1
0
– желтоқсан Бүкіл әлемдік
жануарлар құқығын қорғау Декларациясын қабылдаған
күн.
ТҰРАН ЖОЛБАРЫСЫ
Екі алып, екі дәу. Бірі Сырдарияның алыбы – жайын. Екіншісі Тұранның тарғыл жолбарысы. Екеуінде – де тіршіліктің белгісі жоқ.
Уақиға желісі былай болған даседі.
Ана жолбарыс күшіктерін ертіп Дария бойына суаттауға келеді. Бір күні келгенде Сыр жайыны бір күшігін, екінші күні екінші күшігін, үшінші күні үшінші күшігін құйрығымен ұрып, қағып алып кетеді. Күшіктерін құтқара алмай, дәрменсіз қалған ана жолбарыс суға бір түсіп, бір шығып әбден ызаланып, ақырады. Күнде келіп Дария бойында жаңағы жайынды торуылдайды.
Бір күні жайын келіп жолбарыстың өзін қағып құлатпақшы болған сәтте жолбарыс оның құйрығынан шап тістеп жағаға лақтырады. Лақтыруын лақтырғанымен өзінің бел омыртқасы үзіледі. Сөйтіп Сыр жайыны судан шығып, жолбарыс белден шойрылып, екі дәу солай жағада жатып көз жұмады. Бұл әрине аңыз. Бұл аңызды кішкентай кезімізде тәтем домбыраға салып көп айтып отыратын. (әкемізді солай айтатынбыз, шешемізді жеңеше дейтінбіз. Негізі Солтүстік, Шығыс Қазақстандықтар үйдегі қыздың үлкенін кішкентайлары тәте деп атайды. Орыстар «тетя» деген сөзді осыдан алған шығар).
Кез – келген нәрсені айтқанда да ол өтірік болсын, бір шындыққа сүйеніп айтады ғой. Жоқты ойдан шығара алмайсыз ғой.
Тағы бір аңыз есіме түсіп отыр.
Сырдың жоғарғы ағысын мекендеген бір Сарт патшасы, төменде отырған Сыр елінен күнде бір жас қызға үйленеді екен. Күндердің күнінде бұл кезек Сырдың төменгі ағысындағы байдың жалғыз қызына да келеді. Бай ашуланып қызын бермейді. Содан жаңағы Сарттың патшасы Сырдарияны жоғарғы жақтан байлап тастайды. Төмендегі Сыр халқы мен малы шөлге, егіні суға тапшыланып, халық зар жылайды. Мал шөлден қырылады. Елді қуаңшылық пен аштық жайлайды. Осының бәрін көріп отырған байдың қызы шыдай алмай әкесіне келіп келісімін беруін өтінеді. Бірақ әкесіне айтады. Сырдарияның құрғаған арнасының бойына әр шақырым сайын бір – бір сәйгүлік аттан байлап қоюын өтінеді.
Сөйтіп ақылына көркі сай қыз Сарт патшасына келіп келісімін беретінін айтады. Бірақ бір шартым бар дейді. Яғни, Мен Сіздің суды ашатыныңызға көзім жетуі үшін бірінші кішкене су арнасын жырып жіберуін өтінеді. Су арнасын жырып жібергені сол екен, ернеуіне симай толқып тұрған Дария лап қоя бөгетті бұза - мұза құрғақ арнаның бойымен төмен қарай, жолындағының бәрін қирата жөйтки жөнеледі. Сол мезетте қыз сәйгүлігіне мініп шаба жөнеледі. Сөйтіп, әр шақырым сайын байланған сәйгүліктерін ауыстырып отыра, сумен жарыса еліне жетеді.
Бірақ қатты екпінмен келген толастаған су қаланы басып қалады – дейді.
Ендігі айтайын дегенім сол қала 1999 – 2000 жылдардағы Қорқыт Ата университетінің ғалымдарымен ұйымдастырылған экспедицияның теңіз табанынан тапқан Кердері қалашығының орны емеспе екен – деп ойлаймын. Былайша қарасаңыз аңыз желісі келетін сияқты.
Қазақ бекер айтпаған – жел тұрмаса, шөптің басы қимылдамайды.
Менің айтайын дегенім Тұран жолбарысы жайлы еді.
Ғ
ылыми тілде
«Тұран жолбарысы» кейде «Каспий жолбарысы» деп
аталған жолбарыс тұқымы бертінге
дейін Қазақстан мен Орталық
Азияны мекендеген. Қазақстан жерінде жолбарыстардың көбірек
мекендеген жері – Сырдария өзені мен Арал
теңізінің бойы, кейінгісі Балқаш
көлі мен Іле өзені аумағы болған.
Сондай-ақ, Шу мен Сарысу,
Талас, Арыс өзендерінің
бойы, Билікөл
маңы, Қаратау жоталарын мекендеді деген ғылыми
тұжырым да бар. Яғни, бұл Тұран жолбарысының
Сырдан Шығысқа көшіп бара жатырған соңғы жол
сапарының іздері,
белгісі.
Олар жол бойында көптеп шығынға ұшырайды. Оның айғағы, Шу өзені бойында 1912 жылы екі жолбарыс өлтірілген. Сырдарияның соңғы жолбарысының бірі 1925 жылы Қармақшы ауданы, Жосалы кентінің маңында, ал енді бірі 1933 жылы Қазалы маңында жан қиған. Дегенмен Сырдария бойындағы ну қамыстың ішінен, қызылдан тұран жолбарысы 1945 - 1950 жылға дейін де ұшырасып отырған.
Алғаш Тұран жолбарысы туралы А. Бутаков 1848-1849 жылдардағы Арал экспедициясындағы жол жазбаларында келтіреді. Одан кейін Лев Берг өзінің «О тиграх на берегах Сыр-Дарьи» деген мақаласында, Перовск портының капитан Ивашинцев әр түрлі басылымдарда, Ресейде жарық көрген «Военный сборник» журналының 1871 жылғы нөмірінде көп айтады. Олардың суреттеуінше тұран жолбарысының салмағы 170 пен 240 келі аралығында, ұзындығы 2,70-2,90 метр болған. Салмағы жөнінен уссурий жолбарысынан зор тұран жолбарысы, одан гөрі күшті болған. Ол туралы мынадай естеліктер бар: Тұран жолбарысының атан түйені ұрып жығып, қамыс арасымен 100 метрге дейін сүйреп барғаны туралы оқиға хатқа түскен.
Жалпы жолбарыстың тамағы тоқ болса ешкімге тиіспейді. Бірақ, мұрағат деректері бойынша, 1880 жылы Арал түбіндегі ауыл маңында отын жинап жүрген бір әйелді жолбарыс жеп қойған. Дәл солай Перовский гарнизонының офицері де жолбарыстың жемі болыпты. Осындай оқиғалардан кейін тұран жолбарыстарын жаппай қыру басталғанға тәрізді. Әр өлтірілген жолбарыс үшін сый ақыға 25 сом (ол кез үшін бұл 40 қойдың құны) берілген.
Жолбарыс атаулының ішіндегі қанық түсті әдемісі, дене тұрқы ең ірісі – осы Тұран жолбарысы. Оның тұқымы бенгалдық және амурлық тұқымынан да асып түседі.
Жолбарыстың Сыр бойындағы мекен ету орындары – ну қамысты өзен жағалауы мен жиделі, тораңғылды ағаш арасы. Ол Орталық Азияда тоғай деп аталады. Сол жылдары Сыр бойында тоғай бұғысы, қарақұйрық, далада киіктер, теңіздің жағалауы мен Дария бойы қамыс арасы қабанға толы болды. Осылардың барлығы жолбарыстың негізгі жемтігі.
1906 жылы Түркістанның аумағында жортып жүрген соңғы жолбарысты князь Голъцин атқан. Тұран жолбарысын 1958 жылы Амудария атырауында көргендер бар екен.
Амур жолбарысы Ресейдің оңтүстік шығысында, Солтүстік Кореяда, Манчжурияда, Амур өзенінің аңғарларында кездеседі. Жолбарыс Амур өзенінің құрметіне осылай аталған. Ол "Қиыр Шығыс қабыланы", Сібір қабыланы" деген аттармен де белгілі.
Көпті көрген Жаңақорғандық Шайдарбек қарияның айтуынша, Сыр бойында оның ішінде Жаңақорған жерінде жолбарыстар көптеп мекендеген. Оның бір дәлелі, Ережеп батырдың жыртқыш аңмен алысқаны туралы тың деректер болса, енді бірі өз әкесінен естіген есті әңгімелер.
Иә, адам баласының қақарына ұшыраған аңның бірі – жолбарыс екені айқын. Дария бойындағы ну қамысты мекендеген қай жолбарыс болсын, малдарға шауып, адамды да жаралап, айбат көрсеткен. «Малым – жанымның садақасы» дейтін қазақ, малды қойып, ақыр соңы адамға шапқан аңды аямастан, атып ала берген.
Қай ақпарды алып қарасақ та, жолбарыстардың Жаңақорған жерін, сексеуілді құм мен қалың нулы дария жағасын мекендегенін ұғамыз. Қызығы сол, мысық тұқымдасындағы айбарлы аң туралы аңыз-әңгімелер XX ғасырдан бастап, кітапқа жазылып, таңбаланғанымен, ел аузында дария тасып, тоғай толып, қамыс жайлағаннан бастап жолбарыстар Сыр бойын мекендегені айтылады.
Бүгінде Сырды мекендеген жолбарыстың өзі тұрмақ, ізі де көрінбейтін болды. Негізгі себеп, бір кездері орман-тоғайды барлап, күн көрген жолбарыс біздің өлкеде мүлдем жоқ. Ауыл малы мен адамға шапқандықтан ба, әлде адамдардың аңның бағалы терісіне қызығып, атып ала бергенінен бе, Тұран тағылары Сыр бойы тұрмақ, Қазақстанның өзінде жоқ жануарға айналды. Бір сөзбен айтқанда ізі-қайым жоғалған аңның біріне айналды. Тіптен, «Қызыл кітапқа» еніп үлгермеді. Десе де, Қазақстанның ұлттық географиялық қоғамы 2020 жылға қарай Тұран жолбарыстары популяциясын жандандырмақ.
Тұран жолбарысының бұл өңірден кетуіне бірден – бір себеп Орынбор – Ташкент темір жолының салынуы деп ойлаймын. Көпшілік әдебиеттерде соңғы жолбарыс 1948 жылы Қазалы балықшыларымен өлтірілді дейді. Оны соңғысы деп айтуға болмайды. Олар тек өз мекенін темір жол келген соң басқа өңірлерге ауыстырды. Ал менің тәтем айтып отыратын, қыстың күні қызылға сексеуілге барғанда құмда үлкен мысықтың іздерін көретінбіз – дейтін. (Сол кезде балалық қой, осының барлығын тәптіштеп жазып отырғанда, қаншама өтірігі мен шыны аралас аңыздар айтылып еді). Ол 1950-1955 жылдар шамасында. Оны көрген кейбіреулер, малшылар олардың түсінің жасыл – тарғыл екендігін айтқан. Яғни, ол мүмкін өмір сүру ортасы мен азығына қарай түсі солай бейімделді ме, ол жағы түсініксіз. Бірақ, сексеуілдің арасында өмір сүрген соң солайма деп ойлайсың.
Сол жолбарыстар түбімен жойылып кетті деуге болмайды. Олар салынып келе жатқан темір жолмен бірге үрки қаша отырып, Сыр бойымен бір тармағы Қаратауға жетіп, одан Ұлытау, Сарыарқа, Алтай асып, сол Амур, Уссурий жағасынан бір-ақ шықты. Ал екінші тармағы Қызылды асып, Қарақұм, Түркімен, Копетдаг тауларын асып Ферғана даласымен Иран асып кетті деп жорамалдаймын. Оның бір дәлелі, бүгінгі таңға дейін Иран кілемдеріндегі Тұран жолбарысының бейнесі, батылдықтың симолы етіп көрсетеді.
Сол Амур немесе Уссури жолбарысы осы Тұран жолбарысынан тарамағанба деген ой да бар.
Айдаров О.Т.
Қорқыт Ата атындағы ҚМУ.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

шағым қалдыра аласыз