Тұрақты сигналдар

Тақырып бойынша 23 материал табылды

Тұрақты сигналдар

Материал туралы қысқаша түсінік
Сигнал бұйрық болып табылады тұрақты сигналдық белгілер жеке діңгектерге орнатылады және қиылысатын орынға назарды арттырып жақындауды талап етеді
Материалдың қысқаша нұсқасы

М.ТЫНЫШПАЕВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ КӨЛІК ЖӘНЕ КОММУНИКАЦИЯЛАР АКАДЕМИЯСЫНЫҢ

ШЫМКЕНТ КӨЛІК КОЛЛЕДЖІ




«Автоматика, радиоэлектроника, тасымалдауды ұйымдастыру және жол шаруашылығы» бірлестігі




С.Б. Султанова



КМ 07 «Еңбекті қорғау талаптары мен техникалық қауіпсіздік ережелерін орындауы»

пәнінен тест жинағы




Мамандық: 10410200–Темір жол көлігінде тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару

Біліктілік: 3W10410201 4-ші және 5-ші кластардың темір жол стансасының кезекшісі

4S10410205 Тасымалдауды ұйымдастырушы технигі



ШЫМКЕНТ 2023 жыл

Тұрақты сигналдар. Сигнал көрсеткіштері мен белгілері

Тұрақты сигналдық белгілер

«Газ және Мұнай» тұрақты сигналдық белгілері темір жол желілерінің мұнай газ өнімдерінің құбырларымен қиылысатын жерлерінде тікелей түйіспелі торап тіректеріне немесе жеке діңгектерге орнатылады және қиылысатын орынға назарды арттырып жақындауды талап етеді.

«Қарстық қауіпті телімнің басталуы» және «Қарстық қауіпті телімнің аяқталуы тұрақты сигналдық белгілері(5.13,в-сур) темір жол желілерінің тура карстталған аймақтарда орналасқан түйіспелі торап тіректерінен немесе жекелеген діңгектерінен өткенде қоршалған телімнен назарды арттырып жүріп өтуді талап етеді.

5.12-сурет

Тежеуді баста (5.13,а-сур) және тежеуді аяқта (5.13,в-сур) тұрақты сигналдық белгілері локомотив машинесіне жолда келе жатқанда автотежегіштердің әрекетін тексеру орындарын көрсетеді.

5.13-сурет

Токқабылдағышты түсір сигналдық нұсқағыштары қолданылатын жағдайда оның алдына «Абайла! Токайыру»шағылыстырғыштары бар тұрақты сигналдық белгісі орнатылады.(5.14,а-сур). Үстінде шағылыстырғышы бар «Токқабылдағышты көтер» тұрақты сигналы ауа аралығынан кейін қозғалыс бағытында орнатылады.

12-вагондық электор поездарының айналымы кезінде ауа аралығынан «Токқабылдағышты көтер» тұрақты белгісіне дейін кем дегенде 250м қашықтық болуы тиіс.

Ауалық аралықтарды шектейтін түйіспелі тораптың тіректерінің айырмашылық белгісі – кезектескен төр қара және үш ақ горизонтальді жолақтардан тұрады. Сонымен қоса, поездың қозғалыс бағыты бойынша бірінші тірек қосымша вертикальді қара жолақпен белгіленеді.


5.16,а-сурет 5.16,б-сурет


Белгілер тікелей тіректерге немесе тіректерге бекітілетін қалқандарға салынуы мүмкін.

Токқабылдағыштарды көтерілген электірлі жылжымалы құрамның осы тіректердің (белгілердің) арасында тоқтауына тыйым салынады.

