Материалдар / TURBOSITE-ты пайдаланып электрондық оқулық әзірлеу
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

TURBOSITE-ты пайдаланып электрондық оқулық әзірлеу

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақала:Қашықтықтан оқыту жағдайында TURBOSITE-ты пайдаланып электрондық оқулық әзірлеу,сайтты желіден жүктеу және әрі қарай қолданц жайында түсініктеме
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
10 Қазан 2021
933
3 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ӘОЖ 002.6:37.016

МЫРЗАХАНОВА Т.Е., ЖАҚЫПБЕКОВА Г.Т.

М.Әуезов атындағы ОҚУ, Шымкент, Қазақстан


ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУ ЖАҒДАЙЫНДА TURBOSITE-ТЫ ПАЙДАЛАНЫП ЭЛЕКТРОНДЫҚ ОҚУЛЫҚ ӘЗІРЛЕУ


Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін ақпараттандыру еліміздің даму стратегиясының негізгі бағыттарының бірі, себебі ХХІ ғасыр – білім беру жүйесін ақпараттандыру ғасыры.Сонымен қатар елімізде болып жатқан жайттарды ескере отырып қашықтықтан оқыту мәселесі бойынша кез-келген қолданушыға,оқытушы мен оқушыға бірдей тиімді болатын электронды оқулық деп айтар едім.Ұсынылып отырған TurboSite өңдемесі электрондық оқулық пен сайт жасаудың жылдам әрі тиімді жолы.

Сайт жасау дегеніміз – сайт дизайнын, сайтты толтыратын функционалды және мазмұнды тұжырымдаманы, сайттың беттерін жасаудан, басқару жүйесін мазмұнға қосудан, сайтты мазмұнмен толтырудан, дайын сайтты серверге орналастырудан тұратын кешенді қызмет көрсету.

Бүгінгі таңда компьютерлік дизайн, Web-дизайн, жүйелік программалушы, администратор және тағы басқа мамандардың қажет екендігін түрлі жарнамалық газеттерден, бұқаралық ақпарат құралдарынан да көруге болады.

Сондай сайт жасау бағдарламаларының бірі - TurboSite өңдемесі. TurboSite өңдемесі – тегін сайт жасауға және сайт және электронды оқулық жасауға арналған шағын программа. Бұл программаның тиімділігі әр мұғалім өздеріне сайт және электронды оқулықтарды жеңіл, оңай және жылдам жасап ала алады.

Сайт немесе электронды оқулық құру үшін төменде көрсетілген әрекеттерді орындау керек:

Turbo сайтты орнату 1.7.1

Бірінші кезекте Turbo Site бағдарламасын жүктеу керек. Бағдарламаны өз компьютеріңізге орнатыңыз. Орнатқан кезде ешқандай қиындықтар туындамауы керек.



Жаңа жоба жасауды бастайық(ол үшін Создать проект батырмасын басамыз). Электрондық оқулық жобасын бос папкаға сақтаңыз. Мен өз папкама «Электрондық нұсқаулық» деп ат қойдым. Жобаны сақтағаннан кейін бағдарламаның жұмыс кеңістігі пайда болады. Әрі қарай электрондық оқулықтың беттерін жасауға кірісуге болады.

Электрондық оқулықтың дизайнын таңдаймыз

Оқулықтың түрін өзгертейік. Ол үшін Шаблон қойындысына өтіп, тізімнен өзіңізге ұнаған үлгіні таңдаңыз.Мысалы, (Exploitable):

Әрі қарай Генерировать сайт батырмасын басыңыз.Бұл батырманы басқаннан кейін электронды оқулық жасалады және қосымша батырмалар іске қосылады.

Генерировать сайт-жасалынып жатқан барлық өзерістерді сақтап отырады.Бұл батырманы қажетті өзгертулеріңізді еңгізгеннен кейін үнемі басып отыру қажет.

Открыть папку с сайтом –оқулықтың барлық файлдары бар папканы ашуға мүмкіндік береді.

Просмотр сайта – оқулықты ашады. Оқулықтың ағымдағы нәтижесін браузерде көрсетеді.

Электрондық оқулықтың негізгі параметрлері

Параметры сайта қойындысында электрондық оқулықтың негізгі параметрлерін конфигурациялауға болады.

Біз тек үш негізгі параметрді өзгертеміз: заголовок сайта,заголовок-списка-страниц және подвал. Қалған параметрлерді жұмыс барысында өзіңіз көре аласыз.


Мысалы:




Электронды оқулықтың парақшаларын қосайық


Страницы қойындысына өтіңіз. Оқулықтың барлық беттері терезенің сол жағында, ал мазмұны оң жағында көрсетіледі.


Сізде негізгі бет (index) автоматты түрде пайда болады.Деректерді сол жерден енгізе аласыз, бірақ мен оны әдетте мазмұнға қалдырамын.


Добавить түймесін басыңыз. Сол жақ терезеде жаңа бет пайда болады. Енді мәтінді оң жаққа қойыңыз.


Суреттер, кестелер және т.б. бар кез-келген форматталған мәтінді оң жағына көшіруге болады.



Сондай-ақ, парақ атауларын өзгертуді ұмытпаңыз.


Сонымен, өзіңізге қажет беттер санын қосыңыз және анда-санда Генерировать сайт батырмасын басуды ұмытпаңыз.


Мазмұн парағын жасайық


Енді біз электронды оқулықтың барлық қажетті беттерін қосқаннан кейін, мазмұн кестесін құрамыз.


Ол үшін ең бірінші параққа(индекс) өтіңіз Оң жағында оқулықтың мазмұнын жазыңыз.


Мысалы:


Парақтарға сілтемелерді мазмұнға сәйкес орналастырамыз: мазмұн кестесін таңдаңыз - ссылка түймесін басыңыз - жоба бетіне - сілтеме жасайтын бетті көрсетіңіз.



Сайт параметрлері қойындысында тағы 3 шаблон өрісін толтырдым.


Қорытындылай кетейік

Бұл келесі электрондық оқулықты алу үшін жасалатын әрекеттердің минималды тізімі болды:


Электрондық оқулық public_html папкасында орналасады. Оны ашу үшін index.html файлын осы папканың ішіне қосыңыз.


Қорытындылай келе, TurboSite электрондық оқулықтар және сайттар құруға арналған интернет қажет етпейтін аса жеңіл өңдеме.Оқушылар мен ұстаздарға,кез-келген компьютер қолданушысына бірдей тиімді сайт жасау құралы екеніне көз жеткіздік.




ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ


  1. Web-бағдарламалау негіздері,//https://openu.kz/kz/courses/web-badarlamalau-negizderi

  2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 12 желтоқсандағы № 827 қаулысы «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы.

  3. Денис Б. Книга «Секреты веб-приложений Google» 2019. 130 с.

  4. Журнал «Информатика и образование»,   № 7 -2006ж.  (41-45 б)



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!