.




1 - жүрг.:
Ел тынысын тереңінен танып кең,
Шарапаты бар адамға дарып тең.
Елбасының есімі бұл тарихта
Қалар анық өшпес алтын әріппен.

/8 «А» сынып оқушысы /


2-жүрг.:

Қазақстан дейтін менің бар елім .
Жатыр алып жарты дүние әлемін!
Бұл даланы анам жаспен суарған, 
Бұл далада атам қолға ту алған, 
1-жүрг.:

Бұл далада жылап келіп, уанған
Бұл даланы көріп алғаш қуанған
Бұл далада өскен жанда жоқ арман! -
дей келе 1 «А» сынып оқушысы орындауында «Мен елімнің болашағымын» әнің тамашалайық.


2-жүрг.:

Қазақ елі желбіреп көк байрағың,
Гүлге оранды ауылың мен аймағың.
Нұрсұлтаның биіктерге бастады,
Ол көрсеткен нұрлы жолдан таймағын!

/«Байтақ елім- қазағым» әні.

Орындайтын 9 «А» сынып оқушылары

/


1-жүрг.:

Тәуелсіздік – рухы күшті ғажап күн

Артта қалды бодан болған азап күн

Елім, жерім қазағым деп тебіренем

Өйткені мен – тәуелсізбін, азатпын.

Қазақ халқының тұтқасын Нұрсұлтандай ер ұстағаннан кейін Қазақ елінің тарихының жаңа парақтары жазылды.


2-жүрг.: Ия, Елбасымыз жаңа тарихымызды асқан сүйіспеншілікпен және зор жауапкершілікпен жалғастырды. Елбасымыздың төл туындыларының бірі - елордамыз, жас қаламыз, бас қаламыз – Астана.

 Отан дейміз от жаққан жерімізді,
Отан дейміз өсірген елімізді
Отан дейміз туған жер, атамекен
Биік тау, орман, тоғай, көлімізді


1-жүрг.:

Елімде бейбіт тыныш заман болсын,

Тілеймің  әр адамға бақыт қонсын!

Елімнің ел ағасын халқы қолдап,

Қазақстан жеріміз аман болсын!

/8 «А» сынып оқушыларының орындауында

«Қара жорға» биін тамашалаңыздар.

2-жүрг.:

Бүгінгі күн - береке! Бүгін үлкен - мереке! Мерекені жалғайтын 

1-жүрг.:

Біздің Отанымыз қазір қалыптасу кезеңінде. Ал, біз жарқын болашақтың ұрпақтарымыз. Олай болса, біз - «Мен Қазақпын», - деп  мақтанатын ұрпақтармыз. Ендеше Қазақ елі жасасын!!!

/«Атамекен» әні.

Орындайтын 9 «А» сынып оқушылары

/


1, 2 - жүргізуші: Көңіл қойып тыңдағандарыңызға рахмет! Сау болыңыздар!




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
08.12.2018
492
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі