Материалдар / Түрік қағанаты

Түрік қағанаты

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабақ
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
28 Мамыр 2021
276
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Page 1


Page 2

Майлыбаев Бағлан, кеңес төрағасы
Асқаров Әлібек, жауапты хатшы
Абдрахманов Сауытбек
Атабаев Қамбарбек
Аяған Бүркітбай
Әбжанов Хангелді
Әбусейітова Меруерт
Әжіғали Серік
Әлімбай Нұрсан
Байпақов Карл
Байтанаев Бауыржан
Балықбаев Тахир
Дүйсембаев Еркін
Есім Ғарифолла
Жақып Бауыржан
Жұмағалиев Асқар
Жұмағұлов Бақытжан
Қасқабасов Сейіт
Қозыбаев Ілияс
Құл-Мұхаммед Мұхтар
Құрманбайұлы Шерубай
Мұхамадиұлы Арыстанбек
Мыңбай Дархан
Нысанбаев Әбдімәлік
Салғараұлы Қойшығара
Самашев Зейнолла
Сұлтанов Қуаныш
Тұяқбаев Қанат
Шеңгелбаев Бақытжан
«МӘДЕНИ МҰРА» ҰЛТТЫҚ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ЖОБАСЫН
ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ЖӨНІНДЕГІ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС


Page 3


Page 4

4УДК 398
ББК 82.3
Б 12
Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі
Ақпарат және мұрағат комитетінің «Әдебиеттің әлеуметтік
маңызды түрлерін басып шығару» бағдарламасы бойынша шығарылды
«Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасының
Фольклортану, әдебиеттану және өнертану секциясының мүшелері:
Қасқабасов С.A. (төраға), Қорабай С.C. (төрағаның орынбасары),
Жұмасейітова Г.Т. (жауапты хатшы) , Әзібаева Б.У., Әлбеков Т.,
Әлібекұлы А., Күзембаева С.А., Қалижанов У.,
Қосан С., Мамыраев Б.Б.
Томды басуға М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының
Ғылыми кеңесі ұсынған
Томның редакция алқасы:
Әлбеков Т. (жауапты редактор), Қалижанов У., Қасқабасов С.А.,
Пірәлиева Г.
Томды құрастырып, баспаға дайындағандар:
Әкімова Т. (жауапты шығарушы ), Әлбеков Т.
Б 12 Бабалар сөзі: Жүзтомдық.—Астана: «Фолиант», 2013.
Т. 94: Түс жору және ырымдар.—432 бет.
ISBN 978-601-299-008-9
«Бабалар сөзі» сериясының 94-томына түс жорудың үлгілері мен
қазақтың ырымдары енді.
УДК 398
ББК 82.3
ISBN 978-601-299-008-9 (т. 94) © Әдебиет және өнер институты, 2013
ISBN 9965-619-60-3 © «Фолиант» баспасы, көркемдеу, 2013


Page 5

4
ҚҰРАСТЫРУШЫЛАРДАН
М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты «Мәде­
ни мұра» Ұлттық стратегиялық жобасы аясында жарық көре­ тін
«Бабалар сөзі» сериясының жүз томдық ғылыми ба­ сылымын
әзірлеуді одан әрі жалғастырады.
Серияның бұған дейін баспаға ұсынылған тоқсан үш томы
ұлттық фольклорымыздың аса бір көркем де көлемді саласы
бо­лып саналатын эпостық шығармаларға, ертегілерге, ше­
тел­­дердегі қазақ фольклорына, қара өлең, жұмбақтар мен ма­
қал-мәтелдер, аңыздар, шежірелер т.б. жанрларға арналды.
Дәлірек айтқанда, «Хикаялық дастандардың»—он үш, «Діни
дастандардың»—жеті, «Ғашықтық дастандардың»—он бір,
«Тарихи жырлардың»—он бір, «Батырлар жырының»—жи -
ырма, «Мақал-мәтелдердің»—бес, «Қара өлеңнің»—екі,
«Ше­жі­релік жыр-аңыздардың»—үш, «Ертегілердің»—бес
то­­мы, «Тарихи аңыздардың»—төрт томы, «Ғұрыптық фольк­
лор­дың»—екі томы, «Жұмбақтардың», «Балалар фольк­ ло­
ры­ның», «Қазақ мифтерінің», «Моңғолиядағы қазақ фольк­­
ло­ры­ның», «Топонимдік аңыздардың», «Күй аңыздың»,
«Аңыз­­ дық шежірелердің», «Аңыздық жырлардың», «Өтірік
жә­не мысалдардың», «Магиялық фольклордың»—бір-бір томы
бас­паға дайындалып, басылым көрді. Бұл жинақтардың он
екі томында Қытайдағы қазақтардың, бір томында Моңғолия
қазақтарының фольклорлық мұралары қамтылды.
Әлемнің өзге ұлттары сияқты халқымызбен бірге жасап,
қаймағы бұзылмай келе жатқан магиялық фольклордың бір
түрі—түс көру және оны жору. Қазақтың дәстүрлі мәдение­
тін­де ерекше орын алған түс көру мен оны жорудағы түрлі


Page 6

6Май лыбе лвБғ нбнАсқб
наным-сенімдер, ырымдар адамның ойлау табиғатын, оның
жан жүйесіндегі сан алуан сезімдік құбылыстарды танып бі­ лу­
ге мүмкіндік беретін баға жетпес құнды деректер болып та­ бы­­ла­
ды. Адамзат жаратылғалы бері өмір мен табиғат құбы­ лыс­­та­­рын
танудың, оның құпия сырларына бойлаудың неше алуан тал -
пыныстарын, қарапайым қағидаға сүйенген ізденісте­ріс­­те­рін
жүргізіп келеді. Түс көру адамның бүкіл жан жүйесін та­ нып-
білуге ықпал ететіндіктен, ғалымдар бұл тылсым көрініс­­ тер­­ді
психологиялық құбылыс ретінде қарастырады. Түсте адам са -
насы шеңберден шығып, шетсіз-шексіз әлемді игереді, кеңіс­ тік
пен уақытқа тәуелді болмайды. Сондықтан түсті көруден гөрі,
оны жоруға ерекше мән беріліп отырған.
Қазақ дәстүрлі қоғамында да түс көруге бей-жай қарама­
ғанын, айрықша ден қойып, мағынасын жорығанын фольк­
лорлық мұраларынан, ырымдар мен жоралардан көруге бо -
лады. Түсті әрдайым жақсылыққа жорып, «Түс—балқыған
қорғасын», оны жақсылыққа жорысаң—жақсы ниет қабыл
болып, жақсылыққа айналады, жамандыққа жорысаң—жа­
мандыққа айналуы мүмкін деген ұғым қалыптасқан.
«Бабалар сөзі» жүзтомдық сериясының 94-томына фольк­
лорлық мұралардың бүкіл жанрлық түрлерінде көрініс тапқан
түс көру үлгілері мен оны жорудың мың-сан түрлері, оларға
қатысты сан алуан наным-сенімдердің барын ескере отырып,
олардың бәрін бір томдық жинаққа енгізу мүмкін еместігін,
сондықтан түс жорудың таңдаулы деген бірнеше ғана түрлері,
таңдамалы фольклорлық мұралардағы аздаған көркем үзін­
ділері, түс жоруға қатысты наным-сенімдердің бірнеше үл­
гілері ғана таңдалып, таразыланып, жүйеленіп жинақталды.
Нақтылап айтқанда, «Түс және оны жору», «Халық проза­
сындағы түс және түс жору», «Эпостық жырлардағы түс және
оны жору көріністері» аталған бөлімдерде халқымыздың бай
рухани қазынасында өзіндік орны бар түс көру мен жоруға
қатысты көріністер баяндалатын әдеби жәдігерлерден үзінді­
лер беріліп отыр. Түс көру, аян беру, оны жору, түс садақасы
т.б. секілді көптеген салт-дәстүр, ырым-нанымдары т.б. ұлттық
сөз өнеріміздің баға жетпес ұлттық құндылықтары, ол әлі де
терең зерттеуді талап ететін тақырып.


Page 7

6 7МайлыбейвБеғлйнлА
Ырым сөздер де—қазақтың дәстүрлі мәдениетінің, әсіресе
халық әдебиетінің ұрпақтан-ұрпаққа ауызша тарап, іргесі
сөгілмей келе жатқан құрамдас бөлігі. Кеңес кезеңінде
идеологиялық електерден өтіп, мардымсыз жиналған бұл
мұралар арқылы адамның тал бесіктен жер бесікке дейінгі
ғұмырындағы бүкіл болмысын, қоршаған ортамен қарым-
қатынасын, тұрмыс-тіршілікке, табиғатқа деген көзқарасын,
сенімдерін, философиялық-діни түсініктерін, психологиясын,
этнографиясын, этнопедагогикасын айқын аңғаруға болады.
Қазақ ырым сөздерінің түп-төркіні жалпы адамзатқа ортақ ру-
хани қағидалармен тоғысып отырғанмен, өзіндік ұлттық ай­
шықтармен, салт-дәстүрмен, тәлім-тәрбиемен ерекшеленеді.
Ырым сөздер: табиғат, бала тәрбиесі, төрт-түлік, ғұрып, ас-су,
туыстық, саяткерлік т.б. сан-алуан тақырыптарды қамтиды.
Олар толық жиналып, жүйеленіп, жарияланбағандықтан,
ғылыми айналымға түскен емес. Сондықтан құрастырушы­
лар келешекте ырым сөздердің этнографиялық тұрғыдан да,
фольклорлық мұра ретінде де арнайы зерттелетіндігін ескеріп,
жинақтың екінші бөлімінде бұл жанрдың 802 мәтінін топтас­
тырды.
Томға енген мәтіндердің бір тобы ӘӨИ-дің сирек қорында
сақталған А.Сабалұлының, Ж.Шайхысламұлының, М.Ты­
ныш­тық­ұлының, М.Ж.Көпейұлының, Н.Нысанбайұлының,
Ш.Сұлтанбайұлының, Р.Жүсіповтың, К.Қаңтарбаевтың,
Е.Еші­ мовтің, А.Байтабынұлының, Е.Тілеумағамбетұлының,
А.Дүй­ сенбінің, А.Мәмбетұлының, О.Оңғарбайұлының, Қ.Шо­
қа­евтың, Ә.Шоқаманұлының, Ж.Бітімбайұлының, Мұрын,
Мұсабай жыраулардың, Қ.Байболұлының, А.Нұра­ линның
т.б. қолжазба мұраларының негізінде дайындалды. Сондай-ақ
Ш.Уәлиханов, Ә.Диваев, М.Тілеужанов, Т.Сыдықов, Б.Ыс­
қақов, Т.Бекқожина сияқты ғалымдар жинаған мәтіндер
кіргізілді.
Ж.Дәдебаевтың «Түс аяны» (1992), Ф.Танталиеваның «Қа­
зақша түс жору» (2005), «Түс жорудың төл кітабы» (2007) жи­
нақтары мен «Ой-таным» (2007) журналы да пайдаланылды.
Көптомдықтың принциптеріне сай, беріліп отырған мәтін­­­­ дер
ғылыми қосымшалармен қамтамасыз етіліп, жанрлар рим са-


Page 8

Май лыбе лвБғ нбнАсқб нымен, шығармалардың нұсқалары реттік санмен нөмір­ ленді.
Томның ғылыми қосымшаларын: томға енген мәтіндерді жа­­ зып
алушылар мен жариялаушылар және басылымдар, рулар ту -
ралы мәліметтер, томға енген мәтіндерге ғылыми түсініктеме,
сөздік, жер-су атаулары, мәтіндерде кездесетін тарихи тұлға­
лар мен діни есімдер туралы деректер, пайдаланылған әдебиет­
тер тізімі мен томның орыс, ағылшын тілдерінде жазылған
түйіндері құрайды.
Томның жалпы көлемі—27,0 б.т.


Page 9

Адамзат санасында еріксіз түрде жүзеге асатын психо­
логиялық процесс—әдеби түстің көркем мәтіндердегі көрініс­
тері, оны жорудың символикасы, этнографиялық маңызы т.б.
қа­зақ әдебиеттану ғылымында арнайы зерттелмеген.
Адамның ішкі дүниесіне үңілу сондайлық қажеттілік туды-
ра қоймаған фольклорлық туындыларда бірінші кезекте оқиға
және сыртқы құбылыс, оқиғаға қатысты кейіпкердің тағды­ ры
тұрды. Олардың көңіл-күйін, себеп-салдарын жан-жақты тал -
дап, зерттеуге талпыныс жасалмады.
Мұндай сыртқы бейнелеу факторлары бүкіл фольклорлық
туындыларға, ондағы көркемдік ойлау жүйемізге тән құбылыс
болды. Романтикалық сарындағы ескі жыр-дастандарда жеке
адамнан гөрі, елді қорғау, жұрт намысы т.б. ұлттық мүдде,
халықтық мұрат басты орында еді. Сондықтан да эпостық жыр-
ларда жеке тұлғаның тағдыры, тыныс-тіршілігі, көңіл-күйі,
адамдық болмысынан гөрі, оның ел үшін еткен ерлігі басым
түсіп жатты, оларды идеализациялау бірінші кезекте тұрды.
Жеке адам тағдырына деген қызығушылық, оның жан
дүниесін зерттеуге, олардың өздерінің ішкі ойларына ерік
беріп, сезімдік құбылыстарын талдауға талпыныс туған кезде
ғана жаңа мәдениет қалыптасып, әдебиетте психологизм дамы-
ды.
Бірінші, ол эпикалық және лиро-эпостық жырлардағы ға­
шықтық сезімдер, кейіпкердің күйініш-сүйініші, толғанысы,
ел-жұрттың, ата-анасының көңіл-күйлері арқылы көрінді.
Алайда олар қарапайым бейнеленіп, ішкі сөз-ойлары тек қана
баяндаушының көзқарасы, әңгімесі арқылы берілді. Сондық­
тан да біздің эпикалық жырларымызда сырттан бақылау ба­ сым
ФОЛЬКЛОРДАҒЫ ТҮС КӨРУ, ЖОРУ, АЯН БЕРУ
МЕН ОЛАРҒА ҚАТЫСТЫ НАНЫМ-СЕНІМ
ҮЛГІЛЕРІ


Page 10

Май лыбе лвБғ нбнАсқб 10
болып кетеді де, кейіпкердің көңіл-күйлері, жеке бастың жан
сезімдері соның көлеңкесінде қалып қояды.
Бертін келе психологизмнің көркемдік бейнелеу құралда­
ры жан-жақты дами бастады. Мәселен, ішкі әлемді бейнелеу­
дің өнімді тәсілдері мен түрлері, авторлық баяндау, көркемдік
деталь, көркем мәтінде қолданылған әдеби түс көруді тал -
дау мен оны жору мен жорытуға қатысты наным-сенімдер­ дің
көптеген композициялық-баяндау түрлері, психологиялық
пейзаж, кейіпкердің сезімдік көңіл-күйін табиғатпен теңестіре
суреттеу кеңінен қолданыла бастады. Осылардың нәтижесінде
күрделі ішкі әлемді, жан қозғалысын ашу, ой мен іс-әрекеттегі
қайшылықтардың себеп-салдарын, сана астарын талдауға, иге-
руге деген алғашқы баспалдақтар жасалды.
Бір сөзбен айтқанда, психологизм сана астарындағы сфе­
раларды игере бастады. Психологизмнің арнайы ком­ по­зи­
ция­лық-баяндау түрінің бірі-көркем әдебиеттегі сюжетке
кейіпкердің түс көру эпизодын енгізу болып табылады. Түс кө­
ру фольклорда таза информациялық және сәуегейлік қызмет
атқарса, жазба әдебиетте кейіпкердің ішкі рухани әлемі мен
сана сфераларын қазбалай бейнелеудің ең күрделі психология­
лық бейнелеу құралы екендігі белгілі. Әдеби туындыдағы
кейіпкердің түс көруі, оның көркемдік әлеміне талдау жаса­ мас
бұрын адамзатқа тән психологиялық құбылыс-түстің табиға­
тын танып, оның көңіл-күйді, сезімдік-эмоциялық түзілістер­
ді нанымды бейнелеудегі табиғи көріністерінен ғылыми мәлі­
меттер бере кетелік.
Негізінен түс—адамның күндізгі өмірінің табиғи тәмәм­
далуы, жан мен тәннің келесі күнгі жаңаруына дайындығы де­ сек
те болады. Енді осы түстің табиғи болмысын сана астарын­ дағы
психологиялық үдеріс екендігін жантану ғылымы тұрғы­ сынан
зерттеген Ж.Аймауытов былай түсіндіреді: «Адамның есі бүтін
болмайтын күйлері болады. Сондай күйдің бірі—түс көру. Ұйқы
дегеніміз—мерзімді демалыс, тыныс алыс. Ұйықтаған адам -
да сана не мүлдем болмайды, не кем болады... Шырт ұй­ қыда
жатқанда адам түк сезбейді. Бірер ұйықтап алған соң, ұйқы
сергек бола бастайды, ұйқылы-ояу деген күйге келеді. Сон­ дай
кезде санамыз кіресілі-шығасылы болып, түс көрсек керек. Түс
дегеніміз ояуда көретін нәрселердің пернесі болады. Түсі­ мізде
сол пернелерді өңіміздегі екен деп ойлаймыз» [1, 192].


Page 11

11МайлыйабевБғ нАс ықбр, оабр... 10
Шығыстың орта ғасырдағы атақты ойшылы әл-Фараби да
адам баласының түс көру себебін күндізгі саналы түрдегі ой-
лау процесі тоқтаған кезде жүзеге асатын табиғи құбылыс деп
қарайды [2, 210].
Ойлау процесі тоқтап, сана саябыр тапқан сәтте өзге сезімдік
құбылыстар, әсіресе қиял қанаттана түседі. Шындығында да
барлық жан жүйедегі сезімдердің ішінде қиял еркіндікке ие.
Сол қиялдың қорытындысы түнде түс болып адам санасына сая-
хат шегеді.
Жоғарыда келтірілген психологиялық сөздік пен мұ­ сыл­
мандық күнтізбе-анықтамасында және Ж.Аймауытовтың
«Пси­­­хология» атты пән оқулығында түс көру процесінің таза
та­биғи, биологиялық және психологиялық қызметі анықта­
лып көрсетілсе, енді түс көрудің адамның ойлау жүйесінде
атқаратын қызметіне де бір сәт зер сала кетейік. Өйткені түс
адам өмірінің әрбір құпия қалтарысын қалт жібермей бүкіл та-
рихын бейнелейтін аппарат тәрізді. Сондықтан түс көруді ұйқы
кездегі мидың фантазиясы деуге әбден болады. Ол қиялдың ең
жоғарғы түрі болып табылады.
Адамзатпен бірге туып, бірге қалыптасқан ойлау үрдісін­ де,
іс-әрекеттерінде ерікті және еріксіз түрде жүзе­ ге асырылып жа-
татын психологиялық, биологиялық, табиғи құбылыс-түс тура-
лы ойлану, оның құпия қалтарыстарын ашу, зерттеу әлі де ұзақ
үдерісті құрары хақ.
Негізі, адамның түс көруі туралы алғашқы ұғым-түсінік­
тер ежелгі діни наным-сенім негізінде қалыптасқан. Өйткені
ешқандай информация, хат-хабар жоқ кездерде түс солардың
қызметін атқарғаны аян. Кез келген кезеңнің айнасы, ойлау
жүйесінің сәулесі болып табылатын халық танымы, мифоло -
гия, халық әдебиеті туындыларында т.б. түс көрудің алдың­
ғы орынға шығуы, соған елдің имандай сенуі, сол арқылы ке­
лешекті де сәуегейлікпен сезінуі, болашақты болжауы, келер
қауіптерден қорғануы т.б. соның бірден-бір дәлелі болса керек-
ті. Айталық, жаман түс көрсе, шошынып, құдайы беруші­ лік,
оны жұртты жиып отырып жору, яғни түске талдау жасау, сол
арқылы түрлі қауіп-қатерден қорғану немесе жақсы түстен
бір жақсылық күту т.б. сол балаң кезеңдегі бірден-бір инфор-
мация түрінің бет-бейнесін береді. Оның сан алуан көркем­ дік
көріністері біздің төл әдебиетімізде, әсіресе көне эпостарда


Page 12

12Май лыбе лвБғ нбнАсқб
кестелі бейнеленген. Және оны ақын-жыраулар өз ойларын
айшықтау үшін қолданған. Әсіресе түс жорудың символи­
ка­сы, этнографиялық маңызы, өзіндік қалыптасқан дәстүр-
тағлы­ мы, сән-салтанатының өзі қойнауы құпия-сырға толы
ғажап дүние.
З.Фрейд түсті жору мен оны талдау арқылы адамның өзіне де
беймәлім жасырын жәйттерді, құпия ойларды, жұмбақ сырлар -
ды ашуға болатынын дәлелдеп берді [3,С 52]. Оның «түс көруді
мидың аса маңызды, ерекше тілі» деп қабылдауы тегін емес-ті.
Дәл қазіргі кезде батыс елдерінде, бір ғана Америкада түс
көру, оның адам денсаулығына қатысты мәселелерін зерттей­
тін 240 арнаулы ғылыми орталық жұмыс істейді екен. Керек
десеңіз, адам ұйықтап жатқан кездегі қимыл-әрекетін, жа -
тысын (поза—дене қалпы, кейіп) зерттеп, көптеген ғылыми
жаңалықтар ашқан психотерапевттер Ф.Перлз пен Самюэль
Данкелдің «Язык жестов» деген еңбегі—бүкіл Еуропада ең көп
тараған атышулы кітап [4].
Мұндай мысалдар әлем халықтары тарихында мың-мың­ дап
кездеседі.
Енді қазақтың ұлттық этнопсихологиясындағы түс көру,
түс сатып алу /бұған «Түс сатқан Тазша» атты ертегі мысал
бола алады/, түс садақасы, түс құдайысы деген ұғымдардың қа­­
лып­тасу жайына зер салар болсақ, олардың ел өмірінде белгілі
бір рухани сұранысқа, табиғи талап-тілекке орай дүниеге кел­­
ген­дігі байқалады. Әсіресе түс садақасына қатысты оқиғалар
қа­зақ хандарының, батырларының өмірлерінде жиі ұшырас­
қан. Мысалы, Абылайханның өз сарбазы Жәнібектің түсін оңға
жорып, түс садақасын жасау арқылы жеңіске жеткені жай­ лы
аңыз-әңгіме кімді болса да қызықтырары хақ. Бұл аңызда түс
жорудың екі түрлі шарты ескерілген. Бірі—қандай түсті де
жақсылыққа жору, екіншісі—келер қауіпті құдайы, садақа
беру арқылы болдырмау.
Абылай ханның осы түс көру мен жорудағы көрегенділігі
аңызға айналған. Әсіресе атты түс садақасына шалып, қан
шығарту арқылы болғалы тұрған ауыр жағдайды өзгертіп,
әскерінің пайдасына жеңісті аударып жібергені—аса сиқырлы
құбылыс. Атақты қолбасшы Абылай хан тағдырындағы түстің
философиялық танымдық маңызы керемет рухани байлық­ ты
құрайды. Өркениетті мемлекеттердің өзінде де түс көру мен


Page 13

12 13МайлыйабевБғ нАс ықбр, оабр...
оған сену, оны ел болып жору жоралғысына жоғары баға бері­
ліп отырған.
Көрген түсті міндетті түрде талдап, жору—қай халықта да
берік сақталған салт-дәстүр. Әдебиетші ғалым Х.Досмұхамед­
ұлы бұл жөнінде былай дейді: «Түс жорудың (снотолкова­­ ние)
қазақтар арасында да үлкен мәні бар екені ежелден белгілі,
сол себепті де ел ішінде арнайы мамандар—түс жорушылар да
ұшырасады. Бұрынғылардың айтуынша, түс жору Перғауын­
ның (Фараон) түсін болжаған Жүсіп пайғамбардан бастала­ ды.
Әрбір қазақ түсін біреуге жорытуға тырысады және осы жору
сөзге әрдайым сенеді. «Қыз Жібек», «Қозы Көрпеш» және т.б.
жырларда түс көру мен оны жорудың поэтикалық суретте­ ме­
лері баршылық» [5,25]. Х.Досмұхамедұлының айтып отырған
түс жорушы мамандары әлі де кездеседі. Олардың небір үлгілері
халық прозасы мен көркем туындыларда көрініс тапқан.
Түстің этнографиялық сипаты, түс жорудың көптеген нұс­
қалары жинақталған тағы бір танымды еңбек—Ә.Диваевтың
«Түс баяны». Бұл үлгілерді Ә.Диваев
1
«Түс баяны»деген ат­
пен 1901 жылы қазақ және орыс тілдерінде жариялаған бо -
латын. Бұл үлгілердің көбі жалпы мұсылман халықтарына
ортақ. Оларды ХІХ ғасырда белгілі этнограф ғалым Э.Б.Тайлор
2

жария­ ла­ған болатын. Осы мазмұндас тағы тағы бір топ түс жору
үлгі­лерін 1901 жылы шығыстанушы Н.Н.Пантусов
3
«Таран­шы­
лар­дың түс жоруын» екі тілде (ұйғыр және қазақ) жария­ лаған.
Осы еңбектердегі түс жорудың кейбір үлгілерін жинақ­
тап, алғы сөзі мен түсініктерін жазған белгілі ғалым Ж.Дәде­
баев­тың «Түс аяны» (Алматы: Ғылым, Замандас,1992) деген
еңбе­гі­нен мысалдар келтіре кетсек [5].
Егер кісі түсінде түйеге мініп жүрсе, онда о жақсы. Өйт­
кені түйе—ұлық жануар. Түсінде түйеге мінген кісіні ұлы
әулиелердің өзі желеп-жебейді. Жалпы, түсте көлікке мініп,
құламай жүру—жақсы.
Түсте биікке немесе тауға шығу—жақсы: ондай түс көрген
кісі өңінде үлкен дәрежеге жетеді.
1
Сборник материалов для статистики Сыр-Дарьинской области.—Таш­
кент,1901. —48-53; 63-65-б.б.
2
Первобытная культура. Перевод с английского Д.А.Кропчевского.
—М.,1989. – С.98.
3
Материалы к изучению наречия таранчей Илийского округа. Таранчинсий
снотолкователь.Текст и перевод. –Казань,1901. – С.1-40.


Page 14

14Май лыбе лвБғ нбнАсқб
Егер кісі түсінде таза суға сүңгитін болса, онда ол өңінде
ақталып, ел қатарына қосылады. Егер кісі лай суға түсетін бол-
са, онда ол өңінде қайғылы күйге душар болады.
Егер жолаушылап келе жатқан кісі түсінде түлкі көретін
болса, онда өңінде оның жолы болмайды, ал егер ол түсінде
қасқыр көретін болса, онда өңінде сапары сәтті болады.
Егер кісі түсінде қызыл түсті киім кисе, онда ол өңінде ел
билеген бастық болады.
Егер кісіні түсінде ит қапса, онда ол өңінде кішігірім шы­
ғынға ұшырайды.
Егер кісі түсінде биіктен құласа, онда ол өңінде табысқа
жетеді т.б. Түс жору нұсқалары мұнан да көп екені белгілі.
Алайда, бұл жинақта олардың бәрін жүйелеп, жинау мақсат
болмағандықтан, түс жору салты тек үлгі ретінде ғана кел­
тірілген.
Тегінде, түс жору салты, оған байланысты наным-сенім­
дер­—халықтардың өмір танымын танытатын құндылықтар.
Тарих­ та болған белгілі адамдардың өңінде шындыққа айнал­
ған түс­ тері де баршылық. Және олардың бәрі де адамзаттың
алдағы күннен күтер үміті тек жақсылық, қуаныш, бақыт
екенін байқататын баға жетпес құнды деректер.
«Түс көру» атты тақырыптағы араб тілінен аударылған бір
дәптерді 1971 жылы Әдебиет және өнер институтының қол­ жаз­
ба қорына А.Барлыбаев деген кісі тапсырған. Бұл қолжазба 734-
бумада сақтаулы [6]. Ол 12 оқушы дәптерінен тұрады. Біз­­ дің­
ше, бұл мұсылмандардың түс жоруға байланысты тұрмыс­­ тық
энциклопедиясынан алынған үзінділер болса керек. Мұнда да
түс жорудың бірнеше нұсқалары берілген. Әсіресе мұсыл­ ман­
дық түс жоруға байланысты алуан түрлі қызықты деректер мол
кездеседі. Түсті қалай жорудың техникасы, оның дайын жо­
ру-дәйектемесі, көптеген нұсқалары бар. Олар тарихи, ғылыми
құнды материал екені сөзсіз. Қазіргі кезде түс жоруға байла-
нысты орыс және қазақ тілінде көптеген томдарды құрайтын
энциклопедиялар кітап дүкендерінде қаптап кетті. Олардың
түрлі тақырыптағы, алуан сала-салаға бөлініп, жиі-жиі жария-
ланулары әлі де болса оқырмандар сұранысына ие екендікте­­ рін,
жалпы жұртшылықты қызықтыратынын дәлелдесе керек.
Әдебиетші Б.Сағындықұлы Мүсірбай-телеу «Ғаламның ға­
жайып сырлары» атты ғылыми еңбегінде: «.../Малакки түс/


Page 15

14 15МайлыйабевБғ нАс ықбр, оабр...
періштелер көрсететін түстің белгілері: таң алдында көрінеді,
өте қысқа болады, ап-айқын болғандықтан өмірбақи ұмытыл­
майды. Келешекте жақсылыққа, яки жамандыққа жолығаты­
ны жөнінде ишарат етіледі. Расында түсте көргендері өңінде
іске асады. Мұндай түс кәпірлерге көрінбейді. Өйткені періш­ те
оларға жоламайды»,—деп түсіндіреді [7, 27].
Түстің адамға ену мерзіміне байланысты этнопсихология­
лық ұғым-түсінік жалғыз түркі елдері емес, бүкіл әлем ха­ лық­
тарының көркемдік танымдарында бар табиғи құбылыс. Оны
орыс ғалымы И.П.Сахаров «Сказания русского народа» атты
ғылыми еңбегінде былайша түсіндіреді: «...наши старушки
различали сны по времени их появления. У них сны бывали: ве-
черние, полуночные, утренние. Вечерний сон не имел никакой
важности; ему мало верили, об нем даже не ворожили. Сон по-
луночный почитался важным; об нем-то заботились более все-
го» [8, 131].
Бұл жайлар халықтың өмірі мен санасында біте қайнасып
жатқан түс көрудің тамыры тереңде, оны жору дәстүрінің
аясы да ұшан-теңіз екендігін аңғартады. Фольклорлық ғы­
лыми еңбектерде түс—мотив саналғанымен, әдебиеттанушы
ғалымдар оны көркемдік бейнелеу құралы деп түсіндіреді.
Әсіресе адам жанын терең танып, ішкі құпия сезімдерді
тереңдей талдап, зерттеуге зер салғысы келетін қаламгерлер
өмір шындықтарын эстетикалық, көркемдік деңгейге жеткізу
барысында осы кейіпкердің түс көру көрінісіне көп көңіл
бөлетіні күмәнсіз. Өйткені адам санасына еніп, оның рухани
әлемімен біте қайнасып кеткен халық танымындағы түс көру
ішкі психологиялық үдерістерді нанымды беруде орасан зор
қызмет атқарады. Мәселен, қарапайым халықтың өмірлік
тәжірибелерінен тұжырымдалып, қалыптасқан «өмір-түс» де­
ген түсінік бертін келе көптеген ақындарда (Пушкинде) сол
күйінде адам өмірінің универсалды моделі ретінде терең фило­
софиялық астарды, әлемтануды құрайды.
Түсті поэтикалық образдық теңеу сапасында «өңім түгіл
түсімде көрмеген», «түс көргендей болдым», «түсім секілді» т.б.
сияқты тіркес-түсініктердің өмірден өз орнын ойып алғанын,
түс көрудің көркемдік ойлау жүйесінде, көркем мәтіндерде
тұрақты құбылыс болып, етене еніп кеткенін ескермеу мүмкін
емес. Бүгінгі кемелденген, өркениетті көркем прозамызда түс


Page 16

16Май лыбе лвБғ нбнАсқб
көру тәсілінің қол жеткізген көркемдік жетістігі—тап сол көне
мәдениетте, ауыз әдебиетінде, фольклорлық мұраларда, ұлт­
тық мәдениет мәйегінде әбден-пісіп жетілгендіктің жемісі де-
сек, артық айтқандық емес.
Әдебиеттанушы, жазушы А.Ремизовтың түсінігінше, «түс
көру—әдеби тәсіл. Орыс әдебиетінде бұл тәсілсіз көркем шы­
ғарма жазылмайды»[9]. Десек те біздің ұлттық әдебиеттану
ғылымында түс көру тәсілінің көркемдік-бейнелегіштік қа­ сие­
ті мен қызметі әлі күнге дейін зерттелінбей келеді. Оның бас­
ты себебі—фольклортанушы ғалымдардың түс көруді мифоло­
гиялық ой-сананың сәулесі деп, таза көркемдік бейнелеуіштік
қасиетіне мән бермегендігінен болса керек.
Мәселен, белгілі фольклортанушы ғалым С.Садырбаев:
«Тегінде түс көру арқылы ғашық болу салты араб, парсы, үнді
аңыздары (Бозжігіт, Сейфул-Мәлік, Иранғайып-Шах-Ғаббас,
Жүсіп-Зылиха) сияқты шығыс қиссаларына тән құбылыс»
[10, 51],—десе, профессор Ш.Ыбыраев: «Мұның себебін дәл
ба­сып айту қиын. Бәлкім, ата-бабаларымыз түс көруге және
оның жоруына айрықша мән беріп, оны тылсым күштің
құдіретімен сабақтастырып, оған шексіз сенуі де ғажап емес.
Бұған халқымыздың тарихынан, наным-сенімінен мысалдар -
ды тізе беруге болар. Әрі түсті жорудың символикасы, белгі-
нышандары да жинақтауға, жүйелеуге болатын құбылыстар,—
дейді [11, 115].
Бұл, әрине, фольклортанушы ғалымдарымыздың түс көру­
ді көркемдік бейнелеу құралы деуден гөрі, анимистік на­ ным-
түсінік, шығармалардағы символика, «мотив» деп қарай­ тын­
дығын аңғартса керек.
Енді кейіпкердің түс көру эпизодын талдаудың, оның ар -
найы психологиялық бейнелеу құралы ретінде зерттелу жайы -
на тоқталар болсақ, әлемдік және орыс, түркі тектес халықтар
әдебиеттануында да оған терең мән бермеушілік аңғарылады.
Мәселен, орыс әдебиеттану ғылымында әдеби түс көруді талдау
жөнінде 1990 жылы Самарқандта қорғалған Ж.М.Степаньянц­
тың «О роли сновидений в романах Достоевского» атты кан­
дидаттық және Д.А.Нечаенконың «Художественная приро -
да литературных сновидений (русская проза ХІХ века)» атты
докторлық диссертациялық еңбектері бар. Бұл тақырыпты
зерттеуде орыс әдебиеттану ғылымында бір жүйелілік бар.


Page 17

16 17МайлыйабевБғ нАс ықбр, оабр...
Белгілі теоретик әрі әдебиеттанушы ғалым М.Бахтиннің
айтуынша, көркем шығармадағы түс көру эпизоды тұңғыш
рет еуропа әдебиетіне «Мениппея» атты көне сатира жанрында
енгізіліп, көркемдік таным болып қалыптасты. Мениппея—
негізі қара сөз бен өлең сөздің еркін араласуынан туған
әдебиет жанры. Бұл жанрдың аты б.з.д ІІІ ғасырда өмір сүр­
ген Мениппа—деген ойшылдың шығармашылығымен тікелей
байланысты. Бұл терминді әдебиеттану ғылымына М.Бахтин
ендірген. Мениппея жанры әр кезеңдегі әдебиет құбылыста­
рына өз әсерін тигізіп отырды.
Бұл жанрдың әдебиетке психологизмнің алғашқы эле­
менттерін енгізген үлкен жаңалығы М.М.Бахтиннің баға­
лауында, алғаш рет моральдық психологиялық сынақ
жаса­­­лып, сананың екіге жарылуы, әдеттегіден тыс түстер,
ақылсыз­­­ дыққа, өзін-өзі өлтіруге дейін алып келетін психо­
логиялық жағдайды бейнелеу арқылы жүзеге асты [12, 183].
Мениппеяның көркем әдебиеттегі көрінісін М.Бахтин
Достоевскийдің полифониялық романымен тікелей байла­
ныс­тырады. Б.з.д. І ғасырдағы римдік ғалым Варрон­ ның
«Би­маркус» («Двойной Марк») атты мениппеясындағы
Марк деген кейіпкер санасындағы екі дауысты айтыс-диалог
М.Достоевскийдің суреткерлік шеберлігінің нәтижесінде бү­
тіндей өзгеріп, түрлік, құрылымдық, көркемдік жағынан күр­
деленіп, полифониялық роман жанрының тууына себеп бола­­ ды.
Оның дәлелі—М.Достоевскийдің «Двойник», «Братья Ка­ ра­
мазовы» атты шығармалары.
Әдебиеттанушы-жазушы Алексей Ремизов (1877-1957)
бү­кіл өмір бойы көркем шығармадағы түстердің табиғатын
зерт­те­­ген. Түстегі драма мен шындық оның «Огонь вещей»,
«Мар­ тын Задека», «Сны и предсонье» атты көркем шығарма­
лары­ ның өзегі де болды. Ол үшін түс—өзге әлеммен бұл
өмірдегі не­ бір құ­­ пия сырларды ашатын және өзге әлеммен
бізді бай­ ла­ныс­тыра­ тын бірден-бір байланыс жолы.
Әлемге әйгілі жазушы әрі әдебиетші Карлос Кастанеданың
«Искусство сновидения», «Учение Дон Хуана…» атты таным­
дық ғылыми зерттеу еңбектерінде көне Мексика еліндегі ма­
гия­лық өнер, оның ірі өкілдері шамандардың кемеңгерлігі мен
көріпкелдігі, түс жорудағы таңғажайып қасиеттері туралы тал-
данып, зерделенеді. К.Кастанеданың 9 кітаптан тұратын бұл
2-0185


Page 18

18Май лыбе лвБғ нбнАсқб
еңбегі жарық көрісімен дүние жүзі елдерінің тілдеріне ауда-
рылып, рухани өмірде үлкен ренессанс тудырды. К.Кастанеда­
ның осы еңбегімен танысқан әлем әдебиеттанушылары мен жа -
зушылары адам табиғатына тән түс көру құбылысының небір
тылсым сырларына терең мән беріп, бетбұрыс жасағаны бел­
гілі. К.Кастанеданың осы еңбектеріндегі ой-пікірлері белгілі
фольклорист ғалым Е.Тұрсыновтың «Древние типы носителей
казахского фольклора (генезис и типология)» атты докторлық
диссертациясындағы көне замандағы шамандардың этимоло -
гиясын түс жорушы деп тануымен үндес келеді.
Қазақ сөз өнерінің ескерткіштерінде түс көру мотиві фольк­
лор мен авторлық ауыз әдебиетінде, әсіресе Пайғамбарлар ту-
ралы аңыз-әңгімелерде көп кездеседі. Бұларда адам «санасы-
нан тыс» көрінетін таңғажайып күштердің, Пайғамбарлар­ дың,
Қыдыр аталардың, әруақты бабалардың түске еніп, аян
берулері—дәстүрге енген, бүкіл адамзаттың көркемдік ойлау
жүйесінде мойындалған құбылыстар. Қыдыр ата, әруақтар т.б.
секілді көріпкел кейіпкерлер VІІ-VІІІ ғасырлар әдебиетінде,
яғни ислам дінінің дүниеге келіп, ел арасында кеңінен наси­
хаттала басталған тұсында көптеп көрінген.
Міне, осынау мол рухани құндылықтарымыздың әдебиет­
тану ғылымындағы зерттелу барысына көз салар болсақ, әде­
биетіміздегі діни дәуір мен оның жанрлық түрлері ха­ қындағы
алғашқы ғылыми пікірді А.Байтұрсыновтың «Әдебиет та­ ныт­
қышындағы» «Діндар дәуірі» атты тарауда діни әдебиеттің
жанрлары айқындалған.
А.Байтұрсынов: « Бастапқы жазба әдебиеттің басты мақ­
саты—дінді жаю, дінді күшейту болса, соңғы әдебиеттің бас
мақсаты—тілді ұстарту, әдебиетті күшейту, көркейту бола -
ды. Сөйтіп, жазба әдебиеттің өзі екі дәуірге бөлінеді: 1) діндар
дәуір, 2) ділмар дәуір. Діндар—діншіл деген мағынада, діл­
мар—тілшең деген мағынадағы сөздер.
…Діндар дәуір—ауыз әдебиет түріне түр қосып жарытқан
жоқ. Анайы әдебиеттегі /миф/ шығармалардың түрлерінен
діншілдігімен ғана айрылмаса, айрықша түр-тұрпатымен ай -
рыла қоймайды. Діндар жағының басымдығымен айрылатын
түрлері мынау: қисса, хикаят, мысал, насихат (үгіт), міна­ жат,
мақтау, даттау, айтыс, толғау, терме»,—деген тұжырым жа­­ сап,
діндар әдебиеттің жанрлық ерекшеліктерін, оларды құрай­­ тын


Page 19

18 19МайлыйабевБғ нАс ықбр, оабр...
тоғыз жанрлық түрді алғаш рет анықтап, ғылыми айна­ лымға
енгізген [13, 178].
Фольклортанушы, филология ғылымдарының докторы,
про­фессор Б.Әзібаева: «Қазақтың діни дастандары» атты ең­
бе­гінде діни дастандарды мынадай жанрлық түрлерге бөліп
қа­растырады: «1. Діни дастандар; 2. Хикаялық (новеллалық)
дастандар; 3. Романдық (ғашықтық) дастандар; 4. Қаһарман­
дық-романдық дастандар; 5. Қаһармандық-хикаялық дастан -
дар» [14, 27].
Осы ретте дастандардағы түс көруші кейіпкерлерге тоқ­ та­
лып өткен жөн сияқты. Өйткені әлем халықтарының, со­ ның
ішінде қазақ, түркі халықтарының фольклоры мен автор­
лық ауыз әдебиетінде, діни дастандарында жиі кездесетін
Пайғамбарлар, Әулие-әмбиелер, Қыдыр, Қызыр ата бейнелері,
Ғайып ерен, Қырық шілтен, Ғайып ана т.б. сынды кейіпкерлер
көбімізге етене таныс. Алайда олар туралы мағлұматтар мар-
дымсыз.
Діни дастандардағы көркемдік образға айналған Ғайып ана,
Қызыр Ілияс, Ғайып ерен, Қырық шілтен сияқты ұғымдар өз­
ара мәндес атаулар. Атап айтсақ:
Ғайып ана—сырттай қамқорлық ету, жоқ жерден жолығып,
қол ұшын беруші, жасырын сырт көз т.б. секілді мәндерге ие.
Қызыр (Қыдыр)—көптеген шығыс халықтарының, әсіресе
мұсылман әдебиетінде жиі ұшырасатын ертегілік, тіпті, жар-
тылай мифтік тұлғалардың есімі. Әдетте олардың аты Ілияс
Пайғамбармен бірге қосақталып атала береді. Хизр, Қызыр
араб тілінде—Қидр: араб тіліндегі «дад» әрпінің иран тілінде
«зад» болып оқылуына байланысты парсыша бұл сөз Хезр
түрінде [15, 118], қазақ тілінде Қызыр, Қыдыр болып айты -
лады. Мұсылмандардың аңызы бойынша, Қызыр әулие жа -
сыл киім киіп жүрген (қызыр—арабша жасыл). Бұл әулиенің
бейнесі, шығу тегі әр халықта әртүрлі.
Қыдыр—ел аралап жүретін бейнелі «әулие», адамға «бақыт»,
«дәулет» беруші [16, 542]. Қазақ фольклорында да Қызыр
адамдарға әулие түрінде көрініп, әртүрлі жамандықтан қорғап
жүреді. Қызыр Ілиястың жанында әдебиетте «шілтендері» бо -
лады. Қазақтардағы Ғайып-ерен, Қырық шілтен, Баба Түкті
Шашты Әзиз, Қызыр әулие секілді тіркестердің бәрі де осы
кейіпкерлерге байланысты туған. Сондай-ақ «Қыдыр дары -


Page 20

20Май лыбе лвБғ нбнАсқб
сын», «Қырықтың бірі—Қыдыр» деген бата, мәтел сөздер де
«Қызыр Атаның» халқымыздың рухани кеңістігінде терең із
қалдырғанын аңғартса керек. Олар кейде Пайғамбар, кейде
Пір, кейде Қыдыр, кейде Әулие болып өзгере берді.
Негізі, періштелермен түсінде тілдесуді «Аян» деп атай-
ды. Осы орайда және бір ескерер жәйт—осы кейіпкерлердің
бәрі түс жорушы, аян берушілердің аттары әр жерде әртүрлі
айтыла береді. Аян беруші кейіпкерлер: «Мұңлық-Зарлықта»
ақсақалды кісі аян беріп бір ұл, бір қыз беретінін хабарлайды.
«Құбығұлда» Уәли ханға Баба Түкті әулиенің мейірімі түсіп,
рақым етуі суреттелген. Әзірет сұлтанға бала тілеп аттану «Ал-
памыс батыр» жырында Баба Түкті Шашты Әзиз әулиеге сапар
шегуі арқылы баяндалады. Мұнда ақ сәлделі, қолында асасы
бар дуана аян береді. Сондай-ақ атақты Ақсақ Темірдің түсінде
Қожа Ахмет Яссауи аян береді.
Түс жорушы кейіпкерлер: Оғызнамада Түсімел (Түсімел—
түсінде көретін, түс жоритын), «Батырлар жырында» мыстан
кемпірлер, Қызыр әулие, Пірлер, әулие бабалар т.б. түс жо-
риды. Тарихи жырларда, мысалы, Абылай ханның кеңесшісі
Бұқар жырау түс жорушысы ретінде көрініс береді.
Енді сол пайғамбарлардың жеке өмірлеріне үңілер бол­
сақ, олардың түстерінде аян берілмегені кемде-кем. Тәңір мен
пенденің екі ортадағы байланыстарында түс керемет қызмет
атқарады. Тіпті, Жаратқан иенің кейбір пайғамбарлармен
келісім жасауында да түс ерекше орын алған.
Ия, адам тағдырын түс аян арқылы болжап сезіну—Ислам
дәстүріне тән құбылыс. Сондай-ақ «Діни дастандарға» жататын
«Қисса-и Мұхаммед Расул Алланың дәрул пәниден дәрул бақи­
ға рихлат (рихлат—саяхат ету, жолға шығу, алыс жол) еткен
мәселесі», «Мұхаммед пайғамбар» т.б. дастандардың бәрінде
түс көру мотиві бар және олар ұзақ баяндалған. Мұхаммед
пайғамбардың дүниеден өтетінін ең жақын деген сегіз туысы-
на Аян беру арқылы көрінуі, ол түстерін әрқайсысының тал -
дап, жорулары бүкіл шығарманың басты өзегі болады. Әсіресе
мұнда фольклордағы өлімге байланысты символдық нышан -
дар этнографиялық мән-маңызымен түс көру арқылы беріледі
[17,432].
Пайғамбарлар туралы әңгімелердегі түс көру, аян беру, оны
жорудың бірнеше үлгілерін мифтік әңгімелерден көруге бола-


Page 21

20 21МайлыйабевБғ нАс ықбр, оабр...
ды. Атап айтсақ, «Қазақтың мифтік әңгімелері» жинағының
«Жасаған Алла-тағала, Пайғамбарлар, Әзірейіл, алдашы,
ажал», «Арыстан баб мазары туралы, Ақсақ Темір, Қожа Ахмет
Яссауи», «Көріпкел, әулие, киелі, бақсы адамдар» атты тарау-
ларында ерекше қасиеті бар әулие, көріпкел, Пайғамбарлар­­ дың
сәуегей түстері, түс жору, аян беруге байланысты қызғы­ лық­ты
тарихи уақиғаларды кездестіруге болады [18, 320].
Орта ғасыр кезеңіндегі әдеби мұраларда түс көруге деген
қызығушылық күшейтілді. Құраннан бастау алған Періште-
Пайғамбарлардың, Қыдыр ата, әруақты әулиелердің түске
еніп, аян беруі, түс жоруы, түс садақасын беру т.б. секілді
түс көру мотивінің көптеген элементтері мен компонентте­
рі түрлік тұрғыдан көбейіп, жанрлық, мазмұндық, көркемдік
жағынан жаңартылды. Түс, біріншіден, адам өмірінің уни -
версалды моделі ретінде көрінді. Жалпы, түс, түс көру терең
философиялық дүние танудағы подтекст /символдық астар/
болып қалыптаса бастады. Пайғамбарлар туралы түрлі хи­
каяттардың кейінгі ұрпаққа, әсіресе дара туған талантты тұл­
ғалардың тағдырына, өміріне, өнеріне өшпес із салып, со -
лар туралы аңыз-әңгімелердің тууына тікелей әсер еткенін де
байқау­ ға болады. Және бір таңғаларлығы—олардағы ой мен
оқи­ға құрылысы, мән-мағынасы жағынан да, ұлттық дүние­ та­
ным­­ның, рухани үндестіктің үздік үлгісі секілді. Сөзіміз дә­ лел­
ді болуы үшін, Құрандағы «Ғалақ» 96-сүресіндегі бастапқы бес
аяттың Мұхаммед Саллаллаһу ғалайһи уәссаламға алғаш рет
шындық жолын нұсқаған сәтке назар аударайық:
«…Ол адамзаттың құтқарушысы, Алланың сүйіктісі, хаз­
реті Мұхаммед Саллаллаһу ғалайһи уәссаламға тақау келіп
тұрды да, әлдебір жазулары бар жылтырауық орамды ашып,
саусағымен нұсқап:
—Оқы!—деді.
—Мен оқи білмеймін ғой,—деді Мұхаммед.
Жәбірейіл оған тағы да :
—Оқы!—деп бұйырды.
Хазреті Мұхаммед (с.а.с.) әлгіндегі жауабын қайталады:
«Мен оқи білмеймін». Ал Жәбірейіл-Әмин дереу пайғамбары­
мызды мықтап ұстап алды да, мүбәрак кеудесінен үш мәрте
сығып-сығып жіберді. Баяғы бала кезінде, сүт анасы Халима­
ның үйінде жүрген шағында көрген ғажайып оқиға есіне түс­


Page 22

22Май лыбе лвБғ нбнАсқб
кендей болды, жүрегіне жазылған жазулар елестеп өтті. Бұл
Құран Кәрімнің алғашқы уағыздары болатын. Екі мәрте жа­
сал­ған қатты қысымнан соң көз пердесі, көңіл шымылдығы
ашы­лып жүре бергендей әсер туды. Пайғамбарымыз ғажайып
бір күйге түсті. Періште үшінші рет әмір берді. Әуелде көз
алдына тосқан аятты оқыды. Сонымен хазреті Мұхаммедке
пайғамбарлық өкілеттігі берілді» [18, 55].
Тап осы мазмұнды мотивті кешегі мен бүгінгі көзі тірі та­
рихи тұлғалардың да өмір-дерегінен оқып, біле аламыз. Мә­
селен, біздің санамызда мифтік образ ретінде орнығып қал­
ған пайғамбарлардың, әулие бақсы-балгерлердің ғана емес,
кәдімгі тарихта болған белгілі адамдардың, ірі тұлғалар­ дың
түстерінде де Аян берілуі арқылы олардың таланттары ашы -
лып, тағдырлары анықталғаны жайлы өмір шындығы бізді ой -
лантпай қоймайды.
Айталық, көрнекті ғалым Қ.Жұмалиевтің еңбегінде: «Жыр­­
шылардың өнері оларға тылсым күштердің әмірімен да­ риды
деген ұғым көп халыққа ортақ. Қазақтарда бұл ұғым дом­
бырашылық, бақсылық, ақындық өнермен байланыстырыла -
ды. Мысалы, Алмажан Азаматқызы: «өлең дарыған» түсінде
Ер палуан аян беріп, «толға» депті—деген аңыз айтылады,
ертеңіне-ақ толғап қоя беріпті» [19,144]—десе, белгілі ғалым
Ы.Дүйсенбаев: «Жырау Сеңгірбайұлы Мұрын өзінің Мұрат
Мөңкеұлы ақынмен кездескені жайлы былай деген еді: «Мен
Мұраттан өлеңді қалай айтып кеттіңіз?—деп сұрағанымда, ол
кісі: «Бір күні түсімде үлкен жиын-той болып, отырған жұрт
маған «өлең айт» деп даурығысты, «білмеймін» дегеніме құлақ
аспады. Сол жерде телпегімді қолыма алып, өлеңге бастым.
Оянсам түсім екен. Ертеңіне тұра сала өлең айтып едім, аузы-
ма сөз түйдектеп түсе берді. Содан былай өлең айтатын болып
кеттім» [20, 65].
М.Әуезов осы орайда «Қырғыздың батырлық эпосы» атты
жыр жинағының бірінші кітабына жазған алғысөзінде: «Ма -
насты жырлағандар—біріншісі Келдібек, Балық, Сағымбай,
Тыныбек, Ақылбек, соңғысы Қаралаев. Тыныбектің тыңдау­
шы­ларды ұйытқан «Ғажайып түсі» көп халді аңғартады,—дей
келе, былай деп ой түйеді: «Осылай түс көрдімнен» тек Тыны-
бек емес, Сағымбай да, Қаралаев та бас тарта алмаған... сөйтіп
түс көру бір-біріне ұқсас келіп, дәстүрге айналған» [21, 8].


Page 23

22 23МайлыйабевБғ нАс ықбр, оабр...
Міне, Сүйінбай, Шашубай, Болман т.б. сияқты ақындар
туралы да айтылып жүрген тап осы мазмұнды аңыз-әңгіме­
лер көп-ақ. Әлемге аттары әйгілі қолбасшы, ұлы әмірші, хан-
билер, ақын-шешендердің т.б. өміріндегі көрген түстері де
небір әңгімелерге өзек боларлықтай. Оған дәлел ретінде та-
рихи тұлғалар—Абылай хан мен Кенесары түстері халық
арасында аңыз болуымен қатар, бүгінгі көркем прозада қай­
тадан көркемдік санада жүйеленіп, талданып, эстетика­
лық құндылыққа қол жеткізгенін айтқан мақұл. Мәселен,
Мәшһүр Жүсіп жинаған «Абылайдың түсі» атты аңыз-әңгіме
Ә.Кекілбаевтың «Үркерінде» күрделі философиялық тұғырға
көтерілсе, Кенесарының түсі І.Есенберлиннің «Қаһар» атты та-
рихи романында биік көркемдік, эстетикалық мәнге ие болып,
рухани мұрамызға айналды.
С.Дәуітовтің құрастыруымен жарыққа шыққан «Абылай
хан» атты жинақтың «Абылай ханның түсі» атты тарауында
(Мәшһүр Жүсіп жинаған аңыз-әңгіме—П.Г.) Абылай ханның
келешегін болжаған түсі мен оны Бұқар жыраудың жоруы ту -
ралы әңгіме шертіледі. Оның қысқаша тарихы мынадай: «...
Абылай: «Түсімде бір жолбарыс келіп, шатырымның алдына
шөгіп, мойнын салып жатып алды. Бұл не қылғаны деп қарап
едім, әлгі жолбарыс дегенім аю болды, одан кейін түлкі болды.
Одан кейін қарсақ па, қоян ба, әлденеме болды. Оянып кеттім,
көргенім осы»,—депті.
Олай болса, шатырыңның алдына келіп шөккен жолбарыс—
өзіңнің бақ-талайың. Сен өзің бір жолбарыс едің. Оның шөгіп
басын көтере алмай жатып алғаны—жетіп жығылған жерің
осы болғаны. Енді бақ-талайың көтерілмейді. «Баяғыдан бері
жүріп-жүріп есіл Абылай сарттан өліпті» дегізбей, осы жерден
аман-есеніңде қайта ғой.
Енді қарасаң, аю болғаны—өзіңнен соңғы заман аюша алы -
сып өтетұғын заман болады. Онан ит-құс болғаны—ит-құсша
жұлысып өтетұғын заман болады. Онан түлкі болғаны—
түлкіше бұлаңдап жүріп күнелтетін заман болады. Онан қоян
болғаны—қоянша кебектен-кебекке қорғалап жан сақтай­
тын заман болады»—деді [22, 325]. Тап осы мазмұндағы түс
І.Есенберлиннің «Қаһарында» басқаша мағынада, яғни бала -
сы Сыздықтың кеудесіне өткір кездік қадап, сынаудан кейінгі
Жүсіптің: «Нағыз көкжал болады» деген сөзінен соң атасы


