
Тұрақты токтың инверторлы қорек көздері туралы жалпы
мағлұматтар.
Өнеркəсіпте технологиялық процестер мен қолданылатын құрылғылардың жалпы
модернизациялануы мен жақсартылуының жалпы тенденциясы байқалады. Пісіру өндірісіндегі
болашағы бар бағыттардың бірі болып жоғары жиілікті өзгермелілерді қолданыумен энергия
үнемдеуші құрылғыларды құру табылады. Сонымен, соңғы жылдары инвенторлық типтегі қуат
көздерін қолдану кеңінен қолданылуда.
Бұндай қуат көзінің негізгі элементі тұрақты тоқты жиілігі жоғары өзгермелі тоққа
ауыстыратын жоғары жиілікті тоқ өзгертуші инвертор болып табылады. Тоқты өзгерту ондаған
килогерцке жететін жиілікте жұмыс істейтін тиристорлы немесе транзисторлы типтегі
коммутациялық элементтер көмегімен жүзеге асырылады. Бұндай қуат көздерінің салмағы мен
көлемі инвенторлықсыз түрлерімен салыстырғанда бірнеше есеге азаяды. Олардың қуаттылық
коэффициенті 0,95...0,98, аз жоғалтуларға, жоғары КПД жəне динамикалық қасиеттерге ие.
10.13-суретте доғалық пісіруге арналған инвенторлық қуаттау көзінің схемасы келтірілген.
Қуаттау желісінің өзгермелі кернеуі 50 Гц жиілікте жəне 220 немесе 380 В кернеумен төмен
жиілікті түзеткіш НВ-ға беріледі. Түзетілгеннен кейін ол инвертор ИНВ арқылы жоғары
жиілікті өзгермелі кернеу арқылы ( ондаған килогерц дейін) өзгеріске ұшырайды, содан кейін
азаятын жоғары жиілікті күштік трансформаторға Т келіп түеді. Трансформаторды екінші ретті
ораумен тоқ жоғары жиілікті түзеткіш ЖЖ жəне тегістеуші дроссель Д арқылы тікелей пісіру
орнына келіп түседі. Сыртқы сипаттарын жəне пісіру режимін реттеуді кері байланыс бөлігінің
басқару жүйесімен БЖ жүзеге асырылады. Трансформаторды жоғары жиілікті кернеумен
қуаттауының салмағы мен өлшемін айтарлықтай азайтуға мүмкіндік береді. Қуаттылығы 20 кВ
-А транформатордың есепті салмағы 50 Гц кернеумен қуаттау барысында 100 кг-нан асады, ал
50 кГц кернеумен қуаттау барысында –10 кг-нан аспайды.
Инверторлық қуат көздері оңай тұтану мен доға икемділігін, металдың кіші құймалы жəне
құймалы орын ауыстырумен электрод балқытылуын, бос жүрі кернеуін азайтуды, электр
энергиясын 30...40% үнемдеуді, пісіру режимінің параметрлерін қашықтықтан реттеуді
қамтамасыз етеді.
10.13-сурет. Инверторлық қуат көздерінің қызмет ету схемасы:
НВ — төмен жиілікті түзеткіш; ИНВ — инвертор; Т — трансформатор; ВВ — жоғары жиілікті түзеткіш; Д — дроссель; СГ
— пісіру жылытқышы; БУ — басқару бөлігі
10.3- кесте
Инверторлы тоқ кӛзінің техникалық сипаттары
Параметрлері
ВДУЧ- ВДУЧ-
Р-321И ДС-400
1371 315
Желі кернеуі, В 1x220 3x380 220x380 3x380
Тоқ диапазоны, А 5 ... 130 40 ... 315 40 ... 320 50...400
Кернеу диапазоны, 16 ... 24 16 ... 36 14 ... 26 16 ... 36
В
Тұтынылатын қуат,
6
15 9,5 –
кВ-А
Жүктеме ұзақтығы,
100
40 ... 100
60 ... 100
90
%
Массасы, кг 8 45 30 45
Кейбір инверторлық қуат көздерінің сипаттамалары 10.3-кестеде келтірілген.
Инверторлық өзгермелер көздерін доғалық пісіруде тұрақты жəне өзгермелі тоқта жанатын жəне
жанбайтын электродпен үздіксіз жəне импульстық режимде, қорғаныс газдарында болатты жəне

алюминий қорытпаларын қолмен жəне механикалық пісіру арқылы, ең алдымен, жұқа жəне орташа
қалыңдықтағы бұйымдарға қолданылады. Алайда жақын болашақта инверторлар негізінде электр
қалдықты пісіру жəне флюспен пісіруге арналған қуаттылығы жоғары көздер құрылады деп
болжауға да болады.
Виноградов В.С.
В493 Электр доғалы пісіру: орта кəсіптік білім беру
ұйымдарының студенттеріне арналған оқулық / В.С. Виноградов. – 8-басылым, стер. –
М.: «Академия» баспа орталығы, 2015. – 320 б.