Шектік бағаншалар, одан ары қарай жолдың үстіне бағыттамалы бұрманың (стрел.переводы) немесе тұйық қиылыстың бағытында жылжымалы құрамды қоюға болмайтын орынды көрсетеді.(5.17а,б-сурет) Басты және қабылдау-жөнелту жолдарының жанындағы шектік бағаншалардың ажыратқыш бояулы болуы тиіс



5.18-сурет 5.19-сурет


«Станцияның шегі» белгісі қосжолды және көпжолды телімдердегі станцияның шегін көрсетеді. Белгідегі жазу екі жағындада болуы тиіс.(5.18)

«Қауіпті орынның басы» және «Қауіпті орынның аяғы» тұрақты сигналдық белгілері бетіндегі шағылыстырғыштарымен қоса поездардың азайтылған жылдамдықпен жүріп өтуін талап ететін телімнің шектерін көрсетеді.

5.20-сурет 5.21-сурет

Ескертпелік сигналды белгілер:

«С» белгісі –ысқырық беру – тоннельдердің, көпірлердің, өтпелердің және т.б. алдында орнатылады.

«Локомотивтің аялдамасы» белгісіне «ҚТЖ ҰК»АҚ тағайындайтын комиссия белгілейтін жерлерде орнатылады.

5.22-сурет

Шағылыстырғыштары бар ескертпелік сигналды белгілер электірлендірілген телімдерде орнатылады, олар:

«Токты ажырат» - бейтарап ендірменің алдында;

«Электровоздағы токты қос»

«Электропоездағы токты қос» - бейтарап ендірменің артында.


5.24-сурет 5.25-сурет

«Түйіспелі аспанның аяғы » түйіспелі тораптағы түйіспелік сымның жұмыстық аумағы аяқталатын тұстарында орнатылады.

«Бірінші вагонның аялдамасы» ескертпелік сигналды белгісі моторвагонды поездар айналатын жолаушы платформаларында орнатылады.

Қол сигналдары

Қол сигналдары қоятын талаптар төмендегідей болады:

А) күндіз қызыл жазық жалау және түнде – қызыл түсті шамы – «Тоқта! Қозғалысқа тиым салынады».(4.1-сур)

Күндіз қызыл жалау, ал түнде қызыл түсті қол шамы жоқ болған жағдайда тоқтату сигналдары төмендегідей беріледі:күндіз –сары жалауды, қолды немесе басқа бір затты шеңбер бойынша қозғалту арқылы;

Түнде - кез келген түстегі шамды шеңбер бойынша қозғалту арқылы;(4.2-сур)

Б) сары жазық жалауды күндіз және сары түсті қолшамның жарығымен түнде түнде – «Ескертпеде немесе ҚТЖ»ҰҚ АҚ басшылығының бұйрығында көрсетілген жылдамдықпен, ал бұл нұсқаулардың жоқ кезінде – 25км/сағ аспайтын жылдамдықпен қозғалыс рұқсат етіледі.(4.3-сур).

Сары түсті қол шам тек станцияның шегінде ғана қолданыла алады. Түнде сары түсті жарығы бар қол шам жоқ кезінде станцияда жылдамдықты азайту сигналы ашық ақ түсті қол шамын жоғары және төмен баяу жылжыту арқылы берілуі мүмкін.(4.4-сур)

Аралықта түнде жылдамдықты азайту сигналы барлық жағдайда тек қана ашық ақ түсті қол шамын жоғары және төмен баяу жылжыту арқылы берілуі тиіс.

Автотежегіштерді сынап көргенде келесі сигналдар беріледі:

Машинистке (ауызша ескертпе берген соң) сынақтық тежеу жүргізу: күндіз - тік көтерілген қолмен; түнде – ашық ақ түсті қол шамымен (4.5-сур). Машинист локомотивтің бір қысқа ысқырығымен жауап береді және тежеуге кіріседі;

Машинистке тежеуді қоя беруге:

Күндіз – алдына ұстаған қолын горизонтальді сызық бойымен әрі-бері қозғалту, түнде – ашық ақ түсті қол шамын дәл осылай қозғалту арқылы (4.6сур). Машинист локомотивтің екі қысқа ысқырығымен жауап береді және тежегішті қоя береді.

Автотежегіштерді сынап көруге нұсқау беру үшін радиобайланыс немесе екі жақты парктік байланыс құрылғылары қолданылуы мүмкін.

