ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМІ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ
МИНИСТРЛІГІ
ӘЛЬ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ
УНИВЕРСИТЕТІ

«Механика-математика» факультеті
РЕФЕРАТ
Тақырыбы:
«Түркі мәдениеті мен өркениеті және олардың Ұлы Жібек жолы халықтарының мәдениеті дамуындағы мәдени-өркениеттік рөлін айқындау»
Орындаған: Актуарлы Математика 24.1
Зупар Самал
Тексерген: Майлыкутова М.Д.
Алматы 2024ж
Мазмұны
1.Кіріспе
1.1Түркі мәдениетіне жалпы шолу
-
Түркілердің мәдениет тұрғысында ықпал ету аймағы.
-
Түркі мәдениетінің еуроцентристік көзқараста зерттелуі.
2.Негізгі бөлім
2.1Түркілер мен Ұлы Жібек жолының тарихи мәдени байланысы.
2.2 Ұлы Жібек жолының мәдени ізі.
2.3 Ұлы Жібек жолының түркі мәдениетіне ықпалы.
3. Қорытынды
3.1 Түркі өркениетін зерттеудің өзектілігі мен маңызы.
Кіріспе
Түркі мәдениеті-6 ғасырдан өмір сүруін бастаған түркі тайпаларының негізінде қалыптасқан жалпы мәдениеттің атауы. Түркілер өздерінің тарих сахнасындағы рөлін 552 жылы бастады. Түркілер 603 жылы ыдырағынымен оның орнына жаңа түркі тектес тайпалар пайда болды. Түрік қағанатының негізін қалаған қаған Бумын. Қағандықты құру оңай болмады. Түріктердің алдындағы ең үлкен мақсат ең алдымен жужандардың отарынан суырылып, езгісінен шығу еді. Жетілген әскери тактикасы және соғдылармен бірігуінің арқасында Түрік мемлекеті қалыптасты. Түркілер өмір сүрген уақытта жүйелі мемлекеттік құрылымымен және қалыптасқан жазба дәстүрімен, дамыған жазуымен, бай тілімен ерекшеленді. Олардың қалдырған археологиялық ескерткіштері арқылы дүнетанымы және наным сенімдерімен таныса аламыз. Зерттеушілердің археологиялық экспедициялары арқылы оларда жазу болғанын білеміз. 1893 жылы даниялық ғалым Вильгельм Томсен көне түркі жазуының құпиясын ашты. Жазуы бар көне ескерткіштер Орхон және Енисей өзендерінің бойынан табылды. Табылған көне ескерткіштен ғалымның ең алдымен оқыған сөздері «түрік» және «тәңірі» деген сөздер еді. Бұл жаңалықтан кейін де көне жазу құпиясын ашуға талпынған орыс ғалымы О.Доннер және өзінің жақын досы В.Радлов екеуі де Томсеннен асып ары бара алмады. Кейін атақты алтайтанушы ғалым Г.Рамстедт Моңғолия даласынан тағы бір жазу ескерткішін тапты. Осы жаңалықтан кейін ғылыми қауымдастық қазіргі Моңғолия жерінен бастап Алтайға дейін және Шығыс Түркiстан – Тұрпан ойпаты, Қазақстан – Ертiс, Талас, Iле, Сыр, Едiл, Жайық өзендерi, Ферғана, Хакасия жерінен Енисей, Абақан, Кем өзені, Бурятия – Байкөлi, Лена, Саха, одан ары Солтүстiк Кавказ, Шығыс Еуропаны қамтитын территориядан табылған көне өркениет ескерткіштердің барлығы түріктердің мұрасы екенін амалсыз мойындады. Бұл жазуларды зерттеушілердің көпшілігі скандинавия халықтарының жазбаларына ұқсастығына қарап оларды «Руна жазулары», яғни скандинавия тіліндегі мағынасы «құпия, сыры ашылмаған» таңбалар деп аталды. Зерттеушілер бұл жазуларды Орал халықтарының ата-бабалары қалдырған мұрасы деп есептеді. Алайда ғылыми зерттеулер Түркі жазулары екенін анықтады. Тасқа жазылған дастандар Күлтегін, Тоныкөк, Білге қаған жайлы болды. Көне түркі жазуларда түркі елбасыларының істеген ісі, түрік халқының тұрмыс жағдайы, басқа елдермен дипломатиялық және сауда қатынастары, олардың дүниетанымы сипатталды.

Күлтегін, Тоныкөк, Білге қаған жазба ескерткіштері
Түркінің ұлы ғалымдары мен ақындарының туындылары Ислам өркениетіне мол үлес қосты. Қазіргі түріктектес Түркия, Қазақстан, Өзбекістан, Қырғызстан, Түрікменстан, Әзірбайжан және Кипр мемлекеттерімен бірге автономиялық Татарстан, Алтай, Саха тағы басқа түркілер ислам дамуына қосқан үлестері, олардың адамзат тарихына жасаған ортақ еңбектері саналады. Табиғатпен тығыз байланысты көшпелілер үшін киіз үй тасымалдауға жеңіл, ең қолайлы баспана еді. Қолөнердің дамуы. Қазақстанның ерте ортағасырлық қалаларындағы қолөнердің дамуы археологиялық қазбалар арқылы белгілі. Олар: қыштан, металдан, сүйек пен тастан жасалған бұйымдар. 6-9 ғасырларда түркілер керуен жолдары бойындағы құдықтарға күмбез түрінде «сардоба» салды. Түркілер адам бейнеленген балбал тастар орнатқан. Мүсіндер үшін 3 метр шамасында тастар таңдалып алынып, оларға бедер бейне салынды. «Балбалдар» негізінен ер адамды бейнеледі, ара-тұра әйел бейнелері де кездеседі. Мүсіндер қабірлерге жеке ғибадат өткізлетін жерге тұрғызылды. Қабірге тас мүсін орнатудың түркілік ғұрпы марқұмның еш уақытта ұмытылмайтынын дәлеледейді.
Түркі халықтарының мәдениет тұрғысындағы ықпал ету аймағы тарих беттерінде кеңінен тараған. Түркілер Ұлы Дала аумағында мыңдаған жылдар бойы көшпенді тұрмыс кешіп, ерекше мәдениет қалыптастырды. Түркілердің бұл мәдениеті Таяу Шығыстан Қытайға дейін, одан әрі Шығыс Еуропаға дейін жетіп, сол өңірлердің өркениетіне айтарлықтай әсер етті.VI ғасырдан бастап Түрік қағанатының құрылуымен түркі мәдениетінің ықпалы Орталық Азияда күшейді. Осы кезеңнен бастап түркілердің дәстүрі, өнері, әскери жүйесі және өмір сүру салты басқа халықтарға үлгі болып, олармен мәдени алмасу жүрді. Түркілердің көшпенділікке негізделген өмір салтына қарамастан, олар басқа елдермен сауда-саттық жүргізіп, дипломатиялық байланыстар орнатып, өз мәдениетін таратуға мүмкіндік алды. VIII–XII ғасырларда түркі халықтары ислам дінін қабылдады, бұл олардың мәдениетіне жаңа леп қосып, мұсылман әлемімен мәдени байланысын нығайтты. Исламды қабылдау білім, ғылым, әдебиет және өнер саласында дамуға жол ашты. Түркі ойшылдары Әл-Фараби, Жүсіп Баласағұн және Махмұд Қашқари осы кезеңде өз еңбектерімен белгілі болды. Мысалы, Махмұд Қашқаридің «Диуани лұғат ат-түрік» еңбегі түркі тілдерінің алғашқы сөздігі ретінде мәдени мұраға қосылған үлкен үлес болды.XIII–XV ғасырларда Алтын Орда дәуірінде түркі мәдениеті шығыс славян халықтарына, соның ішінде орыс князьдіктеріне де ықпал етті. Кейінірек Осман империясы Еуропа мен Азияның түйіскен жерінде орналасып, түркі мәдениетін кеңінен таратып, әлемдік өркениетке үлес қосты. Осман дәуірінде сәулет өнері, әдебиет және музыка саласында түркілердің әсері ерекше байқалды.Түркі халықтарының мәдени ықпалы түрлі тарихи кезеңдерде кеңейе отырып, олардың өркениеті мен дәстүрлері көптеген халықтардың мәдениетіне сіңісіп, бүгінгі күнге дейін өз маңызын жоғалтпай келеді.
Түркі мәдениеті туралы зерттеулерде еуроцентристік көзқарас жиі кездеседі, бұл көзқарас батыс әлемінің мәдениеті мен тарихын басым етіп көрсетуге ұмтылады. Еуроцентристік әдіс түркі халықтарының мәдени және тарихи жетістіктерін шектеулі немесе төмен дәрежеде қарастырумен танымал. Мұндай тәсілдер түркілердің тек көшпенділікке бейім, “өркениеттен алыс” халық ретінде қарастырылуына әкеліп, олардың мәдениетінің жан-жақты дамығандығын елеусіз қалдырады. Еуроцентристік көзқарас негізінен түркі мәдениетін Батыс өркениетімен салыстыра отырып қарастырады. Мысалы, түркілердің мемлекет құрылысы, әлеуметтік құрылымы, өнері, білім мен ғылымдағы жетістіктері еуропалық стандарттармен өлшеніп, дамыған мемлекет ретінде толық бағаланбайды. Көшпенділік тұрмыс түркілердің барлық ерекшеліктерін анықтайтын жалғыз фактор ретінде қарастырылады. Олардың заңдары, әскери жүйесі және сауда-саттық байланыстары мәдени жетістіктер тұрғысынан жиі ескерілмейді.Сонымен қатар, еуроцентристік көзқарас түркі халықтарының жазба әдебиеті мен тіліне де өз ықпалын тигізді. Түркі жазба мәдениетінің мұрасы, оның ішінде ортағасырлық жазба ескерткіштері тек қана қосымша дерек ретінде қарастырылып, батыстық жазба мұралардан төмен саналады. Батыс зерттеушілері көп жағдайда бұл деректерді тек еуропалық көзқарас тұрғысынан талдап, олардың маңыздылығын толық ашпайды. Еуроцентристік көзқарас түркі халықтарының ғылыми және мәдени үлесіне деген бейтарап емес көзқарасты да қалыптастырды. Мәселен, түркілердің астрономия, математика, медицина саласындағы жетістіктері батыс ғылымына тәуелді зерттеледі немесе елеусіз қалады. Бұл түркілердің өз мәдениетінің ішкі дамуын және әлемге қосқан үлесін бағалауға кедергі келтіреді.Тарихи тұрғыдан еуроцентристік зерттеулерде түркілерді көбіне “басқыншы” немесе “жабайы” ретінде бейнелеу басым болды, ал олардың дамыған мәдениеті, сауда-саттық байланыстары, өзара бейбіт қарым-қатынасы ескерілмеді. Түркі әлемінің әртүрлі мәдениеттермен қарым-қатынасы мен ықпалдастығы осы көзқараста жеткілікті деңгейде зерттелмей, біржақты сипат алды.
Негізгі бөлім
Түркілер мен Ұлы Жібек жолының тарихи-мәдени байланысы терең және маңызды. Жібек жолы ежелгі кезеңнен бастап Шығыс пен Батысты жалғап, түрлі өркениеттер арасында сауда мен мәдени алмасуға ықпал еткен маңызды сауда жолы болды. Түркі халықтары бұл жолдың маңызды бір бөлігіне айналып, оның дамуына үлкен үлес қосты.Түркілер Жібек жолының ортасында орналасқандықтан, бұл жолдың сауда және мәдениет орталығына айналуына себепші болды. VI ғасырда Түрік қағанаты құрылғаннан кейін Орталық Азиядағы түркі халықтары Жібек жолының негізгі бақылаушылары мен қорғаушыларына айналды. Түрік қағандары Жібек жолының бойындағы қалалар мен керуен жолдарының қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, оның үздіксіз жұмыс істеуіне жағдай жасады. Бұл түркілерге тек саудаға емес, сонымен қатар мәдени байланыстарды нығайтуға да мүмкіндік берді.Жібек жолының бойында орналасқан түркі қалалары мәдени орталықтар ретінде қалыптасты. Отырар, Тараз, Түркістан, Баласұғын сияқты қалалар сауда ғана емес, білім мен мәдениеттің дамуына ықпал етті. Осы қалаларда түрлі діндер мен философиялық ағымдар тоғысып, ғылым мен білімнің жаңа деңгейге көтерілуіне жағдай жасалды. Бұл қалаларда сол дәуірдің ұлы ойшылдары – Әл-Фараби, Жүсіп Баласағұн, Махмұд Қашқари сынды тұлғалар дүниеге келіп, білім мен ғылымның дамуына үлес қосты. Жібек жолы арқылы түркілер басқа халықтармен сауда-саттық жасай отырып, олардың мәдениетін өздерімен алып жүрді. Киім-кешек, қолөнер бұйымдары, музыкалық аспаптар, әдеби шығармалар сияқты материалдық және рухани құндылықтар арқылы түркі мәдениеті көршілес елдерге тарады. Сонымен бірге, буддизм, зороастризм, манихейлік және христиан діндері де Жібек жолы арқылы түркілер арасына енді. Кейін ислам дінінің таралуымен түркілер мұсылман мәдениетіне үлес қоса бастады. Түркілердің Жібек жолы арқылы өз мәдениетін таратуы, сондай-ақ, басқа халықтардың мәдениетін өздеріне сіңіруі мәдени байлықтың тоғысуына және ортақ өркениеттің қалыптасуына ықпал етті. Ұлы Жібек жолы осыған байланысты тек сауда жолы ғана емес, сонымен бірге мәдениет пен өркениеттің өзара байланыс ар насына айналды, ал түркілер оның негізгі қатысушыларының бірі болды.
Ұлы Жібек жолының мәдени іздері әртүрлі халықтар мен өркениеттер арасында терең байланыстар орнатты, бірақ оның ең терең ықпалы тұрмыстық және күнделікті өмірде көрініс тапты. Бұл жол халықтардың тұрмысында жаңа үлгілерді қалыптастырды, қолөнер, сән, тағам, киім-кешек және күнделікті қолданатын заттардың түрленуіне әкелді. Әр аймақтың шеберлері өздерінің өнерін басқа жерлерге таныстырып, осы арқылы сәндік бұйымдардың, зергерлік өнердің, әшекейлердің жаңа түрлері пайда болды.Тағам мәдениетінде де Жібек жолының ізі байқалды: түрлі аймақтарда өсетін дәмдеуіштер, шөптер, жемістер мен көкөністер жаңа өңірлерге таралып, ас мәзірінде жаңа дәмдердің пайда болуына ықпал етті. Мысалы, Орталық Азиядан Еуропаға дәмдеуіштер мен шай сияқты өнімдер жетіп, бұл жаңа талғамдарды танымал етті. Бұл әртүрлі халықтардың асханаларының бір-бірімен үйлесім табуына жағдай жасады. Жібек жолы бойымен музыкалық аспаптар мен әуендер де таралды. Әр аймақтың өзіндік әуендері мен аспаптары басқа халықтарға жетіп, мәдениеттер арасындағы музыка алмасуы арқылы жаңа музыкалық бағыттардың пайда болуына әсер етті. Осылайша, шығыстық әуендер батыстық музыкаға ықпал етіп, халықтар арасында мәдени өзара түсіністік орнатуға септігін тигізді.Күнделікті тұрмыстағы заттардың алмасуы да Жібек жолының маңызды мәдени ізіне жатады. Қыш ыдыстар, кілемдер, зергерлік бұйымдар секілді күнделікті қолданыстағы заттар халықтар арасында кеңінен таралды. Түрлі мәдениеттердің бір-біріне бейімделуімен олардың көркемдік стилі де дамыды. Әр аймақтың өзіне тән ою-өрнектері, түстері және әшекейлеу әдістері Жібек жолы арқылы алыс өңірлерге жетіп, басқа халықтардың өнеріне ықпал етті.
Ұлы Жібек жолының түркі мәдениетіне ықпалы кең әрі көпқырлы болды. Ежелгі дәуірден бастап, Жібек жолы арқылы түркілер көрші халықтармен мәдени, сауда және саяси байланыстар орнатып, өз мәдениетін байыта түсті. Сауда жолы бойындағы түркілердің қалалары халықаралық байланыстар мен мәдени алмасулардың маңызды орталығына айналды. Бұл алмасулар түркі мәдениетіне жаңа элементтердің енуіне және олардың мәдениетінің басқа халықтарға таралуына ықпал етті. Түркілердің діни дүниетанымы да Жібек жолы арқылы өзгерістерге ұшырады. Жол бойымен буддизм, манихейлік, зороастризм және христиандық сияқты діндер таралды, кейінірек ислам діні де кеңінен таралып, түркі халықтарының мәдениетіне жаңа рухани құндылықтар мен салт-дәстүрлер әкелді. Діндер арқылы келген білім мен әдеби мұралар түркілердің мәдениетінің дамуына, жазба мәдениетінің қалыптасуына жағдай жасады. Түркілердің тіліндегі және әдебиеттегі өзгерістер де осы мәдени өзара байланыстардың нәтижесінде пайда болды.Жібек жолы арқылы келген сауда мен технологиялық жетістіктер қолөнер саласына да әсер етті. Металл өңдеу, зергерлік бұйымдар жасау, кілем тоқу, қыштан жасалған бұйымдар сияқты өнер түрлері жаңа деңгейге көтерілді. Жол арқылы келген техникалар мен жаңа материалдар түркі шеберлерінің жұмысына жаңаша сипат беріп, өнер мен қолөнерде жаңа стильдер қалыптасуына ықпал етті. Жібек жолы түркілердің мәдени байланыстарын кеңейтіп қана қоймай, оларды білім мен ғылым саласында да дамытты. Сауда жолы бойымен келген кітаптар, ғылыми еңбектер, медициналық және астрономиялық білімдер түркі мәдениетінің рухани және ғылыми деңгейін байыта түсті. Мысалы, Жібек жолының арқасында түркі ойшылдары өз дәуірінің ғылымын меңгеріп, түрлі салаларда өздерінің айтарлықтай үлесін қосты.
Қорытынды
Қорытындылай келе ата
бабамыз қалдарған мәдениеттің тарихын білу бүгінгі жастар үшін өте
маңызды. Бұл дегеніміз тарихты білу арқылы болашақты болжай аламыз.
Мәдениетіміздің төрінен орын алған дәстүрімізді жаңғыртуға
мүмкіндік болады. Өзге мемлекеттерден мәдениетіміз арқылы алда
болсақ көпке үлгі және беделімізде биік болар
сөзсіз. түркі мәдениетін
еуроцентристік тәсілде зерттеу олардың тарихи, мәдени және ғылыми
мұрасының толық көрінісін ашуға мүмкіндік бермей келеді. Бұл мәселе
тек тарихи шындықты бұрмалап қоймай, сонымен қатар халықтардың өз
мәдениетіне деген құрметін қалыптастыруда да кедергі болып отыр.
Ұлы Жібек жолы тек сауда ғана емес, мәдениеттердің тоғысу алаңы
болып, халықтардың тұрмыс-тіршілігінде үлкен із қалдырды. Оның
күнделікті өмірге әсері бүгінгі күнге дейін байқалады, мәдениеттер
арасындағы терең байланыстарды
көрсетеді. Ғылым мен технологияның мүмкіндіктерімен
өміріміз жеңілдеп, түрленіп-түлегенімен, өркениет-тілікке қол
жеткізу мүлдем өзгеше жағдайда жүзеге асады. Өркениет адамдық
қадір-қасиет пен қарым-қабілеттің бүршік жарып бой түзеуіне ыңғайлы
жағдай туғызады. Ал адам баласы осындай қолайлы жағдайда адамдық
қасиеттер мен құндылықтарды меңгеріп, жеміс беретін миуа ағашындай
жайқала түседі. Осылайша, адам қоғамда өзіне тиесілі құрметті орнын
табады.
Адамдағы өркениеттіліктің нышанын ой-пікір
мен сана-сезімнің қазыналы қойнауынан іздеген жөн. Әйтпесе,
өркениеттілікті жанға жайлы кең сарайлар мен шалқыған байлық
секілді тән құмарлығынан, өндіру мен тұтынуға негізделген нәпсілік
көрсеқызарлықтан іздеу бекершілік. Бүгінге дейін кейбіреулер
өркениетті адам өмірінің жайлылық пен молшылыққа кенелуі үшін
ғылыми технологиялық құралдардың жетілдірілуі және жаңалануымен
байланыстырып келді. Адамзатқа мәдениеттің шыңы ретінде осы бағытты
нұсқады. Алайда, қаншама заман өтті, күш-жігерімізді осыған сарп
етіп, өмірдің мәнін басқа жақтан іздеппіз. Өткенге ой жүгіртсек,
рәсуа болған қаншама өксік өмірді көріп, көңіл құлазиды. Осыншама
адасушылықтан кейін әлі де болса өркениеттіліктің адам рухының асыл
қазыналарынан бастау алатын рухани құндылықтарда, рухани
кемелденуде екендігін ұғына алмауымыз өкінішті-ақ. Өркениет деген –
уақыт, мекен және адам секілді үш фактор негізінде рухани
кемелденуді қамтамасыз ететін қоғамдық орта, жасампаз ақылға
негізделген адам өмірінің рухани-материалдық жағын қоса қамтитын
идеалды қоғамдық жүйе болуы қажет еді...
Пайдаланылған әдебиеттер
1. Кляшторный С.Г., Сұлтанов Т.И. Еуразия
даласының мемлекеттері мен халықтары. Санкт-Петербург, 2004
ж.
2.Байпақов Қ.М.Қазақстандағы Ұлы Жібек жолы.
Алматы: Қазақстан, 2003 ж.
3. Самашев З.Берел.
Алматы, 2011 ж.
4. Ақышев Қ.А., Кушаев Ғ.А.Іле өзені
аңғарындағы сақтар мен үйсіндердің көне мәдениеті. Алматы, 1963
ж.
5. Қазақстан тарихы: Т. 1. Алматы, 2010
ж.
6. Гумилев Л.Н.Ежелгі түріктер. Мәскеу:
Наука, 1993 ж.
7.Ақышев А.Сақтардың өнері мен мифологиясы.
Алматы, 1984 ж.
8. Ақышев Қ.Ұлы Жібек жолы және оның түркі
халықтарының мәдениетіне әсері. Алматы:
Қазақстан, 2000 ж.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Түркі мәдениеті мен өркениеті және олардың Ұлы Жібек жолы халықтарының мәдениеті дамуындағы мәдени-өркениеттік рөлін айқындау»

шағым қалдыра аласыз