Page 24

24Май лыбе лвБғ нбнАсқб
Абылайдың хан сайланған күнгі түсін, оны жорыған Бұқар
жыраудың сөзін еске ала отырып баяндау арқылы беріледі.
Алайда романдағы Кенесарының түсі тым ұзақ бол­ ған­
дықтан қысқаша ғана мазмұнын берсек дейміз. Мұндағы түс
Кенесарының серіктері—Таймас пен Әбілғазыға баяндап бе­
ру арқылы, яғни диалог түрінде беріледі. Кенесарыны көп
қобалжытқан бұл түсте ол өз ажалын көреді. Қалың қазақтың
Қырғыз манаптарымен соғысы, Орман деген манаптың Кене -
сары басына тіккен үш мың күміс ақшасы мен алтын медалі
үшін оны өлтіргені, өлгеннен кейінгі халықтың Кенесары -
ны жоқтауы (жоқтау өлеңдер толық берілген—П.Г.) оның
басының Ленинград Эрмитажынан орын алуына дейінгі та -
рихы бірнеше бет бойы ұзақ-сонар баяндалады [23, 198]. Та-
рихи тұлғалар­ дың (Абылай хан, Кенесары т.б.) ел келешегін
сәуегейлікпен бол­ жауда айтарлықтай рөл атқарған бұл түсте­ рі
біздің әдебиетімізден, көркемдік ойлау жүйемізден лайық­ ты
орнын алғандығын айғақтайды.
Өмір шындығын көркемдік шындыққа ұластырып, кейіп­
кердің дүниетанымдық арналары мен ойлау сипаттарын ерек­
шелендіруде, ұзақ ғасырлар бойы халқымыздың көркемдік
талғамын, сана-сезімін өсіруге өзіндік үлесін қосқан түс көру
сөз өнерінде сана актілерінің сан алуан сезімдік—эмоциялық,
психологиялық құбылыстарын бейнелейтін техникалық құрал
болғаны белгілі.
Енді бір сәт батырлар жырындағы түс көру сарынына тоқ­
тала кетсек.
Фольклорлық туындыларда кейіпкердің жан дүниесін,
олардың күйініш-сүйінішін, көңіл-күй толғаныстарын, сезім­
дік-психологиялық қозғалыстарын бейнелеудің бірнеше көр­
кемдік түрлері орын алған. Олар: батырдың (кейіпкердің) ішкі
сезім толғаныстары, жетпіске келгенше жалғыз ұлға зар болған
ата-аналардың қасірет-шері, жауға аттанған батырдың артын-
да қалған жұртының, қарындас-жұбайының толғау-зарлары,
елге деген сағыныш т.б. Оның ішінде ерекше атап өтер көркем­
дік құралдардың бірі—диалог, яғни еліне жасырын келген
батырдың ел сыртындағы /Алпамыстың сақау Балдамшамен,
Қобыландының қойшымен және анасымен т.б./ адамдармен
сөз сайысы сәтіндегі толғаныстары, психологиялық жағдайы,
күйініш-сүйініші, бір-бірінің бет-жүзіндегі физиологиялық,


Page 25

24 25МайлыйабевБғ нАс ықбр, оабр...
физиономиялық, эмоциялық құбылыстар. Кейіпкердің әртүр­
лі көңіл-күй сәттерінде болатын психологиялық процестер­
ді қарапайым болса да, нанымды, көркем кестелеудің үздік
үлгілерін көрсеткен фольклорлық туындылардағы рухани
құндылықтарды мүлдем ескермей кетуге болмады.
Осы орайда шығыстанушы А.С.Орловтың: «Казахские бы -
лины не ограничиваются механическим движением рассказа,
они живописны, эмоциональны, взаимоотношения персона­ жей
сложны...» [24, 148],—деп қазақтың ауыз әдебиетіне бер­ ген
жоғары бағасымен келісуге тура келеді.
Эпостық туындылар сол кезеңдегі адамдардың ой-арманы­
нан, қиял-мақсатынан туған «жауға шапса, өлмейтін, отқа
салса, күймейтін» ерекше кейіпкерлер галереясын жасап қана
қой­­май, олардың моральдық характеристикасын да психология­­
лық тұрғыдан нанымды да нақышты жасай білген. Батырлар­
дың схемаға салынып, бір өлшеммен кеткен көркем образда­
рын жанды бейнеге айналдыруда әсіресе түс көру мотивінің
ат­қа­рар рөлі айрықша. Эпос жанрларын таза теориялық, көр­
кем­дік, нақтылап айтсақ, сөз өнері тұрғысынан талдаған зерт-
теу еңбектерде бұл мәселелер жақсы көрініс тапқан. Айталық,
орыс ғалымы А.Робинсонның «Слово» в поэтическом контексте
мирового средневековья» деген мақаласында, қарақалпақ­ стан­
дық ғалым С.Бахадырованың «Фольклор и каракалпак­ ская
советская проза», В.Я.Проптың «Фольклор и действитель -
ность», М.Әуезовтің «Эпос және қазақ халқының фолькло­ ры»,
сондай-ақ «Психологические изображения в русском народ­ ном
поэтическом творчестве» атты ұжымдық мақалалар жина­­ ғын­
да, осындағы «Фольклор как искусство слово» (вып.2) атты
мақалада, Д.С.Лихачевтің «Поэтика древнерусской литера­
туры» және Е.М.Мелетинскийдің «Средневековый роман» атты
ғылыми-зерттеу еңбектерінде ауыз әдебиеті мен фольклор­ лық
мұралардағы психологизм элементтері, психологиялық бей­
нелеу құралдары жан-жақты талданады.
А.Робинсонның мақаласында әлемдік эпос жанрларын­
да­ғы түстердің, әсіресе «вещие сны»—сәуегейлік түстердің
кейіпкерлердің табиғи болмысын, жан әлеміндегі ой-сезім
құбылыстарын, көңіл-күйін бейнелеудегі көркемдік қызметін
нақты мысалдармен дәлелдейді. Автор орыс халқының әйгілі
«Слово о польку Игореве» атты эпосындағы Святославтың


Page 26

26Май лыбе лвБғ нбнАсқб
бұлдыр түсі , оны жору, өзге де символдық көріністерді талдау­ да
эпикалық қиялдың заңдылығына сүйене отырып бір адам­ ның
жан дүниесінде болатын ішкі қайшылықтардың сөз өнерінде
алғаш рет қалай бастау алғандығына ғылыми сараптама жа­
сайды [25, 132].
Әрине, эпос туындыларындағы кейіпкерлердің идеяли­ за­
цияланбауы мүмкін емес. Алайда оларды поэтикалық тұр­
ғыдан талдағанда кейіпкерлердің әрбір іс-әрекеттері, сезім­
дерінің нақты көріністері (махаббаты, достығы, жауға деген
өшпенділігі, елге деген сүйіспеншілігі) сезімдік, психология­
лық, эстетикалық факторлар арқылы жүзеге асырылатыны
ақиқат. Осы орайда көне қытай жазба ескерткіштерін жаңаша
көзқараспен зерттеп жүрген орыс ғалымы Г.А.Ткаченко бы -
лай дейді: «Даже герои архаики в описании натур философов,
в частности, авторов ЛШ*», приобретают черты более глубоко-
го психологизма, чем, казалось бы, можно от них ожидать. По-
явился внутренний мир, совершенно новый план бытия, неве­
домый цельным людям древности, а вместе с ним—сомнение и
душевные муки» [26, 32].
Жоғарыдағы ғалымдардың теориялық тұжырымдары біз­­ дің
ұлттық көне әдеби мұраларымыздағы кейіпкерлердің күр­­ де­лі
ішкі табиғаты, жан дүниелеріндегі ой мен сезім арпа­ лыс­та­ры,
психологиялық сезімдік-эмоциялық құбылыстары түс көру
эпизодтары арқылы тереңдетіле көрсетіледі деп ой түюге мүм­
кіндік береді. Өйткені түс көру мен түс жору, аян беру секілді
көркемдік элементтер кейіпкердің көңіл-күйіне тікелей әсер
етіп, олардың тірі пенде ретінде алуан түрлі күйініш-сүйі­ ніш­
ті, түрлі эмоциялық сезімдерді бастан кешіруге мәжбүр етеді.
Әдеби түс көруді талдаудың эпикалық сөз өнеріндегі көркем­
дік қызметі мен атқарар міндетін атап айтар болсақ, түстің қай
жанрлық түрде де (аңыз, эпос т.б.) бүкіл сюжетті ұстап тұра­ тын
негізгі темірқазық екендігі. Түс мотиві кездеспейтін әдеби мұ­ ра
бізде некен-саяқ.
Көне миф, аңыз-ертегілер, лиро-эпостар, батырлар жыр­
ла­рының қайсысын алмайық, бәрінде де түс көру бар. Алайда
ол бейнелеу құралы емес, сол кезеңге тән мифологиялық ой-
сананың сәулесі ретінде қолданылады. Мұны белгілі ғалым,
фольклорист Ш.Ыбыраев былай түсіндіреді: «...түс көрудің
себебінен жолға шыққан батырдың барған жерінде ешқандай


Page 27

26 27МайлыйабевБғ нАс ықбр, оабр...
өзгеріс болмаса, яғни түстегі көргені өтірікке шықса, ұзақ
жол жүріп, арамтер болған қаһарманды суреттеудің ешқандай
да мән-маңызы жоқ. Сондықтан да мұндағы түстің атқаратын
қызметі бір бағытта, бір жақты. Оны ойнақшытуға, мағына­
сын олай да, бұлай да бұрмалауға жол жоқ. Түс міндетті түрде
шындыққа айналады» [27, 115].
Міне, бұл болған оқиға, көрген түс эпостарда сол күйінде
баяндалуы шарт екендігін ескертеді. М.Бахтин бұл жайды
теориялық тұрғыдан былай тұжырымдайды: «В эпопее сон не
разрушал единства изображенной жизни и не создавал второго
плана, не разрушал он и простой целостности образа героя. Сон
не противопоставлялся обычной жизни как другая возможная
жизнь» [28, 171].
Айталық, «Көрұғлы» эпосын алайық, ондағы оқиғаның өзі
осы түс көруден басталып, сол арқылы сюжет дамып, мазмұны
арта түседі. Көрұғлының әкесі Раушанбекті қызылбастың
шахы Шағдат түсінде көріп шошынады. Эпос «Шахтың түсі»,
«Түс жору» т.б. секілді кішігірім тараушалардан тұрады. Шах
жұртты жиып, түсін былай баяндайды:
«Мен айтайын, тыңда, халқым, түсімді,
Мені бүгін алтын тақтан түсірді.
Хүкімалар, баян айла, бұл қалай,
Алтын тәжді басымдағы ұшырды?»—[29, 22]
деп жаман түс көргендігін баяндаса, енді бір жерде сол түс­
ке орай көңіл-күйінің өзгергендігін, тынышының тонал­ ған­
дығын, түс­ ті жақсылыққа жорымай, жаны жәй таппайты­ нын
жеткізеді:
«Бұл түсімнен сом жүрегім солады,
Мен ойласам, маған махшар болады.
Есім-түсім білмей жаттым далада,
Айналамда қара топырақ борады.
Сөз сөйлеуге отыр келмей мәжәлім,
Дәтім қайтып, пәс болып тұр назарым.
Бұл түсімді байыппенен жорыңдар,
Таппасаңдар әкелемін ажалың!»


Page 28

28Май лыбе лвБғ нбнАсқб
Міне, бұл үзіндіде Шахтың түс көргеннен кейінгі көңіл-
күйі, ішкі жан дүниесіндегі арпалыс, қорқыныш-үрей, күдік
пен күмән, соның салдарынан туған сыртқы іс-әрекеттеріндегі
өзгерістер, бет-жүзіндегі мың құбылған қимыл-қозғалыстар,
бейвербалды элементтер—бәрі-бәрі ой мен образдың даму логи-
касына сәйкес психологиялық дәлелдемелермен нақыштал­ ған.
Шығарманың сюжеттік композициялық құрылымы да осы түс
арқылы жүйеленеді. Алайда адамның осындай тосыннан тап
болған психологиялық жағдайдағы алақұйын сезім арпа­ лыс­
тары бүгінгі прозадағыдай сезімдік-эмоционалдық үдерістер
аналитикалық тұрғыдан талданып, зерттелуден гөрі, мұнда
балаң әдебиетке тән сырттай суреттеу, құрғақ баяндау басым.
Түс көрумен бірге өмірге келіп, үнемі үзеңгі қағыстырып
келе жатқан техникалық құралдың бірі—түс жору. Қазақ
халқында өзінің ұлттық болмыс-бітіміне лайық түс жорудың
да алуан түрлі дәстүр, салты, белгі—нышандары, жол-жо­
ралғылары, сән-салтанаты да болған. Айталық, түсті мін­ детті
түрде әулиелерге, пірлерге, көпті көрген, көңілінің көзі бар
көсемдерге т.б. жорытқан. Және қандай қорқынышты, жаман
түс болса да, оны тек жақсылыққа жоруға тырысқан. Түс­ тің
өмірде орындалуы оның жорылуына тікелей байланысты де -
ген ұғым-түсінік әлі күнге дейін бар. «Жамандыққа жорыған
адамның ажалын әкелемін» деп Шахтың сес көрсетуі де соның
дәлелі. Олай болса, түс көргеннен кейінгі көңіл-күйдің еріксіз
бұзылуы адамзатқа тән табиғи құбылыс. Түс—еріксіз түрде
жүзеге асатын психологиялық жағдай болса, одан кейінгі
сезімдік, эмоционалдық, аналитикалық үдерістер саналы түр­ де
жүзеге асады.
Шахтың өз түсінен шошып, алыстан көріпкелі бар мыстан
кемпірді алдыруының себебі де сол. «Түс жору» деген тарау­
шада мыстан кемпір Шахтың түсі тұспалдап тұрған қауіп-
қатерді қолмен қойғандай анықтап айтып береді:
«Құлақ қойып сөзім тыңда, хан-басым,
Ханмен бірге қарт-қария һәм жасың.
Қарап жатқан қаһарман ел түрікменге
Барғандарың басыңа бәле болмасын?!
...Ол-баһадур, есімі оның Көрұғлы—
Пайда болар Раушанбектің белиден»,


Page 29

28 29МайлыйабевБғ нАс ықбр, оабр...
Бұл сөзсіз түс жорудың ауыз әдебиетіндегі озық үлгілерінің
бірі. Қарапайым әңгімені, өмірдегі шындықты көркемдік
шындыққа айналдыру—қиялдың жемісі, бұл. Бір бұл ғана
емес, біздің бүкіл фольклорлық туындыларымыздағы түс
көру әдеби мұралардың көркемдік, идеялық-мазмұндық
құндылығын арттырып, бейнелеу құралы дәрежесіне дейін
көтерілген бірден-бір тәсіл. Айталық, «Оғыз қағандағы»/
XV/ «Оғұз қағанның аян айтатын жырауы», «Ұлуғ түрүктің
түс көруі» және бұл түсін «Оғыз қағанға айтып жоруы бая -
ны» атты тарауларда түс көру сарыны бар: «Оғыз қағанның
жанында ақ сақалды, мұз шашты, шексіз өнерлі бір қарт кісі
бар еді. Ақылы тура бір ер еді. Түсімел еді. Оның аты ұлуғ
Түрүк еді» деген жолдар бар. Осы көне жырда алғаш рет түс
жорушы кейіпкер­ дің /тарихи тұлғаның/ есімі айтылады.
Оған шығармада» Тү­ сі­мел түсінде көретін, түс жоритын» деп
анықтама бері­ леді [30, 76 б.].
Енді белгілі бір қауіп-қатерден хабар беретін аруақты ба­
балардың Аян беру түстері мен одан кейінгі кейіпкер көңілін
нілдей бұзатын психологиялық жағдайдың және бір үлгісін
«Қобыланды батыр» жырынан оқып, білеміз:

«Ортасы түннің болғанда,
Көзі кетті ұйқыға,
Мезгілі таңның жеткенде,
Таң сарғайып атқанда,
Таң шолпаны батқанда...
Жеті кәміл бабасы,
Қобыландыға сөйледі...»—
деп, ары қарай батырдың көрген түсін, бабасының аян бергені
баяндалады. Түс батырдың ата-анасының, елінің, жарының
өзі жоқта жауынан көрген қорлығы, бастан кешкен азаптары -
нан хабар береді. Қобыланды түсіне қатты қайғырады. Түсінен
қатты шошынып, еліне жеткен батыр анасы Аналықтың «түс
көрдім» деп айтқан сөздерін естиді.
«Жан қосағым, Тоқтарбай,
Бүгінгі түн түсімде


Page 30

30Май лыбе лвБғ нбнАсқб
Түн ортасы болғанда
Құбыла жақтан жел соқты...
Қарындасы Қарлығаш та «бір түс көрдім» дейді:
Жан шеше-ке, тұра тұр,
Жан көкеме түс көрдім,
...Бабадан хабар тиді ғой,
Кетсе керек, жан көкем,
Тайбурылын сауырлап!—
деп шеше сөзін іліп әкетеді.
Қыз Құртқа да тап осы мазмұндағы түс көреді. Міне, осы
эпикалық жырдың бүкіл оқиға қақтығыстарының желісін
құрап тұрған—түс. Ең біріншіден, мұнда түс—хабар жеткізіп
тұр және ол шығармадағы оқиғаның одан әрі дамуына дәнекер
болады. Фольклорлық шығармаларда стадиялық тұрғыдан
танылған түс көру әуені кейіпкерлердің табиғатын, мінез-
болмысын, көңіл-күйін бейнелеуде, белгілі бір психологиялық
жағдайды суреттеуде көптеген көркемдік қызмет атқарады.
Бұл ұжымдық түс көру сарыны барлық фольклорлық
туындыларға ортақ көрініс. Өйткені жауды жеңуге аттанған
батырдың елге ұзақ уақыт оралмауы, оның туғандарының
бәрі көптеген қиыншылықтарды бастан өткеруі, олардың
бастан кешкен ауыр психологиялық ахуалдары, батырды
бәрінің күн-түн демей аңсап, тосулары т.б. бәрі—олардың түс
көрулеріне тікелей әсер ететін факторлар. Ұзақ уақыт сарыла
күтудің, күн-түн тек батырдың келуін көксеген бір отбасы жұ­
рағаттарының ой-мақсаттарын, көңіл-күйін психологиялық
нанымдылықпен суреттеудің де бір көрінісі болса керек. Және
бір күнде бәрінің бір мазмұнда, ең бастысы жақсы бір хабар­
дың тұспалдануы да осы ұжымдық түске тән құбылыс, бұл
жай­дың жалпы адамзаттың жұмбақ жаратылысына тән қасиет
екендігін, олардың рухани әлемі, арман-тілегі бір жандардың
ішкі жан дүниесіндегі небір құпия қалтарыстарды да әйгілеп
қоятын психологиялық үдеріс екендігін ірі талант иелерінің
/Л.Толстойда Анна мен Вронскийдің, И.Тургеневте Валерий
мен Луцийдің/ шығармаларындағы бір-біріне ғашық жандар­
дың бір мезгілде бір мазмұнда түс көрулері, екеуінің де бір


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