Материалдар / Түркі қағанаты
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Түркі қағанаты

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материалда Түркі қағанаты(империясы) туралы мәліметтер.Түркі империясының құрылуы мен жаулаушылық соғыстары туралы баяндалады. Қағанаттың негізін қалаушылар, мұрагерлер туралы қысқа мағлұмат.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
28 Наурыз 2022
488
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Түркі империясы ( Түркі қағанаты)



Еуразиядағы номадтардың екінші  империясы Түрік  Елінің негізін қалаушылардың бірі Бұмын қаған болды. Ол 542-551 жылдары билік құрған. Бұмын қаған жайында  Күлтегін, Білге қаған бітіктастары мәтінінде: Жоғарыда Көк Тәңірі, төменде «қоңыр» жер  жаратылғанында, ол екеуінінің  аралығында,  кісі ұлдары (адамбаласы) жаратылды. Кісі ұлдарының (адамбаласы)   үстіне ата-бабамыз Бұмын қаған,  Естемі қаған таққа отырды. Билікте отырып Түрік халқын, Елдігін, төрелігін-билігін бекем ұстай білді,  жеткізе берді» (Базылхан, 2005. 50-65) деп сол кездердегі алғашқы түрік қағандарының  саяси тарихын баяндалады. Бұмын қаған 546-551 жылдары  «теле»[2] (tegrek> terek -«киіз үйлі биік арбалылар» деген мағынадағы көне түрік сөзі) деп жалпылай аталатын қазіргі орталық  Моңғолиядан Каспий теңізі аралығында мекен ететін іргелі 50-ге жуық түрік тайпалар одақтарын өзіне бағындырады. Сонымен қатар, Түрік Елі империясы өзінің әскери-саяси билік аумағын одан ары ұлғайтып, шығысы Корей түбегіне дейін аймақты иеленді, қыдан, кумоси, шивэй елдерін басып алды, батыста эфталиттерді жеңіп, Каспий теңізіне жетіп, солтүстігі Байкөл, оңтүстігі Шантұн жазығы аққамалға ұласып,  ұлан-ғайыр жерлерді бағындырып  алды. Сөйтіп, 552 жылдан  бастап Түрік Елі саяси-экономикалық тұрғыдан сол кездердегі  Византия, сасанид Иран, Тауғаш-қытай мемлекеттерімен  шығыс пен батысты байланыстырған  сауда-саттық «жібек» жолына иелік ете бастады.



Түріктер 696-697 жылдары Қыданды жаулап алады, сөйтіп қытай әскерлерінің Хянған тауының оңтүстігінен шабуыл жасау жолын жауып, империяның шығыс шекарасын тыныштандырады.  Қапаған қаған 701 жылы  Білге, Күлтегінмен бірге батысқа жорық жасайды, түріктер Алты  Шу соғдыларға, Таңғыттарға  жорық жасап, оларды бағындырды. 705-709 жылдары түріктер   мен тауғаш-қытайлықтар арасында бейбіт келісім орнатылды. Осы жылдары  Білге мен Күлтегін екеуі, Байкөлдегі Байырқұларды, Кем өзенін кешіп өтіп  Чек, Аз халқын жаулап алады, Тонықұқтың басқаруымен Көгмен тауынан асып  (Тагна) Қырғыздарды бағындырады. 710-711 жылдары Алтай тауын асып, Ертіс өзенін кешіп өтіп, Жетісудағы Түргеш мемлекетіне жорық жасап, оларды қол астына қаратқан соң, одан ары Сырдарияны кешіп өтіп, Тохаристанға жетеді. Алайда, Самарқандта арабтармен болған соғыста  әскери күштің жетіспеушілігінен жеңіліске ұшырап, ақыры 713 жылы Бешбалықты қоршап алып,  алты рет шабуыл жасап бағындыра  алмай кері Орхон бойындағы ордасына  қайтады. 713-716 жылдары Тоғыз оғыз, Едіз, Үш Оғыз, Қарлұқ, Басмыл, Аз, Езгіл, Ұйғыр, тайпалық одақтарды бағындыруда, империяның тұтастығын сақтауда Күлтегіннің жорықтары  айрықша жеңіске толы болды, cонымен қатар,  Қытан, Татабы, Тоғыз Татарларға қарсы соғыстарда баға жетпес қызмет атқарды. Қапаған  қаған 716 жылы Байырқұ тайпасының қолында қаза тапқан соң,  оның ұлы Бөгүдің тақ талас заңсыз әрекетін  болдырмай,  елдің тұтастығын сақтау үшін Күлтегін,  тақ билігін оның заңды мұрагері туған ағасы Білгеге  береді. Білге қаған (716-734 ) таққа отырған кезде империяның саяси-әлеуметтік жағдайы өте ауыр халде болатын. Сондықтан да,

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!