Өзіне поездарды шығарып салу міндеті жүктелген станция кезекшісі, поездың станциядан жөнелтілуі немесе тоқтаусыз жүріп өтуі кезінде: күндіз – созылған қолындағы қара жиегі бар ақ қол дискіні немесе орамдалған сары жалауды; түнде – жоғары көтеріп ұсталатын жасыл жарығы бар қол шамын көрсетеді.(4.7сур).

Бұл поездың станциядан (аралықтан орын алуға тиісті рұқсаты бар кезде шығу сигналдары жоқ жолдардан) жөнелуіне немесе станция бойынша жүріп өтуге белгіленген жылдамдықпен тоқтамай жүруіне болатынын білдіреді. Аталған сигнал, поездың тоқтаусыз үріп өтуі кезінде келіп жеткен поезд локомотивінің станция кезекшісінің жанынан өтіп болғанынша көрсетіледі.

Кесте бойынша тоқтауы қарастырылмаған жолаушы, пошталы- багаждық және жүк – жолаушы поезын тоқтату үшін өзіне поездарды қарсы алу міндеті жүктелген станция кезекшісі:

күндіз – қызыл түсті қол дискімен немесе қызыл жазық жалауды көрсетеді;

түнде – қол шамының қызыл жарығын көрсетуі тиіс (4.8сур).

Станция кезекшісі поездарды төбесі қызыл түсті бас киіммен қарсы алуы және шығарып салуы тиіс.

Уақытша сигналдық белгілер

Электірлі жылжымалы құрамның көтерілген тоққабылдағыштарымен жүріп өтуіне тыйым салынатын жерлерде (поездардың ток қабылдағыштары түсіріліп өтуінталап ететін түйіспелі тораптың ақаулығы кезінде, жоспарлы жөндеу және құрылыстық жұмыстарын жүргізгенде уақытша сигналдық белгілер орнатылады, олардың көрсетулері мынадай болады:

«Тоққабылдағышты түсіруге дайындал»

«Токқабылдағышты түсір»

Егер қосжолды телімде жоспарлы жөндеу жол және құрылыс жұмыстары поездарды жолдардың бірімен өткізумен және түйіспелік тораппен жабдықталмаған уақытша айқаспалар салумен қатар жүргізілсе, «Токқабылдағышты түсір» сигналдық белгісі қоршалатын телімнен кем дегенде 100м қашықтыққа орнатылады.

Түйіспелі тораптың зақымдануы анықталған жағдайда осы ақаулықтарды тапқан электірмен жабдықтау дистанциясының қызметкері келуі мүмкін поезд жағына қарай 500м-ге таяған поездің машинистіне «Токқабылдағышты түсір» қол сигналын беруі тиіс.

Күндіз- сол қолын тік жоғары көтеріп алдындағы оң қолының горизонтальді сызық бойымен қайталанатын қимылдарымен.

Түнде – ашық ақ түсті шамның жарығымен қайталанатын вертикальді және горизонтальді қимылдармен.

Машинист: хабарлаушы сигнал беруге, токтан ажыратылған электр тізбегі кезінде токқабылдағыштарды түсіруге және ерекше қырағылықпен бұзылыс орнынан жүріп өтуге, сонан кейін түйіспелік тораптың түзулігіне көз жеткізгеннен соң токқабылдағышты көтеруге және қозғалысты жалғастыруға міндетті.



Тапсырма

Пысықтау сұрақтары

1. Кіру бағдаршамы қандай сигнал бойынша жүргізіледі?

2. Басты жолдардағы әрекет қандай?

3. Локомотивтік бағдаршамда рұқсаттық шам жанып тұрғанда?



Үй жұмысы Терминологиялық сөздік

(үш тілде аударып жазу)

Пойыз – Поезд - train

Дыбыс -

Еңбек –

Класс –

Темір –

Жол серік –

Книга –

Қаламсап –

Ғаламтор –

Шум –

Сызғыш –

Терезе – окно

Абитуриент –

Бағдаршам –

Еңбекті қорғау –

Транспорт –

Урок –

Өндіріс -

Станция –

Пассажир -

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
11.01.2024
322
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі